Кәсіпкер кредиттеу бағдарламасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 253 бет
Таңдаулыға:   

«АТАМЕКЕН» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ

«ЕҢБЕК» НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ 2017-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

ӘОЖ 005 (075) КБЖ 65. 290я73 Б 26

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бизнес-коммуникацияны мемлекеттік тілде дамыту департаментінің жобалық тобы мен «Бастау» жобасының бизнес-тренерлері әзірлеген: Б. Е. Оразғалиев, Н. Е. Жұлдызбаев, Т. Е. Рахимжанов,

Ә. Ж. Сәдуақасов, А. Т. Керембаев, А. А. Ақпанов, Ш. А. Торез, А. Ж. Күйшіғарин, Н. А. Жанғожина, Б. С. Сейсенов,

Б. О. Қажрахимов, Г. С. Бағжаева, Г. В. Самойлова

Бағдарлама операторлары:

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

«Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту

Б 26 бойынша оқу құралы / «Атамекен» ҰКП. - Астана: «Шаңырақ-Медиа» ЖШС, 2018, - 250 б.

ISBN 978-601-7513-58-0

Оқу құралында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты аясындағы

«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасы бойынша бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудегі қажетті материалдар жинақталған, сонымен қатар тәжірибелік жұмыстар мен жаттығуларды орындауға жұмыс дәптері ұсынылып отыр.

Оқу құралы «Бастау Бизнес» жобасының қатысушыларына арналған және кәсіпкерлік қызметтің заманауи теориялары мен тәжірибелерін іс жүзінде қолданып, өз білімін жетіл- діремін деген кез келген адамға пайдалы.

ӘОЖ 005 (075) КБЖ 65. 290я73

ISBN 978-601-7513-58-0 © «Атамекен» ҰКП, 2018

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ 6

модуль. КІРІСПЕ. БИЗНЕС-ОЙЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ 8
  1. Кәсіпкерлікке кіріспе. Өз ісіңді қалай бастау керек? 8
  2. Кәсіпкер психологиясының негіздері 10
  3. Ісіне жауапсыз кәсіпкердің тәуекелдері 13
  4. Мақсат қою және бизнестегі белсенділік 15
модуль. СТАРТАП, ШОБ ЖӘНЕ АГРОБИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ 21
  1. ШОБ-ты мемлекеттік қолдау құралдары: «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға

арналған бағдарламасы 21

  1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың

бірыңғай бағдарламасы 26

  1. «Агробизнес 2017-2021» Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы 32

  1. Микрокредиттеу, кепілдендіру, субсидиялау 34
  2. ШОБ субъектілерін несиелеу ерекшеліктері. Микрокредит алу үшін құжаттар тізбесі мен кезеңдері 39
модуль. БИЗНЕС-ИДЕЯНЫ ТАҢДАУ. НАРЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ 52
  1. Бизнес-идеяны қалай таңдау қажет? 52
  2. Бизнес-идеялар табыстылығын (өміршеңдігін) талдау. SWOT-талдау 54
  3. Тауарлар/көрсетілетін қызметтің өткізу нарығын талдау 56
модуль. МАРКЕТИНГ НЕГІЗДЕРІ 61
  1. Маркетинг анықтамасы мен стратегиясы. 4Р маркетинг кешені 61
  2. Нарықты сегменттеу 65
  3. Нарықта өз тауашасын табу 66
  4. Маркетингілік ілгерілету тәсілдері мен әлеуметтік желілер арқылы жарнамалау (SMM) 71
  5. Тәжірибелік маркетингілік зерттеу (үй-үйді аралау) 74
  1. модуль. САТУ (ӨТКІЗУ) НАРЫҚТАРЫ76Сату (өткізу) нарығының түрлері 76Нарық сыйымдылығы 77Мақсатты аудитория қажеттілігін талдау 79Өңірдегі сату (өткізу) тізбегін құру 81
  2. модуль. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КООПЕРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ АГРОБІЛІКТІЛІК НЕГІЗДЕРІ 85

  1. Ауылшаруашылық кооперациясының түрлері 85
  2. Ауылшаруашылық кооперациясын қолдау құралдары 87
  3. Өсімдік шаруашылығындағы агробіліктілік 91
  4. Мал шаруашылығындағы агробіліктілік 111
  1. модель. БИЗНЕС-ЖОСПАРЛАУ НЕГІЗДЕРІ141Бизнес-жоспар туралы түсінік және оның түрлері 141Бизнес-жоспардың құрылымы 144Бизнес-жоспардың бөлімдері (маркетингілік, ұйымдастырушылық, өндірістік, қаржылық) 145
  2. модуль. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ157Қаржылық сауаттылық 157Бизнес-жоспардың қаржылық моделінің негізгі ұғымдары 159Бизнес-жоспардың қаржылық бөлімі 162Түсімдер жоспары, ақша қаражаты қозғалысының болжамы 164Залалсыздық нүктесі және жоба табыстылығы 169
  3. модуль. САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ172ЖК ретінде мемлекеттік тіркелу 172Салық міндеттемесі, салық түрлері мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер түрлері, салық режимдері 177Шағын бизнес үшін арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері 179Шаруа немесе фермер қожалықтары және ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері 186ЖК үшін жалпыға бірдей салық режимін қолдану ерекшеліктері 187ЖК қызметін уақытша тоқтату және қайта жалғастыру 189
модуль. БИЗНЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ 192
  1. Кәсіпкерлер құқығы 192
  2. Рұқсат беру жүйесі: ШОБ саласын реттейтін рұқсаттар, лицензиялар, ережелер мен стандарттар 196
  3. Негізгі заң құжаттарын (шарттар, келісімдер, мәмілелер және т. б. )

толтыру қағидалары, негіздері 199

  1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тексеру 204
  2. Қызметкерлерді басқару. Еңбек шарттары 211
модуль. БИЗНЕС ҮШІН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТ НЕГІЗДЕРІ 214
  1. Базалық цифрлық дағдылар және ашық үкімет 214
  2. ЭЦҚ алу және қолдану тәртібі, электронды үкімет порталы, жеке

кабинетте жұмыс істеу дағдылары (www. pki. gov. kz және www. egov. kz) 216

  1. Электрондық қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері 219
  2. Мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай порталы

www. goszakup. gov. kz 221

  1. Электронды коммерция 222
модуль. БИЗНЕС-ЖОБАНЫ ҚОРҒАУ 226
  1. Көпшілік алдында сөйлеу негіздері: шешендік өнер және

құрылымдық таныстыру (өзін-өзі таныстыру) дағдылары 226

  1. Келіссөздер жүргізу дағдылары 231
  2. Бизнес-жобаны қорғау бойынша тәжірибелік жұмыс 236

ГЛОССАРИЙ 240

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР 245

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 246

НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ 248

АЛҒЫ СӨЗ

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы азаматтарымызды бизнестің қыр-сырына үйретіп, маңызды жұмыс атқаруда»

Н. Назарбаев

Құрметті оқырман! Сіз табысты кәсіпкер болуды армандайсыз ба? Табысты бизнесті неден және қалай бастау керек екендігін білгіңіз келе ме? Салық есептілі- гі, бизнесті тіркеу және бизнес-жоспар жасауда қиындықтар туындай ма? Онда осы және басқа да сұрақтарға жауапты осы кітаптан табасыз.

Ұсынылып отырған оқу құралында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарла- масының (бұдан әрі - «Еңбек» бағдарламасы) екінші бағыты аясындағы «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасы бойынша бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудегі қажетті материалдар жинақталып, тәжірибелік жұмыстар мен жат- тығуларды орындауға жұмыс дәптері ұсынылып отыр. Бұл кітап кәсіпкерлік қыз- меттің заманауи теориялары мен тәжірибелерін іс жүзінде қолданып, өз білімін жетілдіремін деген кез келген адамға пайдалы. Кәсіпкерлік негіздерін оқыту бой- ынша оқу құралында кәсіпкерлік психологиясы; табысқа жетудің факторлары; тайм-менеджменттің тиімді ережелері; ісін жаңадан бастаған кез келген кәсіп- керге бизнесін жүргізу және маркетинг негіздеріне сүйене отырып бизнес-идея- сын талдау; ауылшаруашылық кооперациялары мен кәсіпкерлердің агробіліктілік негіздері; кәсіпкерлікті іске асыру үшін қаржылық жоспарлау мен бизнес-жоспар әзірлеу әдістемесі; кәсіпкерлік қызметке салық салу мен салық есептілігі; кәсіп- керлікті заңды тіркеу, кәсіпкердің құқықтары мен міндеттерін айқындау; бизнес үшін электрондық қызмет негіздері мен бизнес-жобаны қорғау бойынша ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің бизнесін құру мен дамытуына қажетті барлық мәліметтерді қамтып отыр.

