Шидің тоқылу технологиясы
Мазмұны
Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2-4
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
І. Негізгі бөлім
0.1 Қазақ халқының ши тоқу өнері жайлы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Шиді өңдеу жолы және пайдалануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3. Шидің тоқылу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.4. Ши тоқудың тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Аннотация
Ғылыми жобаның зерттеу мақсаты: Халқымыздың қолданбалы өнерін үйреніп, технологиялық білімді теориялық саралану тұрғыдан тұжырымдау. Шиден тоқылған туындыларды жасау арқылы ежелден келе жатқан қазақ халқының қолөнерін жандандыруға үлес қосу. Күнделікті тұрмыста қажетті заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару.
Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері:
1. Ши тоқудың әсем, әрі тұрмыстық салтта өте ыңғайлы екендігін дәлелдейтін мәліметтер жинастыру.
2. Ши тоқудың түрлерімен танысу
3. Жинаған әдебиеттерді талдау.
4. Ши тоқудың сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін дәлелдеу.
5. Көненің көзін көрген қариялармен, мектеп оқушыларымен сұхбаттасу арқылы ши тоқу жайлы мәлімет алу.
6. Өзіндік пікір, тұжырым жасау.
Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:
Тақырыпты ашу барысында қосымша ауыз әдебиеті үлгілеріне шолу жасау. Өзіндік тұжырым жасай отырып, салыстыру әдісін де қолдану.
Ғылыми жобаның гипотезасы: Шидің қазіргі заман талабында сән үлгісінен қалмауы, қазақтың ою - өрнектерін пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрді сақтау, жаңарту.
Ғылыми жобаның жаңашылдығы: Үйге шиден түрлі заттар тоқу арқылы жұмсалатын шығынды азайту жолдары.
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде қазақ ою-өрнектерінің маңызды екеніне көз жеткіздім. Ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білдік.
Аннотация
Цель исследования научного проекта: изучение прикладного искусства народа и теоретическая дифференциация технологических знаний. Внести вклад в возрождение народных ремесел испокон веков путем создания произведений Ши. Изготовление новых изделий, отвечающих современным требованиям в повседневной жизни.
Этапы исследования научного проекта:
1. сбор данных, свидетельствующих о том, что Ши вязание изящно и очень удобно в бытовом обряде.
2. Знакомство с видами Ши вязания
3. анализ собранной литературы.
4.доказать, что ши-это не только модная модель, но и своя традиция.
5.получение информации О ши текте через диалог со старшими, школьниками.
6.составить собственное мнение, выводы.
Метод исследования научного проекта: При раскрытии темы дополнительно сделать обзор образцов устной литературы. Используя также метод сравнения, делая собственные выводы.
Гипотеза научного проекта: Сохранение, обновление национальных традиций с использованием казахских орнаментов, не оставление Ши модой в современных требованиях.
Новизна научного проекта: пути снижения затрат на дом путем плетения различных предметов из Ши.
Результаты и итоги научной работы: в результате этой работы я убедился в важности казахского орнамента. Мы смогли использовать эту сферу искусства в качестве художественного духовного сокровища, которое отражает специфику национального мировоззрения.
Annotation
The aim of the research project is to study the Applied Art of our people, formulate technological knowledge from the point of view of theoretical differentiation. Contribute to the revival of the ancient craft of the Kazakh people through the creation of knitted works of Shiden. Production of new products that meet the requirements of the time, which are necessary in everyday life.
Stages of research of a scientific project:
1.collection of data that proves that Shea weaving is elegant and very convenient in everyday rituals.
2. Introduction to the types of Shi weaving
3.analysis of the collected literature.
4.to prove that Shea knitting is not only a fashion model, but also has its own traditions.
5.get information about Shi weaving through interviews with old people and schoolchildren who have seen the eyes of the Ancients.
6.make your own opinion, conclusions.
Research method of the scientific project:In the process of revealing the topic, an additional review of samples of oral literature is carried out. Using the comparison method as well, drawing your own conclusions.
The hypothesis of the scientific project is that Shi does not remain in fashion in modern conditions, preserving and updating national traditions using Kazakh ornaments.
Innovation of the scientific project: ways to reduce the cost of weaving various items from Chi to the House.
Results and conclusions of the scientific work: as a result of this work, I was convinced of the importance of Kazakh ornaments. This sphere of art, which reflects the specifics of the National worldview, was developed in accordance with the requirements of the time and used as an artistic spiritual treasure.
КІРІСПЕ
ХХІ ғасыр - дамыған заман. Бірақ та ұлттық өнерді үйрену, ата - кәсіппен айналысу бүгінгі күннің басты мақсатының бірі. Ұлтымыздың шеберлігін қастерлеу, іскерлікке дағдылану барлық адамның міндеті. Ши тоқу өнері бұрын киіз үймен байланысты көрінетін. Енді қазіргі заман талабына сай күнделікті шиді сәндік бұйымдар ретінде қолдануға болады. Ши тоқуды жаңа өмір талабына сай өзгертіп, күнделікті өмірде пайдалануға болады. Сол арқылы ұлттық қолөнерімізді басқа халықтарға көрсете аламыз. Шеберлер қолынан шыққан заттар қашан да маңызды. Сондай қол өнеріміздің бірі - ши тоқу өнері. Ши тоқу - ата-бабаларымыздан қалған кәсіп. Нағашы әжемнің айтуынша бұрындары, яғни ол кісінің бала кезінде ауылдағы әрбір үйдегі әжелер, апалар, қыздар, жас балалар ши тоқу өнерін білген екен. Зерттеушілердің пікірінше бұл өнер ХV ғасырдан бастап дамыған. Ши тоқудың қазақтардың өмірінде ерекше маңызы болған. Ата-бабамыз табиғаттағы әрбір өсімдікті өз керегіне жаратуды білген, оны ұрпақтарына үйретіп отырған екен. Сол дәстүрмен нағашы әжем мен анамның арқасында мен де ши тоқу өнерімен таныстым. - Ши қалай тоқылады? - Оны біз неге пайдаланбаймыз? - Қазіргі кезде осы жайлы барлық адам біле ме? Осылар жайлы білгім келді, сол себепті сұрақтарыма жауап іздей келе, ғылыми жұмысқа кірістім. Бұл зерттеу жұмысы қазақ ұлтының қолөнер туындыларын насихаттаудың бір жолы ғана. Қазіргі заманда қолданылатын әрбір бұйымдардан қазақ халқының ұлттық нақыштары көрініс тапқаны дұрыс деп ойлаймын. Сол арқылы қазақ халқы басқа халықтарға өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, олармен теңесе алады. Осындай жұмыстар келешекте қолөнер саласында өзіндік қолтаңбасы бар азаматтар тәрбиелеуге септігін тигізері сөзсіз.
.І. Негізгі бөлім
1.1. Қазақ халқының ши тоқу өнері жайлы жалпы мәлімет
Ши - астық тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік түрі. Биіктігі 50-220 см, сабағы көп, мықты, тік өседі, түсі қошқыл жасыл, екі жағы да тықыр, тұп жағы көптеген ескі жапырақты шым түзейді. Жапырақтары ұзын, жіңішке (ені 3-2 мм), өте қатты. Сыпыртқысы жіңішке, ұзындығы 15-50 см, масағының ұзындығы 5- 6 мм, ақ не күлгін түсті. Мамыр-шілдеде гүлдеп жеміс салады. Еліміздің көп жерлерінде өседі. Қыста мал шиге жақсы жайылады. Сосын ұзын сабақтарынан ши тоқиды, гүлі мен қысқа сабағынан сыпыртқы жасайды.Ата-баларымыз осы шиді жүнмен орап, өрнектеп тоқыған. Әртүрлі әдемі өрнектеп тоқыған шилер киіз үйдің ішін бөлмелеп бөлуге ыңғайлы болған. Тоқылған ши әрі арзан, әрі ыңғайлы. Ши көшпелі заманда алып жүруге өте жеңіл. Киіз үйдің ішіне ши жалпы әдемілік ретінде өте үйлесіп-ақ тұрады. Сондықтан мал шаруашылығымен айналысатын елдер оны ерте заманнан бері пайдаланып келеді.Ши бұйымын жалпы сырт көрінісіне қарай үш түрге бөледі: ақ ши, ораулы ши, шым-ши (шымораулы ши). Қолөнер шеберлері өрнектелген шилерді қанат шилер деп атайды. Қазақ арасында осы ши түрлерінің әрқайсысы орын-орнымен қолданылады. Мысалы, ақ шиді оралмай, құр өзі тоқылатын болғандықтан киіз басуға, өре жаюға, сүзгіге, мал сойғанда еттің астына салуға, үйдің төбесіне жабуға ұстаған. Ал ұзынынан түгел оралған өрнекті шиді шым ши дейді. Оны киіз үйге, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау етеді. Кейде оны түскиіз орнына да ұстайды. Ұзындығы тұтас емес, әр жерінен аралатып оралған шиді ораулы ши дейді.Ши тарту, оны аршу, орау, жүн орап тоқу бәріне ортақ жұмыстар. Ши тартуға ауылдың қыз-келіншектері мен жігіттері жиналып, қой сойып, тамақ дайындап, домбыра шертіп, ән айтып ұйымдасқан түрде кіріскен. Қазақтың ши тарту биі, ши шымылдық дейтін ұлттық ойындары содан қалған деседі.Тоқылатын ши мал аяғы баспаған жерден, жаздың орта шенінде әбден бойлап өскен кезде тартылады. Шиді жаңбырдан кейінгі шық кеппей тарту керек. Мұндай кезде жер жұмсақ, ши суырылғыш келеді. Әзірленген шидің қабығын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді.Ши ораудың екі әдісі бар. Біріншісі-тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау, екіншісі-жаңа өрнек үлгісімен орау. Оралып тоқылған даяр шидің өрнегіне салып орайтын шиді бір-бірлеп өрнек бойынша әр түсті оралған шидің буындарын дәл келтіріп, санап отырып орайды. Шиді орағанда оның түп жағы мен шашақ жағын үнемі кезектестіре салып отыру керек. Әйтпесе шидің бір шеті жұқа, майысқақ болып, екінші шеті тым қалың боп кетеді. Ондай шиді жинау да қиын болады. Шиді тоқуға арналған жіп бірнеше домалаққа төгіледі. Домалақтар салмақты болу үшін жіпті темірге немесе тасқа төгеді. Мөлшері орташа бір қанат шидің өн бойы 9-11 жерден тоқылады. Тоқу ісіне керекті ең негізгі құрылғы - арқалық (сырық). Арқалықты екі басынан жіппен байлап, биіктігі шамамен 1м.20 см келетін ағашқа асып қояды. Арқалықты әр жерден тоқылатын жіп ілінетіндей етіп кертеді. Содан кейін домалақталған жіптерді арқалыққа дәл ортасын келтіріп көлденең іледі. Ілініп тұрған жіптің ортасына әкеліп бірінші шиді салады да, әлгі жіптерді әрлі-берлі айқастырып домалақтарын ауыстырады, яғни арқалықтың ар жағындағы домалақты оң қолымен алып, бергі жағына түсіреді, бер жағындағысын сол қолымен ар жағына түсіреді. Арқау жіптеріміз астыңғысы ұрғашы, үстіңгісі еркек жіп деп аталады. Ұрғашы, еркек жіптерді бір-бірімен байланыстыру арқылы біздің тоқып жатқан шым шиіміз пайда болады. Осы тәртіппен шидің өн бойы тоқылып шығады. Тоқылатын шидің басталған жағы мен аяқталған жақ шетіне үш шиді қабаттап әуелі өз алдына бір рет жай жіппен сирек орап байланыстырады. Қара жүннен иірілген жіппен ақ шиге оралған осы бір сайластырудың өзі үшбұрыштардың тізбегі сияқты өрнек болып шығады. Мұны ши ораушылар шыбын қанат өрнегі дейді. Тоқи бастағанда бір немесе екі қарыстай жерге бірыңғай осыларды салып тоқиды. Сонда тоқылған шидің екі жақ шеті қалыңдап, берік шығады. Ши тоқушылар мұны қарақұс деп атайды. Бұған шидің бауы бекітіледі де, оны басқа бір затпен байланыстыруға мүмкіндік жасайды. Тоқылып болған шидің бас аяғын тегістеп қырқады. Кейбір адамдар қырқылған шидің екі жақ шетін әдемі матамен көмкеріп тігеді.Халық шаруашылығында шиді орап тоқумен қатар шиді байластырып тұрғын үй, мал қора салу, әр түрлі төсеніштер жасаған. Бұл әрі оңай, әрі арзанға түседі, әрі неше алуан мәнермен өрнектеледі, әрі жасалу жолдары оңай тоқылады.Шиден жасалатын заттар: алаша ши, ас шиі, аяқ қап, есік, кілем ши, киіз басатын ши, күрке, ши қалпақ, шыны қап т.б.
Ши өңдеп, өрнектеп, шиге түр салу өнерінде қазақ шеберлері көптеп көзге түскен. Қолөнер саласының басқа да түрлері сияқты шым ши тоқытып, үйрететін арнаулы орын бұрынғы кезде болмаған. Тек ұрпақтан - ұрпаққа дәстүр бойынша келіп отырған. Балалар аналарына, әжелеріне көмектесе отырып, олардың жұмысына, өнеріне зейін қоя жүріп, үйреніп алатын болған.Шиден жасалған заттарды күнделікті сәндік бұйымдар ретінде қолдануға болатынын дәлелдейін. Ондағы мақсатым ши тоқу өнерін қазіргі заман талабына сай өзгертіп, күнделікті тіршілікте қолдану. Сол арқылы ұлттық қолөнерімізді басқа ұлттарға таныстыру. Осы ғылыми жобамен жұмыс кезінде бірнеше ши түрлерін тоқыдық. Бүгінгі күні ауылда әлі де мал шаруашылығымен айналысатын адамдар көп. Олар сиыр сүтінен түрлі ұлттық тағамдар дайындайды. Мысалы: қатық, құрт, ірімшік және т.б. Бұларды кептіру үшін өрені әлі де пайдаланады.Бірақ та олар өздерінің әжелерінен қалған ескі өрелерді қолданып жүр. Ал олардың көпшілігі сол өрені тоқу жолын білмейді. Солардың ішінде менің өз әжем де бар. Біз тоқыған өремізді әжеме сыйға тарттық.Әжем қатты қуанды және өзінің құрт жайып жүрген өресінің тозып кеткенін айтты. Сонымен қатар ыстық ыдыс қоятын бұйымды да дүкендерден сатып алып жүргендер көп. Олардың арасында өз анам да болды. Анамның қолынан ши тоқу келсе де, қазіргі заман ағымына қарай сол заттарды дүкеннен сатып алып жүрген. Анам енді оларды сатып алмайтын болды. Біз қолдан тоқыған шымшилерді үйде ыстық ыдыс қоятын бұйым ретінде пайдаланатын болды.
1.2. Шиді өңдеу жолы және пайдаланылуы
Ал, бүгінде еңбек - XXІ ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық факторретінде, жаһандық бәсекелестік жағдайда алдыңғы кезекте ілгерілетілуі тиіс. Бұл Елбасымыз ұсынып отырған келешегіміздің ұстанымы.Осыған орай, бүгінгі заман XXІ ғасырда өмір сүретін жастарға ғалам негіздерінің жаңа жетістіктерімен қарулануды, оқып, үйренуді талап етіп отыр. Себебі, қазіргі ұрпақты ойөрісі тар, еш нәрсеге мән бермейді, түрлі жағымсыз қылықтар жасауы көбейіп отыр деп қаралайды. Санасы сәулелі жастар бұны түсінеді. Өнер көзі - халықта деген, алдымен, өнерді халықтан үйреніп, көне мұрасын жаңғыртып, ізденіп іске асыру перзенттік парызымыз. Қазақ ұлты - кең байтақ еліміздің ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртушы, жаңғыртып байытушы. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Халқының қолөнерін зерттеген ғалымдар: Ә. Марғұлан, зерттеуші этнограф С. Қасыманов, Ө. Жәнібеков, Д. Шоқпаров. т.б. Халқымыздың өрнекті өнерінің бірі шиді жүнмен орап және оны өрнектеп тоқу ісі. Қолөнердің барлық түрлері сияқты ши тоқу,оны түрлі өрнектермен безендіру әдісі өте ерте заманнан келе жатқан өнер мұрасы. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтады. Халықтың өнеріне әдет - ғұрып жабдықтарымен қатар аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал - жабдықтар кіреді. Осылардың ішінен ши тоқу өнері жайлы сөз қозғамақпыз.Ши тоқу халқымыздың өрнекті өнерінің бірі, шиді жүнмен орап және оны өрнектеп тоқу ісі. Қолөнердің барлық түрі сияқты ши тоқу, оны түрлі өрнектермен безендіру әдісі өте ерте заманнан бері келе жатқанөнер мұрасы. Сан алуан әдемі өрнектер орап тоқылған шым шилер киіз үйдің керегесі мен туылдырығының арасында, ыдыс - аяқ тұрған жаққа тұтуға, сондай - ақ үлкен үйлердің ішін бөлмелеуге. Ертеректе батырлардың оқ салып жүретін қорамсақ қаптары да шиден тоқылған. Қолөнер ісінің басқа түрлеріне қарағанда, ши тоқу әлдеқайда арзанға түседі, әрі төзімді келеді. Әсіресе, киіз үйдің ішін әсемдеуге шидің алатын орны ерекше. Неше түрлі сырмен боялып, сағанақтары күмістендірілген кереге көздері шашақталған уық бауларға, зермен кестеленіп, шұғамен оюланған тулырлық пен үзіктің ішкі өрнектеріне ши жалпы түр беру ретінде өте үйлесіп - ақ тұрады. Осындай әдемі оралған кілем шилер бұрын ата - бабаларымыз, малды ауылдардың бәрі қолданған. Әсем болуымен қатар, ши көші - қон жағдайында алып жүруге де өте қолайлы. Дала шөбін басқа да халықтардың пайдалануы. Дүкенде сатылатын түсті бояумен боялған Вьетнам, үнді халықтарының салфеткалары, желдеткіш, қабырғаға сәндік үшін іліп қоятын панноларын көріп, ол халықтың да өнерінде шидің алар орны ерекше деп білеміз, сол сияқты беларус, литва халықтары дала шөбі - қамыстан түрлі орындық, үстел, креслолар өріп тоқитыны да белгілі. Дала шөбі шиден: ши қалпақ, киіз басу үшін, киіз үйдің керегесіне тұту үшін, құрт жаю үшін, терезе қап, масахана, етхана т.б дайындаған. Тоқылатын ши мал аяғы баспаған жерден, күз кезінде әбден бойлап өскен кезде тартылады. Шиді таңертең немесе жаңбырдан кейінгі шық кеппей тартылуы керек. Мұндай кезде жер жұмсақ, ши суырылғыш келеді. Әзірленген шидің қабығын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді де, өрнектеп орайды. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, алдымен шиді тоқымас бұрын ши шыбықтарын аршып тазартады, аса қысқаларын және жіңішкелерін алып тастайды. Іріктелген ши шыбықтарын өз қалауымызша ұзындықтарына 20 см немесе 30 см етіп қысқартамыз.Шидің өсетін жерінде улы жәндіктер де кездеспейді. Адам денсаулығына шидің пайдасы бар. Әжелеріміз ши тартып келгеннен кейін Бір сергіп қалдым, жүрегім бір жақсылықты сезгендей әсер етті - деп, немесе шимен әшекейленген үйде отыру үлкен ғанибет қой, түсіңде шиді көрсең, өңінде мал байлығына кенелесің деп, шаттанып отырады екен. Ши тоқу өнерімен айналысатын шеберлердің бұйымдарымен таныс болдым. 1957 жылы Республикалық І көрмеде Қызылорда облысының Қармақшы ауданынан келген шебер Қамбарованың тоқыған шым шиінің өрнек мәнері өте жоғары бағаланған. Сурет - Киіз үйдің ішін шимен әшекейлеу.1960 жылы Республикалық ІІ көрмеде Атырау облысының Маңғыстау ауданында тұратын С. Тұралиева мен Жамбыл облысының Талас ауданындағы Б.Стамқұлова деген шебердің тоқыған шым шилері бүкілодақтық көрмеге қоюға лайықты деп бағаланған.Бибі Сәрсенбиева - 1009 жылы Жамбыл облысы Қаратау қаласында туған Бибі шешесінен он екі жасынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz