Саяси салада өңдеу қайнарын өңдеу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Демократия - сөзі (гр. demos - халық және гр. kratos - билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

  1. Мемлекет түрі.
  2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім шығару принциптеріне негізделген ұйым түрі.
  3. Қоғамдық құрылымның мұраты.

Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауда, т. с. с. теңдік болады. Демократияда әділет болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділет болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады. [1]

Мазмұны

  • 1Демократияның түрлері
  • 2Демократияның антикалық, классикалық теориялары
  • 3Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі3. 1Жүзеге асыру формалары
  • 4Демократиялық қоғам белгілері4. 1Экономика саласында4. 2Саяси салада4. 3Рухани салада4. 4Әлеуметтік салада
  • 5Демократияның алуан түрлі элитарлық теориясы
  • 6Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстар
  • 7Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру
  • 8Қазақстан Республикасындағы демократия8. 1Оның негізгі принциптері:
  • 9Тағы қараңыз
  • 10Дереккөздер

Демократияның түрлері[өңдеу қайнарын өңдеу]

Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.

  • Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
  • Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж. Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі) .
  • Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
  • Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия) . Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады. [2]

Демократияның антикалық, классикалық теориялары[өңдеу қайнарын өңдеу]

Алғаш демократиялық мемлекет б. з. д. V ғасырда Афинада дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т. с. с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афинаға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындай түседі деп қорықты.

Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.

Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афиналық демократия Периклдің (б. з. б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.

Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.

Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарасын білдіріп, ортақ шешім шығарды.

  • Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның“Шумпетерлік”теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:
  1. Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.
  2. Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешім шығаруы керек.
  3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
  4. Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұндай топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.

Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі[өңдеу қайнарын өңдеу]

Принциптері:

  1. Билік органдарын сайлау.
  2. Биліктің бөлінуі.
  3. Саяси пікірдің әртектілігі.
  4. Бостандық, жауапкершілік бірлігі.
  5. Заң.
  6. Қоғамдық пікірді ескеру.
  7. Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы.
  8. Жариялылық.

Жүзеге асыру формалары [өңдеу қайнарын өңдеу]

  • Сайлау өткізу, есеп беру.
  • Жобаларды бүкілхалықтық талқылау.
  • Референдум өткізу.
  • Митинг, жиналыс.
  • Съезд, конференция, пленум.
  • Шеру, бой көрсетулер.
  • Сессия
  • Шетелге сапарлар.
  • Ереуілдер

Демократиялық қоғам белгілері[өңдеу қайнарын өңдеу]

Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.

Экономика саласында [өңдеу қайнарын өңдеу]

  1. Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;
  2. Меншік түрлерінің әркелкілігі;
  3. Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;
  4. Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы;
  5. Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;
  6. Мүгедектермен, табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;

Саяси салада [өңдеу қайнарын өңдеу]

  1. Саяси пікірдің әр алуандығы;
  2. Көппартиялылықтың болуы;
  3. Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;
  4. Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;
  5. Оларды іс жүзінде қолдану;
  6. Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;
  7. Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;
  8. Оппозицияның болуы;

Рухани салада [өңдеу қайнарын өңдеу]

  1. Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т. с. с. бостандықтар жүйесінің болуы;
  2. Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;
  3. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;
  4. Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;
  5. Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;
  6. Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатының шектелу;

Әлеуметтік салада [өңдеу қайнарын өңдеу]

  1. Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;
  2. Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;
  3. Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;
  4. Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;
  5. Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;
  6. Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;

Демократияның алуан түрлі элитарлық теориясы[өңдеу қайнарын өңдеу]

Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттетіледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет.

Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді.

“Ақпараттық демократияның” негізін салушы Франция саясаттанушысы М. Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады.

Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары:

  • халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады;
  • халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады;
  • саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократтануына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылады.

Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т. с. с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз.

Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.

Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптенген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мештікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған Батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.

Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстар[өңдеу қайнарын өңдеу]

Қазіргі уақытта мынандай демократиялық қозғалыстар бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғалым Құдайберді Жұбанов отбасындағы тіл білімін зерттеуші ғалымдар
ҚАНТ ДИЕБЕТІ - 2 ТОП ПРАФИЛАКТИКАСЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТІКТІҢ АЛДЫН АЛУ
Келес ауданының әкімі
Әдеп
Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы туралы
Жеке тұлға құрылымы өмір жолының субъектісі ретінде
Химиялық зат
Оқушылардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру жолдарын қарастыру
MS SQL Server туралы мәліметтер және жұмыс істеу негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz