Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан жағдайы.



1.Соғыстың басталуы, оның сипаты.
2.Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
3.Майдандағы қазақстандықтар.
4.Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944.1945 жж.)
Соғыстың басталуы.
1.Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп
Қазақ энциклопедиясы, Енукидзе Д.Е. Социалистическая индустрия Казахстана. А

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Ұлы Отан соғысы кезіндегі
Қазақстан жағдайы.

Орындаған: Қуатбекова Мариям
Тексерген: Мақпал Жұмахановна

Ұлы Отан соғысы кезiндегi Қазақстанның жағдайы.

1.Соғыстың басталуы, оның сипаты.
2.Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
3.Майдандағы қазақстандықтар.
4.Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.)

Соғыстың басталуы.
1.Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.1940 жылдың орта кезеңінде - ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР - ге басып кірудің Барборосса жоспары деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3 - 4 ай), қауырт соғыс идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.Барбаросса жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО - ны сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі, өзінше бір ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат деп қарастырды. Россияның кең - байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық - түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап Барбаросса жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ - Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген Үлкен Түркістан отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып - жою жолына осылай түсті.Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін, - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. - нан астам адам әскери даярлықтан өтті.Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 - жеке атқыштар бригадасы 30 - дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 - атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР - нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 - 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
2.Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды).Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.Өскемен қорғасын - мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.
Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:
1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;
2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина ККС - інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.Қазақ КСР - не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркісіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200 - ге жуық шахтер, 2000 - дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер - техниктер саны 700 - дай болды.Қазақстан КСРО - ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 % - ын, көмірден 18 % -ын, молибденнің 60 % - ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.1942 жылы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемі - кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық - түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий - Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.
Соғыс жылдыры салынған құрылыстар:Мақат - Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы - Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, Комсомол кәсіпшілігі т. б.
1944 - 1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:Текелі қорғасын - мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту фабрикасы. Ақмолаауылшаруашылық машина заводы. Алматы вагон жасау заводы, Атырау мұнай өңдеу заводы. 1941 - 1945 жылдары барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % - ке өсті.
Ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді.Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-ң орнына 1942 жылы 75% -ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз - келіншек қатысты.1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды.Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару - жарақпен, оқ - дәрімен, азық - түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға айналды. Георгий Хайдин мыңдықщылар қозғалысының жетекшілері А. Семиволос мен И. Янкиннің әдісін қолданған республикадағы үздік бұрғылаушы болды. Соғыс жылдарында Ы. Жақаев, Ш. Берсиев, Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, В. П. Кривич, И. Я. Кудлай есімдері бүкіл елге әйгілі болды.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 - 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ
Отан соғысы майдандарында
Қазақ тіліндегі майдандық басылымдар
Қазақстан 1941-1945 жж Ұлы Отан соғысы кезеңінде
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтар
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұшқыштар
ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдарында тау - кен кәсіпорындарындағы ұлттық жұмысшыларды дайындау
Пәндер