Қызғылт укекіре күрделігүлділер тұқымдасына жататын арамшөп



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Азжылдық, көпжылдық арамшөптер және олардың өкілдеріне сипаттама

Мақсаты: Азжылдық, көпжылдықарамшөптер және олардың өкілдеріне сипаттама беру
Міндеті:Азжылдық, көпжылдық арамшөптердің ауыл шараушылық дақылдарына тигізетін зиянын студенттерге түсіндіру
Кілтті сөздер: азжылдық арамшөптер, көпжылдық арамшөптер.екіжылдық арамшөптер, атпа тамырлы арамшөптер
Дәріс жоспар:
1.Азжылдық арамшөптер және олармен күрес шаралары
2. Көпжылдық арамшөптер, өкілдері және оларға қысқаша сипаттама
3. Тамырсабақты арамшөптер, өкілдері, қысқаша сипаттамасы
4. Атпатамырлы арамшөптер, өкілдері, қысқаша сипаттамалары және олармен күрес шаралары
1. Дәрілік түйежонышқа (Донник лекарственный, Melіlotus offіcіnalіs)Бұршақ тұқымдасына жататын екі жылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 1,5-2 метр аралығында. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік, тамыры өте тереңге бойлайды, сондықтан топырақты кептіріп жібереді. Бұл арамшөп тұқымымен көбейеді. Бірінші жылы дегелек фазасында қыстайды, ал екінші жылы тұқым құрайды. Бір өсімдік 17 мыңға дейін тұқым береді. Тұқымның ұзындығы 1,8-мм, ал көлденеңі-1,25-1,50 мм шамасында. Ол өзінің өзінің өнгіштік қабілетін топырақта ұзақ сақтайды. Көптеген ғылыми-зерттеулердің мәліметі бойынша дәрілік түйежоңышқаның тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін 5 жылға дейін, ал Америка Құрама Штаттары ғалымдарының зерттеулері бойынша 70 жылға дейін сақтайтын көрінеді. Күзде және көктемде, яғни ылғал жеткілікті болған мезгелдерде топырақтың 5 см-ге дейінгі тереңдігінен жақсы өніп шығады. Ол көгеріп шыққан кезде улы болып, көп жағдайда ірі қара малды, қойды, жылқыны уландырады.Күздік және жаздық дәнді дақылдарды, жүгері, күнбағыс, асбұршақ егістіктерін ластайды.
Азжылдық арамшөптермен күресу жолдары
Азжылдық арамшөптерге қарсы қолданылатын агротехникалық шаралардың ішінде күзде жерді сүдігерге жырту жақсы нәтиже береді, өйткені көптеген азжылдық арамшөптердің, әсіресе ерте пісетін түрлерінің, тұқымдары шашылып, топырақтың беткі қабатында (0-5см) қалады, содан көктемде қаулап өсіп танапты ластайды. Сондықтан, сүдігер өңдеу арқылы оларды топырақтың беткі қабатынан оның астыңғы қабатына тереңге (22-25см) сіңіргеннен кейін жер бетіне көктеп шықпайды.
Азжылдық арамшөптер тұқымдарын жоюда өршіту әдісінің маңызы зор. Ол үшін топырақтағы тұқымдардың көктеп шығуына қолайлы жағдай жасап (топырақты қопсыту, ептеп ылғалдандыру), арамшөптер көктеп шыққаннан кейін оларды егін себер алдында тырмалау, культивациялау, дискілеу арқылы қырқып жою керек. Бұл тәсілді Қазақстанның күзі ұзақ әрі жылы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында сүдігер жыртқанға дейін, ал республиканың күзі ерте түсетін және салқын солтүстік өңірлерінде ерте көктемде қар кеткеннен егін сепкенге дейінгі топырақ өңдеу жүйесінде жүргізуге болады. Аталған әдісті пар өңдеу жүйесінде Қазақстанның барлық аймағында жүзеге асыруға болады.
Азжылдық арамшөптерді жою үшін оларға қарсы гербицидтер қолдану жақсы нәтиже береді. Әсіресе, дәнді дақылдар егісін ластап, оларға көп зиян келтіретін қарасұлыны жою үшін иллоксан гербицидін қарасұлының 2-4 жапырағы пайда болған кезде жаздық және күздік бидай егістерінде әр гектарға 2,5-3.0 әсер етуші заты бойынша 5 литр шамасында бүріккен дұрыс, ал триаллатты егін себер алдында әр гектарға 1,7-3,4 литр шамасында бүрке шашып, топыраққа тез арада сіңіру керек, кері жағдайда ол ұшып кетіп, ешқандай әсер бермейді.
2 Көпжылдық арамшөптер, өкілдері және оларға қысқаша сипаттама
Көпжылдық арамшөптерге 2 жылдан артық өмір сүріп, бірнеше рет ұрпақ беретін өсімдіктер жатады. Олар негізінен вегетивтік жолмен, сонымен қатар тұқымы арқылы көбейеді. Көпжылдық арамшөптер тамыр жүйесіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олардың ішінде Қазақстанда көп тарағандары тамырсабақты (көгентамырлы), атпатамырлы, кіндіктамырлы және басқа топтары. Көгентамырлы арамшөптердің ең зияндылары кәдімгі қамыс, қараажырық, жатаған бидайық, құмай және басқалары.
Кіндік тамырлы арамшөптер. Кіндік тамырлы арамшөптердің топырақта қысайтын бір ғана жуан кіндік тамыры болады. Көктемде тамыр мойнының бүршігінен жаңа өркен өсіп шығады. Негізгі өкілдері: ащы жусан, қышқыл қымыздық және басқалары.
Ащы жусан (Полынь горькая Artemіsіa absіnthіum). Күделі гүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 60 см-ге дейін жетеді.Тұқымы және вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді. Бір өсімдік 100 мыңға дейін тұқым береді, оның ұзындығы 0,8 мм, топырақтың беткі қабатынан жақсы өніп шығады.
Вегетативтік көбеюі тамыр мойнында орналасқан бүршіктері арқылы жүзеге асады. Бұл бүршіктерден бірінші жылы сабақ түзбейтін өркендер пайда болса, ал екінші жылы жеміс беріп, содан кейін қурап қалады.
Ащы жусан үйлердің ауласында, жолдардың жиектерінде, бос жатқан басқа жерлерде кездеседі. Әсіресе, күздік дақылдар мен көпжылдық шөптері ластайды.Өсімдіктерінің ащы исі болады, сондықтан малдар жемейді, ал егер сиырлардың жеміне араласып кетсе, онда сүтке кермек ащы дәм береді.
3. Тамырсабақты арамшөптер, өкілдері, қысқаша сипаттамасы. Бұл топтың арамшөптерітұқымынан және түрі өзгерген жер астындағы тамырсабағының көмегімен өніп-өседі. Бұлар өте зиянды арамшөптер. Қазақстанда суармалы егіншілігінде кәдімгі қамыс, қараажырық, құмай, ал республиканың солтүстік суарылмайтын жерлерінде жатаған бидайық кең етек алған.
Жатаған бидайық (Пырей ползучий, Elytrіgіa repens).Астық тұқымдасына жататын көпжылдық арамшөп. Сабағының биіктігі бір метрдей. Бұл арамшөп тұқымы және вегетативтік мүшесі (тамырсабағы) арқылы көбейеді. Бір түп өсімдік 300-ге дейін, ал барлық тамыр сабағымен қоса есептегенде 10 мыңға дейін дән береді. Дәнінің ұзындығы 4мм, ені-1,25мм. Ол топырақ 20-30 градусқа қызғанда көктеп шыға алады. Өзінің өнгіштік қабілетін топырақта үш жылдан астам уақыт сақтайды.Жатаған бидайық негізінен тамырсабағы арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Бір гектардағы тамырсабақтың ұзындығы 900 шақырымға, ал ондағы бүршіктер саны 50-60 млн-ге жетеді.Тамырсабақтың топыраққа бойлау тереңдігі оның типі мен гранулометриялық құрамына байланысты. Ол саздақ және сазды қаратопырақтарда (Ақмола облысы) 5-10 см, кәдімгі орташа қарашірікті қаратопырақта (Солтүстік Қазақстан облысы) 10-12 см, ал жеңіл топырақтарда 15-18 см тереңдікте жатады.Жатаған бидайық республиканың солтүстік облыстарында дәнді дақылдарды ластаса, ал оңтүстік аймағында ылғалы мол танаптарда тараған.
Кәдімгі қамыс. (Тростник обыкновенный, Phragmіtes communіs).Астық тұқымдасына жататын көп жылдық арамшөп.Сабағы биік, 3 метрден асады, жуандығы 1,2-1,5 см, іші қуыс. Бұл өсімдіктің шашақгүлінде 5 мыңнан 50 мыңға дейін дән болады. Оның ұзындығы 2мм шамасында, жердің беткі қабатынан жақсы өніп шығады.
Кәдімгі қамыс тамырсабақтары арқылы жақсы көбейеді. Олар топырақтың 40-60 см тереңдігіне бойлай өседі. Көп жағдайда бір шаршы метр жердегі тамырсабақтың ұзындығы 27 метрге жетіп, ондағы бүршік саны 600-ден асады. Кәдімгі қамыстың тамырсабағы екі-үш метр тереңдікте көлбеу, содан кейін майысып жоғары қарай өседі. Майысқан тұсында күшті тамырланып тік бағытта өсетін тамырсабағын құрайды. Олардан келер жылы жаңа өсімдік өсіп шығады.
Кәдімгі қамыстың бір ерекшелігі - ол тек ылғалы мол жерлерде ғана өседі. Сондықтан, бұл өсімдік республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңіріндегі суармалы егістіктерінде кең тараған.
Қараажырық, соражырық (Свинорой, Cynodon dactіlon). Астық тұқымдасына жататын көпжылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 40-80 см. Бір өсімдік 2 мыңға дейін тұқым береді. Ол жердің беткі (2-3 см) қабатынан топырақ 25-30 градусқа қызған мезгілде көктеп шығады. Бірақ, қараажырықтың тұқым арқылы көбею мүмкіндігі жоқтың қасы.Бұл арамшөп негізінен вегетативтік мүшесі-тамырсабағы арқылы көбейеді. Ол топырақтың 15-20см қабатында орналасқан. Тамыр сабағының ұзындығы 2 метр шамасында. Өсуіне қолайлы жағдай туған кезде бір жаздың ішінде 18-40 есе көбейіп, бір гектар жердегі тамырының ұзындығы 800 шақырым, салмағы 4,5 тонна , ал бүршік саны 4,5 млн-ға жетеді.Тамырсабағының басым көпшілігі суармалы жерлерде 15-17 см, ал тәлімі егістіктерде 0-5 см тереңдікте орналасқан.
Қараажырық орман көшеттерінде, бау-бақшаларда, жүзімдіктерде және басқа егістіктерде кездеседі. Ол республиканың суармалы жерлерінде, әсіресе Алматы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында себілетін мақта, көкөніс, малазығы дақылдарының егісінде өседі.
Құмайшөп (Гумай, Sorghіum halepense).Астық тұқымдасына жататын көпжылдық тамырсабақты арамшөп. Сабағының биіктігі 2 метр, ал жуандығы 1 см-ге жетеді. Бір өсімдікте 72-ге дейін сабақ пайда болып, аумағы 3-4 шаршы метр жерді алып жатады. Жақсы дамыған бір түп құмай 2 мыңнан 10 мыңға дейін дән береді, оның түсі қоңыр, ұзындығы 3,6 мм, ені 1,7 мм және қалыңдығы 1,07 мм. Тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін топырақта 3-4 жылға дейін жоғалтпайды.Құмайшөп негізінен тамырсабақтары арқылы көбейеді. Оның екі түрі болады. Бірі жердің бетіне шығып сабақ құрайды, ал екіншісі төмен қарай топырақты бойлай өседі. Күзге қарай жердің бетіндегі сабақтары қурап қалады, ал жердің астындағы тамырсабақтарда бүршік пайда болып, келер жылы жаңа өсімдік көктеп шығады.Қазақстанда құмайшөп суармалы жерлерде, әсіресе мақта, жүгері егістерінде кең тараған.
3.Тамырсабақты арамшөптермен күрес шаралары. Жатаған бидайықтың топырақтағы тұқымын жою үшін, оның өсіп шығуына толық жағдай жасап, көктеп шыққаннан кейін топырақты өңдеу арқылы жояды. Жатаған бидайықтың тамырсабағын "тұншықтыру" тәсілі арқылықұртады. Ол үшін Қазақсанның оңтүстік аймағында дәнді дақылдарды жинап алғаннан кейін танапты тоғыспалы бағытта дискілі сыдыра жыртқышпен 8-12 см тереңдікке екі рет өңдейді. Содан 2-3 апта өткен соң, яғни арамшөп көктей бастаған кезде, жерді 25-27 см тереңдікке түренді соқамен сүдігерге жыртады. Қарықтың (борозданың) түбіне аударылған тамырсабақтың ұсақ бөлшектері оттегі мен коректік заттардың жеткіліксіздігінен өнуіне қарамастан жердің бетіне көктеп шыға алмайды.
Республиканың солтүстік облыстарында танапты алдын ала сыдыра жыртқыштармен өңдемей-ақ бірден жерді терең етіп -сүдігерге жыртады.
Жатаған бидайық басым өскен танаптарды парға қалдырады. Мұнда оның тамырсабақтарын бірнеше рет ұсақ бөлшектерге бөлу және оларды тереңге аударып сіңіру арамшөптің күшін жойып, яғни әлсіретіп, оның құруына әкеліп соқтырады.
Құмайшөп өскен танапты дақылдарды жинап алғаннан кейін 10-12 см тереңдікке, содан кейін оның жаңа өскіні пайда болған соң осы тереңдікке екінші рет сыдыра жыртқыштармен өңдейді. Арамшөп қайтадан көктеп шыққаннан кейін жерді сүдігерге түренді соқамен 25-30 см тереңдікке жыртады.
Отамалы дақылдар егісінде олардың қатараралығын құмайшөп көктеп шыққан сайын дүркін-дүркін культивациялағанда жоюға болады.
Кәдімгі қамыс көп өскен танаптарда жерді терең етіп (30см-ге дейін) жырту жақсы нәтиже береді, себебі бұл ретте оның тамырсабақтары топырақтың бетіне аударылып тасталады, содан кейін оны тамыр сабақтарымен қоса жинап алуға мүмкіндік туады.
Кәдімгі қамыс күріш егістігінде көп өсетін болғандықтан, тұқымды сепкеннен 2-3 күннен кейін атыздарға су жібереді, ол кәдімгі қамыстың көк өскінін жояды.Күріш алқабын кәдімгі қамыстан тазартуда ауыспалы егістің, маңызы зор.Тәлімі жерлерде өсетін кәдімгі қамысты жою үшін танапты таза парға қалдырады.
Қараажырықпен агротехникалық күресудің басты тәсілі - ауыспалы егіс. Осы арамшөп басып кеткен танаптарды таза немесе екпелі парға қалдырып, әлсірету тәсілі арқылы құрыту жақсы нәтиже береді. Дәнді дақылдар егісіндегі қараажырықты жою үшін, оларды жинап алғаннан кейін танапты 8-12 смтереңдікке сыдыра жыртқышпен өңдейді, 3-4 аптадан кейін жерді 25-27 см тереңдікке сүдігерге жырту керек.
4.Атпатамырлы арамшөптер, өкілдері, қысқаша сипаттамалары
Олар негізінен атпатамырлары, яғни тамыр бұтақшаларының көмегімен өніп өседі, әйткенмен тұқымымен де көбейе алады. Бұл топтағы арамшөптерді тамыр жүйесінің терең орналасуына байланысты құрту қиын, сондықтанда олар егістікке көп зиян келтіреді.Атпатамырлы арамшөптердің негізгі тамырынан өніп-өсу тамыры деп аталатын жіп тәріздес тамырлар шығады. Бұларда бүршіктер болады. Мысалы, бір шаршы метр жерде егістік қалуеннің мұндай бүршіктерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азжылдық, көпжылдық арамшөптер және олардың өкілдеріне сипаттама
Тікенек алқа, укекіре, арамсояу
Тәлімі егіншілік аймағындағы арамшөптермен күресу шараларының ерекшеліктері
Күрделігүлділер тұқымдасы
Улы және зиянды өсімдіктер
Тары дақылы
Қос жарнақтылар класы
Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Орманды қорғау
Ауыл шаруашылығы жерлерінде арамшөптердің өсімдіктердің пайда болуы
Жусан жапырақты және көпжылдық ойраншөп. Жатаған у кекіре
Пәндер