Динамаикалық көрсеткіш


“ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕМАТИКА” ПӘНI БOЙЫНШA ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУ
Тaқыpыбы:
Қазақстандағы кедейшіліктің әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша зерттеу
Орындаған: 6В06103 "Digital Engineering" оқыту бағдарламасының CRN-652, 1-курс студенті:
Абдыганиева Ақбота
ҚабылдағанББ профессоры,
PhD: Жусупова Алма Дәулетбековна
Aлмaты 2023ж
Мазмұны:
Кіріспе . . .
Негізгі бөлім . . .
- Динамаикалық көрсеткіш. .
- Динамикалық көрсеткіш . . . 2
- Динамикалық мәліметтер болжамы . . . 4
- Кестелік көрсеткіш . . .
- Кеңістіктік көрсеткіш . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің мақсаты: Кедейлік деңгейіне әсер ететін негізгі факторларды анықтау және осы құбылысты азайтудың тиімді стратегияларын ұсыну мақсатында Қазақстандағы кедейшіліктің әлеуметтік-экономикалық аспектілерін зерттеу және талдау.
Соңғы 20 жылда кедейлік деңгейінің елеулі төмендеуі және халықтың сатып алу қабілетінің артуы байқалады. 1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстанда кедейлік деңгейі 34, 6%-дан 5, 3%-ға дейін қысқарды. Джини индексінің мәні 2001 жылдан бастап 1, 3 есе, 0, 290-ға дейін төмендеді, яғни қалыпты теңсіздік. Сондай-ақ, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 46, 7%-дан 5, 3%-ға дейін төмендеді. Кедейлік тереңдігі 2001 жылдан бастап 37 есе, яғни тиісінше 14, 8%-дан 0, 7%-ға дейін, кедейлік өткірлігі - 33 есе, 6, 5%-дан 0, 2%-ға дейін төмендеді. Дүниежүзілік банктің деректеріне сәйкес қазақстандықтардың сатып алу қабілеті бүгінде күніне 5, 5 АҚШ долларымен өлшенеді, бұл күніне 1, 25 АҚШ долларын құрайтын ОДМ қайыршылық деңгейімен салыстырғанда жақсы көрсеткіш болып табылады. 5, 5 АҚШ долларына баламалы сатып алу қабілеті Қазақстан экономикасы жағдайының жақсы көрсеткіші болып табылады. Табыс деңгейі ұқсас көптеген басқа елдермен салыстырғанда Қазақстандағы кедейлік соншалықты өткір және жүйелі проблема болып табылмайды. Қазақстанда халықаралық кедейлік шегінен тыс өмір сүретін халық санының қысқару үрдісі байқалады. 2016-2020 жылдар кезеңінде CАҚТТ бойынша күніне 5, 5 АҚШ доллары деңгейінде халықаралық кедейлік шегінен тыс өмір сүретін халық үлесінің 9, 9% - ға төмендеуі байқалды және 6, 2% - ды құрады. Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша да, гендерлік белгісі бойынша да халықтың табысындағы алшақтық сақталуда. 2020 жылы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқының үлесі 7, 6% - ды құрады, ал қалалық жерлерде бұл көрсеткіш 3, 7% - ды құрады. Үкімет кірістердегі алшақтықты азайту үшін жүйелі шаралар қабылдауда. Мәселен, COVID-19 пандемиясы жағдайында елде халықтың аз қамтылған және мұқтаж жіктерін қолдау мақсатында халыққа төлемдер көбейді. Сонымен, жұмысынан айрылу себебінен халыққа төленетін төлемдер 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 63, 9 мың адамнан 99, 1 мың адамға дейін немесе 55%-ға, ал 2016 жылмен салыстырғанда 66, 2 мың адамға немесе 2, 4 есеге дерлік ұлғайды. Жалпы, 2016-2020 жылдары жалпы бюджетке әлеуметтік қорғауға арналған мемлекеттік шығыстардың үлесі 19, 1% - дан 21, 6% - ға дейін ұлғайды
ДИНАМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШ
1 кесте ҚР Баланың туылуына байланысты және ол бір жасқа толғанға дейін әлеуметтік қолдау көрсету көрсеткіші.
1. 1 График ҚР бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне мемлекеттік жәрдемақыны алушылардың саны
Бұл жәрдемақы балаға қарайтын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлерге тағайындалады. Бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы сәби бір жасқа толық толғанға дейін төленеді. 1. 1 Графикте көрсетілген мерзімде мемлекет көмегін алушылардың саны өзгеріп отырғанын байқауға болады. 2010 жылы бастапқы көрсеткіш 459, 8 мың адамды құраса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 528, 9 мың адамды құрады. Алушылардың ең көп саны 2014 жылы 591, 3 мың адам тіркелсе, ең азы 2021 жылы 484, 0 мың адам тіркелді. Алдыңғы екі жылдық өсімнен кейін 2021 жылы төмендеуі байқалады. 2014 жылдан бері жалпы құлдырау байқалғанымен, деректер 2015 және 2020 жылдар арасындағы кейбір ауытқуларды көрсетеді. Бұл әртүрлі факторлардың, соның ішінде отбасын қолдау саясатындағы өзгерістер мен экономикалық факторлардың әсерін көрсетуі мүмкін. Елдің жалпы экономикалық контекстін ескеру маңызды, өйткені экономикалық өзгерістер әлеуметтік қолдау мен кедейлік деңгейіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
1. 2 Гафик табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі кедейлік деңгейі %
Кедейлік деңгейі тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы екенін еске түсіре отырып талдасақ, халықтың басым бөлігі арасындағы кедейлік деңгейі 2016 жылға дейін төмендеп, 2016 жылы 2, 5%-ға төмен болды. Алайда 2017 жылдан бастап бұл көрсеткіштің біртіндеп өсуі басталды. 2017 жылдан 2022 жылға дейін кедейшілік деңгейі салыстырмалы түрде тұрақты болып қалды, 2, 5-5, 3% аралығында ауытқиды. Қаралып отырған кезеңдегі ең жоғары кедейшілік деңгейі 2011 жылы (5, 5%) байқалды. Ықтимал әсер етуші факторлар жалақының, инфляцияның және т. б. өзгерістер сияқты әлеуметтік-экономикалық факторлар.
Динамикалық мәліметтер болжамы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz