Мемлекеттік меншік



Жоспар
1.Кіріспе
2.Мемлекеттік меншік түсінігі және түрлері
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы құзыреті
4. Мемлекеттің мүліктік құқықтарға ие болу негіздерінің тізбесі
5.Қортынды
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі
.
Мемлекеттік меншік – өндірістің жекелеген немесе барлық құралдарына мемлекеттің меншігі. Бұл термин командалық экономикада мемлекеттік меншікке қатысты қолданса да, оның басты қолданылуы-мемлекеттік меншіктегі аралас экономика секторы.
Мемлекеттік меншік — мемлекеттің жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сақтандыру сақтық қорлары, кәсіпорындар мен шаруашылық кешендері, көлік, жоғары және арнаулы орта оқу орындары түріндегі меншігі, әлеуметтік-мәдени саладағы объектілер және басқадай мүлік
1) аудандық коммуналдық заңды тұлғалар – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған аудандық мемлекеттік кәсіпорындар мен аудандық мемлекеттік мекемелер;
2) аудандық коммуналдық мүлік – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мүлкі, оның ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджеті және аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;
3) даму жоспары – акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік, оның ішінде ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің бесжылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
4) даму стратегиясы – ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;
5) есепке алу объектісі – мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алынатын мемлекеттік мүлік;
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. ҚР Азаматтық Кодексі. 2007.
2. Суханов ЕА. Лекции о праве собственности.-М.,1991.
3. Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1.Кіріспе
2.Мемлекеттік меншік түсінігі және түрлері
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы құзыреті
4. Мемлекеттің мүліктік құқықтарға ие болу негіздерінің тізбесі
5.Қортынды
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі
.

Мемлекеттік меншік - өндірістің жекелеген немесе барлық құралдарына мемлекеттің меншігі. Бұл термин командалық экономикада мемлекеттік меншікке қатысты қолданса да, оның басты қолданылуы-мемлекеттік меншіктегі аралас экономика секторы.
Мемлекеттік меншік -- мемлекеттің жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сақтандыру сақтық қорлары, кәсіпорындар мен шаруашылық кешендері, көлік, жоғары және арнаулы орта оқу орындары түріндегі меншігі, әлеуметтік-мәдени саладағы объектілер және басқадай мүлік
1) аудандық коммуналдық заңды тұлғалар - аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған аудандық мемлекеттік кәсіпорындар мен аудандық мемлекеттік мекемелер;
2) аудандық коммуналдық мүлік - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мүлкі, оның ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджеті және аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;
3) даму жоспары - акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік, оның ішінде ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің бесжылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
4) даму стратегиясы - ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;
5) есепке алу объектісі - мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алынатын мемлекеттік мүлік;
6) жекешелендіру - мемлекеттің осы Заңда белгіленген арнайы рәсімдер шеңберінде мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатуы;
7) коммуналдық заңды тұлғалар - мүлкі коммуналдық меншікте тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;
8) коммуналдық мүлік - әкімшілік-аумақтық бөліністердің мүлкі;
9) Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiге ие болуының басым құқығы - стратегиялық объект тиесiлi жеке тұлғадан немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғадан, осындай тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару жөнiнде мәмiле жасасуды ниет етiп отырған жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған не оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы мүліктік (тарату) массасының құрамында стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттың қарауынан тыс тәртiппен өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiлердi нарықтық құны бойынша сатып алуға үшiншi тұлғалар алдындағы басым құқығы;
10) қазыналық кәсіпорын - мемлекет жедел басқару құқығында бөліп берген мүлкі бар коммерциялық ұйым;
11) мемлекет мұқтажы - мемлекеттің функцияларынан туындайтын және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздейтін мемлекет мүддесін қанағаттандыру үшін жеке меншіктегі мүліктің мемлекеттік меншікке өту қажеттігінің болуы;
12) мемлекет меншігіне алу - Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алу туралы заңының негізінде жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі мүлікті Қазақстан Республикасы мүлкінің құрамына мәжбүрлеп өтеулі түрде иеліктен шығару;
13) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) - мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге де мемлекеттік органдарға берген жағдайда осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады;
14) мемлекеттік заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер;
15) мемлекеттік мекеме - басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекет құрған және қаржыландырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын коммерциялық емес ұйым;
16) мемлекеттік мекемені немесе қазыналық кәсіпорынды жедел басқару құқығы (бұдан әрі - жедел басқару құқығы) - мемлекеттен меншік иесі ретінде мүлік алған және өз қызметінің жарғылық мақсаттарына, уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның заттық құқығы;
17) мемлекеттік мүлік - республикалық және коммуналдық мүлік;
18) мемлекеттік мүлікті басқару - мемлекеттің (Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) мемлекеттік меншік құқығын және өзге де мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы;
19) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқығын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20) мемлекеттік мүлікті есепке алу - осы Заңның 15-тарауында көзделген қағидаларға сәйкес мемлекеттік мүлік тізілімін қалыптастыру үшін есепке алу объектілері туралы ақпаратты жинау мен қорытудың ретке келтірілген жүйесі;
21) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер жүктелген заңды тұлға;
22) мемлекеттік мүлік тізілімі - арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;
23) мемлекеттің мүліктік құқықтары - мемлекеттің мыналарды:
мемлекеттік меншік құқығын;
мемлекеттің өзге де заттық құқықтарын (сервитутты, жалға алуды, мүлікті өтеусіз пайдалануды және басқаларын);
мемлекеттің міндетті құқықтарын (талап ету құқықтарын);
мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне ерекше құқықтарды;
мұрагерлік құқықтарды;
мемлекеттің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мүліктік құқықтарын қамтитын мүлікке құқықтары;
24) мүдделер қайшылығы - байқау кеңесі мүшесінің жеке мүдделілігі мен оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері арасындағы осы заңды мүдделерге зиян келтіре алатын қарама-қайшылық туындайтын кездегі жағдай;
25) мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару - жер учаскесін мемлекеттік мүлік құрамына алып қоюға байланысты жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қою, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда және құны тең бағамен өтелген жағдайда мемлекет мұқтажы үшін жүргізілетін реквизициялау, мемлекет меншігіне алу;
26) облыстық коммуналдық заңды тұлғалар - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған облыстық мемлекеттік кәсіпорындар мен облыстық мемлекеттік мекемелер;
27) облыстық коммуналдық мүлік - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мүлкі, оның ішінде облыстық бюджет және облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық мүлікті қоспағанда, облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;
28) реквизициялау - дүлей зілзала, авариялар, эпидемия, эпизоотия жағдайында, соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде немесе соғыс уақытында және төтенше сипаттағы өзге де мән-жайлар кезінде мүліктің құнын меншік иесіне төлей отырып, мүлікті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша меншік иесінен қоғам мүддесі үшін алып қою;
29) республикалық заңды тұлғалар - мүлкі республикалық меншікте тұрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелер;
30) республикалық мүлік - коммуналдық мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасының мүлкі;
31) стратегиялық объект - қазақстандық қоғамның орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар мүлік, оны иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер етеді;
32) ұлттық басқарушы холдинг - ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) тиімді басқару үшін құрылған, құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғам;
33) ұлттық даму институттары - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен акционерлiк қоғамдардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, қызметiнiң басты мақсаты индустриялық-инновациялық даму және кәсiпкерлiктi қолдау саласындағы жобаларды iске асыру болып табылатын қаржылық, консалтингтiк, инновациялық, сервистiк ұйымдар;
34) ұлттық компания - Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі және қызметін ұлттық экономиканың негізін құрайтын салаларда жүзеге асыратын немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылатын (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) акционерлік қоғам;
35) ұлттық холдинг - егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін тиімді басқару үшін құрылған, құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғам;
36) шаруашылық жүргізу құқығы - мемлекеттен меншік иесі ретінде мүлік алған және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шекте осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы;
37) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын - мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым.
Мемлекеттік мүліктің түрлері
1. Мемлекеттік мүлік республикалық және коммуналдық мүлік болып бөлінеді.
2. Республикалық мүліктің құрамына:
1) мемлекеттік қазынаның мүлкі:
республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтағы меншік құқықтарын құқықтық реттеу жүйесі
Меншіктің жеке меншіктен айырмашылығын анықтау
Меншік құқығы туралы жалпы ережелер
Меншік құқығының жалпы сипаттамасы
Меншік құқығының түсінігі және түрлері
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша меншіктің түрлері
Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша меншік түрлері
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің бірдей мойындалуының және қорғалуының конституциялық құқықтық негіздері
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚОРҒАЛУЫ
Пәндер