Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
Жоспар.
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Философия және оның тарихи типтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2. Философияның қызметі және оның қоғамдағы рөлі ... ... ... ... ... ... ...14
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
IV. Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Философия – бүкiл әлемдi, оның басты салалары тұтас құбылыс ретiнде алып, оның жалпы зандылықтарын ашып, объективтiк шындық жөнiндегi белгiлi қағидалар жүйесiн қалыптастыратын ғылым. Философия адам өмірінің рухани қызметі ретінде 3000 жылға жуық өмір сүріп келеді. Сол уақыт аралығында филофиясының қоғамдық мәнін жоққа шығарған адамдар жетіп жатты. Философтарға түрліше айып тақты, бірақ айыптың негізі бір болды: олар қоғамға тікелей пайда алып келмейді. Арнаулы бiлiмдер дамуының жоғары кезенiнде XIX-ғасырдың екiншi жартысы мен XX-ғасырдың жеке ғылымдарды дәрiптеп, философияның маңызын жоққа шығаратын ой-пiкiрлер шықты. Философиялық бiлiмдер ақиқатқа жеткiзбейдi өйткенi олар тәжiрибеден тыс деп анықтады О. Конт. Бұндай айыпты бір жағынан дұрыс деп есептеуге болады. Философиялық білімді аз ғана адам қолданды. Бұл адамдардың көбі білімді және шешімдер қабылдайтын қабілеті болды. Басқаша айтсақ, философия интелектуалды және саяси элита құралы болды.
Бірақ, қалай дегенде де, қоғам өмірінде философия үлкен рөл атқаратыны бәріне де мәлім. Бұл жұмыстың мақсаты философияның қоғамда алатын орны және адам өмірінің рухани дамуындағы рөлін анықтау.

Пайдаланылған әдебиет
1. Молдабеков Ж. Философиядағы жаңару идеясы мен ағартушылық ұстанымдары// ҚазҰУ Хабаршысы. Саясаттану сериясы.Философия сериясы. Мәдениеттану сериясы. №2 (24). 2005, 12-16 бб.
2. Мырзалы Серік. Философия. Оқулық. —Алматы, 2008. 45-55 бб.
3. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәли Қ. Философия тарихы. Оқулық. —Алматы: Жеті жарғы, 1999.
4. Андрейченко Г., Грачева В. Философия. Учебник. — Ставрополь: Изд-во СГУ, 2001.
5. Ахметов Б. Қоғамдағы құндылықтарды бағалай білеміз бе?// Ақиқат. №4. 2008, 39-43 бб.
6. Интернет материал: http://reftrend.ru/817989.html7.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Аэрокосмостық және ақпараттық технологиялар факультеті
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Философия
№ 1 семестрлік жұмыс
Тақырыбы: Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі.
Орындаған: БВТк-13-1 тобының
студенті Құламқадыр Е.
Қабылдаған: Сәбит М.
Алматы, 2014
Жоспар.
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Философия және оның тарихи типтер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 5
2.2. Философияның қызметі және оның қоғамдағы рөлі ... ... ... ... ... ... ...14
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
IV. Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
Кіріспе
Философия - бүкiл әлемдi, оның басты салалары тұтас құбылыс ретiнде алып, оның жалпы зандылықтарын ашып, объективтiк шындық жөнiндегi белгiлi қағидалар жүйесiн қалыптастыратын ғылым. Философия адам өмірінің рухани қызметі ретінде 3000 жылға жуық өмір сүріп келеді. Сол уақыт аралығында филофиясының қоғамдық мәнін жоққа шығарған адамдар жетіп жатты. Философтарға түрліше айып тақты, бірақ айыптың негізі бір болды: олар қоғамға тікелей пайда алып келмейді. Арнаулы бiлiмдер дамуының жоғары кезенiнде XIX-ғасырдың екiншi жартысы мен XX-ғасырдың жеке ғылымдарды дәрiптеп, философияның маңызын жоққа шығаратын ой-пiкiрлер шықты. Философиялық бiлiмдер ақиқатқа жеткiзбейдi өйткенi олар тәжiрибеден тыс деп анықтады О. Конт. Бұндай айыпты бір жағынан дұрыс деп есептеуге болады. Философиялық білімді аз ғана адам қолданды. Бұл адамдардың көбі білімді және шешімдер қабылдайтын қабілеті болды. Басқаша айтсақ, философия интелектуалды және саяси элита құралы болды.
Бірақ, қалай дегенде де, қоғам өмірінде философия үлкен рөл атқаратыны бәріне де мәлім. Бұл жұмыстың мақсаты философияның қоғамда алатын орны және адам өмірінің рухани дамуындағы рөлін анықтау.
Философия және оның тарихи типтері
Философия - дүниетанымның ғылыми-теорилық түрі. Философияның басты ерекшелігі - әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол - дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.
Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде - Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Адамдар ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді.
Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл, әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай.
Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары - дүние және адам. Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Адам мен дүние арақатынастары бір-бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады.
Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетанымның тұтастығын құрастыратын негіз - білім. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз - дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып жатады.
Ал тарихи тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты.
Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы - миф. Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар. Ежелгі миф-аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың рәміздік мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді. Ағылшын тарихшысы Э.Б.Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап өтеді:
1. Философиялық немесе түсіндірмелік;
2. Нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер;
3. Тарихи және аңыздық тұлғалар туралы мифтер;
4. Фантастикалық және метафоралық мифтер;
5. Саяси-әлеуметтік және тұрмыстық мифтер.
Мифологиялық дүниетанымның кіндігі - кеңістік пен уақытты адаммен жақындастыру талпынысы, бағдары. Мифологиялық уақытта адам мен табиғаттың арасында алшақтық жоқ болды. Миф алғашқы адамдардың тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Миф - адамның қауымдық санасының алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Жазулы ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мен дүниенің дәнекері болған. Сонымен, мифологиялық кезеңде адам мен табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғары дәріптелді.
Діни негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оны табиғатты өзгерту мүмкіндігінен шеттеуге бейімдейді. Дін объективтік шындықты адам басында бұрмалап, фантастикалық түрде бейнелейді. Діни қағидаларға қарағанда дүниеде қандай бір құбылыс болмасын оның тікелей тірегі, қозғаушысы өмірден тыс тұрған және оны жаратушысы күш екені. Ең бірінші діндер политеистік болған, діндердің ең жоғары сатысы таптық қоғамдарда пайда болып, содан бері келе жатқан монотеистік сенім. Діннің пайда болуы ертедегі қауымдық адамдардың дүниетаным қабілеттерінің өте төмен болып, табиғат құбылыстарының сырын түсіне алмай, түрлі жағдайлардың себептерін рухани күш-құдіретке балағанын көрсетеді.
Философия - біздің айналамыздағы өмір шындығы жөніндегі көзқарастар жүйесі, дүние туралы және онда адамның алатын орны туралы анағұрлым жалпы ұғымдардың жүйесі болып табылады. Яғни, даналыққа құмарлық деген мағынаны білдіреді. Адам дүниемен қарым-қатынаста болғанда, болмыстың екі жағы - материалдыққа және идеалдыққа душар болады.
1. Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүретіннің бәрі жатады.
2. Ал идеалды, яғни рухани дүниеге санадағы, ойдағы, көкейдегі субъективті құбылыстар жатады.
Философияның тарихи типтері:
1. Ежелгі шығыс философиясы.
2. Антика заманының философиясы.
3. Орта ғасырлық философиясы.
4. Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы.
5. Жаңа заман философиясы.
Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі - тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу.
Философияның үш ірі ошағы: Қытай, Үндістан, Греция.
Ежелгі Үнді философиясы. Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы төрт каста бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар (құлдар). Әр каста тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі қызметтері болды.
Мысалы, брахмандардың үлесіне - ой еңбегі, кшатрийларға - әскери қызмет, вайшьилерге - ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға - қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да, қалыптасты.
Үнді философиясының мақсаттары - адамгершілікке, руханилыққа баса назар аудару, адамның өзін басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен көру, иога жаттықтыру, денені машықтандыру.
Ежелгі Қытай философиясы. Ежелгі Қытайдың қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауыл шаруашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, әр түрлі сатыдағы әлеуметтік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды. Ежелгі Қытай мемлекеті - шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы - әрі патша, әрі абыз және жалғыз ғана жер иесі болды. Б.з.б. ІІІ-ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізі алты философиялық бағытқа - мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және Атаулар мектебі.
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы, осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы және Сюнь-цзының есімдерімен байланысты.
Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш - аспан. Ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы ол - әділеттілік. Олай болса, аспан осы теңсіздікті қорғайды. Ең басты мәселелер - адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие.
Мэн-цзы - Кун-фу-цзының ілімін әрі қарай жалғастыра отырып, аспан-объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспанның еркі - адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады.
Конфуцийлық б.д.д. І ғ. Мемлекттік ілімге, ал ІХ ғасырдан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды.
Легистер (заңгерлер) - негізгі өкілдері: Шан Ян, Хань-Фэй-цзы. Олардың пікірінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады. Елде тәртіпсіздік болмас үшін: 1. Мақтаудан жазалау көп болу керек; 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрейді тудыру қажет; 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады; 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек.
Конфуцийшылардың мемлекет - үлкен отбасы, оның басшысы - халықтың әкесі деген ілімнің орнына легистер: мемлекет -- өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші -- өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясындағы (Қытай) мемлекет құру, осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру.
Конфуцийшылдар мен легистер арасындағы күрес көп жылдарға созылды.
Даосизм (б.з.б. VІ-V ғғ.). Бұл ілімнің негізін қалаушы Лао-цзы деп есептеледі. Даосизм ілімі дао ұғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда дао жол деген мағына берсе, және ол Қытайдың дамуымен әдептілікті жетілдірудегі негізгі ұғым болса, даосизмде дао - жалпы дүниетанымдық ұғым. Дао - алғашқы бастама. Алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. Әлемдегі денелерде аспан (ян-еркек) мен жер (инь-әйел) бастамалары заттардың өмір сүру заңы (цу) арқасында гармониялық бірлікте болады. Дао - болмыс заттарды дүниеге келтірсе, дэ оларды қоректендіреді. Бұл екеуінсіз (дао және дэ) еш нәрсе өмір сүруі мүмкін емес. Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі көптеген идеяларынан айырылып қалды.
Антика заманының философиясы (б.д.д. VІІ-VІ ғғ.). Аталған дәуірлерде Эллада полистерінде қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды. Бұл ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқтырды.
Сонымен қатар, антика философиясының қалыптасуына Крит-Микен, Гомерлік Греция кезеңдеріндегі әдеби-діни-мифологиялық көзқарастар және күнделікті өмір тұрғысынан тұжырымдалған данышпандық ой-пікірлер негізінде дамыған грек мәдениетінің сол кездегі Көне Шығыс мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіруі арқасында қалыптасқан әлемнің субстанционалдық негізін іздеген, рационалданған көзқарастар зор әсер етті.
Демек, антикалық дүниетанымдық көзқарас өз кезеңіндегі ғылыми жетістіктерге сүйене, өзінің логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре отырып, философияның көзқарастық және рационалдық-жүйелілік жақтарын тығыз байланыстыра қарастырып, алғашқы философиялық ой-пікірдің қалыптасып, кейінірек келе оның классикалық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды.
Б.з.б. VІІ-V ғғ. антикалық рухани даму мифологиялық, діни көзқарастан ғылыми, философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б.д.д. V-ІІІ ғасыр ойшылдардың мәнділіктің генетикалық бастамасын, түпнегізін жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, оны өзінің категориялық аппараты тұрғысынан түсіндіріп, философиялық ойлауды биік деңгейге көтеруіне байланысты кезеңді - Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі.
Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп Кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы Милет қаласында өмір сүрген, жеті данышпан қатарына жататын солардың ішінде ең сыйлысы Фалес болды. Фалестің ілімінше, барлық денеледің генетикалық бастамасы - су. Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы Анаксимандр жалғастырды. Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түпнегізі (субстанция) сатысына дейін көтереді. Бастаманы ол заттардың түпнегізі - апейронмен теңестіреді. Олай болса, айперон бастама да, түпнегіз де. Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен. Анаксимен барлық денелердің негізі деп ауаны айтады. Сөйтіп, Анаксимандрдың апейроны түпнегізден ауаның қасиетіне айналды.
Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дәстүрді ілгері қарай дамытқан Эфес қаласынан шыққан Гераклит болды. Оны іліміндегі терең ойлары үшін тұңғиық деп атаған. Гераклит заттардың бастамасын от деп есептеген. От мәңгі және құдай тектес. Пифагор Б.з.б. VI ғасырдың аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан Ұлы Элладаға ауыса бастады. Осы кезеңде оңтүстік Италия мен Сицилияда пифагоршылар мектебі деп аталған одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни-әдептілік тұрғыдан реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алады. Пифагоршылар қоғамда анархияның етек алуына қарсы болып, құдайдың айтуымен жасалған мемлекеттік заңдарды сақтау керектігін уағыздады. Пифагордың пікірінше, сандар - барлық заттардың, ғарышты, ғарыштың негізі. Оның ғарыштың бастамасы, негізі деп отырған сандары жай күнделікті өмірде қолданып жүрген сандар емес, олар - ғарыштың реттілігін, үйлесімділігін көрсететін сандар.
Классикалық философия - антика философиясының екінші кезеңі. Ол Сократтың есімімен тығыз байланысты болғандықтан, Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп аталады. Сократ жазбаша еңбектер қалдырмаған, оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікірталастырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге сендіруге тырысты. Киниктер философиясының негізін қалаушы Антисфеннің пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Антисфен өзінің ұстазы Сократтың рақымшылық, ізгілік, басқа туралы ілімін ілгері қарай жалғастырып, түкке тұрмайтын құндылығы жоқ байлық, денсаулық, т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда, рақымшылық - ең құнды және жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Себебі, адам өзінің негізгі мақсаты бақытқа тек рақымшылық арқылы жетуге болады. Рақымшыл болу үшін ол туралы көп сөздің, немесе көп білімнің қажеті жоқ, ол - тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді.
Атомистер ілімі. Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреций Кар, т.б. жатады.
Бұл ойшылдардың шығармаларында, кейін материалистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, атомдардан тұрады және олар бос кеңістікте алақұйын қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, жеке денелерді құрайды. Левкиптің бұл пікірлері Демокрит ілімінің қалыптасуына зор әсер етті. Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы - атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс пен бейболмыс бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар. Атомдар бос кеңістікте соқтығысып, бір-бірімен бірігіп және байланысып, заттар әлемін құрайды.
Платон Сократтан дәріс алған, оның ілімін әрі қарай жалғастырушы, өзінің терең де мағыналық философиялық ойларымен жалпы философия ғылымының дамуына үлкен әсер еткен ғұлама-ойшыл. Платон пікірінше, шын болмыс-ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі.
Оның ілімі бойынша идея мен материядан басқа үшінші бастама - әлемдік рух, немесе космос рухы шығармашылық күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін қосып, байланыстырады. Платон мәдениет тарихында өшпес із қалдырған ұлы ойшыл.
Ежелгі Греция философиясының биік шыңдарының бірі ұлы ғұлама Аристотель болды. Ол философияның өз алдына ғылым ретінде қалыптасуының негізін қалап, өз еңбектерінде басқа ғылымдардың мәселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы ойшыл-философ. Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласында ат салысып, көптеген еңбектер жазып қалдырған. Өзінің ілімін Аристотель мәнділікті болмыс деп қарастырудан бастайды да, оны сол болмыстың өзіне тән категориялары арқылы түсіндіруге тырысады. Аристотельдің пікірінше, адамдар қоғамдық жануарлар. Отбасының, қоғамның табиғи дамуының арқасында мемлекет пайда болады. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы, онда көптеген әлеуметтік, т.б. қатынастардың өріс алғандығы.
Орта ғасырлық философия. Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Еуропа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алды. Б.з. ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін апологетика деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: Юстин Мученик, Тициан, Тертуллаин Квинт Септимий Флоренс, т.б. Олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпыадамзат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды және ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнын басатын христиандық діни-философия жасауға бар күштерін салды.
Патристика деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (ІІІ-VІ ғғ.). Ол 3 кезеңге бөлінеді:
1. Апологетика (II-III ғ.ғ.) христиандық дүниетанымды қалыптастыру мен қорғауда маңызды рөл атқарды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz