Азаматтық құқықтың түсінігі және жүйесі



Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Азаматтық құқықтың түсінігі және жүйесі
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасында біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінеді. Солардың бірі-азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі. Бұл сала адамдар арасындағы мүлікке қатысты қатынастарды реттеу жағынан қарастырады, яғни жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен тығыз байланыста. Жалпылай алғанда,азаматтық құқық дегеніміз – бір-бірімен мүліктік оқшауланған субъектілер арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Азаматтық құқықтар және міндеттер АК-тің 7-бабында көрсетіл-гендей, заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекет-тер азаматтық заңдарда көрсетілгенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Осы азаматтық құқық заңдары АК-тен, ҚР оған қабылданған өзге де заңдарынан,ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан,сондай-ақ АК 1-бабының 1,2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін ҚР Президентінің Жарлықтарынан, ҚР Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Азаматтық құқықты жүзеге асыру да бірнеше шарт пен талаптарды құрайды. Егер онда көзделген талаптарды орындамаған жағдайда сот ол адамның тиісті құқығын қорғаудан бас тарта алады. Нақты АК-тің 8-бабында көрсетілгендей, азаматтар мен заңды тұлғалар өз-деріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады; азаматтық құқықты жүзеге асыру кезінде адал,парасатты және әділ әрекет жасауы, кәсіпкерлер іскерлі әдептілік ережелерін сақтауға тиіс; құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға болмайтын және т.б. сияқты шаттарды орындауы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қ.И. Оспанов «Құқық негіздері» оқу құралы, Жеті жарғы, 2006
2. Ғ.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конститутциялық құқығы» Алматы, Жеті жарғы, 2008
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – Алматы, 1995
4. Р. Төлеуғалиев Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. – Алматы 2001

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Азаматтық құқықтың түсінігі және жүйесі
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасында біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінеді. Солардың бірі-азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі. Бұл сала адамдар арасындағы мүлікке қатысты қатынастарды реттеу жағынан қарастырады, яғни жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен тығыз байланыста. Жалпылай алғанда,азаматтық құқық дегеніміз - бір-бірімен мүліктік оқшауланған субъектілер арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Азаматтық құқықтар және міндеттер АК-тің 7-бабында көрсетіл-гендей, заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекет-тер азаматтық заңдарда көрсетілгенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Осы азаматтық құқық заңдары АК-тен, ҚР оған қабылданған өзге де заңдарынан,ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан,сондай-ақ АК 1-бабының 1,2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін ҚР Президентінің Жарлықтарынан, ҚР Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Азаматтық құқықты жүзеге асыру да бірнеше шарт пен талаптарды құрайды. Егер онда көзделген талаптарды орындамаған жағдайда сот ол адамның тиісті құқығын қорғаудан бас тарта алады. Нақты АК-тің 8-бабында көрсетілгендей, азаматтар мен заңды тұлғалар өз-деріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады; азаматтық құқықты жүзеге асыру кезінде адал,парасатты және әділ әрекет жасауы, кәсіпкерлер іскерлі әдептілік ережелерін сақтауға тиіс; құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға болмайтын және т.б. сияқты шаттарды орындауы тиіс.

Азаматтық құқық дегеніміз -- азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңес-тірілген.
Азаматттық құқытың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол -- мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз -- мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар -- материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату -- сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді -- мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын -- мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.
Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған құқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық құқық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде құқықтық нормалардың жиынтығы, екіншісінде - білімнің жиынтығы арқау болады.
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, мемлекет.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады. Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субъектілер, мазмұны және объектілер.
Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай пайда болғанда ғана пайда болады. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына , өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т.т. заңдылық фактілер болып табылады.
Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын құыққ қатынастарына қатысушы тұлғалардыңөздерінің қалауы және ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды. Адамның өлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі фактілері - осылардың бәрі де оқиғалардың қатарына жатады.
Заңдылық салдар, яғни белгілі бір құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері де заңдылық факті болып табылады. Мысалы, мәміле жасасу, ерлі-зайыптылардың айырылысуы, біреуге әдейілеп зиян келтіру заң әрекеттері болып табылады.
Көп жағдайларда құқықтар мен міндеттер құқық тәртібінде рұқсат етілген әрекеттердің нәтижесінде пайда болып өзгеріп немесе қысқарып отырады. Заңмен тыйым салынбаған әрекеттер заңды әрекеттер болып табылады. Белгілі бір құқықтық нәтижелер тудыру ниетімен істелген, ерік берілген, заңды әрекеттерге мысал бола алатын, - басқаша айтқанда, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.
Мәмілелермен қатар, тікелей құқық және міндет тусын деген ниетпен істелмеген, бірақ құқық қатынастарының пайда болуына немесе оның қысқаруына негіз болып табылатын сан түрлі әрекеттер болады. Мұндай әрекеттерге мысал болатындар: некелесу, әдеби шығарма жазу, өнертабыс және т.с.с.
Кейбір әрекеттер құыққ тәртібінде тыйым салынғандықтан ғана , яғни заңсыз болғандықтан құқық қатынастарын тудырады. Мысалы:, АК-тің 917-бабында былай делінген: басқа біреудің жеке басына не мүлкіне немесе заңды тұлғаға зиян келтіруші сол зиянды толық өтеуге міндетті. Зиян келтіру болып табылатын болғандықтан, яғни зиян келтірушіні азаматтық жауапқы тарту салдарын тудыратын заңсыз әрекет болғандықтан зиянды өтеу міндеті зиян келтірушінің еркінен тыс ретте болады.
Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар -- айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлың құқық және өсиетнама.
Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.
6-бапта: Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктеиді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,
Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау келілдіктері заңмен белгіленеді. Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін деп жария етілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Азаматтық құқық - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік бөлшектерінің кұнделікті өмірімен, іс - әрекеттерімен ажырамас байланыстығы Қазақстан Республикасының құқығының бір саласы. Тауар - ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтық пәні болып табылады. Жеке мүліктік емес қатынастардың мәніне жаппайтындықтан, әр басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қаныстардың негізгі түрлерінің біріне, құқықтық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қаныстар жатады. Материалды игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Құқық туралы жалпы түсінік, құқық жүйесі
Құқық функциялары
Қазақстандағы құқық функцияларының жүйесі
ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ
Азаматтық құқықтың қайнар көздері түсінігі мен түрлері
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Пәндер