Өтелмелi қызмет көрсету шартының мазмұны мен түсінігі



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Өтелмелi қызмет көрсету туралы шарттың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 Өтелмелi қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс – әрекет жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге міндеттенеді.
Өтелмелi қызмет көрсету шартын атқаруға келсек, егер өтелмелi қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, атқарушы қызметті өзі көрсетуге міндетті.
Өтелмелi қызмет көрсету шартын жеке құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының жаңа азаматтық кодексiн (ерекше бөлiмiн) қабылдаумен байланысты қолданыла бастады. Бұған дейiн өтемелi қызмет көрсетумен байланысты қатынастарды реттеу заң немесе құқық ұқсастығын пайдаланумен жəне шарт еркiндiгiне сүйене отырып жүргiзiлген.
Қызмет көрсетуге арналған нормалардың болмауының бiр себебi күнi кешегi уақытқа дейiн ғана қызмет көрсету аясы өте əлсiз дамыған болатын. Экономикадағы жеке сектордың дамуы бiрiншi кезекте сауда фирмаларының дамуына ықпал еттi, салыстырмалы түрде мердiгерлiк қатынастар, құрылыс, үй жөндеулерi көлiк құралдарын жөндеу, киiм тiгу жəне т.б. қарқынды дами түстi. КСРО кезiнде жəне ол құлағаннан кейiнгi бiраз уақыт iшiнде көптеген қызмет аясы мемлекеттiк ұйымдардың арнайы қызметiнiң аясы ретiнде қалып қойды, тек бiршама уақыт өткеннен кейiн ғана қызмет көрсетулер дамы, олардың тиiстi құқықтық базасы қалыптасты. Нарықтық инфрақұрылымның дамуы тиiстi қызметтерге деген қажеттiлiктi айқындай түстi. Өтелмелi қызмет нысанында жүзеге асатын консалтингтiк аудиторлық қызметтер, бағалау қызметi көрсетiле бастады. Заңнаманың өзгеруiне байланысты тiптi сараптау қызметi де өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. ҚР Азаматтық құқығы. Ғ. Жайлин. – Алматы. 2006 – 378 б.
2. ҚР Азаматтық құқығы. С. Ынтымақов. – Алматы. 2004 – 128 б.
3. Гражданское право. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы. 2001 – 700 с.
4.Назарбаев Н.Ә. 2030 Қазақстан 2030, Алматы “Бiлiм” баспасы – 1997ж.
5.Гурвич М.А. Право на иск. М.-Л., 1949 г.
6. Гурвич М.А. Судебное решение. М., 1976 г.
7. Гражданский процесс М., 1995 г. Под ред. Шакарян М.С.
8.Добровольский А.А., Иванова С.А. – Основные проблемы исковой формы защиты права. М., 1979 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Өтелмелi қызмет көрсету туралы шарттың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 Өтелмелi қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс - әрекет жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге міндеттенеді.
Өтелмелi қызмет көрсету шартын атқаруға келсек, егер өтелмелi қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, атқарушы қызметті өзі көрсетуге міндетті.
Өтелмелi қызмет көрсету шартын жеке құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының жаңа азаматтық кодексiн (ерекше бөлiмiн) қабылдаумен байланысты қолданыла бастады. Бұған дейiн өтемелi қызмет көрсетумен байланысты қатынастарды реттеу заң немесе құқық ұқсастығын пайдаланумен жəне шарт еркiндiгiне сүйене отырып жүргiзiлген.
Қызмет көрсетуге арналған нормалардың болмауының бiр себебi күнi кешегi уақытқа дейiн ғана қызмет көрсету аясы өте əлсiз дамыған болатын. Экономикадағы жеке сектордың дамуы бiрiншi кезекте сауда фирмаларының дамуына ықпал еттi, салыстырмалы түрде мердiгерлiк қатынастар, құрылыс, үй жөндеулерi көлiк құралдарын жөндеу, киiм тiгу жəне т.б. қарқынды дами түстi. КСРО кезiнде жəне ол құлағаннан кейiнгi бiраз уақыт iшiнде көптеген қызмет аясы мемлекеттiк ұйымдардың арнайы қызметiнiң аясы ретiнде қалып қойды, тек бiршама уақыт өткеннен кейiн ғана қызмет көрсетулер дамы, олардың тиiстi құқықтық базасы қалыптасты. Нарықтық инфрақұрылымның дамуы тиiстi қызметтерге деген қажеттiлiктi айқындай түстi. Өтелмелi қызмет нысанында жүзеге асатын консалтингтiк аудиторлық қызметтер, бағалау қызметi көрсетiле бастады. Заңнаманың өзгеруiне байланысты тiптi сараптау қызметi де өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Көптеген елдердегi дəстүрлi заңгерлiк, медициналық, малдəрiгерлiк жəне басқа да бiрқатар қызметтер де нарықтың қажеттi сегменттерiне айналды.
Қазiргi кезеңде өтелмелi қызмет көрсетудi құқықтық реттеу туралы айтқанда, заңнамада жалпы нормалардың пайда болғанына қарамастан, əлi күнге дейiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн көрсетуге қатысты заңға сəйкес нормативтiкактiлердiң жетiспейтiндiгiн атап өте қажет. Жалпы қайсы бiр сфераларда жекелеген тұтынушылармен қызмет өрсету шарттарын енгiзу тəжiрибесi де қалыптасқан жоқ. Объективтi құқық деңгейiнде реттеудiң болмауы осындай шарттарға деген қажеттiлiктi елеулi түрде арттырады.

1 Өтелмелi қызмет көрсету туралы шарттың түсінігі
Өтелмелi қызмет көрсетудi толығымен бiр оқулық, тiптi соның мəселелерiне арнайы арналған жұмыс, шеңберiнде қамту мүмкiн емес. Азаматтық кодекстiң нормалары бұл шарт түрiнiң жалпы құрылымын ғана қамтамасыз ете алады. Ал, тараптардың нақты құқықтары мен мiндеттерi көп жағдайда өтелмелi қызмет көрсетiлетiн қызмет аясына тəуелдi болады. Басқа шарттарға қарағанда дəл соларға арнайы заңнаманы, ал кей жағдайларда бiрлескен құқықты қолдану маңызды болып табылады. Өтелмелi қызмет көрсетудiң жекелеген түрлерiн қарастырған кезде олардың құқықтық мəселелерiн шешумен айналысатын заңгерлердiң тар мамандандырылуының маңызы арта түседi, өйткенi тараптардың құқықтары мен мiндеттерi арнайы бiлiмдер қолданылатын салаларда пайда болады жəне құқықтық мəселелердi шешу мамандар қызметiн бағалаумен қатар жүредi, олардың жұмысының ерекшелiгiн бiлудi талап етедi.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың кəсiпкерлiк бастамаларының дамуы бұрынсоңды белгiлi болмаған жаңа қызметкерлерiнiң пайда болуына алып келуi мүмкiн жəне бастапқы кезеңде олар өтелмелi қызмет көрсету туралы жалпы ережелерге сүйене отырып реттелетiн болады.
Өтелмелi қызмет көрсету азаматтық кодексте 33тараудың нормаларымен реттеледi. Құқықтық қатынастардың бұл түрiне, егер олар Азаматтық кодекстiң нормаларына, өтелмелi қызмет көрсету туралы арнайы нормаларға, сондайақ өтелмелi қызмет көрсетудiң ерекшелiктерiне қайшы келмесе, мердiгерлiк жəне тұрмыстық мердiгерлiк туралы жалпы нормалар да қолданыла алады.
Қазақстан Республикасында өтелмелi қызмет көрсетудi реттейтiн жекелеген нормативтiк атiлер қабылданып əрекет етуде. Олар: 18 қазан 1993 жылғы Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңы; 19 мамыр 1997 жылғы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтар денсаулығын қорғау туралы" заңы; 7 маусым 1999 жылғы Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" заңы; 19 қазан 2002 жылғы Қазақстан Республикасының "Күзет қызметi туралы" заңы жəне т.б.
Осы қатынастарды реттейтiн заңға сəйкес нормативтiк актiлерге мысал ретiнде мыналарды атауға болады: Қазақстан Республикасының көлiк жəне коммуникация министрлiгiнiң 1997 жылға 565 бұйрығыменбекiтiлген "телекоммуникацияның жергiлiктi жүйелерiнен қызмет көрсету" ережесi; ҚРң көлiк жəне коммуникация министрлiгiнiң 197 жылғы 565 бұйрығымен бекiтiлген "телеграфтық байланыс қызметiн көрсету Ережесi"; Қазақстан Республикасы əдiлет министрiнiң 29 қаңтар 2002 жылғы бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы əдiлет министрлiгiнiң тiркеу қызметi комитетiнiң жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтарымен ақпараттық қызмет көрсету Ережесi. Медициналық қызметтердiң белгiлi бiр түрлерiн өтелмелi көрсетудi реттеу үшiн ҚР денсаулық сақтау бiлiм жəне спорт министрлiгi денсаулық сақтау Комитетiнiң 12 қазан 1999 жылғы бұйрығымен бекiтiлген жалпы тəжiрибе дəрiгерлерi (жанұя дəрiгерi) туралы Ереженiң маңызы зор. Өтелмелi қызмет көрсетудi реттейтiн басқа да нормативтiк актiлер бар.
Материалдарды қарастыру барысында атап өтетiнiмiздей, қызмет көрсету элементi бiрқатар жеке шарттарда кездеседi. Сол немесе басқа бiр шарттардың құрылымына аталған элементтi енгiзу себептерi əртүрлi.
Кейде қайсыбiр шарттар өз табиғата жағынан қызмет көрсету жөнiндегi қатынастарды реттеуге бағдарланады. Алайда жер локальды шарттық институттардың кейбiреулерi бұрыннан қалыптасып олар да өздерiнiң құқықтық табиғатына қатысты айқындалған параметрлер мен тұрақтандырылған көзқарастар бар кейбiр шарттар туралы нормалар, олардың салыстырмалы түрдегi жаңашылдығына қарамастан, толығымен жоғарыда айтылғанға сай келедi.
Сол себептi қызмет көр сетумен байланысты қоғамдық қатынастардың қандай да бiр түрлерiн реттеу мiндеттерi жекелеген жағдайларда өтелмелi қызмет көрсету туралы жекелеген нормаларды қолданбайақ шешiле бередi. Оларға, мəселен, сақтандыру, тапсырма, комиссия, банкiлiк қызмет көрсету, тасымалдау жəне басқа да шарттар жатады. 33тараудың нормалары мердiгерлiк қатынастарға, тасымалдау мен көлiк экспедициясы қатынастарына, сақтау, тапсырма, комиссия мен сенiмгерлiкпен басқару қатынастарына қолданылмайды деп Азаматтық кодекстiң 683 - бабының 2 тармағында бекер айтылмаған. Аталған нормада бiз атап өткен сақтандыру мен банкiлiк қызмет көрсетудiң шарттық қатынастары аталмайды. Алайда оларды өтелмелi қызмет көрсетпеуге жатады деп айтуға болмайды. Дегенмен олар өз құрамында қызмет көрсету элементтерi бола тұра, қызмет көрсету аясына жатпайтын, қызметтiң арнайы түрлерiн реттейтiн институттарға жатады.
Кейбiр жағдайларда аралас шарттар туралы сөз болады. Мысалы, тауарларды жеткiзiп беру шарты осы шарттық мазмұнымен қамтылмаған қызметтердi жеткiзiп берушiнiң (сатушының) көрсетуi көзделетiн пунктердi қамтуы мүмкiн. Мердiгер, ғылымизерттеу жұмыстарына мердiгерлiк шарт негiзiнде интеллектуалдық қызмет өнiмiн жасай отырып, тараптардың келiсiмi бойынша кеңес берушiлiк қызмет көрсетуi мүмкiн, қызмет көрсету де мердiгермен атқарылатын жұмысқа байланысты емес жəне т.с.с. Мұндай түрлер өте көп болуы мүмкiн.
Бiрiншi жағдайдан ерекшелiгi - мұнда өтелмелi қызмет көрсету туралы нормаларды қолдану орынды, ал кей жағдайларда қажет болып табылады. Iстiң мəнiсiн айтсақ мұнда екi шартты бiреуге бiрiктiру туралы сөз болып отыр. Бұл құқықтық қатынастардың қатысушыларына ыңғайлы болу үшiн жасалуы мүмкiн, бiрақ мұнымен олар тиiстi қатынастарды құқықтық реттеудiң ерекшелiктерiне ықпал етпейдi.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелер əртүрлi жағдайларда пайда болуы мүмкiн екенiн атап өткiмiз келдi. Жеке құқықтық реттеу олардың тиiстi шарттық институттарының нормаларымен реттелмегендерiне қажет. Осы орайда қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелердi өтелмелi қызмет көрсету шартының аясынан тыс қарастырудың еш маңызы жоқ.
Əрине, жоғарыда аталған шарттарда даулы жағдайлардың туындауы жоққа шығарылмайды, жəне олар сондағы дəл сол қызмет көрсету мəселелерiмен байланысты болуы мүмкiн. Қалай болғанда да, сот тəжiрибесi даулы жағдайларды шешуге көмек бере алатын азаматтық құқықтағы белгiлерге сүйене алады. Тегiн қызмет көрсетудi де реттеуде аса үлкен маңызға ие емес. Қалыптасқан тексерiстен өткен тапсырыс шарты да бар. Тегiн қызмет көрсетудiң оның шегiнен шығып кетуi екiталай. Ал шығып кеткен жағдайдың өзiнде де iсiнiң нақты жағдайына қарай туындаған қатынастар құқықтық маңызға ие ме немесе ие емес пе деген мəселе шешiлуге тиiс. Егер қандай да бiр қатынастар аталған маңызға ие болатын болса, онда ол жағдайды заң аналогиясы мен құқық ұқсастығына сүйене отырып реттеуге болады.
ҚР Азаматтық Кодексiнiң 683 - бабының 2 - тармағына сəйкес өтелмелi қызмет көрсету ережелерi байланыс қызметiн, медициналық, мал дəрiгерлiк, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызмет көрсетуге, оқыту бойынша көрсетiлетiн қызметтерге, туристiк қызмет көрсетуге жəне басқа да шарттарға қолданылады. Мысалы, əр түрлi заң қызметiн көрсету, жеке нотариустардың қызметi жəне т.с.с. дамып келедi. Өтелмелi қызмет көрсету шарты бiр субъектiмен, жарнама агенттiгiмен, өз тауарларын, жұмыстарын немесе қызметтерiн өткiзудi қалайтын басқа субъектiнiң пайдасы үшiн жүзеге асырылатын жарнама қызметiне де себепшi болады.
Өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгiлi бiр iсəрекет жасауға немесе белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыруға) мiндеттенедi, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге мiндеттеледi.
Өтелмелi қызмет көрсету шарты оның субъектiлерiне, бағасына қарай жазбаша нысанда бекiтiлуге тиiс, не ауызша нысанда да бекiтiлуi мүмкiн.
Бұл шартты реттейтiн нормалардың мағынасынан байқағанымыздай, шарттың мəндi жағдайлары болып оның пəнi мен бағасы туралы жағдайлар табылады.
Шарттың тараптары - атқарушы мен тапсырысшы. Мұнда мердiгерлiк шарттармен белгiлi бiр аналогия байқалады. Бiр тарапқа атқарушы мəртебесiн беру оның алдағы əрекетiнiң шарт аясындағы тапсырысшыдан түсетiн тапсырмамен алдын ала келiсiлiп қоятындығын бiлдiредi.
Атқарушылар ретiнде кез келген жеке немесе заңды тұлғалар болуы мүмкiн. Сонымен бiрге бiз "арнайы" субъектiмен байланысып отырмыз. Егер атқарушы жеткiлiктi дайындықта болмаса, онда оның шартқа отыруы құқықтық маңызға ие болмайды. Тиiстi емес субъектiнiң қатысуымен жасалған мəмiле орын алған нақты жағдайларға қарай сол немесе басқа бiр негiздер бойынша жарамсыз деп танылуға тиiс. Мысалы, бiреу тапсырысты орындау үшiн талап етiлетiн бiлiмдер, дағдылар жəне т.б. бар екендiгi туралы тапсырысшыны қасақана жаңылыстыруы мүмкiн, онда мəмiле (өтелмелi қызмет көрсету шарты) алдау салдарынан жасалғандықтан жарамсыз деп танылуға тиiс. Жоғарыда айтқандай өтелмелi қызмет көрсету шарты жаңа институт болғандықтан оның субъектiлiк құрамының өзектi мəселелерi əлi жанжақты ұғынылған жоқ.
Кейбiр жағдайларда қызмет көрсету жөнiндегi қызмет кəсiпкерлiк қызметтiң белгiлерiне кiрiп кетедi, сол себептi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өтелмелі қызмет көрсету
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Комиссия шартын тоқтату
Комиссия шартының түсінігі мен элементтеріне жалпы сипаттама
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Тауар жеткізілімі шарты
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Көлік экспедициясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ЖАЙЛЫ
Пәндер