Жасанды былғары


Мазмұны:
Кіріспе
- Жасанды былғары сапасын бағалаудың көрсеткіштеріЖасанды былғарының сапа көрсеткіштері
- Жасанды былғарының кемсіктері мен сорттылығын анықтау
- Жасанды былғарының ескіргенге дейінгі тұрақтылығын анықтау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
- Жасанды былғары сапасын бағалаудың көрсеткіштеріЖасанды былғарының сапа көрсеткіштері
Жасанды былғары - кәдімгі тері орнына қолданылатын полимер материалдар. Олар құрамына қарай резиналы, талшықты, жұқа қабатты және беті қапталған мата, т. б. қолданылуы қарай аяқ киімдік, галантереялық, техникалық болып бөлінеді. Жасанды былғары жасауда негізгі шикізат - каучук, полихлорвинил, нитроцеллюлоза, казеин, полиамидтер т. б. жұқа қабат түзгіш заттар.
Жасанды былғары өткізу және оны сорттау мемлекеттік стандарт (ГОСТ) негізінде жүргізіледі. Мемлекеттік стандарт тері шикізатын даярлау, оны былғары зауыттарын өткізу, шикізаттың топтастырылуы, оның спасы мен сыртқы түріне қойылатын талаптар, қабылдау ережелері мен шарттары, салмағы, ауданы және сұрыпталуы белгіленеді.
Сапа өнімнің белгілі тұтыныстық сұранысқа сәйкес келетін қасиеттер жиынтығы. Қоғамның өнім сапасының тұтыныстық көрсеткіштеріне сұранысы, оның даму деңгейіне тікелей байланысты. Сұраныстық талаптар өнімнің белгілі стандарттарымен анықталады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты МЕСТ - 44. 11. - 81. «Өнім сапасының көрсеткіштер жүйесі». Жасанды былғары. Көрсеткіштер номенклатурасына сәйкес жасанды былғары сапа көрсеткіштері, барлық былғары топтарына қажет көрсеткіштері жалпы және кейбір былғары түрлеріне қажетті көрсеткіштер арнайы болып бөлінеді. Өз кезегінде арнайы көрсеткіштер міндетті және кейбір былғарылар сапасын арттыру мақсатында болашақты болып бөлінеді.
Жалпы сапа көрсеткіштеріне былғары қалыңдығы Т және оның құрамындағы ылғал мөлшері Н жатады.
Кең қолданылатын арнайы көрсеткіштер - былғары құрамындағы илегіштер (Х и ) ; майлы заттар (Х м ) ; шайылатын заттар (Х ш. а. ) ; күл (Х к ) ; иленуі И; созылудағы беріктік шегі δ; 10 МПА кернеуден ұзаруы; игротермиялық тұрақтылық J r ; беткі қабаттың жарылыуының кернеуі δ ж ; жиырылу температура Т ж .
Болашақты арнайы көрсеткіштер - отқа төзімділік, сызықтық кішірею; бояудың үйкеліске төзімділігі, беткі қабаттың беріктігі, су сіңіргіштігі мен су өткізгіштігі.
Жасанды былғарының сапа көрсеткіштерін негізінен үш топқа бөледі: эстетикалық, эргономикалық, сенімдік.
Ескертулер: 1. «Иленусаның көрсеткіші беткі қабаты тілінген шошқа терілері мен қой мен ешкі терілерінен басқа шикізаттардан өңделген жасанды былғарыға қолданылады»; 2. «Толық созылу», «қаттылық», «серпімділік», «иілімділік» көрсеткіштері мүйізді ірі қара терілерінен өңделген жасанды былғарыларға қолданылады; 3. «Бояудың үйкеліске тұрақтылығы көрсеткіші қара түсті казеинді жасанды былғарыларға қолданылады».
Эстетикалық көрсеткіштер. Жасанды былғарыны эстетикалық бағалауда негізгі көрсеткіштер беткі қабаттың құрылымы мен сипаты, түсі, жұмсақтық, серпімділік және т. б. болып табылады. 10 - кестеде жасанды былғарының эстетикалық қасиеттерін бағалау әдісі келтірілген.
10 - кесте
Сапаның жоғары категориясына, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сай немесе одан жоғары сапаға сәйкес келетін өнімдер жатқызылады.
Бірінші категориялы сапалы өнімдерге, өзінің технико-экономикалық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік стандарттар мен нормативтік құжаттар талаптарына сай өнімдер жатқызылады.
Жасанды былғары сапасының эстетикалық көрсеткіштері органолептикалық жолмен анықталады да 40 баллдық жүйемен анықталады.
- Жасанды былғарының кемістіктері мен сорттылығын анықтау
Әртүрлі өндіріс сатыларында өндірілетін резеңке бұйымдардың, картон, жасанды былғары өндіру процесінде материалдардың сорттылығын және сапасын төмендететін ақаулар шығуы мүмкін. Жасанды былғарылардың сыртқы ақауларының негізгісіне ысындыру процесінің дұрыс жүрмеуі нәтижесінде пайда болған ақаулар, түсінің тегіс болмауы, бетінің былғануы, тесіктерді пайда болуы, т. б. жатады.
Негізгі кемістіктерге езілгендер, жыртықтар, тегіс еместіктер жатады.
Жасанды былғарының кемістігі екі топқа бөлінеді:
- Тоқыма маталардың кемістігі.
- Полимер жаққанда болатын кемістіктер.
Жасанды жұмсақ былғарының көптеген түрі беткі қабатына байланысты 1 және 2 топқа бөлінеді. Бірінші топтағы былғарыларға эксплуатация процесінде әсер бермейтін, беткі қабатында ақаулар жоқ, былғарылар жатады. Екінші топтағыларға дұрыс боялмаған және бетінде 5 мм-дей тырналған ізі бар былғарылар жатады.
- Жасанды былғарының ескіргенге дейінгі тұрақтылығын анықтау
Жұмсақ жасанды былғары эксплуатация және сақтау кездерінде жоғары температураның, ылғалдың, жарықтың және басқа да себептердің әсерінен ескіреді, яғни өз қасиеттерін жоғалтады. Зертханаларда жұмсақ жасанды былғарыларды тін (ткань) негізінде жылу әсеріне тұрақтылығын тексеру үшін термостат қолданады. Тексеруге әрбір үлгіден өлшемі 200*20 мм етіп төрт үлгі кесіп алынады. Үлгілерді екі-екіден екі топқа бөліп алады, олардың бірі - бақылау, екіншісі - тәжірибелі. Екінші топтағы үлгілерді термостатқа салып, онда 72 сағат бойы 70±2С температурада ұстайды. Сосын ажырату кезінде түсірілген күшті анықтайды. Жылу әсеріне тұрақтылығын мына формула бойынша анықтайды:
Мұндағы: P - ажырату кезінде түсірілген орташа күш H.
P 1 - созылудан кейінгі орташа күш.
Жұмсақ жасанды былғарыны жарық - жылу әсеріне тұрақтылығын тексергенде арнайы құрылғы пайдаланады (1-сурет) .
1-сурет. Былғарының ескіруге тұрақтылығын анықтайтын құрылғы
Тексеру үшін әрбір былғарындан арқау ұзындығы 140 мм етіп, ал ұшық бойынша ұзындығы 20 мм етіп кесіп алады. Үлгінің шетінен 10 мм қашықтықта ұзындығы 95 мм жұмысшы учаскені бөліп қарастырады. Мұнда үлгінің қаттылығын анықтайды. Қаттылықты анықтап болған соң, үлгілерді, центрінен 30 мм қашықтықта бетін лампаға қаратып қысқыштармен барабанға бекітеді. Тексеріс кезінде барабан 8 сағат ішінде 20-30 жиілікпен айналады, әрбір екі сағат сайын 5 минут ішінде үлгілер дистильденген сумен ылғалданады. үлгілерді 70, 90, 100, 110С температурада тексереді, температура вентелятордың айналу жиілігіне байланысты қалыптасады. Үлгілерді тексеріп болған соң, 24 сағаттай қалыпты атмосфералық талаптарда ұстап, қаттылығын қайта тексереді. Бір уақытта үлгінің сыртқы түрінің өзгеруін анықтайды.
Жасанды былғарының жарық-жылу әсеріне тұрақтылығын анықтау үшін СТС-П құрылғысын қолданады (2-сурет) .
2-сурет. СТС-П құрылғысы
Үлгілерді бекіту үшін барабанда 15 түсіру рамкасы орнатылған. Барабан редуктор арқылы айналады. Үлгілерді ылғалдау үшін ороситель қолданылады. Камерадағы суды ванналар арқылы бөледі, ішіндегі температура сипаты термометр арқылы өлшенеді. Камерадағы үлгілерді үш электрожылжытқышқа сыйдырады. Жылжытқыш арқылы камерадағы ауаның жылдамдығы қалыпқа келтіріледі. Поливинилхлоридті материалдардың қасиеттерінің өзгеруін ажырау кезінде қаттылық көрсеткішімен тексереді.
Үлгілердің қаттылығын жарық-жылу әсерінен кейін анықтайды. Жасанды былғарылардың тұрақтылығын анықтау бағалау үшін, оның қаттылығы бойынша өлшемдері 20*150 мм, бойлық бағыттағы үш үлгіні алып қарастырады. Үлгілер сынап-кварцты шам іске қосылмай тұрып барабанға орналастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz