Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Дене тәрбиесі теориялық әдістемесі
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде гимнастиканы қолдану
Мамандығы: Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Орындаған: Грибинюк Галина
аты-жөні.
Жетекші: Кеннесова Нарн Капашевна
аты-жөні

2023жыл
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1Дене тәрбиесі жүйесі қызметінде гимнастиканың негізгі бағыттары мен шарттары
1.1 Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары 5
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды қалыптастырудағы дене тәрбиесінің рөлі 7
1.3 Мекетеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбие процесінде гимнастыканың маңызы 12
2. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
2.1 Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары 16
2.2 Дене тәрббиесі жүйесінің негізгі белгілері 21
2.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінде гимнастиканың маңызы 25
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
КІРІСПЕ

Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене тәрбиесі мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі жалпы міндеттерге негізделеді:
Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру;
Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту;
Тәрбиелік міндеттер - мектепке дейінгі балаларға адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және т.б.
Ж.К. Оңалбектің, О.А. Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаевтың, С.И. Қасымбекова, Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған.
Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балардың білімі мен жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Дене тәрбиесін жүзеге асыру - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, мектепке дейінгі балалардың денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтарорын алып отырғаны байқалады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Дене тәрбиесі жүйесі қызметінде гимнастиканың негізгі бағыттары мен шарттары
1.1 Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары

Дене шынықтыру жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру, кәсіптік қолданбалы және спорттық дайындық.
Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын арттырып, қимыл ептілігін дамытуға негізделген арнайы спорттық дайындық шаралары. Дене шынықтыруға өр түрлі дене төрбиесі амалдары, жаттығулары жөне санитарлық-гигиеналық фактор лар жатады.
Кәсіптік қолданбалы дене шынықтыру дайындығы дегеніміз - еңбек пен әскери іс-өрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі. Кәсіп - тік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен, кәсіптік іс түріне ұқсас жаттығулар қолданылады. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығы тәсілдерін қолдану еңбектегі қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді. Еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді [1] .
Адамның өзі қалаған спорт түрі бойынша жоғары нәтижелерге жету жолындағы ізденістері мен талпыныс- тарын спорт дайындығы дейміз.
Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына тоқталсақ:
Қағида - бастапқы негіз, қандай да бір теория ілімінің даму заңдылығы. Дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына: балалардың үйлесімді дамуы; дене шынықтыру қағидаларының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесімі; дене шынықтыруының денсаулықты нығайту пәрменділігі жатады.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты үйлесімді даму қағидасы екі бағытқа бөлінеді:
1. Дене шынықтыру тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста болып, баладарды өнегелі тәрбиеге баулиды, зейінділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады, адамның көркемдік-өсемдік танымына әсерін тигізеді.
2. Дене шынықтырудың әр түрлілігі. Дене күшін жан- жақты дамытуға арналған жаттығулар дене шынықты үрдісі кезінде балалардың қимыл шеберлігін, дағдысын жетік игеруіне көмектесуі керек. Дене шынықтыру қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесуі дене шыныңтырудың жеткіншек ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға бейімдейтін қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу балалардың денсаулығын нығайтып, қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеруге көмектеседі. Жұмыс істеуге ынтасын арттырады. Дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалардың мамандық игеруге, спортпен айналыспаған адамдармен салыстырғанда уақытты 1,5-2 есе аз жұмсайды [2] .
Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене шынықтыру жаттығулары, сабақтары балалардың денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс. Бұл сабақтардың нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына байланысты. Оқытушы ағзаның биологиялық заңдылыңтарын, балалардың жас ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педагогикалық тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол денсаулықты нығайту жолында жемісті еңбек ете алады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.
Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.
Ден тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық -- тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті - дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.
Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады [1].
Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады. Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын талдап жасауға көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы - коммунистік қоғамның болашақ құрылысшысы - баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті -- өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып табылады.
Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.
Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми - техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.
Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып табылады [3].

1.2 Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі.

Оқушылар дене тәрбиесінің жан-жақтылығын қамтамасыз етудің табыстылығы мектеп педагогикалық ұжымының, мектептен тыс мекемелер мен ата-аналардың күш жігерін жұмылдыруына байланысты. Сонда ғана дене тәрбиесін толық ұйымдастыруға қол жеткізуге болады. Бұл жүйенің әрбір буыны бір мақсатты бағыттылыққа ие. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесінің бөліктері мынадай:
- әр сыныпта жетісіне үш рет өткізілетін дене шынықтыру сабағы түріндегі сыныптық-сабақтық жаттығу жүйесі;
- оқу күні режиміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (сабаққа дейінгі гимнастика, физкультминуттар, дене шынықтыру үзілістері, ұзартылған үзілістегі дене жаттығулар);
- ұзартылған күн тобындағы күн сайынғы дене жаттығулары;
- дене шынықтыру үйірмелеріндегі, жалпы дайындық топтарындағы спорт түрлері бойынша секцияларды, спорттық жарыстарда, саяхат жорықтары мен жаттығуларды қосқандағы сыныптан тыс жұмыстар [4] .
Бұл жүйе мектептен тыс мекемелердегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлерімен толықтырылады:
- балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, тұрғылықты жерлерде, жазғы демалыс лагерлеріндегі әр түрлі типтегі спорт секцияларында өткізілетін спорттық жарыстар мен жүйелі жүргізілетін оқу-жаттығу сабақтары;
- балалардың жазғы және қысқы лагерлерінде ұйымдастырылатын көпшілік дене шынықтыру-сауықтыру шаралары;
- спорттық, туристік базаларды мәдени және демалыс бақтарында балалар секторлары ұйымдастыратын экскурсиялар мен жорықтар, конкурстар, көпшілік ойындар.
Отбасында балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері:
- күн режиміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгілік гимнастика, дене шынықтыру минуттары, шынығу процедуралары);
- спорттық жаттығуға жататын дене жаттығуларымен жеке айналысу, дене тәрбиесі бойынша үй тапсырмаларын орындау;
- каникул күндеріндегі ересектердің қатысуымен ұйымдастырылатын ойындар, серуендер, жорықтар, спорттық көңіл көтерулер;
- отбасының өздері тұратын жердегі жарыстарға қатынасуы [4] .
Дене тәрбиесінің осы түрлері міндетті және ерікті болып екі түрге бөлінеді.
Біріншісіне, яғни міндеттісіне тек дене шынықтыру сабақтары ғана жатады (жаттығудың сыныптық-сабақтық түрі).
Үйрету мен тәрбиелеудің айтылған түрлері ұйымдастыру белгілеріне қарай сабақтық не сабақтық емес болуы мүмкін.
Жаттығуларды ұйымдастырудың сабақтық түлеріне мектептегі дене шынықтыру сабақтары және секциялардығы оқу-жаттығу сабақтары жатады. Оларға тән сипаттар: Мамандандырылған пеогогикалық басшылықтың болуы; сабақтас педогогикалық міндеттер жүйесін шешуге бағытталған, оқу бағдарламасы анықтайтын сабақ мазмұны; негізделген құрылым және дәл шектелген уақыт мөлшері; жұмыс нәтижесін міндетті түрде бағалау; тұрақты кесте бойынша жаттығуды жүйелі өткізу; салыстырмалы тұрақты түрдегі және жасқа байланысты бірыңғайлылық пен жаттығушылардың дайындық құрамы. Айтылған белгілердің болуы сабақты ең үнемді және жаттығуды жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Екіншісінде, жаттығуды ұйымдастырудың сабақтық емес, яғни ерікті түрлері сабақ белгілерінің бәріне ие бола алмайды. Мысалы, педагогикалық басшылық пен туристік жорықтар өткізуде уақыт қатаң шектелмейді, жаттығушылар құрамы да тұрақты болмайды. Қарастырылған барлық формалардың ішінен негізгісі есебінде Дене шынықтыру пәні бойынша жаттығудың сыныптық-сабақтық түрін айырып қарау қажет. Балалар дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіндегі оның жетекші жағдайы мыналарға негізделген: әрбір оқушы үшін сабақтың міндеттілігіне; дене тірбиесінің барлық кешенді міндеттерін етене бірлікте шешу мүмкіндігіне оқушы организмі мен жеке басына педагогикалық әсер етудің мақсатты бағыттылығына және жан-жақтылығы мен жоспарлы жүргізілуіне; дене тәрбиесі мұғалімінің оның заңдылықтарын жүзеге асыруда оқу материалының мазмұнын толық және ғылыми негізге сәйкестендіруіне [5] .
Дене тәрбиесін ұйымдастырудың өзге түрлері тәрбиеленудің алғы шарттарын жасай және қозғалыс белсенділігінің көлемін ұлғайта отырып, құралдар мен әдістердің түр-түрімен толықтырылады.
Мектептен тыс дене тәриесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.
Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкішіліктерін кеңейтеді [6].
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:
1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға окушыларды көбірек тарту.
2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындыгын жоғарылатуға көмектесу, уакыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.
3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қальштастыру.
4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.
Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:
1. Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді. Ол мекемелер:
- Балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ)
- Олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ)
- Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ)
- Спорттық мектеп интернаттар
2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер:
- Жазғы сауықтыру лагері
- Еңбек сауықтыру лагері
- Стадиондар, су станциялары
- Жас туристер станциялары
- Мәдениет үйлері мен спорггық сауықтыру кешендері
- Мәдени демалыс парктері
- Аула клубтары
Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік козғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады [7].
Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалар демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу.
Балалардың жаздық сауықтыру лагерлерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері кұрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындар, мекемелер көп қала жанындағы лагерлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагері ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерлер жабылып жұмыс істемей қалды да, орта жалпы білім беру мектептерінің жанынан еңбек - сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл лагерлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктен біз өзіміздің кітабымызда ары қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары туралы мағлұматтар береміз.
Балалар демалыс лагерлеріндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыру лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрамы: аға тәрбиеші, ұстаз, тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суға жүзу спортының нұсқаушысы, дәрігер және медбике [8] .
Мектептегі секілді лагердегі жұмыстарды басқаруға педагогикалық кеңес құрылады. Кеңесті басқару лагердің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына жоғарыда айтылған барлык мамандар және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар кіреді.
Оқушылар лагерге келген күннен бастап отрядтарға бөлінеді де, әрбір отрядтың барлық жұмыстарын ұйымдастыруға ұстаз -- тәрбиеші бекітіледі. Тәрбиеші лагердегі балалардың барлық өмірлерін басқарады. Ұстаз - тәрбиеші дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын жақсы білуге тиісті.
Лагерде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектептегі секілді дене мәдениеті кеңесі кұрылады. Дене мәдениеті кеңесіне отряд жиналысы ұсынған жақсы спортшылар мен ұйымдастыру кабілеті бар оқушылар сайланады. Оның кұрамы лагердегі оқушылар санына байланысты 7-11 адамдай болуы мүмкін. Кеңестің төрағасы болып жалпы лагерлік спорт жұмысына жауап беретін адам сайланады [9].
Кеңес құрамының мүшелері кеңестің отырысында бөлінген міндеттері бойынша әрбір дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының түрлеріне жауап береді. Сол белінген жұмыстары бойынша лагердің спорт нұсқаушысына көмектеседі. Олар жауап беретін жұмыстар:
- сауыктыру шараларын өткізу. Ол шаралар: таңғы бой жазу жаттығулары, суға түсу шаралары, дене тәрбиесі, спорт жаттықтырулары.
- лагердегі спорттың шараларды өткізу, отрядтағы өткізілетін спорт шараларына бақылау жасау.
- отрядтардағы спорт ұйымдастырушыларының жұмыстарын ұйымдастыру.
- лагерь радиосы арқылы ақпараттар мен мағлұматтар, мерекелерде спорт түрлерінен керсетілімдер ұйымдастыру, дене тәрбиесі бұрыштарын кұру. Дене тәрбиесі мен спорттың маңызы, гигиена ережелері, тамақтану, спорт түрлерімен айналысу режимдері туралы әңгімелер өткізу.
- лагердегі спорттық құрылыстарды жақсарту, спорттық құрал жабдықтарды сақтау, жөндеу.
Еліміздегі балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда барлық қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт мектептерінің бөлімшелері (филиалдары) ауылдарда окушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты -- оқушылармен жаттыктыру, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, спорт түрлері бойынша жоғарғы жетістіктерге жету [10] .
Міндеттері: оқушылардың денсаулықтарын нығайту, таңдап алған спорт түрлерінен кабілеттіліктерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен халқының, отанынының намысын корғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру, спортты насихаттау.
Спорт мектептері спорт түрлері бағыты бойынша арнайы және кешенді болып екіге бөлінеді. Арнайы спорт мектептері: қысқы спорт түрлері, спорт ойыидары, жеке сайыс спорт түрлері мектептері деп, спорт түрлерінің багыт ұқсастығына байланысты бөлінеді. Кешенді спорт мектептеріне, аудандардағы көп балалар жақсы көріп қатысатын спорт түрлері кіргізілген мектептер жатады. Ол спорт түрлері әр түрлі бағытта бола береді.
Спорт мектептері Спорт мектептерінде оқу, жаттығу үрдісін ұйымдастырудың тәртібі туралы ереже - регламент бойынша жұмыс істейді. Ол ережеде спорт мектептерінің құрылысы, оқу топтарындағы сағаттар мен балалар саны, басқарушылар мен қызметкерлер сандары, ұйымдастыру мен жұмыс істеу тәртібі, дәрігерлік бақылау, жоспарлау мен ёсепке алу, есеп беру түрлері жазылған [11].

1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде гимнастиканы қолдану

Гимнастика жаттығулары -- таңертең ұйқыдан кейін организмнің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін дене жаттығулары. Ұйқы кезінде адамның орталық нерв жүйесі де тынығады. Бұл кезде жүректің соғысы азайып, тыныс алуы баяулайды, бұлшық еттері босап, организм толық демалады. Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық жүйке жүйесі мен әр түрлі органдардың қызмет белсенділігі арта бастайды. Алайда белсенділікке көшу процесі ұзаққа созылып кеткен жағдайда оның жұмыс қабілетіне (дене және ой еңбегінде де) елеулі әсер ететіні ақиқат. Ондайда адамның ұйқысы ашылмай, дел-сал күйде жүреді, ашушаң болады. Ал дене жаттығуларын орындау барысында қозғалысқа түскен бұлшық еттер мен буындар орталық жүйке жүйесін белсенді жұмыс істеуге ыңғайлайды. Сонымен қатар ішкі органдардың жұмыс істеу қабілеті жақсарып, өзін сергек сезінген адамның еңбекке деген ынтасы да артады. Таңертең дене тынықтыру үшін радио мен телевизиядан берілетін жаттығулар жүйесін пайдаланған ыңғайлы. Егер ондай мүмкіндік жоқ болса, өз бетінше қарапайым жаттығулар жүйесін ойластырған тиімді. Мұны мынадай принциптерге сүйене отырып істеген жөн. Ең бастысы -- жалпы бұлшық ет атаулының, дененің неғұрлым көбірек қозғалысқа түскені дұрыс. Жаттығулар бірте-бірте күрделене түсуге тиіс: бірақ бұл алғашқы жаттығуларға қатысты емес. Әйтсе де жаттығу комплексін аяң жүрістен бастайды. Аяң кезінде адам организміне үлкен күш түспесе де, жүйке орталықтары біртіндеп қалыпты деңгейге келеді де, тыныс алу органымен жүрек өз қызметін қайтадан жандандырады. Жаттығуды керілуден бастауға да болады: бұл вариант көбіне денсаулығы нашар, қартаң адамдарға дұрыс. Мұндай жағдайда аяңдау екінші жаттығудың орнына жүреді. Одан кейінгі жаттығулар анатомиялық прин- цип бойынша бүкіл дененің бұлшық еттерінің әр түрлі бөліктеріне қаншалықты әсер ететіндігіне қарай таңдалып алынады. Төменде дене тынықтыру жаттығуларының неғұрлым дәстүрлі варианттары ұсынылып отыр.
* Аяң. Аякдан (бірқалыпты) жүру (бір орында тұрып жүруге де болады).
* Керілу жаттығулары . Аяқты бірге немесе иық ендігіне сай қояды. Әуелі екі қолды желнеге қойып, содан кейін бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін жайға қарай созады, одан соң керісінше осы ретпен кезек-кезек қайталайды. Бұл жаттығу тыныс алу органының жұмысына жақсы әсер етеді. Жаттығу кезінде екі иық пен басты артқа қарай шалқайта тұрып, дененің барлық бұлшық еттерін қозғалысқа келтіру қажет. Жаттығу барысында қолды жоғары көтерген сәтте саусақ ұшына қарап тұрған жөн. Керілу кезінде аяқтың ұшымен тұру арқылы жаттығуды күрделілендіруге болады. Жаттығу баяу, ақырын жасалуға тиіс. Ырғақ: 1 -- 2 -- керілу -- тыныс алу; 3 -- 4 -- бастапқы қалыпқа оралу дем шығару [12].
* Қол және иыққа арналған жаттығулар :
1. жайға созылған екі қолды жұдырық түйілген күйі ию және қайтадан жазу;
2. осы қалыпта тұрып иықты айналдыра қозғау;
3. қолды иыққа қарай иген күйде айналдыра қозғау;
4. түзу тұрған қолды айналдыру;
5. қолды бір иіп, бір жазып, серпінді қимыл жасау; #бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін кейін серпиді де, осы қимылдар бірнеше қайталанады; #екі қолды алма-кезек алға қарай сілтейді (бокс);
6. қолды жоғары көтеріп тұрып төмен түсіру, керісінше қайталау; қолды түзу ұстап, алға, жоғары, төмен т. б. түрлі бағыттарға созу. Мұндай қозғалыстарды барлық бағытта істеген жөн.
* Дене тұлғасына арналған жаттығулар . Гимнастика бастарда аяқтың арасын алшақтау ұстап, қолды мықынға немесе иыққа қояды;
1. денені екі жаққа кезек бұру;
2. оң мен солға кезек иілу;
3. алға иілу (қолды еденге жеткізу керек);
4. екі аяққа кезек иілу;
5. денені мықын арқылы ырғай қозғау.
* Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар .
* Бастапқы қалып -- орындықтын шетіне отырып, жиегінен ұстанды;
1. тізекі бүгіл, аяқты тік көтереді, одан кейін жазады (жоғарырақ) да, біртіндеп төмен түсіреді; #аяқты тік созған қалпы жоғары көтеріп, қайтадан төмен түсіреді. Осы жаттығуды жерде (кілемде) жатып та жасауға болады;
2. аяқты алма-кезек тізекі бүкпей жоғары көтеріп, қайшылай қозғайды.
* Аяққа арналған жаттығулар . Аяқты қосып ұстап түрегеліп тұрып:

1. аяқтың ұшымен көтеріліп, қайтадан біртіндеп өкшемен төмен түседі;
2. аяқтың ұшымен көтеріліп, содан кейін төмен түсерде жартылай иіледі;
3. бір нәрсеге қолмен таянып тұрып, екі аяқпен алма-кезек доп тепкенге ұқсас қимыл жасайды;
4. бастапқы қалыптағыдай қолды белге таяныш, одан кейін оны екі жайға қарай созып бір тұрып, бір отырады;
5. қолмен таянып тұрып, аяқты алма -- кезек жан-жаққа сілтей қозғалды. Аяқты алшақтау ұстап, екі аяққа алма -- кезек иіледі (тізеден қолмен ұстауға болады).
* Бүкіл дененің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар . Бұл жаттығуларды әртүрлі қалыпта орындайды:
1. аяқты созыл жіберіп, екі қолмен жер тірей жатады (бұл кезде дене жерге тимеуі тиіс), одан кейін бастапқыға қайта ораладЫ;
2. аяқты алшақтау ұстап, (екі қол белде) оң қолды жоғары көтеріп сол жаққа иіледі, одан кейін бастапқы қалыпқа оралып, осы қозғалысты екінші жаққа қайталайды;
3. әуелі түрегеп тұрып, содан соң отырады, одан кейін аяқты артқа жіберіп қолмен жер тірейді, қайтадан бастапқы қалыпқа келеді;
4. денені оңға қарай бұрып және сол аяқты иіңкірей, оң аяққа сол қолдың саусақтары жеткенше еңкейеді (ал екінші қол артта қалады), сосын бастапқы қалыпқа қайта оралады (екінші бағытқа да осылай жасалады);
5. бастапқы қалып -- тізені бүгіл еденге отырады да, екі қолды артқа жібере жер тірейді, одан кейін оң аяқты жоғары көтеріп, сол қолды осы аяқтың ұшына дейін жеткізуге тырысу керек, бұл кезде оң қол мен сол аяқты бірқалыпты жағдайда ұстаған жөн. Бұл жаттығушы орындауға қиналатындар бір қолды ғана тік ұстап тұрып, денені жер тірел отырған қол жағына қарай бұрғаны жөн (осыны екінші жаққа қарай қайталайды);
6. бастапқы қалып -- табан тірел жүрелей отырып, денені алға қарай жіберіп, қолмен жер тірейді, сосын дене мен аяқты жаза келе, жерді тірел жатады. Бұл кезде екі аяқты алма-кезек артқа созыл отырады.
* Секірулер . Өз бетімен гимнастикамен айналысушылар үшін секірудің түрлерін мынадай екі негізгі топқа бөлуге болады: екі немесе бір аяқтан секіру (яки екі аяқпен кезектесе секіру). Аздаған өзгерістерді қолдың, аяқтың қозғалыстары арқылы реттеуге болады.
* Секірудің мынадай варианттары бар:
1. аяқ бірге, қол белде;
2. сол қалыпта оңға және солға бұрылып секіру (2 -- 4 рет бір жаққа қарай, осынша рет екінші жаққа қарай секіреді);
3. аяқты бірде қосып, бірде алшақтап секіру;
4. секірген кезде қолды екі иыққа алма-кезек ауыстырыл қою, бастан жоғары көтеріп шапалақтау және қайтадан төмен түсіру, артқа және алға шапалақтау;
5. әр аяқпен алма-кезек 2 -- 4 реттен секіру;
6. әуелі екі аяқпен, содан кейін бір аяқпен секіру, одан соң қайта екі аяқпен, тағы сол сияқты. Секіргенде аяқтың ұшымен секіру керек. Бұл, әсіресе, егде адамдар үшін өте пайдалы. Олар денелері зіркілдемес үшін екі аяқпен алма-кезек секіргендері жөн. Секіру -- денені неғұрлым көбірек қозғалысқа түсіретін жаттығу. Мұнда организмнің барлық бұлшық еттеріне күш түседі. Бұл -- күш түсірудің ең шарықтау шегі, одан кейін оны біртіндеп, төмендету керек, сонда тыныс алу бір қалыпқа келіп, жүрек соғысының жиілеуі де бірте-бірте реттеледі.
* 1 -- 2 минут аяңдау. Аянды тоқтатар кезде қолды бірнеше рет жоғары көтеріп, терең тыныс алу керек те, одан кейін ақырын ғана төмен түсірген жөн.
Жоғарыдағы келтірілген схема бойынша жаттығулар комплексін таңдап алуға болады. Әрбір жаттығуды бір минут мөлшерінде, орташа қимылмен жасайды. Тынысты емін-еркін алу керек: еңкейгенде, денені бұрғанда отырғанда, қолды созғанда дем шығарылып, қолды көтергенде, түрегелгенде, денені көтергенде, иілгенде терең тыныстаған жөн (тыныс алу және дем шығару кеуденің сығылу және ұлғаю қозғалысына сәйкес болғаны дұрыс). Егер жаттығуды орындау кеудеге еш әсер етпесе, онда ыңғайға қарай тыныс алу керек. Белгілі бір уақыттан кейін жаттығуларды ауыстырыл отыруға болады. Егер кейбір жаттығуларды орындау қиын тисе, оны одан әрі жалғастырудың қажеті жоқ [13]. Жаттығу таңдағанда әр адам өз организмінің ерекшеліктерін ескергені жөн, өйткені дене тынықтыру организмге таза физиологиялық әсер етумен қатар, адамның көңіл күйіне де ықпал жасайды. Сондықтан кейбір жаттығуларды орындау ұнайтын болса, оларды тұрақты түрде істеуге болады. Сонда оның тиімділігі артады. Ертеңгілік гигиеналық гимнастиканы дене дайындығымен шатастыруға болмайды. Дене дайындығының мақсаты -- белгілі дәрежеде күш жұмсау арқылы адамға қажетті күш-қуатты қалыптастыру. Мұнда жаттығуларды ауыстырыл отыру -- табысқа жетудің негізгі шарттарының бірі. Ертеңгілік гигиеналық гимнастиканың ұсынылып отырған методикасы кез келген дені сау адамға жарайды. Адамға жетіспей жүрген қозғалыс қимылдарын толықтыру үшін сан алуан жаттығулардан құралған дене шынықтыру сабақтарымен тұрақты түрде шұғылдану керек. Әрине, мұнда адамның жынысы, жасы денсаулық деңгейі ескерілуі тиіс.Дене шынықтырумен айналысудың ең қолайлы тәртібі мынадай: таңертең гимнастика, күндіз немесе кешке (күн сайын немесе кейбір қолайлы күндері) -- негізгі дене дайындығы. Әдетте, күндіз көп адамдардың уақыты бола бермейтіндіктен, дене шынықтырумен шұғылданудың басым көпшілігі таңертеңгі сағаттарға арналған. Бұларды гимнастикалық жаттығу деп айтуға болады. Жаттығудың ең басты шарты -- кез келген таңертеңгілік гимнастикадан кейін адам шаршамауы тиіс, әйтпесе оның жұмыс істеу қабілеті тиісті дәрежеде болмайды. Сондықтан бұл жаттығуларды орындау кезінде түсетін күш сол адамның денсаулығына және басқа шарттарға сәйкес болғаны дұрыс. Кез келген дені сау адам секірулердің орнына, оның ұзақтығын бірте-бірте ұлғайта отырып, жеңіл жүгірісті қоса алады. Жүйелі жаттығулардың санын әрбір тараудан екі жаттығудан орындау арқылы, біртіндеп көбейтуге болады. Алғашқы жаттығулар жеңілірек болғаны жөн. Ерлер кейбір жаттығуларды гантель көтеріп жасауларына болады. Бұған қол бос болатын жаттығулар сәйкес келеді. Әйелдер жота бұлшық еттерін дамытатын жаттығуларға ерекше көңіл аударғандары дұрыс. Өйткені олардың бұлшық еттерінің бұл бөлігі көбіне нашар дамыған, ал мұның өзі кеуде клеткасының жылжымалылығын және іш бұлшық еттерінің нашарлауын тудырады, сондай-ақ тұлғасының сиықсыздануына әкеліп соғады. Сондықтан дене тынықтыру жүйесіне қосымша ретінде мынадай жаттығуларды енгізуге болады.
* Бірінші жаттығу:
1. екі қолды барынша артқа жіберіп бір-бірімен ұстастырады да, жауырынмен бірге қимылдатады. Бұл кезде басты шалқайтқан жөн;
2. екі қолды желкеге тарақтал қосып, шынтақтарды және басты мүмкіндігінше шалқайтады.
* Екінші жаттығу:
1. жерге етпеттеп жатып, екі қолды желкеге қойып, шынтақ пен басты жоғары шалқайтып, кеудені қайқайып көтеруге әрекет жасайды:
2. етпеттеп жатып, екі қолға гантель алып, қос құлашын созады, осы қалыпта басты шалқайту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Қазақстан Республикасы дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері
Жалпы дене шынықтыру
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Дене тәрбиесі және төзімділік
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене тәрбиесінен дәрістер жинағы
Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік тәрбие жасау
Пәндер