Абылай (Әбілмансұр) хан өмірі



Кіріспе
Негізгі Бөлім
Қорытынды
Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) - қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
Жәңгір қайтыс болып таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Шоқан Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек (онда Абылайдың 1710 жылы туған деуге негіз бар).
Қазақстан тарихы 2007,Хрестоматия 2009,Энциклопедия 2010

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) - қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері,
қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының
негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам
Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
Жәңгір қайтыс болып таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп,
Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының
баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер
Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр
(кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) ақтабан шұбырынды жылдарында
жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген
өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған Сабалақ деп ат қойып,
түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Шоқан
Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек (онда
Абылайдың 1710 жылы туған деуге негіз бар).
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ
даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу
қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс
бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен
көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте
араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың т.б. ауыз әдебиетінің
ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майданда
ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын
тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің деуі осының дәлелі. Қай жылы туса
да, 1730-1733 жылдары аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт
Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің
жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.
Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр
жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең
беделді әміршілердің біріне айналды. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі
ұмытылып, Абылай атанды.
Абылайдың 20 жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа
қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине Абылай қатысқан алғашқы
соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай
жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай
шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-1733 жылдары болған
бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз
жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1930-1931 жылдары бірнеше үлкен ұрыс
болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің
шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады.
Абылайды 20 жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ
арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген.
Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 1730-1740 жылдардағы
шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың
бірін Бұқар жырау Қалданменен ұрысып, жеті күндей сүрісіп... деп
суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары Қаракерей
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек,
Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады.
Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің
дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның
немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі
мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып, кеңесші хан
дәрежесімен шектеледі.

ХVІІІ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі
құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.Левшин: 1739
жылы Орта жүзде Сәмеке (Орта жүздің батысындағы аз санды руларды биледі)
ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық
билік жүргізген - деп жазды. Шоқан Уалиханов та осы пікірді қолдайды.
1738-1741 жылдары Абылай хан бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына
бірнеше мәрте соққы берді. 1742 жылы Абылай хан тұтқиылдан шабуыл жасаған
жоңғарлардың қолына тұтқынға түсті. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы
күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау
қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, оны босатып алу үлкен
саяси мәселеге айналды. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би
мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда
ара түсуге өтініш жасады. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор
генерал-губернаторы И.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да
дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші барып,
келіссөз жүргізіп, 1743 жылы қыркүйектің 5-інде Абылайды тұтқыннан шығарып
алды. Бұл жөнінде И.Неплюевтің Сыртқы істер алқасына жазған хатында
қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те
білдірді.
Абылай билігінің күшейе түсуінің жаңа кезеңі 1744 жылы Әбілмәмбеттің
Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды.
Aбылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр
соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да
тиімді пайдаланды. 1740 жылы тамызда Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да
басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің қамқорына кіруге
келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау
мақсатында Шың империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербор мен
Бейжіңге елшіліктер аттандырды (1757-1777 жылдары Бейжіңге 10 елшілік
жіберген). Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ
хандығы мүддесін пайдаланып отырды. Абылай 1745 жылы Қалдан Серен дүние
салғаннан кейін Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп,
бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс
Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ
жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану
үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан
келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.
1745 жылы Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтандар қатар
аталса 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749 жылы тамыз
айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет
хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан
қалған. Барақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан
ғана билік жүргізіп отыр, - деп көрсетті.
Жазба деректерде Абылайдың шет ел басқыншыларына қарсы табанды соғыс
жүргізгендегі айқын көрсетіледі. 1752 жылы ол бастаған қазақ әскері шамасы
15-20 мың адамдай ойрат қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 жылы
желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып,
бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 жылы сәуірде Абылай бастаған 1700
қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде -
тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға
түсірді. 1756 жылы Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың
біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде
жеңіске жетті. 1757 жылы Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен
шайқасқаннан кейін, қытайлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абылайдың шайқастары
Абылай хан(1711-1781)
Абылай хан жайында
Абылай хан драмасының тарихи - фольклорлық негіздері
Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы
Абылай хан туралы ақпарат
Абылай хан (1711-1781). Абылайдың азан шақырып қойған аты - Әбілмансұр
Қазақ хандары
Абылай хан (1711-1781) туралы ақпарат
АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ТҰСЫНДА ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ НЫҒАЮУЫ
Пәндер