Салық комитетінің ақпараттық жүйесін тұрғызу



Мазмұны:

Кіріспе

Салық комитеті қызметін талдау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..2
• Курстық жұмыс мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
• Курстық жұмыс құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1 . ТАРАУ. Теориялық бөлім

1.1. Қолдану саласына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1) Салық комитеті қызметіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2) Салық жүйесіне сәйкес қолданатын заңдар ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
3) Салық қызметін жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар ... ... ...10

1.2. Салық комитетінің ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты
1.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ...12
1) Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар ... ... ... ... 14
2) Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын талаптар ... ... ... ...15

1.4. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы ... ... ... ... 20

2 . ТАРАУ. Негізгі бөлім

2.1. Мәселе қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2. Кіріс ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.3. Шығыс ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
КІРІСПЕ





Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық
қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді.
Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын ала белгіленген мөлешерде және Қазақстан
Республикасының Салық заңнамалары мен Кодексі арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО құлдыраған кезде 1991 жылы құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы шараларымыздың бірі болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды. Қазақстан республикасының Салық комитетінің Қаржы министрлігіне қарайды. Алматы бойынша Салық комитеті алты аудандық Салық комитетін басқарады. Қаржы министрлігінен келген барлық нұсқаулар осы Алматы қаласы бойынша Салық комитетіне келеді, ал ол нұсқауларды аудандық Салық комитеттеріне таратады. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр, салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады. Біздің басты мақсатымыз салық жүйеснің механизмінің жұмысының тиімділігін арттыру. Осыған орай ЭЕМ базасында экономикалық талдауды автаматтандыру барынша объективті қажеттілік болып тұр. Ол сапалы ақпаратты қызмет процесінің қожалық іскерлігіне ЭЕМ – нің техникалық өркендеудің дамуына осы заманғы экономиканың даму айналымының артықшылықтарына негізделген.
Берілген жұмыстың негізгі мақсаты қаржы аналитигінің ақпараттық жүйесін қалыптастыру болып табылады. Ол оның жұмысын жеңілдетуін қамтамасыз етіп кәсіпорынның қаржы мүлкін талдауға мүмкіндік береді.
Берілген жұмыстың шарты мынандай: «Алматы қаласы бойынша Салық комитетің қызметімен танысу, талдау ақпаратының сараптамалық жүйесіндегі кемшіліктерді анықтау, жаңа ақпараттық жүйені жобалау, ақпараттық жүйені жобалауда негізгі міндеттерді айқындау.
Бұл жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың 1-бөлімінде «Алматы қаласы бойынша Салық комитетініңң сипаттамасы берілген, ұйымның негізгі атқарылатын салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжау көрсетілген ақпараттық жүйе негізінде «талдау және болжауң бөлімінің жұмыс орыны қарастырылады, сондықтан оның, іскерлік өрісі, салық және басқа да міндетті төлемдердіңбюджетке түсуін талдаудағы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу қарастырылады. Сонымен қатар, экономикалық ақпаратты сараптау жүйесін талдау және оның кемшіліктерін айқындау, негізгі қамтамасыздандыру түрлері мен ақпараттық жүйедегі міндеттерді көрсету, бағдарламалық құралдардың сипаттамасы мен осы берілген комплексті сұрақтарды шешу және олардың кемшіліктерін анықтау баяндалады.
Екінші бөлімінде ақпараттық жүйенің орындайтын комплексті есептердің қойылымын құру көрсетілген, салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжаудың ақпаратты базасын ұйымдастыру және комплексті сұрақтарды шешілу жолдары келтірілген. Бағдарламалық жабдықтаудың құрылымы, ақпараттық жүйе құрудағы қолдану ережесі берілген және ақпараттық жүйені пайдаланудағы ережелерді жеңіл шешуге мүмкіндік береді.
Үшінші бөлімде АЖ жасаудағы кеткен шығынның бағасы және оның нәтижелілігін анықтау қарастырылған, сонымен бірге нәтижені талдау, негізгі ақпараттық өнімді таратудағы негізгі міндеттерді қолдану, салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжаудың комплексті есептерді шешудің технологиясын өркендетуге ұсыныс пікір айтылған.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Салық комитетінің ақпараттық жүйесін тұрғызу

Мазмұны:

Кіріспе

Салық комитеті қызметін талдау ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..2
• Курстық жұмыс
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
• Курстық жұмыс
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1 – ТАРАУ. Теориялық бөлім

1. Қолдану саласына
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
...5
1) Салық комитеті қызметіне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...8
2) Салық жүйесіне сәйкес қолданатын
заңдар ... ... ... ... ... ... ... . ... .10
3) Салық қызметін жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар ... ... ...10

1.2. Салық комитетінің ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты
1.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1) Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар ... ... ... ... 14
2) Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын
талаптар ... ... ... ...15

1.4. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы ... ... ... ... 20

2 – ТАРАУ. Негізгі бөлім

2.1. Мәселе
қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .23
2.2. Кіріс
ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..28
2.3. Шығыс
ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .31

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 32

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...33

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық
құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі
өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы
зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық
қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің
көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып
қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады,
сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын
жүргізеді.
Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді
алдын ала белгіленген мөлешерде және Қазақстан
Республикасының Салық заңнамалары мен Кодексі арқылы реттеледі.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО құлдыраған кезде 1991 жылы
құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы
шараларымыздың бірі болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық
жүйесі бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті
зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына
әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету
жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін
орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі.
Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан
тұрады. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана
және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, аудандар бойынша салық
комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл
аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары
тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей
бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті
мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық
органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның
бірінші басшысы тағайындайды. Қазақстан республикасының Салық комитетінің
Қаржы министрлігіне қарайды. Алматы бойынша Салық комитеті алты аудандық
Салық комитетін басқарады. Қаржы министрлігінен келген барлық нұсқаулар осы
Алматы қаласы бойынша Салық комитетіне келеді, ал ол нұсқауларды аудандық
Салық комитеттеріне таратады. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан
Республикасының Салық Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке
салық төлеуге міндетті. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті
төлемдерді Қазақстан Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы
реттеледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының
негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру
және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске
асыру.
Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден
тұратын күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай:
қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі,
яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар;
салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері
мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр,
салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады.
Біздің басты мақсатымыз салық жүйеснің механизмінің жұмысының тиімділігін
арттыру. Осыған орай ЭЕМ базасында экономикалық талдауды автаматтандыру
барынша объективті қажеттілік болып тұр. Ол сапалы ақпаратты қызмет
процесінің қожалық іскерлігіне ЭЕМ – нің техникалық өркендеудің дамуына осы
заманғы экономиканың даму айналымының артықшылықтарына негізделген.
Берілген жұмыстың негізгі мақсаты қаржы аналитигінің ақпараттық
жүйесін қалыптастыру болып табылады. Ол оның жұмысын жеңілдетуін қамтамасыз
етіп кәсіпорынның қаржы мүлкін талдауға мүмкіндік береді.
Берілген жұмыстың шарты мынандай: Алматы қаласы бойынша Салық
комитетің қызметімен танысу, талдау ақпаратының сараптамалық жүйесіндегі
кемшіліктерді анықтау, жаңа ақпараттық жүйені жобалау, ақпараттық жүйені
жобалауда негізгі міндеттерді айқындау.
Бұл жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың 1-бөлімінде Алматы қаласы бойынша Салық комитетініңң
сипаттамасы берілген, ұйымның негізгі атқарылатын салық және басқа да
міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжау көрсетілген
ақпараттық жүйе негізінде талдау және болжауң бөлімінің жұмыс орыны
қарастырылады, сондықтан оның, іскерлік өрісі, салық және басқа да міндетті
төлемдердіңбюджетке түсуін талдаудағы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу
қарастырылады. Сонымен қатар, экономикалық ақпаратты сараптау жүйесін
талдау және оның кемшіліктерін айқындау, негізгі қамтамасыздандыру түрлері
мен ақпараттық жүйедегі міндеттерді көрсету, бағдарламалық құралдардың
сипаттамасы мен осы берілген комплексті сұрақтарды шешу және олардың
кемшіліктерін анықтау баяндалады.
Екінші бөлімінде ақпараттық жүйенің орындайтын комплексті
есептердің қойылымын құру көрсетілген, салық және басқа да міндетті
төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжаудың ақпаратты базасын
ұйымдастыру және комплексті сұрақтарды шешілу жолдары келтірілген.
Бағдарламалық жабдықтаудың құрылымы, ақпараттық жүйе құрудағы қолдану
ережесі берілген және ақпараттық жүйені пайдаланудағы ережелерді
жеңіл шешуге мүмкіндік береді.
Үшінші бөлімде АЖ жасаудағы кеткен шығынның бағасы және
оның нәтижелілігін анықтау қарастырылған, сонымен бірге нәтижені
талдау, негізгі ақпараттық өнімді таратудағы негізгі міндеттерді
қолдану, салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау
және болжаудың комплексті есептерді шешудің технологиясын өркендетуге
ұсыныс пікір айтылған.

1. САЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРДІҢ БЮДЖЕТКЕ ТҮСУІН ТАЛДАУДЫҢ
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ

1.1. Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің
сипаттамасы

Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және тұлғалардан белгілі бір
мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың
мемлекет пен екі арадағы мемлекет бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы
қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық
мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъетілер мен халық табысының
қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ
шаруашылық жүргізуші субъетілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін
мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекет құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір
сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі,
өркендеуі қашанда болса осы салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен
бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін
белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты
қаржы көзі болып табылады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық
маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметіне тікелей қатысты.
Әрбір Қазақстан Республикасының азматтары Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық
Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті.
Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан
Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі.
Кодекс заңдары арқылы салықты және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және еспетеу мен төлеу тәртібі
жөніндегі билік қатынастарын сондай – ақ мемлеккет пен салық төлеуші
арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынасты реттейді.
Қазақстан Республикасының салық заңдары Салық Кодекстен, сондай-
ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден
тұрады. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу
жөніндегі Салық Кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелінбейді.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының
негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру
және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске
асыру.
Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден
тұратын күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай:
қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі,
яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар;
салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері
мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр,
салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады.
Қандай да болмасын бір механизмнің тетіктері немесе элементтері болады.
Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен тұрады.
Салық салу механизмінің элементтері:
Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі,
салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімімен тәртібі, салық
төлеушінің және салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері, салық
төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.
Салық салу субъектісі – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген
жеке және заңды тұлғалар.
Салық салу объектісі – табыс, мүлік еңбек ету түрі, қызмет
көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи
қорлрады пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
Мүлік пен іс - әрекеттер салық салу объектілері және салық
салынуға байланысты объектілері болып табылады, олардың болуына байланысты
салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты
объектінің құндық, физикалық немесе өзгеде сипаттамалары, олардың негізінде
бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер соммасы
айқындалады. Салық тсавкасы салық базасының өлшем бірлігіне салық
есептеулерінің шамасын білдіреді. Салық ставкасы салық базасының өлшем
бірлігіне процентпен немесе абсолютті соммамен белгіленеді.
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен
төлейтін салық сомасы.
Салық төлеу мерзім – салық төленетін уақыт. Осы салық Кодекстің
ерекше бөліміне сәйкес жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге
қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініеді. Ол аяқталған
соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа
да міндетті төлемдер соммасы есептеледі.
Басқа да міндетті төлемдер – бюджетке белгілі бір мөлшерде
жүргізілетін міндетті ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен
төлемдер);
Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,
белгілі бір мөлшерде жүргізетін қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын
бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;
Салық көзі – салық салынатын табыс.
Салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.
Тұлға - жеке және заңды тұға болып екіге бөлінеді. Жеке тұлға
Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматығы жоқ
адам. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің
заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шет елдік заңды тұлға).
Салық төлеушінің электрондық құжаты – белгіленген электрондық
форматта берілген, ол қабылданып және бірдейлігі расталғаннан кейін салық
төлеушінің элекрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық
құжат.
Салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық
цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың
дұрыстығын, оның салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін
растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі.
Бағалы қағаздар – акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды
бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының ззаңдарына сәйкес бағалы
қағаздар деп танылған мүліктік құқықтың өзге де объектілері.
Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде
алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде
белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Салық төлеудегі дәйектілік заң жүзінде бекітіледі де , мынандай
тәртіппен іске асырылады:
а) Бірінші кезеңде барлық мүлікке салынатын салық төленеді ,
содан кейін акциздер және баж салығы ;
б) екінші кезеңде жергілікті салықтар мен алымдар;
в) үшінші кезеңде басқа салықтармен алымдар;
Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен
міндеттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.
Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады;
Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы Салық және
бюджетке төленетін басқада төленетін міндетті төлемдер туралың (Алматы, 24-
сәуір, 1995 жылы);
Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы
Үкіметінің актілері; Қазақстан Республикасы салық комитетінің нормативтік
актілері.
Салықтар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей
салықтарға: жеке және заңды тұлғалардың табысына салынатын салық, мүлік
салығы, жер салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын
салық, жер қойнауынан пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі, көлік
құралдарына салынатын салық және т.б. Жанама салықтарға қосылған құн салығы
мен акциз, баж салығы жатады. Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы,
яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық
енгізілмегендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. 18, 20-бет
Қазақстан Республикасының салық жүйесін мемлекетпен және заңды
тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы салықтармен алымдар,
салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты
актілері, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығын құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жақсартудың ең негізгі
құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып
дамуына және саяси - әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік
туғызады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында
қабылданған Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралың заңы,
тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып
табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің
бірегейі. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салық
түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіліген тұңғыш тарихи құжат
болып есептелінеді.
Менің мақсатым осы аталған жергілікті салықтар бойынша, яғни
Алматы қаласының бюджетіне түсетін салық түрлерін бюджетке түскенін есепке
алу, осы алынған нақты мәліметтер бойынша алдын – ала жасалған болжамдармен
салыстырып қорытынды шығару.
Аталған жергілікті салықтарға қысқаша тоқталып кетсек.
Жер салығы. Жер құығына ие тұлғаларға салынады. Салық салу
объектісі жер учаскелері болып табылады. Жер учаскесі салық базасы болады,
ал базалық ставкалары осы жерді пайдалану мақсаттарына қарай анықталады.
Жер салығының өлшем бірлігі шарушылықты жүргізудің нәтижесі бойынша емес,
ол жердің құнарлығына, орналасуына және сумен қамтамасыз етілуіне
байланысты салық салады. 1,107-бет
Мүлік салығы. Мүлікке құқығы бар заңды және жеке тұлғалардың
мүлікті кәсіпкерлік мақсатта падалануына және пайдалануына байланысты.
Мүлік салығын жеке тұлғалар кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбаған жағдайда
мүлік бағасының 0,5 % - төлейді.
Көлік құралдарына салынатын салық. Қазақстан Республикасында
мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары салық салу
объектісі болып табылады. Көлік құралдарына салық салу үшін оның
двигательінің көлеміне, жүк көтергіштігіне және т.б. байланысты салынды.
Жеке табыс салығы. Салық төлеушілердің төлем көзінен салық
салынатын табыстарына: қызметкерлердің табысы, біржолғы төлемдерден
алынатын табыс, жинақтаушы зейнетақықорларынан берілетін зейнетақы
төлемдері, дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыстар,
степендиялар, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.
Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды,
қызмет көрсетулерді)өндіру және олардың айналу үрдісінде қосылған, оларды
өткізу бойынша салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті
қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін
есептелген қосылған құн салығының соммасы мен алынған тауарлар (жұмыстар,
қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының соммасы
арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құн салығының салық салу
объектілері болып: салық салынатын айналым және салық салынатын импорт
қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады.

1.2. Алматы қаласы бойынша Салық Комитетінің сипаттамасы

Қандай да болмасын әрбір ұйымдар жұмыс жүргізу үшін өздерінің
жалпы заңдарын шығарып сол негізінде ұйымдастырып, басқарып отырады. Сол
сияқты Салық комитетініңде өздеріне тиісті жалпы ережелері, заңдары бар.
Осы заңдарда ережелерде Салық комитетінің қызметтері мен міндеттері туралы
айтылады және де құрылымдық бөлімдерге қойылатын талаптар да айталады.
Енді, осы Салық комитетінің жалпы ережелеріне және құрылымдық ережелеріне
тоқталып кетейік.
Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің есепке алу және талдау
басқармасының жалпы ережелерін атап өтейік:
1. жалпы ережелер ұйымның біртұтастығын қамтамассыз етеді және
есепке алу және талдауң басқармасының қызмет етуін қамтамасыз
етеді.
2. Есепке алу және талдауң басқармасы Алматы қаласы бойынша Салық
комитетінің және Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің
Салық комитетінің құрылымдық бөлімі болып табылады.
3. Қызметін басқаруда бұл басқарма Қазақстан республикасының заңдары
мен конституциялары, Президенттің және Үкіметтің нормативтік –
құқықтық актілері, бұйрақтар, нұсқаулар, жарлықтар, ережелер
арқылы және Салық комитетінің жалпы ережелері негізінде жұмысын
жүргізеді.
4. Бұл басқарма өзінің қызметін Салық комитетінің басқа құрылымдық
бөлімдерімен бірге байланыса жұмыс жүргізеді.
5. Есепке алу және талдау басқармасы үш негізгі бөлімдерден тұрады;
Есепке алу және талдау басқармасы болжамдардың орындалуына талдау
жасайды және ауытқа динамикасын анықтайды. Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінің Салық комитетінің белгілеген есеп берулер бойынша жедел және
басқа да есеп беру түрі бойынша жұмыс жасайды. Осы есеп берулерде салық
және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін соммалық және ауытқу
динамикасын көрсетеді. Алматы қаласы бойынша салық және басқа да міндетті
төлемдердің бюджетке түсу жоспарын жүргізеді орындайды. Салық және басқа да
міндетті төлемдердің бюджетке түсу жайлы мәліметтерді Қазынашылық пен
бірігіп салыстырады және алғашқы құжаттарды талдайды. Салық төлеушілердің
мониторингі есеп беру түрі бойынша аудандық Салық комитеттерінен есеп
берулерді жинайды. Салық төлеушілердің хаттарын, өтініштерін және
үндеулерін қарайды және салық заңнамаларын жасауға қатысады.
Аталған ережелер Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Есепке
алу және талдауң басқармасының жалпы ережелері, яғни бұл басқарма үш
бөлімнен тұрады: талдау және болжау, төлемдерді есепке алу, ірі салық
төлеушілердің мониторингі бөлімдері. Біз қарастыратын бөлім талдау және
болжау бөлімі болғандықтан оған кейінірек толық тоқталамыз, қазір екі
бөлімдерге қысқаша тоқталсақ.
Есепке алу бөлімі бұл Қазақстан республикасының Қаржы
министрлігінің Салық комитетінің белгілеген нұсқаулары бойынша есеп
берулерді ұсынады. Ұйымдардың дер кезінде салы төлеуін және салық
қызметкерлерінің төленген салық соммаларын салық қоймасына уақытында
енгізуіне бақылау жасап отырады. Сонымен бұл бөлім Алматы қаласы бойынша
Салық комитетінің құрылымдық бөлімдеріне методикалық көмек көрсетеді.
Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі мемлекеттік және
аймақтық деңгейде ірі салық төлеушілерге электрондық мониторинг жүргізеді
және ұйымдастырады. Қара және түсті металл саласындағы ірі кәсіпорындар
жайлы мәліметтерді жинайды, жиналған мәліметтерді Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті тапсырады. Бұл бөлім ірі салық
төлеушілерден түскен мәліметтерді кешенді түрде қарастырып, есеп берулермен
салыстырып қосымша резервтік салық қоймасын жасау мақсатымен
кәсіпорындардың жағдайын анықтайды. Кәсіпорындаға мониторинг жүргізуді және
ұйымдастыру үрдісін ақпаратпен қамтамасыз етумен айналысады.

1.3. Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы

Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының Қаржы
Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің жұмыс істеу жүйесін
автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде
индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр,
біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай ел болғандықтан тауарлы-ақшалай
қатынастар едәуір дамып қалды. Осы қатынастар жүзеге асқан кезде, яғни
Қазақстан Республикасының территориясында шаруашылық әрекет еткен заңды
немесе жеке тұлғалар мемплекеттік бюджетке салық төлеуге тиіс. Бұл сала
соңғы озық технологияларды падаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және
қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені
автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін,
субъектілерін, салық ставкаларын, заңдарын және т.б. сияқты жайттарды
ескеруіміз қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды
орындау қажет.
Бұл талаптар мыналар:
• Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
• Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
• Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
• Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
• Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.

1.4. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме
үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі.
Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде
кіріс құжаттары жатады.

1.4.1. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.

Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық
жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық
ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен
құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі
болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан,
ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару
шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын
экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті –
анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.
Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде
қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс
ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен
белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті
болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу
мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел
ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді
жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін
қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат
қатарына жатады және ұзақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің төлемдер түрлері
Салық инспекциясының ақпараттық жүйесі
Салық комитетінің төлемдерін бақылау ақпараттық жүйесі
Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Салық комитетінің төлемдерін бақылаудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және автоматтандыру
Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесі
Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесі
Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Салық және салық салу пәнінен тәжірбие
Пәндер