Адам денсаулығы және радиация



Мазмұны


I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

II Негізгі бөлім

2.1 Радиация және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2 Радиация зияны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.3 Радиоактивті заттардан қорғану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.4 Радиацияның адам ағзасына әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.5 Қазақстандағы радиациялық жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Кіріспе
Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.ағаштарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені артпайды.
Космостан келетін космостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жок. Ол 1000км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралды. Космонавтарды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр
Әлем ғалымдарының болжаулары бойынша 21 ғасырдың алғашқы ширегінде планетамызда энергетикалық қордың тапшылығы сезілу қаупі бар, оның шикізатына деген талас күшеюде. Мұндай адамзат цивилизациясына төңген экологиялық қауіп-қатер ең жоғарғы мемлекетаралық деңгейде мойындалып отыр. Тіпті, экологиялық апаттың туындауы ғылыми-техникалық прогрестің «даму» құбылысына деген көзқарасты дүдәмалдыққа әкеліп отыруы жер-жерде байқалуда. Сөйтіп адамзат құндылығының кейбір шкалаларын қайта қарастыру қажеттілігі пайда болуда.
Бүгінгі таңда иондаушы сәулелердің антропогендік көздері көптеп табылуда. Олар қоршаған ортаны ластаумен қатар әртүрлі биологиялық кері нәтижеліктің басты себепкері болуы әбден мүмкін.
Атом энергиясы – адам өмірінде маңызды орын алады. Энергия жеткілікті болғанда қоғамның дамуы қарыштап алға басады. Оған жиырмасыншы ғасыр дәлел. Бүгінгі күнгі негізгі энергия қоры болып саналатын – көмір, мұнай, газ бір кезде өзінің шегіне жетуі мүмкін. Соны болжай білген ғалымдар энергия көзін ашты. Бұл – атом энергиясы. Атом энергиясы адам өмірінде кең қолданылатын энергия түріне айналып келеді. Бұл энергия түрімен жұмыс істегенде, оның адам ағзасына тигізетін әсерін және соған байланысты физиологиялық өзгерістерді біліп, денсаулықты сақтау маңызды мәселе.
Биологияның барлық салаларының табиғи құбылыстарымен тығыз байланысты өріс алтынын ғылымның бүгінігі даму деңгейі айқын көрсетіп отыр. Өсімдіктер күн сәулесінің энергиясын өзіне сіңіріп, тіршілігін жалғастырса, жануарлар және адам организміндегі физиологиялық құбылыстардың өтіп тұруы да энергияны қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер

1) Н.Ә.Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі» Астана, «Елорда», 2001

2) «Радиация және өмір» З.Ж.Асқарова, Алматы, 2000.

3) Жаханов А. Радиациялық экология : оқулық / А. Жаханов. — Алматы.

4) Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология «Алматы» 2009

5) Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық экология жайлы қысқаша таным «Павлодар 2008»
6) Ж.Ж.Жатқанбаев Экология негіздері «Алматы» 2003

Мазмұны

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

II Негізгі бөлім

2.1 Радиация және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2 Радиация зияны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.3 Радиоактивті заттардан қорғану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.4 Радиацияның адам ағзасына әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .9
2.5 Қазақстандағы радиациялық жағдай ... ... ... ... ... ... ... . ... ...10

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...15

Кіріспе
Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.ағаштарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені артпайды.
Космостан келетін космостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жок. Ол 1000км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралды. Космонавтарды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр
Әлем ғалымдарының болжаулары бойынша 21 ғасырдың алғашқы ширегінде планетамызда энергетикалық қордың тапшылығы сезілу қаупі бар, оның шикізатына деген талас күшеюде. Мұндай адамзат цивилизациясына төңген экологиялық қауіп-қатер ең жоғарғы мемлекетаралық деңгейде мойындалып отыр. Тіпті, экологиялық апаттың туындауы ғылыми-техникалық прогрестің даму құбылысына деген көзқарасты дүдәмалдыққа әкеліп отыруы жер-жерде байқалуда. Сөйтіп адамзат құндылығының кейбір шкалаларын қайта қарастыру қажеттілігі пайда болуда.
Бүгінгі таңда иондаушы сәулелердің антропогендік көздері көптеп табылуда. Олар қоршаған ортаны ластаумен қатар әртүрлі биологиялық кері нәтижеліктің басты себепкері болуы әбден мүмкін.
Атом энергиясы - адам өмірінде маңызды орын алады. Энергия жеткілікті болғанда қоғамның дамуы қарыштап алға басады. Оған жиырмасыншы ғасыр дәлел. Бүгінгі күнгі негізгі энергия қоры болып саналатын - көмір, мұнай, газ бір кезде өзінің шегіне жетуі мүмкін. Соны болжай білген ғалымдар энергия көзін ашты. Бұл - атом энергиясы. Атом энергиясы адам өмірінде кең қолданылатын энергия түріне айналып келеді. Бұл энергия түрімен жұмыс істегенде, оның адам ағзасына тигізетін әсерін және соған байланысты физиологиялық өзгерістерді біліп, денсаулықты сақтау маңызды мәселе.
Биологияның барлық салаларының табиғи құбылыстарымен тығыз байланысты өріс алтынын ғылымның бүгінігі даму деңгейі айқын көрсетіп отыр. Өсімдіктер күн сәулесінің энергиясын өзіне сіңіріп, тіршілігін жалғастырса, жануарлар және адам организміндегі физиологиялық құбылыстардың өтіп тұруы да энергияны қажет етеді.

Негізгі бөлім
2.1 Радиация және олардың түрлері
Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция қабылдайды.
Кесте иондалған сәулеленудің табиғи қайнар көзі.Негізгі қайнар көзі Жылдық орта дозасы Доза Бэр 36.Космос (теңіз деңгейіндегі сәулелену) 30 0,10 15,3.Жер (қатты қабат, су, құрылыс материалдары) 50-30 0,5-1,3 68,8.Адам денесіндегі радиоактивті элементтердің мөлшері 30 0,30 15,1.Басқадай көз қоры 2 0,02 1.Жылдық орташа доза 200.
Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радияцияның нағыз мөлшері белгіленген. Халықаралық деңгей бойынша қазіргі кезде адамдарға радияциялық доза 0,1 бэрден аспауы керек. Профессионал мамандар дайындау оқу орындарына ППД-ның (предельно допустимая доза) 5 бэрден аспауы тиіс, иондалған сәуле тарататын аймақта да тұратын адамдардың ағзасында радиацияның мөлшері 0,5 бэр болуы мүмкін.
70 жыл өмір сүрген адам радияциялық қайнар көздерінен 14-15 бэр алуы мүмкін. Бұл көрсеткіш ағзаларға онша қауіп төңдіре қоймайтыны анықталған. Жер шарында тіршілік ететін әрбір адам өзінің өмір сүру кезеңдерінде жылына 250-400 м бэр радияция алатыны сөзсіз.
Кесте жасанды радиоактивті элементтердегі сәулелену (жылдық доза мөлшері).Қайнар көзі Жылдық дозасы Табиғи радиацияның бір бөлігі.Мбэр Мзе.Медициналық аспаптар (флюорография - 370м бэр, тістің рентгеографиясы - 3 бэр, өкпе рентгеографиясы 2-8 бэр) 2000км биіктігі 12км ұшақтармен ұшу жылына 5 рет,Телевизор көру (күніне 4 сағат).
Радиация латын тілінде радиус-сәуле деген сөз. Радиацияға күннің сәулесі, ғарыштық сәуле, жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті изотоптар жатады.
Галактикалық ғарыш сәулелерінің, құрамында протон ағымдары 85%, альфа-бөлшегі, яғни гелий 13-14%, электрондар және гамма -- кванттары бар. Сол сәуле бөлшектерінде энергия өте жоғары. Жердің радиациялық белдеуі сыртқы және ішкі зоналардан тұрады. Ішкі зонасында 40 Мэвтен астам энергиясы бар электрондардан тұрады. Бұл энергия атмосфера қабатынан өткеннен соң Жер бетінде байқалады.Күннің ғарыштық сәулелерінің құрамында протондар және альфа- бөлшегі бар.Ғарыштық сәулелері және жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәулеленуі табиғи радиациялық фон құрады. Табиғи радиациялық фон Жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктерге, жануарларға, адамға және өсімдіктерге әсерін тигізеді.Оны зерттейтін ғылым саласын гелиобиология дейді.
Жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы барлық химиялық заттарға байланысты болмайды. Әр түрлі элементтердің табиғи 50 радиоактивті изотобы бар. Көпшілік элементтердің тек біразы ғана радиоактивті. Кейбір химиялық элементтерде тұрақты изотоптар жоқ, олар түгелдей радиоактивті, мысалы, уран, торий, радий, полоний және т.б. Бүлардың атомдарының ядросы өздігінен ыдырап, гамма - кванттық және корпускулярлық сәулеленеді.Изотоптар деп бірдей қасиеттерімен, бірақ атомдық салмақтары әр түрлі химиялық элементтерді айтады грекше - изос - бірдей, тең; топос - орын. Мысалы, уран 235 және уран 238 - изотоптар.Изотоптар ядрода нейтрондар санының әр түрлі болуына байланысты өзара айырмашылығы бар атомдар. Оларда пратондардың саны бірдей. Мысалы, темір атомының ядросында 26 протон бар, ал нейтрондар саны 54 және 61. Изотоптарда 28-5426-геден 356126-ге дейін болуы мүмкін.Атомның және атом ядросысының құрылысын анықтап, зерттеу ядролық құбылыстар заңын ашып, ядролық реакцияларды жүргізіп, жасанды радиоактивтік изотоптар алуға мүмкіндік берді.Ядродағы құбылыстық айналымды зерттеу атом ядросының тау-сылмас энергия бұлағы екенін көрсетті. Бұл энергия ядролық реакция кезінде ядролық сәлелену бөлініп отырады.
Ең алғаш 1942 жылдың желтоқсан айының 2 күні өту құбылысын басқаруға мүмкіндігі бар тізбектелген реакция алынды. Бұл күні атақты физик Энрико Ферми жасап шығарған бірінші ядролық реактор өзінің жұ-мысын бастады. Осы күннен атом энергиясын бейбітшілік және соғыс мақсатында практикалық қолдану басталды.Физика оқымыстылары және инженерлер атом энергиясын пайдалануды зерттеп ұсынғандығы мақсатты -- қазба отын түрімен бәсекелесуге қабілетті қауіпсіз және сенімді энергия көзін жасау болды.Ядролық реакторды қолдану арқылы кез келген химиялық элементтің және Жер қабатында жоқ элементтердің изотобын жасау мүмкін болды.
Жасанды радиоактивтік изотоп биологияда және медицинада жиі қол-данылады. Оны қолдану тәсілдерін изотоптық тәсіл изотопный метод және таңбаланған атомдар тәсілі метод меченых атомовдеп атайды.
Органикалық эволюцияға радиация мөлшерінің әсері
Радиация мөлшері тіршілікке екі бағытта әсер еткен:
- тіршіліктің пайда болуына әсері;
- тірі жануарлардың Жер бетінен жойылып кетуіне себеп болғаны. Тірі организмнің өлі табиғаттан дамуы радиация әсерінен болған деген ғылыми қорытындылар бар. Жер үстінде қазіргі кезде жоқ ерекше жағдай - жоғары энергия әсерінен табиғи құбылыстар өткен. Бұл құбылыстардың негізгісі - ұзаққа созылған химиялық эволюция нәтижесінде органикалық қосылыстар пайда болып, күрделі молекулалар түзілген. Содан кейін биологиялық эволюция басталған.
Табиғи радиация мөлшері аса үлкен болған кезеңдері эволюцияның даму жылдамдығына әсерін тигізіп отырған. Бор дәуірінің соңғы кезінде Күн маңайындағы жаңа жұлдыздардың біреуінің жарқылдануынан ғарыштық сәулелену деңгейі ұзақ уақыт аса жоғары деңгейде болғаны өте ірі динозаврлардың жаппай қырылуына себеп болған. Палеозой дәуірінің аяқ кезінде Мезозой дәуірінің басында Жер үстінде бауырымен жорғалаушылар өте көп болған. Бор дәуірінде олар кенет азайып, түрлері кеміп, денелері ықшамдалған. Бұл қорытындыларға дәлелдемелер осы кезде аз болмас. Солардың ішінде мынаған көңіл аударайық. Мұнай және газ қойнауын зерттеуде табылған ірі тістерді, сүйектерді осы күнгі жануарлармен салыстырғанда уранның көп болуынан радиоактивтілік өте жоғары екені байқалады (әрине уақыт мерзіміне байланысты сүйек қалдықтары жердегі уранмен кірленуі мүмкін).

2.2 Радиация зияны
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі - радияциялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.
Радиоактивті ластану - қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі:
1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа -- (гелий ядросы), бетта - (жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма - сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі).
Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді. Радионуклидтер - бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда. Оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев кестесінің полоний басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады.
Гелий ядроларының (альфа - сәулелену) немесе жылдам электрондардан (бетта - сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп атайды. Электромагнитті иондаушы сәулелену - бұл гамма -- сәулелену мен оған жақын рентгендік сәулелену. Альфа және бетта-сәулелену организмнен тысқары тұрып та оған әсер ете алады.
Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте - адамға аса күшті әсер етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді. Эксперименттік зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің (кобальт-60, цезий-137) қуатты көздерінің қасында жоғарғы топтағы бірде-бір өсімдік немесе жануар тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе де жалпы алғанда, оларға мутагенді және бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде - зиянды ісіктер түзіледі.
Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:
:: Атом өнеткәсібі;
:: Ядролық жарылыстар;
:: Ядролық энергетика;
:: Медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық сәулелермен ластайды. Юұдан басқа атом өнеркәсібі радиоактивті қалдықтардың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіп және әлі шешімін таппаған мәселені - оларды көму мен жою мәселелерін алып келді.
Келесі бір қауіпті радинуклид - стронций-90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан-ішек трактісі , өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жиналады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрлысының бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы мүмкін.
Қазіргі гигиена ғылымының өзекті мəселесі адам өмір сүретін ортаның зиянды жəне қауіпті факторларын анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың халық денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін бағалай білу болып табылады. Қауіп-қатер туғызатын əртүрлі факторлар нақты елдің, аймақтың жағдайларына да тəуелді екенін ескеру қажет

2.3 Радиоактивті заттардан қорғану
Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері.
Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек.
Екер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады.
Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.Тез еритің цезий - 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны.
Радияциядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радияцияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады.
Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Дерттерге диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады.
Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды Радияциядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл юөлінеді. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе, радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек.
Адамзат баласы осы кезде бұрын - сонды болып көрмеген орасан көп ғылыми табыстарға жетіп, техника мен технологияны дамыта түсуде. Оларды төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына тікелей байланысты. Ол жаратылыстану ғылымдарының көрнекті салаларының бірі. Оның басты міндеттері жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын, оның эволюциялық жолмен дамуын зерттеу. Биология жердің тіршілік иелері адамдар мен жануарлар өсімдіктер мен неше түрлі көзге көрінбетін микроорганизмдер әлемін зерттейді. Алынған мәліменттердің негізінде сигнал хабарды дәл тіркейтін сезімтал машиналар мен механизмдер шығару жұмыстарын жүргізеді.
Кейінгі кезде биологиялық ғылымдар орасан зор ілгерлеп, алға басты. Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ көптеген биологиялық көріністердің құпия сырлары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиация және олардың түрлері туралы
Радиациялық ластанудың көздері
Сәулеленудің радиациондық әсері
Радиация және оның түрлері
Лайды радиациялық өңдеу
Радиация туралы
Жер саулығынан – адам саулығына
Радиоактивті сәулелену
Қазақстандағы радиациялық жағдай
Радиоактивтік заттардың өсімдіктерге әсері
Пәндер