Елбасы қызметі


Қазалы қаласындағы Ғ. Мұратбаев атындағы№17 орта мектебі
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Елбасы және тарих»
Сыныбы: 6 «а»
Мектебі: Ғ. Мұратбаев атындағы№17 орта мектебі
Авторы: 6 «а» сынып оқушысы Әділхан Алуа
Жетекшісі: Қартабаева Күнқияш
Мазмұны
Кіріспе
1. Н. Ә. Назарбаев- көшбасшы
Негізгі бөлім
1. 1 Өмір жолы-өнеге (Елбасының елі үшін жасаған істері және өмірі)
1. 2 Тұңғыш Президент - Елбасының Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызды рөлі.
1. 3 Астана -Тәуелсіздік нышаны. ЭКСПО-2017 көрмесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Аннотация
Н. Назарбаев - түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ тарихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары - еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасайұлы Көшек батыр, Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұңғышы, әулиеге түнеп жүріп, Құдайдан тілеп алған баласы. Ол ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі, ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп, халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қаһармандығын, даналығын кейінгі ұрпақтың келешекке аңыз етіп жеткізетіндігінде еш күмән жоқ. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры туралы ойлау - Президентіміз туралы ойлаумен сабақтас. Бағы тайған қазақтың есесін қайтарып, қабырғалы ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та жарасады.
Annotation
President heroic grandfather original ancestors, unbroken rule in the history of the Kazakh command, figures left an indelible mark on generations of eloquence. Fathers - to keep the flag of eñsegey height Esimkhan commander on Karasay St., Qarasayulı Koshek, taking into account the dance. For his father and mother Alzhan painful Abish's firstborn son was begging God Saints were going to spend the night. Almağayıp the reins of the country, troublesome, the most difficult period of his hands. The advantage stood the test of history and destiny, and people make the bridge of his burning fire. Citizen unprecedented heroism, wisdom, there is no doubt get to the next generation of future legend. Thinking about the fate of the people who today make amends for the history associated with the president's thinking. Kazakh revenge for departing from the garden, walls, and talk about how the President who has made such a powerful wisdom in the face.
Кіріспе
Жұмыстың мақсаты:
1. Оқушылардың ғылыми жобаға қызықтырушылығын арттыру
2. Шығармашылық қабілетін таныту және дамыту
3. Ғылыми ізденудің әдістерін оқыту
Зерттеу жұмыстарының міндеттері:
1. Елбасымыздың Қазақстан үшін жасаған еңбегін үлгі ету
2. Қазақстанның даму тұтастығы
3. Елбасы қызметі
Ғылыми жұмыстың мәселесі: Елбасымыз Н. Ә Назарбаевтың көрегенділігін елге таныту.
Ғылыми жұмыстың гипотезасы: Елбасымыз Н. Ә Назарбаев жайлы мағлұмат беретін дерек көздеріне сүйеніп, терең зерттеулер жүргізілгенде, ол туралы сізге осы күнге дейін белгісіз болып келген қырлары жөнінде ой қорытуға болады.
Бұл ғылыми жұмыстың гипотезасы мынандай міндеттерді қояды.
Зерттеу әдісі:
1. Н. Ә Назарбаев жайлы мәлімет беретін беретін зерттеулерге ғылыми жұмыстарға шолу жасау.
2. Ізденіс денгейіне түсінік беру.
Ғылыми жұмыстың жаңалығы : Елбасымыздың өмір жолының тың парақтары. Қазақстанның көркейіп өсуі, аз уақыт аралығында дүниежүзіне әйгілі болуы, жаңа құрылыстардың күнсайын бой көтеруі. Астана қаласының құрылуы.
Кіріспе
1. Н. Ә. Назарбаев- көшбасшы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады. Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі - Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. Иә, расымен де бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздікке дейін қазақ халқы қандай еді? Қаншама сыртқы жаудың шапқыншылығы, «Елім-жерім» деген жан дауыстың, қасық қандарын қиып, ел үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыздың тәуелсіздік үшін күресі, онан бертін келе азаттық жолындағы зиялы қауымдарымыздың күресі. Болашақтан үмітін үзбеген аға ұрпақ тағдырлары қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде тұрса да «құт дарып, қыдыр қонған» туған жерді көздің қарашығындай сақтай білді. Міне, бұл тарих. Сол бабалар аңсаған тәуелсіздік таңы атты. «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды», -деп Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістерін бағалаймыз. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбегінің арқасы деп айтсам қателеспейміз. Бүгінгі менің жұмысымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қазақ халқына жасаған қажырлы еңбегін дәріптеу. Тәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы, оның әлем алдындағы беделінің өсуі қазақ ұлтының үлес-салмағының артуы, қазақ тілінің қолданыс аумағының кеңеюі, ілім-білім іздеймін деген адамға туған кең мүмкіндіктердің болуы бұл алдымен Тұңғыш Президентіміздің еңбегінің арқасы.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. 1 Өмір жолы-өнеге (Елбасының елі үшін жасаған істері және өмірі)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz