Бақыт


Жоспар:
- КіріспеБақыт туралы әңгімелер
- Негізгі бөлімБақытты адамдар
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Бір мүгедек қайыршы жігіт болыпты. Оң қолы иығынан жоқ екен. Сырт киімінің жеңі сол қалпында боп тұрады екен. Бір күні ол бір үйдің есігін қағыпты. Үй ішінен шыққан әйел оған:
- Маған көмектесіп анау кірпіштерді үй артына жинасып жіберсеңіз? - депті. Бұл сөзге намыстанып қалған қайыршы:
- Менің қолым жоқ екенін көрмей тұрсыз ба, ақша бергіңіз келмесе мейлі. Тек қорламаңыз бұлай, - дейді.
Әйел үндеместен бір қолын артына ұстап, тек жалғыз қолымен ғана кірпіштерді тасыпты. Мұны көрген қайыршы әлденені түсінгендей, ақырын-ақырын кірпіш тасуға кірісіп кетіпті. Ол барлық кірпішті тасып біткенде қас-қарайып, өне бойын қаратер басқан еді.
Әйел оның қолына 5000 теңге қағаз ақша ұстатыпты. Басын иіп рақмет айқан қайыршыға: «Не үшін рақмет айтасыз, бұл сіздің еңбегіңіздің қарымтасы емес пе?!» депті әйел.
Арада біраз жылдар өткен соң, әлгі үйдің есігінің алдына қымбат бағалы әйгілі автокөлік келіп тоқтайды. Ішінен қара көзілдірік киген, салауатты да салмақты еңгезердей жігіт түсіп келе жатты. Оның оң қолы иығынан жоқ еді. Ол баяғысындай әдеппен есік қақты. Үй ішінен шыққан әйел оны бірден тани қоймады.
- Мен сізге тұңғыш рет жалданып жұмыс істеген мүгедек «қайыршымын». Сіз болмағанда мен бұл күнге жетпес ем. Сізді отбасыңызбен қалаға көшіріп әкетуге келдім. Әуелі үй де алып қойдым, - дейді жігіт. Кішіпейілділікпен бұл ұсыныстан бас тартқан әйел сонда:
- Ол үйді екі қолы да жоқ жандарға тарту еткенім болсын, - депті.
Бұл шағын әңгімеде өзің арқылы өзгені тәрбиелей алатыныңды және сонымен қатар бақыттыңды, тағдырыңды өзгерту өз қолыңда екенін яғни адамда ерік сезімінің бар екенін білдіреді. Бәріміздің де қол-аяғымыз бүтін, басымыз аман. Тек талпыныс пен сенім ғана бізді жеңіске жетелейді.
Әйгілі милиардер Билл Гейтс «Өмірде бақытсыздықтан ешқайда қашып құтылмайсың. Бірақ, бір білерім - ол ерте ме кеш пе, өтеді де кетеді. Уақыт сол күндерден қалған жараны өзі емдейді. Сол үшін де «Бұл қиындық емес. Мен сөзсіз жеңе аламын» деген сөзді үнемі қайталап тұр. Және ешқашан өкінбес үшін орныңнан тұр да, істеуге тиісті ісіңе дәл қазір кіріс» дейді.
Бақыттың сыры. Бір саудагердің «Мен бақытсызбын» дей беретін ұлы бар екен. Саудагер бақыттың сыры неде екенін үйреніп келсін деп баласын бір данышпан кісіге жіберіпті. Жігіт данышпанның үйіне жеткенше шөл даламен 40 күн жүріп әзер жетеді. Данышпанның сарайына жетеді, қараса адам көп екен. Ол кезекке тұрады. Данышпанға кезегі келіп кіргенде ол бақыттың сырын неде екенін білгісі келгенін айтады. данышпан оған қазір бақыттың сырын түсіндіретін уақыты жоқ екенін айтып, оған «сен қазір 2 сағаттай мына сарайды аралап шық, сосын келесің» депті. Кетерде қолына екі қасық беріп, ішіне май құйып беріпті. «Аралап жүргенде мына майды төгіп алма» депті. Жас жігіт қолына қасықтарды ұстап, баспалдақпен түсіп, сарайдың ішін, сыртын аралап келіпті. 2 сағаттан кейін данышпанға келіпті.
Данышпан: қалай, сарайды аралап шықтың ба?
Жігіт: иә, жақсылап аралап шықтым, үлкен екен.
Данышпан: үлкен бөлмедегі кілемдер әдемі екен бе? Суреттер қалай екен? Бақша, гүлдерді көрдің бе? Кітапханадағы кітаптарды қарадың ба?
Жігіт данышпанға оларды көрмегенін мойындапты, өйткені жүрген кезде қолына ұстаған қасықтағы майды төгіп алмау үшін үнемі соларды қарағанын айтыпты. Данышпан оған «айналасын жақсы танымаған, білмеген адам, айналасындағы кереметтерді көре алмаған адам ешқашан бақыттың сырын түсіне алмайды» деп қолындағы қасықтарға қайтадан май құйып, «бар, қайтадан аралап кел» депті. Жігіт бұл жолы асықпай, әр нәрсені мұқият қарап, аралап келіпті. Көргендерін данышпанға баяндапты. Данышпан «жақсы, ал қасықтағы май қайда» деп сұрапты. Жігіт қолына қараса, қасықтардағы май төгіліп қалған екен.
Сол кезде данышпан былай депті: «дүниенің барлық кереметтерін тамашалап оларды шын мағынасында көріп қана бақыттың сырын ұға аласын, бірақ қолыңдағы майды ұмытып қана . . . »
Бұл әңгімеде бақытты болу үшін таразы басын тең ұстай білуіміз қажет екендігін, тек дүниелік нәрселерге қызықпау қажеттігін, өз - өзімізді қоршаған ортамен салыстыра отырып терең зерттеуіміздің қажет екендігін айқындап отыр.
Бақыт деген
(Аңыз әңгіме)
Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:
- Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, - деп өсиет айтыпты.
Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір ұйілген тастық тасасына отырып, бөркін қолына алып, басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да, жігітке:
- Неғып отырсың?-дейді.
Жігіт:
- Жәй отырмын, -деп жауап береді.
Шал:
- Шыныңды айт!- деп қыса бастайды.
Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал:
- Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, -дейді . Жігіт:
- Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, -дейді. Шал:
- Қандай өсиет айтып еді?-дейді. Жігіт:
- Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», - деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиет: «Қала сайын үй сал», - деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, - дейді.
Шал тұрып жігітке:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz