Абай Құнанбаевтың Адам болу мәселесі

Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Абай құнанбаевтың қара сөздеріндегі ар-ұят және адамгершілік мәселесі

Мазмұны

Кіріспе3

ІІ Негізгі бөлім5

2. 1. Абай өміріне шолу5

2 Практикалық бөлім8

2. 1 Абай Құнанбаевтың «Адам болу мәселесі»8

2. 2 Абай құнанбаевтың қара сөздеріндегі ар-ұят және адамгершілік мәселесі9

2. 3. Абай қара сөздеріндегі тәрбиелік мәселе өте зор. 19

Қорытынды23

Қолданылған әдебиеттер25

Кіріспе

Қазіргі кездегі елімізді толғандыратын мәселелердің бірі жастарды адамгершілікке, әдептілікке, адалдыққа, имандылыққа баулу. Сондықтан мен осы тақырыпты таңдауға шешім қабылдадым.

Ел жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу - білімге шақырған. Адамның сол кездегі жаман қасиеттірінің бәрін санап, атап көрсетіп, содан арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға, яғни тәрбиеге көп көңіл бөлген. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашу сияқты, рулық тартыс, бітпейтін дау - жанжал елдің сиқын бұзөатынын, еш мақсатсыз бос жүрген халықты көріп, қатты қынжылған. Ел ішіне іріткі салатын, өтірікпен мал жиып, байыған би - болыстарды өлеңмен шенеген.

Қазақ даласында қазіргі психология ғылымы тұрғысынан, бірінші болып Абай «адам» деген ұғымға анықтама берген. Адам - ұғымы - педагогика мен психология ғылымында негізгі пәндік ұғым. Абай түсінігіндегі «адам - ақылдылық пен еңбек сүйіспеншіліктің әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың, адамгершіліктің жиынтығы».

Тек осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі ғана - нағыз Адам деп ойлаймын. Орыстың ұлы педагог ғалымы К. Д. Ушинский де өзінің басты еңбегін адамға арнаған. «Адам тәрбие пәні қақында» осы тұрғыдан Абайадың ойлары, пікірлері орыс ғалымдарымен үндес келеді.

Абайдың адамгершілік идеалы, мұраты, принципі - қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу - кісіліктің кісісі, шын мәнінде азамат болу, қара бастың қамы, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін - өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адам болу. Абай қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді.

Жастардың мінез - құлық, адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген Абай: «Тез үйреніп, тез жайма,

Жас уақытта көңіл - гүл» деп жазған.

Зерттеу мақсатым Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар - ұят мәселесін іздеу.

Оны жүзеге асыру үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым: 1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау. 2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар - ұят, адамгершілік туралы мәселені ашып көрсету. 3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.

Менің ойымша, менің таңдаған тақырыбым қазіргі күн талабына сай, себебі ар - ұят, адамгершілік бар жерде әділдік, бейбітшілік, шыншылдық, ең басты тәрбие орнайды. Мен Абай қара сөздерін оқып, зерттей келе, ар - ұят, адамгершілік, тәрбие барлық жерде керек екеніне көзім жетті.

Ар - ұят пен адамгершілік қай жерде, қандай жағдайда адамның бойында болу керектігін анықтау мақсатында әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген кітаптарды оқып, сараладым. Осылай зерттей келе Абайдың отыз алтыншы қара сөзін зерделей келе, ар - ұят, адамгершілік мәселесіне көп көңіл бөлдім.

Осы зерттеу жоба Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі адамгершілік пен ар - ұят мәселесін қазіргі жас ұрпақ бойында қалай қалыптасқанын, оны қалай түсінетіндіктерін, қандай жерлерде қолдану керек екен

Мақсаты:

Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар - ұят мәселесін іздеу.

Міндеттері:

1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.

2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар - ұят, адамгершілік туралы мәселені ашып көрсету.

3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.

Гипотеза: Егер аға буын және отбасы жас буынның тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, қазіргі жастардың адамгершілік рухы жоғары болады.

Зерттеу әдістері: сауалнама жүргізу, жағдаяттарды шешу және қорытынды шығару, ар - ұятты суреттеу, ұят туралы ұрпақтар сабақтастығы.

Объектісі: Абайдың отыз алтыншы қара сөзі

Зертеу пәні: Адамгершілік пен ар - ұят

Зерттеу мәселесі: Абай өз заманында жазып қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келес таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім - тәрбие ретінде сабақ болады.

Менің ойымша осы таңдап алынған тақырыбымның өзектілігі - адамгершілік пен ар - ұят бар жерде шындық пен әділдік болады және тәрбиесі бар жас ұрпақ адамгершілік рухы жоғары болады.

ІІ Негізгі бөлім 2. 1. Абай өміріне шолу

Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарабұлақ жайлауында дүниеге келген. 1904 жылы Балашақпақ жайлауында қайтыс болған. Бейіті Жидебайда. Ол - ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ақынның арғы бабасы - Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Айдостан Ырғызбай, Ырғызбайдан Өскенбай тарайды, Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай дүниеге келеді. Құнанбайдың әйелі Ұлжаннан Абай дүниеге келеді. Абайдың үш әйелі болған. Бәйбішесі Ділдәдән - Ақылбай, Әбдірахман, Күлбәдән, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен - Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайыл, Кенже, барлығы жеті ұл, үш қыз сүйген. Әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.

Абай Ескітам қонысында әкесі ашқан медреседе, оқып, ауыл молдасы Ғабитханнан дәріс алған. Әкесі Абайды он жасқа толған соң, Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда үш жыл оқиды. Медресенің үш жылында Абай осы қаладағы «Приходская школаға» да қосымша түсіп, онда үш ай орысша оқиды. Осы жылдары шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Жәми еңбектерін оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А. И. Герцен, И. А. Крылов, Ф. М. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Есейген шағында солардың ішіндегі өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударады. Абай өлең жазуды он жасында бастаған («Кім екен деп келіп ем түйе қуған . . . ») «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абыралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - «Қансонарда» 1882ж. жазылған.

Абайдың көркемдік ойлау, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін, икемді, поэзиядағы қалыптасқан дайын үлгілерді қайталамайды.

А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтовтың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты.

1885 жылы мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семей облысының генерал - губернаторы Цеклинскидің басқаруымен Семей облысына қарайтын 5 уездің 100 - ден астам би - болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» әзірлеу тапсырылады. Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті.

Абай музыка саласында да мол мұра қалдырып, қазақтың музыка өнерін дамытты. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген. Абай әндерінің бір саласы тек өз шығармасы ғана тән өлең өлшемдеріне сай, соңы ырғақпен өріс табады.

Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері.

Абайдың қара сөздері ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары бар. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма.

Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлермен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық пікірлерімен бірігіп, философиялық тұжырымдамасын құрайды. Абай қара сөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т. б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. «Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек шығарма мағынасын білдіреді. Өлең өнерін қазақ қара сөз демейді. Қара сөз «проза» деген мағынада айтылған. Қара сөз еркін ой білдіру формасы. Ақын өлеңдерінің кейбір күрделі дүниетанымдық мәселелері қара сөздерде түсіндірілген. Абайдың біршама өлеңдерін қара сөздердегі кейбір ойларды түсініп барып қабылдауға мүмкіндік ашылады. Мысалы «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңің түсіну үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Абай қара сөздерінде Сократ, Платон, Аристотельдерді хакімдер деп атай отырып, өзінің де хакім екендігін дәлелдеп берген, Абай «хакім» деген ұғымды тек қолданып қоймай оны түсіндірген.

Соңғы қара сөздер жөнінде ақын байқалатын бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің көптен - көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көрінеді. Онысы - анығында солай еді.

Осы жайды ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қара сөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар жеңіл, қарапайым, оңай ұғымдар мен қайтадан айтылады. Бұл жөнінде көпшілік оқушы, тыңдаушысымен әңгімелеседі және сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелерінен; әділет, ақтық, турашылдық, шындықты, сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбектің бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе осылардай, адамдық, жалғаншылық, бәлеқұмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекші - өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлайды. Айтпақ сөздерді мен ойларын мысалдармен келтіреді. Кейде өзі көп алдында отырғандай, тыңдаушысына сұрақтар береді. Өзі онымен жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады. Мысалдарды қазақтың Абай заманындағы күнделік болмысынан алады.

Сол мысалдарды кейде күлкіге санап, мысқыл әжуа-хәлдерді әдейі айқындай түседі. Әңгімесі тыңдаушысына пайдалы өсиет болумен бірге, көңілді айтылып, қызықты боп жетсін деген мақсатты ойлайды.

Өзінің адамгершілік, әлеуметшілік, ағартушылық ойларын айтуда Абай педагогикалық жақсы әдіс қолданады. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жарыққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді.

Жалпы алғанда Абайдың осы барлық қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінше бір бөлек, бір алуаны боп саналады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес.

Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе - жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді.

2 Практикалық бөлім 2. 1 Абай Құнанбаевтың «Адам болу мәселесі»

2. 2 Абай құнанбаевтың қара сөздеріндегі ар-ұят және адамгершілік мәселесі

Ақын қара сөздерінің тілі сырттай, тұтас алып қарағанда бір стильдік үлгіде болғанмен іштей, жіктей оқығанда, осы үлгінің өзінде азды - көпті айырым жайлар байқалады. Ақынның поэзиясындағы талғампаздық, яғни сөз етіп отырған тақырыбына орай өлеңдік үлгі, форма іздену сияқты талғампаздық қара сөздері тілі тұтасында да көрінеді.

Абай тегінде поэзиясы сияқты қара сөздерінің де оқушысы кім болғанын көптен - көп ескеріп отырған болса керек. Сондықтан да бұлар қазақтық мінез, бұқара халыққа сөз болған орайда лексикасында араб, парсы сөздерінің барынша сирек ұшырасатыны сияқты, сөйлем жүйесінде, барынша қарапайымдылық, ауызекі әңгімелесу стиліне дін оңай, жеңіл оралымдар үстеме болып келсе, діни мораль, дін ережелері сөз болған шақта әрі дін иелерімен, ескіше оқығандармен пікір сарабына түсіп кететін реттерде лексикасында араб, парсы сөздері, діни лексика құран аяттары, түркі кітаптарына тән грамматикалық формалар көп енгізілетін сияқты, сөйлем құрылысында да өзгеше бір ерекшелік кездеседі.

Абайдың қара сөздерін мағынасына қарай: ел мінезі жөнінде, оқу ғылым жөнінде, мақал афоризмдері, тәлім - тәрбие жөнінде, адамгершілік жөнінде деп бөлуге болады.

Мысалы: Адамгершілік жөніндегі қара сөздерге 7, 17, 19, 20, 31, 32, 34, 38, 43, 36.

Солардың бірі отыз алтыншы қара сөзі.

Пайғамбарымыз салалаһу һайлайһи уәсәләнің хадис шарифинде айтыпты:

-«Мен лә хаяһү уә лә иманун ләһу» кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ, деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «Ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді, ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда, білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе?

Бір ұят бар - надандықтың ұяты: жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдында жазықсыз - ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмаса нәрседен ұялған ұялу - ақымақтық жамандық.

Шын ұят сондай нәрсе: шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абыройлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреу - ондай қылық өзіңнен шақпай - ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі, сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырмай, мына байғұсқа не болды. Бірнәрсе іштен рақым секілді болып келіп, өзіңді қысып, қызарып кетеді.

Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абыройлы бойға теріс я адамшылыққа кесел қылық, қатеден, яки нәпсіге еріп, ғапылдықтан өз жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісіге бетіне қарамай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін - өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігінің ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді.

Көзінің жасын мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нәрсені көрмейді. Мұндай қылыққа жетіп, ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки, оның үстіне, тағы аямай, өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ, десе болар.

Осы күнге менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да. «Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар? - дейді. Я болмаса, «жә, жә, оған мен - ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің?» - дейді. Немесе «пәленше де, түгенше де тірі жүр ғой, пәлен қылған, менікі оның қасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емеспе еді?» - деп ұялтамын десең, жап - жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған кісі дейміз бе, ұялмаған кісі дейміз бе? Ұялған десек, хажис анау, жақсылардан қалған сөз анау. Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жоқ дейміз бе?!

Абайдың осы қара сөзінде «ұят болса - иман сонда» деген мәселеге көңіл бөлсек алдымен «иман» сөзіне тоқталайық. Иман - араб тілінен шыққан сену деген сөз.

Иман дегеніміз - иланған көңілімен ықтияр болушылық делінген ислам дінінде. Иман ол сенім, адам сенімсіз, үмітсіз, армансыз өмір сүре алмайды.

Сенім дегеніміз - адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына терең негізделген нанымы.

Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сіңген ислам дінінің имандылық қағидаларын адамдар арасындағы ізгілі, қайырымдылық, адалдық, әділдік қарым - қатынас негізіне алып, жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдаланудың сыры тым тереңде жатыр. Осыны ескере отырып иман жүзді адамдарда төмендегідей қасиеттер болу керек деп ойлаймын:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Алланы танушы ойшыл
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру туралы
Абайдың музыкалық мұрасындағы тәрбие беру жолдары
АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫНА ТӘЖІРИБЕ
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Абайдың қара сөздері мен өлеңдері
Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы
Ақын мен жазушының үндестігін жас ұрпаққа насихаттау
Пәндер

Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz