Тіндердің жіктелуі


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ
Жер туралы ғылымдар
Рефарат
Тақырыбы: «Сектерлоқ тіндер және оның жіктелуі»
Орындаған: Дүйсенбай Ж
Тобы: 23-ЛДК-1
Тексерген: Килыбаева Қарлығаш
Өскемен 2024 ж
Жоспар
I Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Тіндердің шығу тегі мен заңдылықтары
- Тіндердің жіктелуі
- Тіндердің тұрақтылығын қамтамасыз ету механизмі
- Тіндердің өзгергіштігі
- Тіндер регенерациясы
III Қортынды
VI. Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе Тін (лат. textus, rpe histos), биологияда - адам мен жануар организмінде болатын, шы у тегі, ĸурылысы жане атĸаратын ĸызметі уĸсас жасушалар жуйесі. Тіннін ĸурамына жасуша тіршілігі өнімдері-жасуша тіршілік өнімдері жасушаралық заттар мен құрылымдарда кіреді.
Тін біржасуша жануарларда ғана болмайды. Губкаларда да тін толық жіктелмеген. Ішек қуыстылардан бастап тін айқын жіктелген. Тінді құрылысына және атқаратын қызметіне қарай 4 топқа (эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке) бөледі. Эпителий тіні терінің сыртқы қабатын, ішкі органдардың ішкі қабатын және организмдегі бездерді құрайды. Олардың жасушалары бір-бірімен тығыз әрі жанаса орналасып, қорғаныштық қызмет атқарады, организмде су мөлшерінің қалыпты болуын, зат алмасуды реттеуге қатысады. Дәнекер тін барлық тінді біріктіріп тұрады. Оған сүйек, шеміршек, сіңір, қан, лимфа, май және тін сұйықтығы жатады. Тығыз талшықты, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ талшықты, т. б. болып бөлінеді, тінге мықтылық қасиет береді, сіңір мен терінің ішкі қабатын түзуге қатысып, тіректік, қоректік және тасымалдау қызметтерін атқарады.
Тіндердің шығу тегі мен заңдылықтары Біртекті жасушалық топтар потенциясын бірізділікпен өтетін сатылы детерминациялау және коммитирлеу дивергентті процесс. Филогенез және онтогенез барысында тіндердің дивергентті дамуының эволюциялық концепциясының жалпы нұсқасын Н. Г. Хлопин ұсынған болатын. Қазіргі генетикалық концепциялар ғалым мәліметтерінің дұрыстығын дәлелдейді. Н. Г. Хлопин генетикалық тін типтері туралы түсінікті енгізген. Хлопин концепциясы тіндердің дамуы мен қалыптасуының қалай және қандай жолдармен жүргені жайындағы сұрақтардың дұрыс шешімін тауып береді. Дегенмен, даму жолдарын анықтайтын себептерге тоқталынбаған.
Тіндердің даму себептерінің аспектілерін А. А. Заварзиннің параллелизм (параллельдік қатар) теориясы ашып көрсетеді. Ол тіпті бір-бірімен өте алыс эволюциялық топтарға жататын жануарлардың өзінде бірдей қызмет атқаратын тіндердің құрылысының ұқсас келетініне назар аударған. Сонымен бірге эволюциялық тармақтар жаңа ғана айырылған тұстағы ортақ тектерде мұндай мамандандырылған тіндердің әлі де болмағаны белгілі. Сәйкесінше эволюция барысында филогенездік әр түрлі тармақтарда өздігінен, параллельді түрде ұқсас қызмет атқаратын бірдей тіндер қалыптасқан. Мұның себебі табиғи сұрыпталу болып табылады, яғни егер жасушалары, тіндері мен мүшелері құрылысының және қызметінің сәйкестігі бұзылған организмдер пайда болса, онда олардың тіршілік қабілеттіліктері неғұрлым төмен болушы еді. Заварзин теориясы тіндер эволюциясы казуалды аспектілерін ашып көрсететін тіндердің дамуының неге басқа жол емес сол жолмен жүргендігі жайындағы сұрақтарға оңтайлы жауап тауып береді.
А. А. Заварзин мен Н. Г. Хлопин концепцияларының екі жаққа тәуелсіз, байланыссыз жасалғанына қарамастан бір- бірін толықтыра түседі. Бұл концепцияларды А. А. Браун мен В. П. Михайлов біріктіріп, ұқсас тіндік құрылымдар дивергенттік даму барысында паралельді пайда болған деген тұжырым жасаған.
Эмбриогенез кезінде тіндердің дамуы жасушалардың дифференциациялануы нәтижесінде жүреді. Дифференциациялану жасушалардың генетикалық аппаратының белсенділігіне негізделген олардың функциялық мамандандырылуы нәтижесінде жасуша құрылымының өзгеруімен түсіндіріледі. Ұрық жасушасының дифференциациялануы оотиптік, бластомерлік, ұрықтық бастама (зачатка) және тіндік дифференциация деген негізгі төрт кезеңнен тұрады. Осы кезеңдерден өте отырып ұрық жасушалары тіндер түзеді (гистогенез) .
Тіндердің жіктелуі Тіндердің жіктелуінің бірнеше түрі бар. Солардың ішінде барынша кең тараған морфофункциял классификация) бойынша тіндерди төрт тобын бөліп қарастырады.
- эпителийтіндері;
- ішкі орта тіндері;
- бұлшық ет тіндері;
- жүйке тіні.
Ішкі орта тіндері (дәнекер тін, қаңқа, қан және лимфа қосқанда) мезенхима деп аталатын эмбриондық дәнекер тіннен дамиды. Ішкі орта тіндері жасуша аралық заттардың көп мөлшерде болуымен сипатталады және түрлі жасушалардан құралған. Олар трофикалық (қоректік), пластикалық, тірек және қорғаныш қызметтерін атқарады. Олардың сыртқы ортамен тікелей байланысы жоқ, қасиеттері жағынан алуан түрлі және атқаратын ортақ қызметі-организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау (гомеостаз) негізінде бір топқа біріктірілген.
Сүйек тіні-беріктігі жағынан темір мен граниттен бірнеше есе асып түсетін бүкіл организмдегі ең қатты және мықты тін. Оның бұл қасиеті ізбес қабаттарымен қаныққан аралық затқа байланысты.
Бұлшық ет тіндері қозғалыс қызметін атқаруға мамандандырылған. Олар негізінен мезодермадан (көлденең жолақты тін) және мезенхимадан (біріңғай салалы бұлшық ет) дамиды. Функционалдық белгісі-жиырылу қабілеті бойынша біріктіріледі. Жиырылатын элементтері бірнеше көздерден дамиды және құрылыстары әр түрлі болады.
Ішектің, несеп шығаратын жолдардың және т. б. қабырғаларындағы бірыңғай салалы бұлшықет тіні-еріксіз, баяу жиырылады, ішінде жіңішке жіпшелері-миофиламенттері бар ұршық тәрізді клеткалардан тұрады. Қаңқалық көлденең-жолақты бұлшықет тіні адамның еркіне бағынады. Талшықтардың ішінде де көлденең-жолақты миофибрилдер түріндегі өзіне тән элементтері болады. Олардың жиырылу жылдамдығы аса жоғары. Жүректің бұлшықет тіні орналасуы мен құрылысы жағынан қаңқалық бұлшықет талшықтары фибрилдерінен өзгешеленетін көлденең-жолақты фибрилдері бар клеткалардан тұрады. Сонымен қатар жүрек етінің айырмашылығы-біздің еркімізге бағынбай, бірінші жиырылудан бастап өмір бойы соңғы жиырылуға дейін тынбастан жұмыс істеуінде. Көздің қарашығын тарылтып және кеңейтетін клеткалары бұлшықет тінінің жеке түрі болып табылады
1. сурет Секторлық
Жүйке тіні эктодермадан дамиды және ақпаратты қабылдау, өткізу және тасымалдау сияқты (регуляторлық) қызмет атқарады. Нерв тіні нерв клеткалары мен қосалқы элементтерден-нейроглиядан, немесе, қысқаша глиядан (glia, грекше-желім) тұрады. Нерв клеткаларында екі түрлі өсінділер бар. Бір өсінділер тітіркенуді қабылдаушы аппараттардан клетка денесіне әкеледі және ағаш тәрізденіп тармақталады да, сондықтан дендриттер (dendron, грекше-ағаш) деп аталады. Басқа өсінділер клетка денесінен шығады да, нерв импульсін қайсібір әрекет нәтижесін (эффект) беретін эффекторлық клеткаға өткізеді. Бұл өсінді нейрит деп аталады, ол көп қашықтыққа, кейде трден аст 1 метрден астам ұзындыққа, созылып жатады да, нерв талшығының осьтік цилиндрін құрайды, сондықтан оны аксон (axis, латынша-ось) деп те атайды. Аксон нейроглияның ерекше клеткаларынан құралған қабықшамен қапталған. Құрылысындағы ұсақ айырмашылықтарына қарай ақ (миелинді) және сұр (миелинсіз) талшықтар деп бөледі. Нерв клеткасы барлық өсінділері және олардың ұштарындағы сінділері жа тарамдарымен қоса нейрон (neuron, грекше-нерв), немесе нейроцит деп аталады. Нерв тінінің негізгі қасиеттері-тітіркенгіштік және өткізгіштік.
2. сурет Бір қабатты тегіс эпителий
Тіндердің тұрақтылығын қамтамасыз ету механизмі.
Әрбір тінде бағаналы жасушалар болады немесе эмбриогенез кезінде барынша аз дифференциацияланған және коммитирленген бағаналы жасушалар болған. Олар өздігінен тұрақтылығын сақтайтын популяцияны түзеді, олардың ұрпақтары бастама жасушаларды және ары қарай қызмет атқара алатын ekz дифференциацияланған жасушаларды түзе отырып, микроқоршалым (дифференциация факторлары) ықпалынан бірнеше бағытта дифференциациялануға қабілетті келеді. Сонымен бағаналы жасушалар полипотентті болып келеді. Олар сирек жағдайларда бөлінеді, егер тіннің жетілген жасушалармен толысуы қажет болған жағдайларда ол бірінші кезекте жасушалардың келесі генерациясы (бастама- жасушалар) есебінен іске асырылады. Бұл тіннің барлық басқа жасушаларымен салыстырғанда бағаналы жасушалар зақымдаушы факторлардың әсеріне барынша төзімді болады.
Дегенмен тіннің құрамы тек жасушалардан тұрмаса да, дәл сол жасушалар жүйенің жетекші элементтері болып табылады, яғни оның негізгі қасиеттерін анықтайды. Олардың бұзылуы жүйенің ғана Z деструкциясына (құрылымдарының бұзылуына) әкеледі және олардың өлуі, әсіресе оған егер бағанады жасушалар қатысты болса тінді тіршілік қабілетілігінен айырады.
Егер бағаналы жасушалардың бірі дифферениация жолына қатысса, онда коммитирлеуші митоздың 1 бірізділікті қатарының нәтижесінде алдымен жартылай бағаналы, ал одан соң арнайы қызметтерге ие дифференциацияланған жасушалар туындайды. Популяциядан бағаналы жасушаның шығуы коммитирлеуші емес митоз типі бойынша басқа бағаналы жасушаның бөлінуіне сигнал (белгі) береді. Қорытындысында бағаналы жасушалардың жалпы саны қалпына келеді. Қалыпты тіршілік әрекеті жағдайында тұрақтылық шамамен сақталады.
Бағаналы жасушалардың бір түрінен жасушалар жиынтығы бағаналы дифферонды құрады. Көбінесе тіндердің түзілуіне әр түрлі дифферондар қатысады. Мәселен, эпидермис құрамына кератиноциттермен қатар нейралды айдарда дамитын және басқа детерминация тән жасушалар (меланоциттер) да, Көбінес сонымен қатар қанның бағаналы жасушаларының дифференциациясы жолымен дамитын, яғни тіпті үшінші дифферонға жататын жасушалар(эпидерминалды макрофагтар, әлбе Лангерганс жасушалары) да кіреді.
3. сурет Қайың 4. сурет Жималасть
Дифференциацияланған жасушалар өзінің арнайы қызметтерін орындаумен қатар бастама-жасушалар мен бағаналы жасушалардың көбею қарқындылығын тежейтін ерекше зат - кейлондарды синтездеп шығару қабілетіне ие. Егер қандай да бір себептерден (мысалы, зақым алғанннан соң) дифференциацияланған қызмет атқаратынца. kz жасушалардың мөлшері азайса, кей лондардың тежеуші ықпалы әлсірейді де популяция саны қалпына келеді. . Кейлондардан (жергілікті реттеушілерден) басқа жасушалық көбею гормондар арқылы бақыланады; сонымен қатар бір уақытта жасушалардың тіршілік әрекеттерінің өнімдері ішкі секреция бездерінің белсенділігін реттейді. Егер қандай да бір жасушалар сыртқы зақым келтіруші факторлардың ықпалынан мутацияға ұшыраса, олар иммунологиялық реакциялар салдарынан тіндік жүйеден жойылады (элиминацияланады) .
Жасушалар диффференциациясы жолын таңдау.
Жасушалар аралық өзара әсерлер арқылы анықталады. Микроқоршалым ықпалы бір гендерді белсендіріп, басқаларының қызметін доғара (блокада) отырып дифференциацияланатын жасуша геномының белсенділігін өзгертеді. Дифференциацияланып алған және ары қарай көбею қабілетін жоғалтқан жасушалардың (мысалы ай көбею метамиелоцит сатысынан бастап гранулоциттердің) құрылысы мен қызметі де өзгеруі мүмкін. Мұндай процесс жасуша ұрпақтарының арасында айырмашылықтардың туындауына әкелмейді және оған «мамандандыру» деген атау тура келеді.
Тіндердің өзгергіштігі
Тіндер патологиялық жағдайларда өзгеріске ұшырайды, яғни бір түрі екінші түрге ауысады мұны метаплазия дейді. Мысалы: тыныс алу жолдарындағы эктодермальды ктодер бір қабатты кірпікшелі эпителий созылмаль бронхит ауруында көп қабатты жалпақ эпителийге айналады. Қалыпты жағдайда көп қабатты жалпақ эпителий ауыз қуысын тыстайды.
5. сурет Бір қабатты куб пішінді эпителий
Тіндер регенерациясы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz