Информатика пәнін бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаты


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі

Курстық жұмыс
Тақырып:Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту құралдары

Орындаған:Хуанган М.О.
Тексерген:Абеуова А.А.

Саран-2022жыл.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-бөлім.Информатика пәнін бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаты ... ... ..5
1.1 Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті...10
1.2 Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту құралдарының құрамы ... ... ..14
2-бөлім. Информатика сабағында жаңа технологияны
пайдалану ... ... ... ... ...16
2.1 Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың әдістері және жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Информатикадан білім негіздерін меңгеру
оқушылардың жалпы ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық
қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді. Информатикадан білім беру негізін
түсіну педагогикалық тәжірибенің атап айтқанда, информатикадан сабақ беру
кезінде актив және интерактив әдістемелерді қолдануда көптеген маңызды
мәселелерін шешу үшін сілтемелер жасайды. Соңғы жылдары информатикадан
сабақ берудің тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік беретін
әдістемелерді іздеу және кеңінен қолданыла бастады. Оқу үрдісінде оқу
пәнінің мазмұнының көлемін анықтаумен және сабаққа қажетті материалды
іріктеумен қатар оқыту әдістері де ерекше маңызға ие. Оқушылардың жас
ерекшеліктері мен пәннің мазмұнына сәйкес таңдалған әдіс білімінің саналы
да, баянды болуын қамтамасыз етеді. Информатика курсының басқа пәндермен
салыстырғандағы негізгі ерекшелігі-ол оқушылардың компьютермен жүйелi жұмыс
істеуі болып табылады. Әдіске қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір:
“белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-
қатынас және іс-әрекет”. Олай болса оқыту әдістері-оқытудың мақсат-
міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен
оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып
табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп,
олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың
таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Зерттеудің мақсаты: Компьютерді бастауыш сыныпта информатиканы оқытуда
оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін
теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеудің міндеттері:
– зерттеу тақырыбына информатика арнайы әдебиеттерді шолу жасау, талдау;
– компьютердің оқыту үрдісінде пайдаланудың ролі мен орнын анықтау;
– бастауыш сыныпта информатиканы оқытуда компьютерді пайдалану арқылы
оқытудың тиімділігін арттыру.
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден,екі бөлімнен,қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-бөлім.Информатика пәнін бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаты

Білімнің нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын
құдірет күші тек білімге ғана тән. Қазақстан елінің өсіп өркендеуі,
өркениетті дүниеде өзіндік орын алуының ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,
даму бағытына тікелей байланысты. Бүгінгі мектептің мақсаты – әр оқушының
жеке тұлғалық қадамына жол ашу.Елімізде ақпарат ағымы қарқындап, ғылым мен
техниканың өркен жаюы өмірге келген баланың даму, өсу, қалыптасу жолын
ерекше қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі күнгі еліміздің білім
жүйесінде оқыту үрдісін тың идеаларға енгізілген жаңа мазмұнға қамтамасыз
ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпы ұлттық деңгейдегі басты
мақсаты – Қазақстан Республикасын әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық –
саяси өміріне белсене араласуға дайын, құзіретті тұлғаны қалыптастыруға
ықпал ету.Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта
отырып, педагогикалық – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты
қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол
себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі
туындап отыр.Бастауыш сыныптарының оқушылары қазіргі өмір ағымына деген
көзқарастарының жан- жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты информатика
пәнін жеңіл және тез меңгеруде. Олардың психологиялық өзгерістері, іске
іштей жоспар құра білуі қалыптасып, оқытуға жақсы жағдай туғызады.Осындай
өзекті мәселелердің бірі – оқушының оқу – танымдық әрекетін басқарудың
негізгі бір буыны ақпараттық психологияны таңдау. Оқушы әрекеті – білім
мазмұнын білуге ынтасы, құштарлығы және оны қабылдауы. Білім мазмұны
оқушыларға негізінен оқулық немесе электрондық оқулық беріледі. Оқушының
ақпараттық сауаттылығы компьютердің қолданылу сферасын білуден басталады.
Олар компьютерді іске қосып, бағдарламалар кітапханасынан керегін алып
пайдалана білуге, онымен мәтін жазуға, керек ақпаратты іздеп табуға, сурет
салуда пайдалануға және т.б. үйренеді.Информатиканы орта білім беру
жүйесінде оқытуды оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу сақтау, жеткізу және
оны қолдану процестері туралы білімдерді меңгерту, басқаша айтқанда оқушыны
ақпараттық біліммен қаруландыру. Болашақ мұғалімдер бастауыш мектепте
информатиканы оқытуды ұйымдастыру барысында қажет болатын білім, білік және
дағдыларды қалыптастыру. Соңғы жылдары компьютерлік, телекомуникациялық
техниканың, технологияның рөлі мен орны түбегейлі өзгерді. Әлеуметтік
кеңістік ғаламдық ақпараттандыру – қоғамның даму заңдылығының бірі болып
отыр.Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта
отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты
қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті
информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі
туындайды.Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық
технология элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы
толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын
болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен
теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты
бағдарлама жасалды, осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір
тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге
арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық – психологиялық теорияға
негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып
мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып, осы мақсатта жүргізілген
ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 3-
ші сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін
сабақтардың жылдық күнтізбелік – тақырыптық жоспарының үлгісі
жасалды.Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен
жан – жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін шығармашылық жағынан
дамыту, сөйлеу және жүріс – тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер
әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы мәселелердің
әр – түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет мемлекеттердің оқу іс
тәжірибелерін оқып, үйрене отырып;
-бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану;
-Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту;
-Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы
жүргізуге болатынына көз жеткізуде.Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең
өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатын –
бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Сондықтан бастауыш білім жүйесіне
басты мақсат – әрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаментальді
білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық
қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның
тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте
оқытатын басқа пәндермен үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде
меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.Жаңа ақпараттық
технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің
құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып,
оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны
дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның
негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде
шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп,
өз- өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға
мүмкіндік беруі.Информатика пәні қай сыныптан бастап енгізілгенмен, оны
әртүрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын
түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы.
Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді
жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық
жағынан байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Информатика пәнінің
пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және
оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде дәлелденіп отыр.Ғалымдардың,
практик – мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға
негіз болатын факторлар мыналар:
-бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
-ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
-бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып,
әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.Ғалымдардың соңғы
зерттеулеріне сүйенсек бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтикалық
курсының негізгі бағыттары төмендегідей:
-Қолданушылық. Бұнда бастауыш сынып оқушылар компьютермен алғаш танысып,
оқу, ойындық әдісте мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде
компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты қолданушылардың
пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі – бұл сабақта және
сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі,
сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.
-Ақпаратты – логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың
қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін
дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын
зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолдарын таба білу
қабілетінің дамуына әсері мол.
-Шығармашылық. Бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы
баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының қалыптасуына жол
ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты
мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде.Информатика пәні баланың техника
құлағында ойлап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез
келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар:
мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал жабдықпен оқыту формасы. Информатика
үшін қазір әдістерінің жолдары жаңаруда.Мұғалім – ақпараттанушы емес,
оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл
мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті,
оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың
зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

1.1 Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті

Мектептегі Информатика және есептеуіш техника негіздері пәнінің
алғашқы бағдарламасының әдістемелік тұжырымдамасы байқау оқу құралын
жасаумен шектелді. Сонан соң бағдарламаның екінші түрі өңделіп жарияланды.
Бұл жаңа бағдарлама мектепте информатика саласынан білім беру мазмұны мен
мақсатының дамуында ерекше орын алды және тарихқа Информатика және
есептеуіш техника негіздері мектеп пәні бағдарламасының машиналық
нұсқасы ретінде енді.Информатика және есептеуіш техника негіздері пәнінің
алғашқы бағдарламасы жарияланғаннан бастап бір жыл өткен соң, мектепте
информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықпен
шектелмейтіндігіне көз жеткізілді.Белгілі компьютерлік сауаттылық
түсінігімен қатар жаңа бағдарламада алғаш рет жаңа ұғым оқушылардың
ақпараттық мәдениеті ұғымы пайда болды. Сайыстық бағдарламаларда
жобаланған Информатика және есептеуіш техника негіздері пәні оқушыларда:
-практикалық іс-әрекеттерде пайда болатын есептердің сауатты қойылуы,
оларды ЭЕМ көмегімен шешу дағдыларын;
-қойылған есептердің формалды жазылу дағдылары, математикалық модельдеу
әдістері туралы қарапайым білім және қойылған есептердің қарапайым
математикалық модельдерін құру икемділігін;
-Негізгі алгоритмдік құрылымдарды білуі және білімдерін есептердің
математикалық моделъдері бойынша оларды шешу алгоритмін құру үшін қолдану
шеберлігін;
-ЭЕМ-нің құрылғылары мен жұмыс істеуі туралы түсінік және құрылған алгоритм
бойынша жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдерінің бірінде ЭЕМ үшін
бағдарлама құрудың қарапайым дағдыларын;
-практикалық есептерді ЭЕМ көмегімен шешу нәтижесін сауатты түсіндіріп беру
және осы нәтижелерді практикада қолдану шеберлігін қалыптастыруы тиіс.Бұл
талаптардың төмен дәрежеде жүзеге асырылуы оқушылардың компьютерлік
сауаттылығының бірінші деңгейіне жету міндеті, ал толық қамтылуы оқушыларды
ақпараттық мәдениетке (АқМ) тәрбиелеу болып табылады [2,37].Келтірілген
түсініктемелер, ақпараттық мәдениет ұғымы компьютерлік сауаттылылықтың жаңа
және алдыңғы ұғымдары біршама кеңейтілген компоненттерінен құрылғандығын
білдіреді.Сондықтан ақпараттық мәдениет ұғымына енетін барлық жаңа
түсініктер ЭЕМ көмегімен есеп шығаруға арналған математикалық модельдеу
әдістерін қолдану мәселелеріне ерекше қатысты болады. Практикалық есептерді
шешудің барлық кезендерін қарастыру әрекеті мен математикалық модельдеу
әдісі туралы алғашқы мәліметтерді мектептің білім беру мазмұнына енгізу
көптен бері ғалымдар мен әдіскер-математиктердің басты мақсаты болып
келеді. Оқушыларға оның мазмұнын пайдалы және көрнекі түрде ашуға мүмкіндік
беретін, бірақ әдістемелік өңдеуге оңай берілмегенімен, жаратылыстану
ғылымының бұл бөлімі өте қызығарлық білім мен дүние танымдық күшке ие.
Міне, сондықтан математикалық модельдеу идеясын бейнелеуге тырысуды біз
мектеп Информатика және есептеуіш техника негіздері пәнінің алғашқы
бағдарламасынан табамыз [2,32 6-б.].Жаңа бағдарламада тағы да бір мақсаттың
кеңеюін көрсетейік – компьютерлік сауаттылық компоненті бұрынғы редакцияда
ЭЕМ-мен қарым-қатынас дағдыларын дамыту болса, ал жаңа жүйеде қазіргі
заманғы ақпараттық жүйелердің негізгі түрлерін жетік пайдалану және осы
жүйелердің қызметі негізіне жататын негізгі принциптерді түсіну
дағдыларымен сәйкес келеді. Информатикадан орта мектептерге арналған оқу
құралдарының,бірнеше нұсқаларына өткізілген байқаудан кейін информатика
саласынан оқушыларға білім беру мазмұны, мақсаттары кейбір бөлімдерде
әртүрлі баяндалғандығын байқадық.Мысалы,оқу құралы авторларының
бағдарламасына түсіндірме хатта жалпы білім беретін орта мектепте
информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың алгоритмдік ойлауын
дамыту және курстың орталық ұғымы - алгоритмдер, ал оқу іс-әрекетінің
негізгі мазмұны алгоритмдерді құру және талдау деп айтылған [2,38,4-
б.].Сол кездері басқа оқу құралдарының авторлары өздерінің
бағдарламаларында өмірге қажетті есептерді ЭЕМ көмегімен шығаруды
оқушыларға оқыту курстың негізгі мақсаты болып табылатындығын баяндайды
[2,38,32-б.].Сонымен информатиканы оқытудың мақсаттарына әдеттегіден тыс
түсінік беріледі - ол ЭЕМ-де ақпаратпен жұмыс істеу шеберлігі: ақпаратты
жазу, оқу, санау және сурет салу, іздеу, жинау және компьютерлік
бағдарламалармен жұмыс істеу.Информатика курсын оқыту тәжірбиелерін
таңдау, мектепте информатиканы оқыту мақсатының жаңа түсінігі – мектептегі
оқу процесіндегі ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мен информатика
негіздерін меңгеруді бірнеше кезеңге бөлу қажеттілігін туындатты.Сонымен
орта мектепте информатикадан үздіксіз білім беру мақсатында оны оқыту
төменгі сатыларға түсірілді. 11 жылдық мектепте информатиканы оқытудың жаңа
мақсатын жүзеге асыру үш кезеңді қамтиды:
Бірінші кезең (I-VІ) – пропедевтикалық. Бұл кезеңде оқушылар
компьютермен алғаш танысады, ойын бағдарламаларын және қарапайым
компьютерлік жаттықтырушыларды математика, физикада және т.б. сабақтарда
қолдануда ақпараттық мәдениеттің алғашқы әлементтері қалыптасады.
Екінші кезең (VІІ-ІХ) – негізгі курс, оқушылардың информатикадан жалпы
білім алуы негізін қамтамасыз етеді. Ол оқушылардың есептерді шешудегі
ақпараттық технологияның әдіс- тәсілдерін меңгеруге, кәсіптік, оқу
әдістеріне компьютерді тиімді және саналы қолдануға дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған.
Үшінші кезең (Х-ХІ) – оқушыларды информатика саласында қызығушылығына
байланысты және кәсіптік дайындық бағыттары көлем бойынша кәсіптік
сараланған оқыту ретінде білімнің жалғасуы.
Оқушылардың информатиканы ертерек үйренуіне байланысты мектептегі барлық
оқу пәндерін оқып-үйренуде жаңа ақпараттық технологияның әдістері мен
тәсілдерін жүйелі қолдану мүмкіндігі жоғарылайды.Міне, бұл фактор
информатика саласында оқушыларға білім берудің мақсатын қайта бөлу
мәселесін қамтамасыз етеді. Сондықтан кіші сыныптардан бастап компьютерді
барлық пәндерді оқытуға қолдану оқушылардың компьютерлік сауаттылық
икемділіктері жалпы оқыту сипатына ие болады және ол тек информатика
курсында ғана емес, барлық оқу пәндерінде қалыптасады. Айтылғандардан
шығатыны, информатика курсы төмендегенде компьютерлік сауаттылықтың
көптеген компоненттері ерте, әрі басқа пәндер арқылы қалыптаса
бастайды.Төменде жалпы білім беретін мектептерде информатиканы оқытудың
жобаланған мақсаттарының толық сипаттамасы келтірілген [2]: 1. Ғылыми
дүниетаным негіздерін қалыптастыру.Бұл жағдайда, ең алдымен әңгіме: әлемнің
қазіргі кездегі ғылыми бейнесі құрылатын, ғылымның үш негізгі ұғымдарының:
зат, энергия, ақпараттың біреуі ретіндегі ақпарат туралы түсінікті
қалыптастыру туралы; табиғаты әртүрлі өзін-өзі басқару жүйелерінің құрылысы
және жұмыс істеуінің ақпараттық принциптерінің бірлігі туралы.

1.2 Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту құралдарының құрамы

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып,
педагогикалық – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты
қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол
себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі
туындап отыр. Бастауыш сыныптарының оқушылары қазіргі өмір ағымына деген
көзқарастарының жан- жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты информатика
пәнін жеңіл және тез меңгеруде. Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс
істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара
қарым-қатынасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі
логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады. Бұл жастағы баланың алгоритмдік
ойлау стилі өз жасына сай информатиканы үйренуге қолайлы. Олардың
психологиялық өзгерістері, іске іштей жоспар құра білуі қалыптасып, оқытуға
жақсы жағдай туғызады.Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш
сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік
тәжірибе негізінде дәлелденіп отыр. Информатика пәні баланың техника
құлағында ойнап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез
келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар:
мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал-жабдықпен оқыту формасы. Информатика
үшін қазір оқыту әдістерінің жолдары жаңартуда. Бастауыш сыныптарда
информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:
1.Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
2.Ойды логикалы түрде дамыту;
3.Алгоритмдік бідімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
4.Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.Бастауыш сынып оқушыларына
информатика пәнінің элементтерін оқыту барысында жаңа ақпараттық
технологияның керемет мүмкіндіктерін кез келген пәнге қолдануға
болатындығына көз жеткізу керек. Информатика пәні күнтізбелік – тақырыптық
жоспар бойынша әрбір сыныпқа аптасына 1 рет, ал жыл бойына 34 сағаттан
жүргізіледі. Бастауыш сыныптарында жүргізілетін сабақтардың ерекшелігі:
оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме
бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабақты қызықты жүргізуге және
оларды сабақтан жалықтырып алмауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта сабақ
ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.Бастауыш
сыныптарға арналған бұл бағдарламада оқушылар компьютермен танысып, олар
өзара қарым – қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздерді,
шағын әңгімелерді баспалап, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады,
сурет сала біледі. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен өлең, әңгіме, ертегі
құрастырады және де осы өздерінің шығармашылық жұмыстарын компьютерде
орындап, медиасауаттылық портфолиосында сақтайды.

2-бөлім. Информатика сабағында жаңа технологияны пайдалану

Қазіргі біздің заманымыз – Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың
таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды.
Қазіргі кезде жаңа технологияны меңгеруде ұстаздар үшін өзекті мәселе бұл –
жан-жақты дамыған, тәрбиелі, білімді, шығармашыл, ізденімпаз, қоғамда өз
орыны бар тұлға қалыптастыру.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты: білім беру жүйесінің барлық
деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары
тұлғаны тәрбиелейтін бәсекеге қабілетті білім негізін
қалыптастыру[1].Бүгінгі таңдағы ұстаздардың міндеті мемлекет дамуына
жауапкершілік жүгінің салмағын сезінетін нарық жағдайында сынаққа төтеп
беретін, комуникативті, функционалды шәкірт дайындау. Қазіргі заманға сай
пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім – ұстаз, инноватор, иннотехник болуы
тиіс.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті
дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет[2].
Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін –
білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту
үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі
технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп,
мектеп өміріне енуде.Мұғалім иннотехник инновациялық технологияларды жетік
меңгерген педагог дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды
меңгеру керек, содан кейін пән бойын ша қандай тарауға, не тақырыпқа
пайдалану тиімді деген зерттеу жүреді. Яғни, әрбір инновациялық
технологияларды меңгереді, содан кейін меңгерген технологияларды
апробациядан сабақ барысында қолдану өткізеді, мұғалім талдау жасай отырып,
қандай тарауға немесе тақырыпқа сай қарап тиімді технологияны
таңдайды.[4].Кембридждік оқытудың әдіс-тәсілінің негізгі міндеті –
мұғалімдерге педогогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.
Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманағы әдістері мұғалімнің күнделікті
тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады.Сондай-ақ
қазіргі заман талабы ақпараттық – коммуникативтік технология. Қазіргі
кезде жаңа технологияны меңгерген ұстаздар үшін оқушыларға білім беру
барысында осы ақпараттық –коммуникативтік технологияның пайдасы өте зор.
Аталмыш әдіс – тәсілде оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды (АКТ) пайдалау тәсілі информатика пәнімен тікелей
байланыста.Ақпараттық–коммуникативт ік технология электрондық есептеуіш
техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға,
интернетте жұмыс істеуге, информатика пәнінің рольі ерекше. Ақпараттық
әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану
арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.Ақпараттық – коммуникативтік
технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі
талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық,
психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz