Ақшаларды түгендеудің әдістері


«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Бизнес және құқық» жоғары мектебі
«Есеп, аудит және қаржы» кафедрасы
Өндірістік тәжірибе
ЕСЕБІ
Студент аты-жөні: Сайтказиева Айгерим
Тобы: ФН-21-02К
Жетекшісі: Найманова Ж. Т
Алматы, 2024
ЖОСПАР
1. «Transport technical service» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы
- ХҚЕС бойынша бухгалтерлік есептегі ағымдағы және корреспонденциялық шоттардағы қолма қол ақшаларының сипаттамасы
- «Transport technical service» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері
- «Transport technical service» ЖШС-нің есеп саясаты
2. «Transport technical service» ЖШС- нің қаржылық-экономикалық талдауы
2. 1 Ақшалар есебінің мәні, маңызы және шаралары
2. 2 Ағымдағы және корреспонденциялық шоттардағы қолма қолсыз ақшалардың талдауы
2. 3 Ақшаларды түгендеудің әдістері
3. «Transport technical service» жшс-нің перспективалары мен жетістіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің рольі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес - субъектіні айқындауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық -шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.
Бухгалтерлік есеп -экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі. Ол шаруашылық жүргізуші кез-келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы мен шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашылып көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп субъектінің меншігін сақтауды бақылауға және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды.
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр. Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі - клиент есебінен шартты комерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жүргізеді.
Нарықтық қатынастар экономикасы жағдайында кәсіпорындардағы ақша қаражаттар үлкен роль атқарады.
Ақша қаражаттар шаруашылық субъектілердің айналым активтеріне кіреді. Ақша қаражаттарының нақтығын бақылау, оларды көбейтуді дұрыс пайдалану - бухгалтерлік есептің өте күрделі міндеті.
Ақша қаражаттары субъектінің кассадағы нақта ақашаларынан, банктегі есеп айырысу несесе басқа шоттарындағы ақша қаражаттарынан, шетелдік валюталардан, ақшалай құжаттардан құралады. Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау үшін әр субъектіде кассасы болуы тиіс. Ақша қаражаттарының қозғалысының міндеттеріне келесі сұрақтардың шешімі кіреді:
- кассалық операциялардың есебін ұйымдастыру;
- есеп айырысу бойынша операциялардың есебі;
- жолдағы ақшалардың есебі;
- кәсіпорынның ақша қаражаттарын қаржылық есеп беруде көрсету.
Ақша қаражаттарының аудиті келесілерден тұрады:
- ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасын құру
- кассалық операцияларын құру;
- ақша қаражаттарын қолдануды талдау.
Тақырыптың өзектілігі . Нарықтық қатынастар экономикасы жағдайында кәсіпорындардағы ақша қаражаттарының орындары үлкен роль атқарады. Ақша қаражаттары шаруашылық субъектідегі айналымдағы активтердің құрамына кіреді. Ақша қаражаттарын бақылау, дұрыс пайдалану және көбейту - бұл субъектілердің және бухгалтерлік есептің алдындағы міндеті болып табылады.
Ақшалай қаражатты басқару қаржы нарығындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процесстерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақша қаражатын талап етеді. Сондықтан ақшалай қаражатпен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындаға белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді.
Өндірістік жұмыстың мақсаты - кәсіпорындардағы ақша қаражаттарының есебін қарастыру.
- «Transport technical service» жшс-нің технико -экономикалық сипаттамасыХҚЕС бойынша бухгалтерлік есептегі ағымдағы және корреспонденциялық шоттардағы қолма қол ақшаларының сипаттамасы
Әлемдік глобализациялау жағдайында ел Президенті болашақта негізгі приоритет етіп анықтаған Қазақстан Республикасының экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігі уақыт өте келе маңызды болып келеді. Мемлекет басшысы бұл жағдайда Қазақстан экономикасының өмір сүру мәселесі артта қалып, болашақта екпінді даму мен өркендеуі үшін әлемдіка аса дамушы тәжірибені таңдау ғана деп белгіледі.
Бұдан өзге, бухгалетрлерді дайындау саласын бүгінге ешкім аккредиттемейді. Көптеген ақысы жоғары дайындық курстары «өз сорпасында қайнап жатыр». Олар қандай бағдарлама бойынша не үшін және кімді оқытып жатыр - бұл мәселені ешкім бақылап жатқан жоқ. Бухгалетрлердің мемлекет реттейтін аттестацияның жоқтығы қызметке алынатын маманнның титтей болса да өз мамандығын дәлелдейтін мүмкіндігі бойынша алуға мәжбүр етеді. Сондықтан халық ішінде ешкім бақыламайтын бухгалтерлік есеп бойынша түрлі курстардың «сертификаттары» бағаланып жүр.
Көшу мерзімінің негізгі проблемасы болып негізі мазмұнының бір-бірінен айырмашылығы жоқ болса да, ресми орыс тіліндегі аударма терминологиясының Қазақстан Заңдарында қолданылатын терминологиясына сай келмейтіндігі. Бұл жағдайда заңдардың түрлі келіспеушіліктер жағдайларында интерпретациясы кезінде қиыншылықтар пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты, сонымен қатар маманданған қоғамдардың рөлін көтеру мақсатында 14. 09. 2004 № 351 Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелері бойынша Эксперттік кеңес құрылды. Бұл кеңес ҚР Қаржы Министрлігі жанындағы консультативті-кеңестік органы болып табылады. Оның құрамына осыған байланысты министрліктер, ведомстволар, ұжымдар, қоғамдық ұжымдар өкілдері, сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен аудит саласында үздік мамандар кіреді.
Осыған орай, еліміздің бухгалтерлері мен аудиторлары алдында үлкен және қиын мәселелер мен осы процесс үшін жауапкершілік тұр. Өз кезегінде, мемлекеттегі бухгалтерлік есеп пен аудит саласын нормативті реттейтін және саясатын анықтайтын Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудитті методологиялау Департаменті бар жауапкершілікпен және барлық мүмкін ресурстарды мобилизациялау арқылы Мемлекет Басшысы мен Үкімет қойған мәселелерді жүзеге асырады.
1. 2 «Transport technical service» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері
«Transport technical service» ЖШС (бұдан әрi - Қоғам) жарғылық капиталында мемлекеттің 100% қатысу үлесiмен мемлекеттік ақпарат жүйелерін құру және олардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру жөнiндегi уәкілетті ұйым ретінде "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстікті дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 492 қаулысына сәйкес құрылды. "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 5 қазандағы N 1501 қаулысымен оған "Банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар орталығы" жабық акционерлiк қоғамының қосылуы жолымен Қоғам қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысымен Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігi жүзеге асырады.
"Ақпараттандыру саласындағы Ұлттық оператор туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 44 қаулысына сәйкес Қоғам ақпараттандыру саласындағы Ұлттық оператор болып айқындалды. 2004 жылғы 1 қазанда Астана қаласының әдiлет департаментi Қоғамды қайта тiркедi (тiркеу N9223-1901-АО) .
Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi коммуникациялық орта мен мемлекеттiк ақпарат ресурстарының өзара iс-қимыл жүйесiн жасау, жалпы пайдаланудағы ақпарат базасын қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ақпарат жүйелерiмен ынтымақтастық болып табылады.
Ұлттық оператор ретiнде Қоғамның ақпараттандыру саласындағы негізгі қызметi:
- мемлекеттiк ақпарат жүйелерінің өзара iс-қимылын, олардың әлемдiк ақпарат ресурстарына және ақпарат жүйелерiне интеграциялануын қамтамасыз ету;
- ведомствоаралық мемлекеттік ақпарат жүйелерiн сүйемелдеу мен пайдалануды жүзеге асыру;
- жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық талабын қанағаттандыру мақсатында олардың жалпыға қолжетiмдi мемлекеттiк ақпарат ресурстарына қолжетімділігі үшін техникалық жағдайлар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- мемлекеттiк ақпарат ресурстары мен ақпарат жүйелерiнің тiркелiмiн жүргізудi техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
- алға қойған мiндеттердi тиiмдi және сапалы орындау, Ұлттық оператордың функциялары мен өкiлеттіктерiн iске асыру мақсатында 2003 жылғы қазаннан бастап Қоғамның мынадай негiзгі бөлiмшелердi қамтитын құрылымыжұмысiстейдi:
1) орталықаппарат;
2) ;
3) Алматыфилиалы;
4) өңiрлiк орталықтар.
Ұлттық оператордың мiндеттерiн қамтамасыз ету үшін Қоғам құрамында мынадай өндiрiс бөлiмшелерi жұмыс iстейдi: Ақпарат жүйелерiн сервистік сүйемелдеу департаментi, Сервистік жүйелiк-техникалық қызмет көрсету департаментi, Жобаларды әзiрлеу және басқару департаментi, Ақпарат ресурстары мониторингi және әдiстемесi департаментi, Алматы филиалы және 15өңiрлікорталықтар.
Алматы филиалы және аймақтық орталықтар компьютерлiк, желілік және шеткерi жабдықтарға сервистік жүйелік-техникалық қызмет көрсету мен жөндеудi, республикалық салық комитеттерінің ақпарат жүйелерiн сүйемелдеу мен оларға әкiмшілік етудi жүзеге асырады, сондай-ақ телекоммуникациялық қызметтер көрсетедi.
Орталық аппарат басқарудың әкiмшілiк тұтастық екенін бiлдiредi ол Қоғамға жалпы басшылықты жүзеге асырады, даму стратегиясын, перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзiрлейдi, мемлекеттік органдармен, мемлекеттiк емес құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл кезiнде Қоғам мүддесiн бiлдiредi.
Орталық аппарат бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының ұлттық ақпарат инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде (бұдан әрi - Мемлекеттік бағдарлама) жасасқан шарттарды, мемлекеттiк органдардың ақпарат жүйелерiне техникалық қызмет көрсету мен сүйемелдеу жөнiндегi және телекоммуникациялық қызмет көрсетулер жөнiндегi шарттарды жалпы сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Компания алдына қойылған мiндеттердi орындауға бағытталған корпоративтiк басқару моделi пайдаланылып, оны басқарманың негiзгi төрт органы:
- жоғары органы - акционерлердiң жалпы жиналысы;
- басқару органы - директорлар кеңесi;
- алқалық атқарушы орган - басқарма;
- бақылаушы орган - аудит секторы жүзеге асырады.
Кесте 1 - «Transport technical service» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау*
Мерзімдік
шығындар
Жұмысшылардың
орташа саны
* кәсіпорынның қаржылық есеп беру формалары
Жүргiзiлген талдау нәтижесiнде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк органдарды жоспарлау мен нормативтеу бойынша ұсыныстар жасалды. Қоғамның қатысуымен мемлекеттік органдар үшін әзiрленген құжаттама (техникалық құралдармен қамтамасыз етушілік нормативтерi және Ақпараттандыру саласындағы бюджеттік бағдарламаларды iске асыру жөніндегі iс-шараларды жоспарлау жөнiндегi нұсқаулық) 2024 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезiнде iс жүзiнде қолданылды.
Мемлекеттік бағдарламаны iске асыру кезiнде Қоғам бiрқатар iс-шараларды жүзеге асырады, жұмыстар атқару мен жобаларды басқару мониторингін жүргiзедi. Мемлекеттік бағдарлама жеті кіші бағдарламаны (ақпарат ресурстары жай-күйінің мониторингі, деректердi электрондық алмасу стандарттарын құру, электрондық коммерциялар, аукциондар мен тендерлер енгiзу, мемлекеттiк органдардың ақпарат инфрақұрылымын құру, мемлекеттік ақпарат жүйелерін интеграциялық, мемлекеттiк деректер базасын жасау, әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингі) iске асыруды көздейдi
Қазiргi таңда ведомствоаралық ақпарат жүйелерiнде түрлi қатынас орын алып отыр, бiрқатар мемлекеттік органдарда ақпараттандыру жөніндегі жұмыстарды бөлiмшелер бойынша бөлек жоспарлау орын алып, нәтижесiнде жекелеген өзара байланыссыз бағдарламалық өнiмдер пайда болуда. Мемлекеттiк органдарда деректер берудiң бiрыңғай желісінің жоқтығы, ведомствоаралық деректер базасын интеграциялаудың аяқталмауы, нормативтiк базаның дайын болмауы, қажеттi жіктеуiштердiң жоқтығы т. б. аяқтан шалып отыр. Қоғамның жоспарланған мерзiмдегі негiзгi мақсаты электрондық үкiмет құру үшін базалық инфрақұрылым қалыптастыру болып табылады.
Осыған байланысты алда тұрған кезеңнiң негізгі мiндеттерi:
қазiргi заманғы технологияларды қолдана отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру, оның ішінде е-Үкіметтің инфрақұрылымын құру, iске асыру және қызмет көрсету, мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарын интеграциялау; мемлекеттiк органдардың ақпарат жүйелерiне жүйелiк-техникалық қызметтер көрсету мен сүйемелдеудi қамтамасыз ету, телекоммуникациялық қызметтер көрсету үшін қоғамның cepвис орталықтарын қалыптастыру болып табылады.
Ақпараттандыру саласында Мемлекеттік ақпарат жүйелерінің өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық оператордың қызметiне сәйкес олардың әлемдiк ақпарат ресурстары мен ақпарат жүйелеріне интеграциялануы, ведомствоаралық ақпарат жүйелерiн пайдалану мен сүйемелдеудi қамтамасыз ету және тиiстi өкілеттiктердi iске асыру үшін қоғам алға қойылған міндеттерге мынадай негiзгi бағыттарды дамыту жолымен қол жеткiзудi жоспарлап отыр: ақпараттық технология саласында алдыңғы қатарлы халықаралық компаниялардың тәжiрибесін зерделеу және олармен ынтымақтасу; оқытып-үйрету және жоғары бiлiктi ұжым қалыптастыру; Қазақстан Республикасы ұлттық ақпарат инфрақұрылымының нормативтiк құқықтық базасын қалыптастыру мен жетілдiруге қатысу; мемлекеттік органдардың қолданыстағы және құрылып жатқан ақпарат жүйелерінің интеграциясы. Қоғам дамуының перспективалық бағыттарының бiрi ақпараттандыру саласындағы жетекшi халықаралық IT-компаниялармен серiктестiк қатынастарды жолға қою болып табылады.
Халықаралық байланыстарды кеңейту, семинарларға, симпозиумдарға, көрмелерге, бiрлескен жобаларға қатысу және т. б. арқылы ақпараттық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық компаниялардың тәжiрибесiн зерделеу қоғамға неғұрлым қолайлы кешендiк шешімдердi iске асыру үшін ұсыныс жасауға, Қоғам мамандары мен ақпарат жүйелерін пайдаланушылардың деңгейiн көтеруге мүмкiндiк бередi.
1. 3 «Transport technical service» ЖШС-нің есеп саясаты
Мақсаты 2024 жылы ақпараттандыру саласындағы: растау орталығының қызметiн; электрондық коммерция саласындағы құқықтық қатынастарды; ЭҚА БЖ қызметiнiң регламентiн; ақпараттандыру саласындағы қазақстандық заңнамаларды кезең-кезеңімен халықаралық стандартқа келтiрудi реттейтiн бiрқатар нормативтік құқықтық актiлер жобаларын әзiрлеуге қатысу жоспарлануда:
22 ұйымды қамтитын Қоғам жанында қызмет ететiн ақпараттандыру жөніндегі ТК-34 техникалық комитет ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласында стандарттар әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Жобаларды басқару жөнiндегi жұмыстарды сапалы орындау үшiн 2005 жылы басқарушылық шешімдердi құжаттау мен оларды бақылау ресiмдерiне жоғары талаптарды көздейтiн ISО-9001 сапалы сертификат алу жөнінде iс-шаралар өткiзу жоспарлануда.
Стратегияға сәйкес негiзгi мiндеттердiң бiрi ұлттық ақпарат инфрақұрылымын (ҰАИ) ашық жүйелер тұжырымдамасы негiзiнде әлемдiк қоғамдастық iске асыратын ғаламдық ақпарат инфрақұрылымның (Global Information Infrastructure - GII) бөлiгi ретінде бiрте-бiрте дамыту, сондай-ақ бағдарламалық өнiмдер мен софт-технологияларды дамытуды ынталандыру болып табылады.
Қоғам қызметi Стратегияның ақпараттық технологиялар саласындағы мынадай негізгi бағыттарын дамытуға жәрдемдесетiн болады:
ҰАИ дамуына жәрдемдесетін ашық және тұрақты нормативтiк құқықтық база мен стандарттар құру; халықтың, шаруашылық субъектілерінің, қоғамдық ұйымдардың және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ҰАИ-ға әмбебап қол жетiмдiлігін қамтамасыз ету; мемлекеттiк органдар порталдары мекемесiн, мемлекеттік деректер базасын және құжат айналымының рәсiмдерiн қоса алғанда, "электрондық үкіметті әзiрлеу және енгізу мемлекеттiк құралдар мен ақпараттандыру жүйелерін стандарттау, сәйкестендiру және сертификаттау; әлемдiк және ішкі рыноктардың жаңа мүмкіндіктерін барынша пайдалануға мүмкiндiк беретін электрондық коммерцияның кең ауқымын енгiзуге жәрдемдесу;
Мемлекеттік сатып алу саласында электрондық аукциондар мен тендерлер тетiгiн енгiзу; электрондық оқу мекемелерi мен кiтапханаларын құруды қолдау есебiнен халықтың бiлiм деңгейін көтеру; бағдарламалық құралдар мен софт-технологиялардың ұлттық индустриясын дамытуды жан-жақты қолдау.
Бұдан басқа, бiрлескен инвестициялық жобаларды iске асыру мен ақпараттандыру саласында тәжiрибе алмасуға байланысты трансұлттық және iргелi шетелдiк компаниялармен қатынастарды кеңейту мен дамыту жоспарлануда.
Үкiмет инфрақұрылымын қалыптастырудың әрбiр кезеңінде дұрыс стратегия мен тактиканы жүзеге асыру, атқарушы, заң шығарушы билiктердiң және сот билiгінің барлық деңгейлерін, бизнесті, университеттердi, қоғамдық ұйымдар мен азаматтарды - барлық процеске қатысушыларды тиімдi ұйымдастыру, үйлестiру және өзара iс-қимыл жасату үшін қоғам Қазақстан Республикасының "электрондық үкiмет" инфрақұрылымын қалыптастыру бағдарламасын пысықтау жөніндегi жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Ел ауқымында Интернет-технологияларға көшу үкіметтік мекемелер қызметінің барлық негiзгi нысандарының трансформациясын бiлдiредi және елеулi қаржылық шығындар мен өзара байланысты саяси, құқықтық әкiмшiлiк пен технологиялық мәселелердiң тұтастай кешенiн шешудi талап ететiн күрделi процесс болып табылады.
Үкiметтiң тұжырымдамасы мемлекеттік органдар қызметінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың ұйымдастырушылық, әдiстемелiк және технологиялық қағидаттарын айқындайды және әкiмшiлiк реформа мен мемлекеттік басқару жүйесiн жаңғыртуды қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Қоғамның қатысуымен е-Үкіметке көшудiң стратегиялық мақсаттарына қол жеткiзу үшін мынадай міндеттердi шешу белгiленедi:
- мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретін нормативтiк-құқықтық және әдiстемелiк база жасау;
- ақпарат ресурстары мен мемлекеттік билiк органдары жүйелерiн интеграциялау;
- мемлекеттік ақпарат ресурстары мен қызмет көрсетулерге (қаражатының болуы, даярлығы мен бiлiм деңгей, жас шамасы мен әлеуметтік жағдайы ескерiле отырып) қолжетiмдi әмбебап қоғамдық орталықтар құру;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында кәсiби бiлiм мен қайта даярлау жүйесiн өрiстету.
Үкiмет инфрақұрылымын құрудың әлемдiк тәжiрибесiн назарға ала отырып, мемлекеттік органдардың ақпарат жүйесi мен басталған жұмыстардың жай-күйiн ескере отырып, Үкімет тұжырымдамасын iске асыруды кезең-кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда. Үкiметтiң 1-шi кезеңiн iске асыру жөніндегі дайындық жұмыстары 2004 жылдан-ақ басталады.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда қарастырылған бухгалтерлік есептің кез-келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілген құжаттардың қатарына мыналар жатады:
- Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
- Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттардың жұмыс жоспары;
- Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
- Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
- Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
- Шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негізделуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
- Меншік нысаны мен құқықтық -ұйымдастырушылық нысаны;
- Салалық қызметінің түрі;
- Қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;
- Салық салу жүйесі мен арақатынасы;
- Қаржы-шаруашылық қызметі мен даму стратегиясы;
- Ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі;
- Материалдық базасының болуы;
- Кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық даеңгейі.
Кез-келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама- қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.
... жалғасыКөрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz