Биоотын



Мазмұны

Кіріспе 3
1 Биоотын 4
1.1 Биоотын түрлері 4
1.2 Қазақстан Республикасында биоотын нарығын дамыту жөніндегі шаралар кешені. 6
1.2.1 Қазақстанның биоотын өнеркәсібі үшін шикізат ресурстарының отандық базасын кеңейту. 6
1.2.2 Биоотын өндіру мен сатудың жалпы әлемдік жүйеге ықпалдастығы 8
1.3 Биоотын заңдары туралы 8
1.3.1 Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 8
1.3.2 Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу 10
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13
Кіріспе

Энергетика өндірусіз басқа өндіріс салалары жұмыс атқара алмайды. Сондықтан энергетика дамуына Қазақстанда көп көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде Қазақстан өндірісінің дамуының негізгі бағыттары энергетика саласы өркендеуі міндетті деген талап қояды.
Биоотын – биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын. Тағы да басқа целлюлозадан және органикалық әртүрлі типті қалдықтардан алынып бағытталған әр түрлі дәрежедегі өңделген жобалар кездеседі, бірақ бұл технолгоиялар әлі бастапқы кезеңдегі өңдеуде немесе коммерциялылықтануда. Био отындар сұйық түрде (іштен жану қозғалтқыштарына арналған, мысалы, этанол, метанол, биоотын), қатты отын (ағаш, шымтезек, отынды гранулалар, жаңқа, сабан, қауыз) және газ тәрізді отындар (биогаз, сутегі).
Бұл зерттеу жұмысының мақсаты биотын түрлерін классификациялап, олардың нарықтағы орындарын анықтау және ҚР-ның биотынға қатысты заңнамасына шолу жасау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Гусаров А.П., Вайсблюм М.Е., Соколов М.Г. Газ как перспективное автомобильное топливо// Сб. тр. НАМИ. -М.:Изд-во НАМИ, 1989. - с.105-115
2 Қабди К. Техника, технология және қоршаған орта: монография. - Павлодар: "Brand Print" баспасы, 2010, 281 - б.
3 Морозов К.А. Токсичность автомобильных двигателей. - М.: Легион-Автодата, 2000. - 80с.
4 Павлова Е.И. Экология транспорта: Учебник для вузов. - М.: Транспорт,2000. -248 с.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1
Биоотын
4
1.1
Биоотын түрлері
4
1.2
Қазақстан Республикасында биоотын нарығын дамыту жөніндегі шаралар кешені.
6
1.2.1
Қазақстанның биоотын өнеркәсібі үшін шикізат ресурстарының отандық базасын кеңейту.
6
1.2.2
Биоотын өндіру мен сатудың жалпы әлемдік жүйеге ықпалдастығы
8
1.3
Биоотын заңдары туралы
8
1.3.1
Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
8
1.3.2
Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу
10

Қорытынды
12

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
13

Кіріспе

Энергетика өндірусіз басқа өндіріс салалары жұмыс атқара алмайды. Сондықтан энергетика дамуына Қазақстанда көп көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде Қазақстан өндірісінің дамуының негізгі бағыттары энергетика саласы өркендеуі міндетті деген талап қояды.
Биоотын - биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын. Тағы да басқа целлюлозадан және органикалық әртүрлі типті қалдықтардан алынып бағытталған әр түрлі дәрежедегі өңделген жобалар кездеседі, бірақ бұл технолгоиялар әлі бастапқы кезеңдегі өңдеуде немесе коммерциялылықтануда. Био отындар сұйық түрде (іштен жану қозғалтқыштарына арналған, мысалы, этанол, метанол, биоотын), қатты отын (ағаш, шымтезек, отынды гранулалар, жаңқа, сабан, қауыз) және газ тәрізді отындар (биогаз, сутегі).
Бұл зерттеу жұмысының мақсаты биотын түрлерін классификациялап, олардың нарықтағы орындарын анықтау және ҚР-ның биотынға қатысты заңнамасына шолу жасау.

1Биоотын

1.1Биоотын түрлері

1)Биоэтанолдың әлемдік өндіру 2005 жылы 36,3 млрд литр, оның 45% Бразилия және 44,7% АҚШ елдерінде ғана өндірді. Биоэтанолды Бразилияда үлкен көлемде қант таяқшаларынан, ал АҚШ-та жүгеріден жасады. Этанол бензинге қарағанда аз энерго сақтау көзі болып табылады; Е85 (85% этанол мен 15% бензин қоспасы; Е әрпі ағылшынның Ethanol) жұмыс істеген машинаның жүрісі стандартты машина жүрісінің көлемдік отынның бірлігіне шамамен 75% құрайды. Қарапайым машиналар Е85-пен жұмыс істемейді, бірақ іштен жану қозғалтқыштары Е10-мен жақсы істейді (кейбір көздер тіпті Е15-пенде жұмыс істеуге болады деген). Ал тек таза этанолда тек Flex-Fuel машиналар (жұмсақотынды машина) ғана жұмыс істей алады. Бұл машиналар қарапайым бензинде де жұмыс істей алады, бірақ кішкене этанол қоспасы сонда да керек немесе сол және басқа да өздігінен құрылған қоспалармен де жұмыс істей алады. Бразилия отын ретінде биоэтанол мен қант таяқшаларын өндіру мен қолдануда көш бастап тұр. Бразилия жанармай станцияларында Е20 (немесе Е25) қарапайым бензин түрінде, немесе acool, этанол азеотропын (96% С2Н-5ОН және 4% су; қарапайым дистилдеу жолымен арқылы жоғары концентратты этанолды алу мүмкін емес) ұсынады. Этанол бензиннен арзан болғанын қолданып кейбір жанармай станциялары Е20-ны азеотроппен араластырады. Ол кезде оның концентрациясы 40% дейін жетеді. Қарапайым машинаны Flex-Fuel машинасына айналдыруға болады, бірақ экономикалық жағынан тиімсіздеу. Қозғалтқышта этанолды жаққанда одан альдегидтер (флрмальдегид және ацетальдегид) пайда болады. Бет БЖ 050717 2014 Ал бұлар өз кезегінде ароматты көмірсутекерге қарағанда тірі организмдерге екі есе көп зиянды заттар шығарады.
2)Биометанол - теңіз фитопланктондарын биотехнологиялық конверсиялау және культивациялау арқылы өңдегенде био отын саласында тағы бір келешегі бар отынды қарастырамыз. 80 жылдарың басында Еуропа қалаларында жағалаудағы шөлді аудандарды қолдана отырып өндірістік жүйеге бағытталған жобасын ұсынды. Бұл жобаның толық шықпауына мұнайдың бағасының төмендеуі болды. Биомассының алғашқы өнімін теңіз жағалуында жасалатын жасанды су сақтайтын көлемнің ішінде фитопланктондарды культивациялау арқылы жүргізеді. Екінші процес болып биомассадағы метанның ашуы және келесі метанол алуда метанды гидрооксидте арқылы алу. Микроскопты су өсімдіктерінің негізгі пайдасы келесідегідей: - Фитопланктонның жоғары өнімділігі (жылына 100 тга); - Өнімді өндіргенде тұщы су және құнарлы топырақ керек етпейді; - Бұл процес ауыл шаруашылық өнімдермен бәсекелеспейді; - Энергоқайтару процесі метан алуда 14 саты кезінде және метанол алу кезінде 7 саты кезеңінде болады.; Бұл био жүйе энергия алу көзқарасы бойынша күн энергиясын түрлендіруге қарағанда экономикалық жағынан тиімді болып табылады.
3)Бутанол - С4Н10О - бутилденген спирт. Өткір иісті түссіз сұйықтық. Өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылады. АҚШ-та жылына шамамен 1,4 млрд $ құрайтын 1,39 млрд литр бутанол өндіріледі. Бутанолды ХХ ғасырдың басында Clostridia acetobutylicum бактериясын қосу арқылы өндірілді. 50 жылдары мұнай бағасының төмендеуіне байланысты мұнайөнімдерінен өндіріле бастады. Бутанолдың коррозиялық қасиеттері жоқ, және пайдаланылып жүрген инфрақұрылым бойынша жіберуі мүмкін. Ұлттық жанар-жағармайлармен араласытруға болады. Бутанол энергиясы бензин энергиясына жақын. Бутанол отын әрі элементтері ретінде, әрі сутегі өніміне шикізат ретінде де қолдануға болады. Биобутанол өндіруде шикізат ретінде қант таяқшалары, қызылша, жүгері, бидай, маниок қолданады, ал болашақта целлюлозаны қолдану мүмкін.
3)Диметилденген эфир (ДМЭ) - С2Н6О. Көмірден, табиғи газдан және биомассадан өндірілу мүмкін. Диметилденген эфирдің көп бөлігін целлюлозды қағаздан өндіреді. Кішкене қысымда сығылады. Диметилденген эфир - күкірт қосылмаған экологиялық таза отын, шығару газындағы азот оксидінің құрамы бензинге қарағанда 90%-ға азырақ. Бет БЖ 050717 2014 Диметилденген эфирді қолдануда арнайы сүзгіштерді қажет етпейді. Бірақ қозғалтқыштың оталдыру және қоректендіру жүйесіне (газбаллонды құрылғыларды орнату, қоспатүзегішті түзеу) өзгертулер енгізу керек. Өзгертулерсіз отын құрамында 30% болатын LGP-қозғалтқышымен жұмыс істейтін автомобильдерде қолданады.
4)Биодизель - өсімдік, жануар, микроптытан шыққан майлар және солардың этерификацияланған өнімдері негіз ретіндегі отын. Биодизельді отынды алу үшін оған өсімдік немесе жануар майын қолданады. Шикізат ретінде рапс, соя, пальма, кокос майы немесе кез-келген басқа да шикі-майлар, сондай-ақ тамақ өндірісіндегі қалдықтар қолданылады. Биодизелді су өсімдіктерінен өндіру технологиясы жобаланып жатыр.
5)Екінші кезеңдегі биоотындар - биомассаны пиролиздеу әдісі арқылы алынатын немесе метанол, этанол, биодизелден басқа шикізат көздерінен алынған әртүрлі отындар. Екінші кезеңдегі биоотындарға шикізат көзі болып тамақ өндірісінде биологиялық шикізат бөліктерінің кесіп алынған лигна- целлюлозды қосылыстары пайдаланылады. Екінші кезеңдегі биоотын өндірісіне биомассаның қолданылуы, сол өндіріске керекті ауыл- шаруашылығына пайдалы жерлерді қолдануын қысқарту болып саналады. ЕКБиоотындардың шикізат көзі болып өсімдіктерде саналады. Олар: - Балдырлар - тұзды және лас суларға бейімделген қарапайым организмдер болып саналады (бірінші кезеңдегі өнім соя бұршақтарына қарағанда майдың құрамы 200 есе көп). - Арыш (өсімдік) - бидай мен басқа да дәнді дақылдармен бірге өсетін өсімдік. - Jatropha curcas немесе Ятрофа - түріне байланысты май құрамы 27%-дан 40%-ға дейін баратын, құрғақ топырақтарда өсетін өсімдік. Биомассаны жалдам түрінде пиролиздеу, оны жеңіл және арзан тасымалдауға, сақтауға, қолдануға болатын сұйықтыққа айналдырады. Сол сұйықтықтан автомобильдік немесе электростанциялық отындар алуға болады. Сұйық өнімдерден қылқын жапырақты ағаштарды пиролиздеу өте тиімді болып табылады. Мысалы, 70% жәндік скипидары қоспасы, 25% метанол және 5% ацетон, яғни шайырлы қарағайды құрғақ айдау фракциясын алайық. А-80 маркалы бензинді жүйелі түрде ауыстыра алады. Тіпті айдауға бұтақтар, түбір, қабықтар сияқты ағашөңдеу қалдықтарын қолданады. Отын фракциясының шығуы - 1 тонна қалдықтан 100 кг.Бет БЖ 050717 2014 Газтәрізді отындар
а)Биогаз - көмірқышқыл газы мен метан қоспасынан тұратын органикалық қалдықтарды (биомассалар) ашыту арқылы алынған өнім. Биомассаларды ашыту метаногенді классты бактериялардың әсерімен жүзеге асырылады.
ә)Биосутегі - термохимиялық, биохимиялық және басқа да әдістермен, мысалы балдырлар биомассасынан алынған сутегі.
б)Метан - көмір немесе ағаш сияқты құрамында көміртек кездесетін қатты отындардан құралған синтетикалық табиғи газ деп аталатын әр түрлі мүмкін болатын қоспалардан тазартылған кейін синтезделеді. Бүл экзотермиялық процесс температурасы 3000С-ден 4500С аралығында және катализатор қатысында қысымы 1-5 бар аралығында пайда болады. Әлемде қазірдің өзінде бірнеше ағаш қалдықтарынан алынған метанды алатын эксплуатациялық құрылғылар енгізілген немесе орнатылған.
6)Үшінші кезеңдегі биоотын - балдырлардан алынған отын. Бұл технологияның проблемасының әлі көп шешіле қоймағандықтан жобасы әлі қарастырылуда. Мысалы, балдырлар өте жоғары температурада өскенді жақсы көреді және оны өндіру үшін шөлдала климат қажет етеді. Бірақ кейде түнгі түскін температура кезінде оның температурасын реттеу керек. 1990 жылдың аяғында бұл технология өндіріске мұнай бағасының төмендеуіне байланысты көп мөлшерде шыға алмай қалды. Балдырлар ашық далада өсіруден басқа балдырларды электростанциялардың қасында орналасқан кішкентай биореакторларда өсіреді. Балдырларды өсіру үшін ЖЭО-ның (ТЭЦ) жылу шығарып қаптауы 75%-ға дейін жетуі керек. Бірақ бұл технология өте қатты шөлдалалы климатты қажет етпейді.

1.2 Қазақстан Республикасында биоотын нарығын дамыту жөніндегі шаралар кешені.

1.2.1 Қазақстанның биоотын өнеркәсібі үшін шикізат ресурстарының отандық базасын кеңейту.
Іс шаралар:
Облыстарды ұсынылған мамандандыруға сәйкес, соның ішінде тыңайған жерлерді және ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылған жерлерді пайдалану есебінен биоотын өндірісі үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңдарын, топырақтың құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы құрамын бұзбастан ұлғайту.
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ арқылы биоотын өндірісі үшін шикізат өндірушілерді: рапстың майлы дәндерін сатып алу; биоотын өндірісінде пайдаланылатын шикізат өндірушілері үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының лизингісі; тұқым шаруашылығын мамандандырылған техника және жабдықпен лизинг негізінде жабдықтау арқылы ынталандыру.
Биоотын өндірісі үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігін кеңейтуді ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізу. Рапстың майлы дәндерін өндіру, өңдеу және сақтау бойынша жұмыстардың толық циклын орындау үшін, қолдағы барын қайта жаңарту және жаңа қуаттарды салу үшін тиісті техника мен жабдықты лизингтік негізде сатып алуды қаржыландыру. Төтенше жағдайлар, тұқымдық материалға қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету, сортты жаңарту мен сорт алмастыру жағдайларында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көмек көрсету үшін рапстың майлы тұқымдарының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу.
Биоотын өндіру үшін шикізат болып табылатын, оның ішінде рапстың майлы дәндері, өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын талдау жөніндегі зертханаларды халықаралық стандарттар бойынша салу, жарақтау және тіркеу жөнінде шаралар қабылдау. Түпнұсқалықтар, элиталық-тұқымдық және тұқым шаруашылықтарының тораптарын кеңейту, рапстың майлы тұқымдарын өндіру бойынша базалық шаруашылықты анықтау.
Ғылыми зерттеулерді: биоотын өндіру үшін астық және майлы дақылдардың Қазақстан жағдайларына бейімделген, отандық жоғары өнімді сорттары мен будандарын шығару; биоотын өндіру үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының әр түрлі түрлерін, сонымен қатар қалдықтарын (сабан, жапырақтар және т.б.) шикізат ретінде пайдалану мәселелері; биоотын өнеркәсібі үшін, оның ішінде тыңайған жерлерде шикізат өндірудің ылғал ресурсын сақтайтын агротехнологияларын әзірлеу бойынша жүргізу.
Ғылыми зерттеулерді биобутанол және биодизель өндіру үшін биотехно- логиялық әдістер негізінде химиялық құрамы бойынша теңдестірілген астық желісін және майлы дақылдар будандарын шығару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биоотын заңдары туралы
Биомассаны пайдалану жолдары. Энергия үнемдеуші технологиялар
Екінші кезеңдегі биоотын
Биоотын көздерін жіктеу
Биомасса - жаңғыртылатын энергия көзі
Қазақстан ауыл шаруашылығы үлкен мақсаттарға құлаш ұруда
Дәстүрлі емес қуат көздерін пайдалану – бүгінгі күн талабы
Қазақстандағы энергия көздері және олардың таралу ерекшеліктері
Отын брикеттерін өндіру бойынша бизнес жоспар
Дәстүрлі емес қуат көздерін пайдалану
Пәндер