«Бастау Бизнес» жобасы 2016 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданында және Ақтөбе облысының Темір ауданында 282 үміткердің қатысуымен пилоттық режимде бастау алды. Жобаның пайда болуы мен дамуына «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - ҰКП) Төралқа төрағасы Т. А. Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы А. И. Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Э. Т. Жұмағазиев маңызды үлес қосты. «Атамекен» ҰКП бастамасымен «Бастау Бизнес» жобасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енді.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2017 жылдан бастап ауыл халқын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға, сонымен бірге ауылшаруашылық кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олар- дың бизнес-жобаларына қолдау жасауға бағытталған «Бастау Бизнес» жобасын жү- зеге асырады. 2017 жылғы нәтиже бойынша «Бастау Бизнес» жобасына еліміздің

80 ауданынан 15 000 адам қатысып, оның 3314-і өз бизнесін ашты. Ал 2018 жыл- дан бастап «Бастау Бизнес» жобасы 160 ауылдық аудандағы, облыс орталықтары мен 27 моноқалалардағы 30 000 адамды оқытатын ауқымды жоба болып табы- лады.

«Бастау Бизнес» жобасының («Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты) мақ- саты - еліміздегі жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіп- керлікпен айналысуға тарту арқылы олардың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады.

«Атамекен» ҰКП «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасының қаржылай емес қолдау операторы болып табылады.

Бағдарламаға қатысушылар жұмыссыздар (халықты жұмыспен қамту орта- лықтарында тіркелген/тіркелмегеніне қарамастан), өзін өзі жұмыспен қамтыған- дар, кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауылшаруашылық кооперативтері мен олардың зейнет жасына жетпеген мүшелері, шаруа және фер- мер қожалықтары болып табылады.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыған Бағдарла- маға қатысушылардың оқу ақысы мемлекет есебінен, сондай-ақ оқығандарға шәкіртақы төленеді.

Оқыту барысында Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізу үшін идеялар әрі кәсіпкерлік қызмет негіздері жөнінде жан-жақты білім ұсынылады, со- нымен қатар кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шаралары таныстырылады.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мынандай ке- зеңдерден тұрады:

  1. тестілеу;
  2. топтарда тәжірибелік оқыту бизнес-тәлімгерлік және жеке кеңес беру қағи- дасымен оқытылады;
  3. бизнес-жобаларды қорғауға (таныстырылымға) дайындау;
  4. іске қосылған бизнес-жобаларға 12 ай қолдау көрсетіледі. Оқытудың жалпы ұзақтығы 30 күнтізбелік күннен аспайды.

Оқыту процесіне міндетті түрде жеке кеңес беру, сондай-ақ қаржы алу мақса- тында бизнес-жобаны қорғау үшін көпшілік алдында сөйлеу дағдыларына үйре- тетін тренингілер кіреді.

Оқыту нәтижесі ретінде оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспар- ларды қорғағандар үшін) және оқуға қатысқаны туралы сертификат беріледі.

Қаржылай емес қолдау операторы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «АШҚҚҚ» АҚ) және/немесе микроқаржы ұйымы (бұдан әрі - МҚҰ) және/немесе кредиттік серіктестіктер (бұдан әрі - КС) және/немесе екінші деңгейлі банктер (бұдан әрі - ЕДБ) алдында «Бастау Бизнес» жобасына қатысушылардың микрокредит алуға өтінімдерін қарау жайында өтініш жасайды.

2021 жылға дейін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытылғандар саны 135 мың адам болады және солардың 27 мың адамы (20%) бизнестерін ашады деп болжануда. Солардың қатарында сіз де болуыңыз мүмкін!

1-МОДУЛЬ. КІРІСПЕ. БИЗНЕС-ОЙЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
  1. Кәсіпкерлікке кіріспе. Өз ісіңді қалай бастау керек?
  2. Кәсіпкер психологиясының негіздері
  3. Ісіне жауапсыз кәсіпкердің психологиясы
  4. Мақсат қою және бизнестегі белсенділік
КӘСІПКЕРЛІККЕ КІРІСПЕ. ӨЗ ІСІҢДІ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

Жеке ісіңізді бастамас бұрын, есіңізде бол- сын, кәсіпкерлік дегеніміз - мамандық, және де кез келген мамандық сияқты оны күн сайын игеру қажет. Өз ісінің шебері болу үшін көп күш салуыңызға тура келеді. Ең бастысы, қол жеткіз- ген жеріңізде тұрып қалмай, алға қарай жылжи беріңіз!

Сіз кәсіпкер ретінде бизнесіңіздің ең маңызды құрамдас бөлігі болып табыласыз,

себебі ісіңіздің басқарылуына және жетістікке жетуіне жауап бересіз. Қызмет- керлеріңіз бен компанияңыздың қызметіндегі нәтижелер үшін жауапкершілік алатыныңызды есте сақтаңыз.

Жеке істі бастау идеясының өзі сіздің өміріңізді, сол сияқты айналаңыздағы- лардың өмірін де айтарлықтай өзгертуге қабілетті аса маңызды шешіміңіз болып табылады. Аталмыш процесс қиын әрі негізгі уақыттан тыс жұмыс жасауға алып келсе де, тәжірибеңізді байытады.

Жеке ісіңіздің жетістігі тұлғалық мінездемеңізге, жағдайға және дағдыларға байланысты болады. Бойыңызда кәсіпкерлік қабілет пен дағдылар қаншалықты көп болса, істің жетістікке жету ықтималдығы соншалықты арта түседі. Қабілет мен дағдылар ерекшеліктері айналысатын қызмет түріне қарай ерекшеленеді.

Сіз тұлға ретінде белгілі бір қабілет пен дағдыларға иесіз. Егер белгілі бір дағ- дылар жетіспейтін болса, онда оларды машықтану немесе сабақ алу арқылы үйре- нуіңізге болады. Сонымен қатар жеке ісіңізге қажет дағдыларды сондай қабілеті бар адамдарды жалдау арқылы алуыңызға болады.

Әрі қарай жылжып, кәсіпкерлік қызметтің қыр-сырына кіріспей тұрып, кәсіп- керлікпен айналысу үшін қандай қабілет пен дағдыларыңыз бар екенін талдай кетейік. Оған сізге психологиялық тестілер (жұмыс дәптеріндегі «Кәсіпкерлік қа- білетті анықтау деңгейі» тестісінен өтіңіз) жәрдем береді.

Тәжірибе көрсеткендей, дәл осы тестілеу мынадай сауалдарға жауап беруге мүмкіндік береді:

  • Мен перспективалы бастаулардың бастамашысы болып, өз қызметкерлерімді соңымнан ертуге қабілеттімін бе?
  • «Кәсіпкерлік қабілетім» қандай деңгейде?Ақша ұстай аламын ба? «Ақша жасай» аламын ба?Идеяларымды қандай жолмен жүзеге асырамын?Табысты кәсіпкерге қандай қабілет қажет? Және тағы басқа.

Сонымен бизнесті неден бастаймыз? Бизнесті бастау үшін, ең алдымен, барлық қорқыныш пен үрейді алып тастау керек! Алдыңызға нақты мақсат қойып, соған әрекет етіңіз! Кәсіпкер болу өте тиімді, себебі сіз тәуелсіз боласыз және өз ар- мандарыңыз бен қажеттіліктеріңізді жүзеге асыруға толық мүмкіндіктер ашылады. Сіздің бастапқы мүмкіндіктеріңізге сай жүзеге асырылып жатқан бизнестің дайын идеясын алып, болашақ бәсекелестердің кемшіліктерін анықтап, нарықты талдап, маркетингілік зерттеулер жүргізіңіз.

Жеке бизнесті бастауда кәсіпкер мынадай негізгі ережелерді білуі тиіс:

  • Ақшаны емес, болашақ ісіңізді ойлаңыз. Жақсы ойластырылған бизнес сізге міндетті түрде табыс әкеледі;
  • Табысқа жету үшін мақсат қойыңыз және қиыншылықтарды жеңе біліңіз. Бар- лық қиындықтар - уақытша құбылыс!
  • Табысты идеяны ойлап табыңыз және оны жүзеге асырыңыз!
  • Мақсат қойып, әрекет етсеңіз, барлық мүмкіндіктер ашылады!
  • Кәсіпкерлік адамнан толық күш-жігерді және жоғары мақсаттарға мән бе- руді талап етеді. Осыған байланысты өз арманы мен мақсаттарыңыздың аражігін ажырата біліп, қайсысын орындап, ал қайсысынан бас тарту қажеттігін білу қажет.

Кез келген адам бизнесті бастамас бұрын, ең алдымен, немен айналысу қажет- тігін анықтап алуы қажет.

Әдетте, ол адамның кәсібіне байланысты. Алдымен, кәсібі жоқ адамдарға қиын, бірақ осы санаттан да кәсіпкерлер аз емес.

Егер таңдау жасалса, оңай болады, бірақ әлбетте, бастапқы капиталды қай- дан алуға болады деген сұрақ туындайды. Басты мәселе оны қайдан алу емес, оны қажет мөлшерде уақытылы қайтара алуға деген сенімділігі. Осы сұрақта екі психологиялық мәселе тұр, ол - жауапкершілік пен тәуекелге баруға дайын болу. Егер осыған дайын болсаңыз, онда кәсіпкерлікті меңгеруде тағы бір қадам жасаға- ныңыз, болмаса, осы сәттен бастап кәсіпкерлікпен қоштасқаныңыз дұрыс.

Ең күрделісі - өз клиентін табу және өзіңізге тиімді бағамен тауарды сату мүм- кіндігі.

Бұл мүмкіндікті әрқашан қолдану қажет, осыған дағдыланса, сізге таңдау жа- сауға болады - өз қызметін жалғастыру қажет пе, әлде басқа жоғары деңгейге өту қажет пе? Егер сізде ынта (мотивация) болса, өзіңізге сенімді болсаңыз және кәсіп- керлер қатарынан табылуға дайын болсаңыз, онда өз бизнесіңіздің техника-эко- номикалық негіздемесін құруға дайындалыңыз. Бұл негіздеме болашақ кәсіпкер- лік қызметті жан-жақты қарап, табыс жолында кездесетін қиындықтарды түсінуге көмектеседі.

Бизнестің техника-экономикалық негіздемесін жасау үшін кәсіпкерліктің басты құжаты - бизнес-идеяларды, маркетинг жоспарын, қаржылық жоспарлауды және қызметкерлерді жоспарлаудан тұратын бизнес-жоспар құру қажет. Сонымен қатар толыққанды жұмыс істеу үшін меншікті қаражат пен жинақтаулар, отбасы мен туысқандар көмегі, несие, лизинг, гранттардан тұратын бастапқы капиталды іздестіру қажет.

Барлық осы процесс бизнесті дұрыс бастау үшін кезектесіп келетін әрекеттер- ден тұрады:

  1. Өз күші мен мүмкіндіктерін талдау;
  2. Бизнес-идеяны қалыптастыру;
  3. Болашақ бизнестің жоспарын құру;
  4. Өз бизнесін құру туралы шешім қабылдау;
  5. Меншік түрін таңдау;
  6. Заңды тіркелу.

Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, та- уарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жекеменшік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүр- гізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіп- керлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады.

Кәсіпкер - өз ісін құрып, тәуекел етуге және эксперимент жасауға дайын, өз өмірін өзгерткісі келетін және көп әрі қажырлы еңбек ететін адам.

Кәсіпкер деп

  • кем дегенде бірнеше коммерциялық операцияны жүзеге асыруда табысқа жеткен;
  • өз ісінің орындалуына жеке өзі қатысатын;
  • өз ісінің нәтижесіне материалдық жауапкершілікті мойнына алатын;
  • істің даму бағытын таңдау кезінде шешім қабылдау құқығына ие болатын;
  • өз ісінен алынатын пайданы бөлу құқығы бар адамды айтамыз.

Осы нышандардың болуы кәсіпкерлік мәртебесіне қатыстылығы үшін қажет, бірақ өздеріңіз білетіндей, кепілді түрде табысқа ие болу жеткіліксіз.

КӘСІПКЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен

ақылың екі жақтап» Абай Құнанбаев

«Өзіңізді салыстыратын жалғыз адам бар,

ол өткен өмірдегі өзіңіз. Жақсы бола алатын жалғыз адамыңыз,

ол - қазіргі өзіңіз» Зигмунд Фрейд

Бастамашыл кәсіпкерлердің басты назарында оның психологиялық дайындығы мен іс-әрекет етуге дайындығы болуы тиіс.

Ол үшін адам:

  • отбасын өзгерістер қажет екендігіне сендіру;
  • тұтынушыға сіздің тауарыңыз (қызметіңіз) қажет екендігін түсіндіру;
  • өзіңіздің тәуекелге, өзгерістерге және еңбекке дайын екеніңізді сендіру мүм- кіндігіне ие болу керек.

Кәсіпкердің дұрыс философиясын қалыптастыра алатын басты қасиеттерінің бірі - оның өзіне деген және күшіне деген сенімділігі.

Адамның сенімділігі оның жүріс-тұрысынан байқалады, себебі ол:

  • өз ойын өзгелерге жеткізе біледі;
  • өз сезімі мен әсершілдігін байқата біледі;
  • өзінің жеке пікірі бар;
  • өзгелерге өзгеше пікірді ұстану құқығын ұсынады;
  • белсенді және бастамашыл;
  • өз мақсаттарына жетуде табандылық байқатады;
  • өз бетінше шешім қабылдай алады.

Егер сіз кейбір қасиеттердің бойыңызда жоқ екендігін немесе толықтыру қа- жеттігін сезінсеңіз, онда асығыс шешім қабылдамаңыз. Алдымен, бизнесіңізге және өміріңізді өзгертуге не кедергі екенін түсініп алу керек.

Біздің күнделікті өмір сүру тәсіліміз қандай себептерге байланысты?

Біздің қаржылық жағдайымызға ма немесе өмірге деген көзқарасымызға ма?

Қалыптасқан тәртіпті өзгертудің жалғыз жолы - адамның өзінің көзқарасын өзгерту.

Өзгерістерге әкелетін екі себеп бар:

  • біріншісі - шабыт;
  • екіншісі - күйзеліс.

Өзгерістер үнемі болып жатады, бірақ қандай себептен өзгеруімізді біз өзіміз таңдаймыз.

Адамның жеке философиясы қалай қалыптасады? Басында оған біздің айна- ламыздағы (ата-аналарымыз, бауырларымыз, қарындастарымыз . . . ) адамдар әсер етеді, кейін оған балабақша, мектеп, достар, институт және т. с. с. әсер етеді. Біздің

«жеке қолданатын бағдарламамыз» дұрыс ақпаратпен камтылған болса ғана дұрыс шешім қабылдай аламыз. Керісінше болса, шындық пен өтіріктің айырмашылығы- на жете алмай қаламыз да көп қателікке жол беріп, бұрыс шешімдердің нәтиже- лерімен күресуімізге тура келеді.

Жеке философияның қалыптасуы үшін «комфорт аймағы» секілді ұғымды түсінуіміз қажет.

Комфорт аймағы дегеніміз не?

  • Ол қажет пе?
  • Ол жақсы ма, әлде жаман ба?

Барлығы да адамның мүмкіншілік шегіне байланысты.

«Комфорт аймағы» әдемі естілгенімен, бірақ егер адам өз комфорт аймағынан шыға алмаса, оның өз өмірін өзгертуге және жақсартуға құлшынысы жоғалады. Ол өзінің ішкі шектеулерін жеңіп, «комфорт аймағы» шекарасынан шығып үйренбесе, осы жағдай жалғаса береді.

«Комфорт аймағы» дегеніміз - адамның шектелген өмірлік шекарасы, сонымен қатар үйреншікті өмір сүру ұстанымы.

«Комфорт аймағында» өмір сүретін адамда өз-өзін жетілдіруге, өз мүмкін- шілігін, білімі мен дағдыларын пайдалана отырып, белсенді іс-қимылдар жасауға құлшынысы болмайды. Бұл өз кезегінде, адам санасының дамымай регрессияға ұшырауына әкеліп соғады. Әрдайым күйзелісті жағдайда болу да жаман. «Комфорт

аймағында» біз күш жинаймыз, бірақ біз «комфорт аймағынан» шыққанда ғана дами аламыз.

Өз ісімізді бастауға не кедергі?

  • Қаржы тапшылығы
  • Жеке қорқыныштар
  • Мотивацияның төмендігі.

Қорқыныштарды жою үшін белгісіз нәрселерді белгіліге айналдыру керек. Бизнеске қатысты қорқыныштарды жою үшін ұсыныстар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке кәсіпкерлік: тірлік, табыс, тәуекел
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің түрі, формаларының проблемалары мен оны шешу жолдары
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
Қазақстан экономикасы үшін кәсіпкерліктің мәні мен маңызы
Оңүтістік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәліметтер
Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігінің жағдайы туралы жалпы мағлұмат
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің мәні, формалары мен түрлері
Қордын даму кезеңдері мен қызметтері
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржы-несиелік реттеу мәселелерінің теориялық - әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz