Еден


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Тақырып сипаттамасы . . . 4Еден жасау жұмысының технологиясы . . . 8Еден салу жұмысының ақаулары . . . 15
- Тақырыпты оқуға материалдық-техникалық дайындық . . . 17Өндірістік оқытудың сабақ жоспары . . . 17Шебердің сабаққа дайындығы . . . 22
Қорытынды . . . 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 24
1 Тақырып сипаттамасы
Аспалы төбе ғимараттың төбесіне бекітілген сәнділік, өңдеулік қалқа. Акустикалық және сәулеттік талаптарға жауап беру ретінде мұндай төбелер кинотеатрлада және де басқа да қоғамдық ғимараттар бөлмелерінде жасалады. Аспалы төбелердің көтергіш бөлігі төмендегі бөлшектерден тұрады:
- аспалар;
- бекіту және реттеу тетіктері;
- қаңқа;
- тірек бұрыштамалары.
Толтырма -төбенің беткі жазықтығы, гипсокартон табақтарынан, минералды мақта немесе гипсотақталардан, алюминий профильдерінен жасалады. Аспалы төбе құрылымдарының ең көп тарағандары:
- Қаңқасы мырышталған болаттан жасалатын гипсокартондар;
- Қанқасы алюминий профильдерімен жасалған минералды мақталы тақталардан;
- Қаңқасы алюминий профильдерімен жасалған пенопласт тақталары.
Ғимараттың ені жеткілікті үлкен болғанда және ішкі тіреуіштер болмаған жағдайда шатырдың көтергіш құрылымдары есебінде ағаштан, болаттан, темірбетоннан жасалған үш бұрышты, аз еңкісті және итарқалық фермаларда қолданылады.
Аспалы төбелердің міндеті - үйдің ішкі көрінісі тиісті сәулеттік түр, акустикалық қолайлылық беру және күш алатын жамылғы мен төбе түзілістері аралығында әр түрлі инженерлік жүйелер ұстауды қамтамасыз ету.
Аспалы жабындар соңғы жылдары үлкен аралықты өндірістік ғимараттар құрылысында кең қолданыс табу үстінде.
Аспалы жабынның негізгі артықшылығы- оның көтергіш конструкциясында-темір арқандар (болат арқандар) - тартылуға ғана жұмыс жасайды осыған байланысты темір арқандардың қиылысуын тек қана беріктік шарттарына байланысты таңдап алынады. Сондай- ақ, аспалы конструкциялар монтаждау барысында жұмыс жасауға жеңіл, сонымен қатар оларды ғимарат жоспарының түрлі конфигурациясында пайдалануға болады.
Конструктивті схемаға байланысты жабын аспалы (бірарқансымсыз және екіарқансымсыз) немесе аспалымсыз, жазық немесе аумақты, біраралықты немесе көпаралықты болуы мүмкін (сурет 6) .
Өндірістік құрылыста аспалы темір арқанды типті конструкция немесе иілімді типті конструкциялар кең қолданыс тапты.
Аспалы конструкцияның кемшілігі болып тірек конструкцияның құрылуының қиындығын, сондай-ақ жүйенің қаттылығын атап өтуге болады
Жазық жабынды ғимараттарда әр колоннаға бір шұңқырдан артық қойылмайды. Шұңқырдың орналасуы жобада стандартты бойлық байламмен 450 мм, сонымен қатар көлденең осімен 500 мм. Мұндай байлам унифицирленген тақтайша жабынының біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді.
Өндірістік ғимаратың аэрациясы жабынның аэрациялы немесе ашылатын қақпағы бар жарық фонарларын пайдаланады.
Шамдар құрылымына байланысты жарықты, жарықаэрационды және аэрационды болып бөлінеді. Бұл шамдарды пайдалану өндірістік ғимараттың қоршаған ортаға әсеріне байланысты таңдалып алынады. Ережеге сай шамдарды ғимарат аралығының бойымен орнатады.
Шам келесі көтергіш конструкциядан - қоршағыш конструкцияның каркасынан- жабыннан, аэрационды толтырылған қабырғадан тұрады.
Формасына байланысты шамдар екіжақты, біржақты (шед) және зенитті болып бөлінеді.
Грильято аспалы төбесі
Грильято төбелерінің кескіндері қорғаныс сәндік жамылғысы бар 3003Н24 қорытпасының алюминий таспасынан жасалады. 3003 қорытпасы суық кескіндеу технологиясы үшін арнайы жасалды және үздік қалыптау қасиеттеріне, сонымен қатар тот басуға қарсы жоғары беріктікке ие. Ыстық эмальдау әдісімен алюминий жолақтың бетіне лакбояғыш жамылғы жағылады. Таспаны бояу қалыңдығы 20-22 микрон болатын берікті және тозуға тұрақты полиэстер бояғышымен екі рет жағу арқылы үздіксіз циклді индукционды пешінде іске асырылады, бұл бояудың бірқалыпты қалыңдығын және бояудың жоғары адгезиясын қамтамасыз етеді.
Бірегей технология арқасында жамылғы жоғары қорғанысқа және ультракүлгін сәулелерге қарсы тұрақтылыққа ие. Жолақтың кері бетінде де антикоррозиялық жамылғы бар, ол агрессивті атмосфераның кері әсерлерінен қорғайды.
Таспаның қалыңдығы: 0, 4-0, 5 мм. Полиэстер жамылғының қалыңдығы: 20-22 микрон. Таспаның ені: 70 мм, 90 мм, 110 мм
Т24 / Т15 аспалы жүйені өндіру үшін шикізаттар мен материалдар. Т24 / Т15 аспалы жүйесінің кескіндері жоғары сапалы JIS/G3302 SGCC (80d/m2) гальваникалық болаттан жасалады. Болаттың қалыңдығы: 0, 35 мм. Алюминий беттік үстеме - шағылыстыру қабілеттігі 87% Аланод (alanod) айналы анодталған алюминий. Аланод алюминий үстемесінің қалыңдығы: 0, 25 мм
Грильято ұяшықтарының өлшемдері: Грильято S аспалы төбесі-бұл 600х600 мм болатын көлемді тор. 10 мм U-тәрізді алюминий кескіндер. Кескіндердің биіктігі H 30, H 40 немесе 50 мм
Ұяшықтардың өлшемдері стандартты:
50x50 60x60 75x75 86x86 100x100 120x120
150x150 200x200
Грильято төбесінің / Т24 / Т15 аспалы жүйесінің түстер гаммасы:
• RAL стандартты түстер
• металлик /айна /алтын
• анодтау / браш
• ағаш тәрізді сәндеу
1. RAL стандартты түстері: ақ (9016 RAL), қара (9005 RAL), күміс (9006 RAL), RAL басқа түстеріне сауал арқылы қол жеткізуге болады.
2. Металлик / айна / алтын түстердегі төбелер - осы сериядағы төбелер беттің мінсізділігін сақтау мақсатында ерекше ұқыптылықпен өндіріледі.
3. Анодтау / браш төбелері - браш сериясының 3003 қорытпасының алюминий таспасынан өндіріледі. Браш / Күңгірт / доғал жылтыратылған - бұл бір бағытта күңгірттейтін алюминий таспа (қажетті күңгірт эффектісіне жету мақсатында түрлі қиыршықты абразивті белдіктермен алюминийді арнайы жалтырату, алюминий таспасының кедір бұдырлығы - 0, 5-1, 5 мкм.
4. Анодталған Грильято - тотығудан сақтау мақсатында алюминий арнайы өңделді.
- Аспалы төбе жасау технологиясы
Бүгінде керме төбелердің сәтен (жібі тығыз атлас тәрізді мата), айна төбе, маталы төбе, көп деңгейлі төбе, фотобаспа, жұлдызды аспан, күңгірт төбе, жылтыр төбе, фактур төбе сияқты түрлері бар екен. Орнатылуы оңай, жылдам, бағасы тиімді, күтімді аса қажет етпейді және белгілі бір ережелер негізінде матамен өзіңіз жуып, тазалап отыра аласыз. Жоғарғы қабаттан ағып кететін суларды ұстап қалады (1 кв. м. 100 л суды ұстайды) және созылған күйі бүйлінбейді, қыздырып қалпына келтіруге болады, шаң жинамайды. Кепілдігі - 10 жыл.
Өздеріңіз білетіндей, керме төбелер антика заманынан бері адамзатқа белгілі. Бірақ, ол кезде материал жібек мата болған көрінеді. Кейіннен ол төбелердің уақыт өте келе бүлінуі және жасалу технологиясы күрделі болғандықтан, ғамарат төбесін жасаудың басқа да көптеген түрлері белгілі бола бастады.
Керме төбенің жаңа деңгейі өткен ғасырдың 60 жылдарынан басталады. Франсуздық кәсіпкерлер керме төбелердің материалы мен жасалу технологиясын жетілдіру жолында нәтижеге жетеді. Олар материал ретінде поливинхлоридті (ПВХ) пайдаланып, оны қыздыру арқылы керіп қояды. Керме төбелерді «франсуз төбелері» деп те атайды жұрт. Айта кетейік, бұл атау керме төбенің қай елде шығарғаны маңызды емес, ал бұлай аталуының себебі, нарыққа керме төбені жаңа әдіспен шығарушылардың атымен аталып кеткен болатын. Ал, төбелерді ұстап түратын шеткі қаңқалары багетпен қабырғаға не төбеге бекітіліп, соның арқасында өте әдемі әрі түзу көрінетін төбені тамашалауға болатын көрінеді. Төбені қыздыру барысында газ-баллоны арқылы отпен қыздырады. Бүгінде керме төбе орнатушылар жарылғыш қауіпі жоқ баллондарды пайдаланады. Оны орнату әдетте 3-4 сағат уақыт алады. Бірақ, бұл көрсеткіш бөлме ауданына, материал түріне де байланысты. Керме төбелер бүгінде пәтерге, офистерге, асхана, дәмхана, тойхана, сауда орындарының төбелеріне орнатуға сұранысы жоғары.
Акустикалық «Акмигран» тақтайшалардан жасалған төбелерді екі тавр түріндегі алюминий бағыттағыштар арқылы бекітеді. Бағыттағыштар ды бекіткен соң фриз тақтайшаларын тіреу үшін қабырғалар мен бағаналарға металл қума бөлшектерін орнатады.
Тақтайшаларды жинақтау алдында өлшемдері, фактура, түсі бойынша сорттайды.
Тақтайшаларды алюминий профильдерінің сөрелеріне кертпелерімен кіргізеді, сөйтіп біртіндеп кезекпен жылжытып, бағыттағыштар аралығындағы барлық қатар толтырылады. Тақтайшалар өзара пластмассалық шпонтілік көмегімен қосылады.
«Акмигран» тақтайшаларынан жасалған төбе көлденеңінен дәлме-дәл, бір түсті болу керек. Бойлай және көлденең жіктері тура келу керек. Дайын төбені су эмульсиясы, синтездік бояулармен сырлауға болады.
Акустикалық төбелері және қабырғалар әрлеуі акустикалық тақтайлардан, ішкі жағы матамен желімделген құрғақ гипс сылағының тесілген тақталарынан орындалуы мүмкін. Тақтайшалар ағаш қаңқаға шегелеп бекітіледі. Тақталар қаптаудан кейін су эмульсиясы бояуымен сырланады.
Құрал жабдықтар төмендегі кесте 1 де көрсетілген

Өртке қауіпсіз полимерлік газ баллондары
Бірегей сипаттамалары:
- жұқалық;
- өртке қауіпсіз;
- коррозияға қарсы.

Төсем ұстауыш (қысқыш) 100 мм
Аспалы төбенің төсемі жаю үшін арналған. Бригадаға 6данасы ұсынылады.

Шпатель CLIPCO
Тігісі жоқ аспалы төбенің монтажа үшін
қолданылады.

Шпатель CLIPCO NEW
Жаңа пішінді шпатель. Тігісі жоқ аспалы төбенің монтажында қолданылады.

Жылулық зеңбірегі
Жылжымалы ауа жылытқыш үлкен сыйымдылықты бөлмелер үшін.

Тескіш
Алюмини багеті саңылаулар тесу үшін арнайы қол тескіш. Тескіш игерілген, ерекше алюмини багеттің мөлшер астында, қатал бір сызық бойынша бір саңылауларға тесу мүмкіндік беретін шектеуші.

Перфоратор Makita HR2470
Төбеде тесік жасау үшін қолданылады.

Кәсіби шуруповерт
Тіреу бұйымдарын орнату үшін арналған.

Лазерлік қашықтық өлшегіш
Қашықтықты өлшейтін лазерлік-сәулелі құрал.

Лазерлік нивелир
Бойлықтарды өлшеуіш лазерлі құрал.

Метал детекторы
Метал табу үшін арналған құрал.


- Еден салу жұмысының ақаулары
Едендерді пайдалану кезінде келесі талаптарды сақтау керек:
- цоколь жылуоқшаулауы мен техникалық еденасты техникалық түзу жағдайда болу керек (үй саңырауқұлақтардан құтылу үшін) ;
- еден тақтайларында табиғи желдету желдеткіш торлар немесе ірге бастырғылар жарықтары арқылы қамтылуы керек;
- едендердің конструкциясына ұзақ әсер ететін ылғалды жою шаралары қабылдануы тиіс;
- еденнің қорғау - әрлеу жабындары қалпына келтіріліп отыруы керек.
Пайдалану барысында пайда болатын ағаш едендердің негізгі ақауларына келесілер жатады: уатылу, кебу және бырысу, аймақтық шөгу, сықыр, қалтылдақтық, беттің тегіс болмауы, тақтай және паркетті едендердің шіруі, жабын негізінің қыртысталуы, бояу қабаттың бұзылуы.
Барлық зақымдалған паркеттің жабыстырғыштары жаңасына ауыстырылуы керек. Жаңадан қаланған жабыстырғыштар тұрған еденнің деңгейінен 0, 5-1, 0мм жоғары жатуы керек. Жөндеу жұмыстары біткенен кейін жаңа жабыстырғыштар тізіліп, еденге жаппай циклевка жайылады.
Паркетті едендерді екі айда бір рет мастикамен қашау керек немесе арнайы тозуға төтеп беретін лакпен бояу қажет. Егер паркет жабыстырғышы негізгі битумді мастикамен жабыстырылса, еденді скипидарлы мастикамен қашау тиым салынады, себебі ол битумді ерітіп жібереді де, паркетті қарайтады. Мұндай едендерге тек сулы мастикаларын ғана қолдану керек.
Еден тақтайларын механикалық тозудан, ылғалдың зиянды әсерлерінен сақтау үшін оларды үш жылда бір рет майлы бояулармен бояған жөн болады. Жаңа еден тақтайлары қатты кеуіп қалған кезде, оларды қорытып, бояу керек. Қатты тозған немесе зақымдалған бөлек тақтайларды жаңасына үш жағынан ауыстыру керек. Жөндеу жұмыстары біткеннен соң жаңа тақтайларды грунттайды, сылап екі рет бояп шығады. Линолеумнан және синтетикалық материалдардан жасалған едендердің пайдалану барысында міндетті түрде жоятын негізгі ақауларына келесілер жатады: жарылулар, қабарулар, қирату, негіздің қыртысталуы, отырғызу процесстері. Цементті-құмды қабатпен жабылған едендегі тозған линолеумді ауыстыру кезінде, еден астын цементті ертіндісімен тегістеп, жөндеуден өткізу қажет, содан кейін линолеум төсеу керек. Еден астындағы негіз қатты, тығыз, жақсы бетпен тегістелуі керек. Басқа жағдайларда тегістеу үшін қалау материалдарын - жартылай қатты ағаш тақтайларын және басқа да материалдарды қолдануға болады.
Линолеум жабынындағы жергілікті қабынуларды тесу және жүк салу арқылы жоюға болады. Ксилолитті едендердің бөлек бөліктері бұзылған жағдайда, сол бөліктер алынып, орнына ксилолитті масса жағылады. Басқа жағдайларда ксилолитті еденді басқа материалдардан жасалған жабындардың төсем қабаты ретінде қолдануға болады.
Ксилолиті едендерді пайдалану және жөндеу кезінде тиым салынады:
- едендерді жиі және мол сулауға (жоғары электр өткізгіштікке ие болып едендер жарамсыз болып қалады) ;
- негізді тегістеу кезінде ізбес, цементті-әкті ерітінділерін, күйінді цемент қолдануға.
Керамикалық тақталардан жасалған едендердің негізгі ақауларына қыртысталу және жабындардың бұзылуы, жергілікті түсу, шұңқырлар, жарылулар және уатылулар жатады. Бетонды негіздіктен қалған керамикалық тақталар ерітіндіден тазартылып, сумен жуылады. Тақталардың бекітуін цемент ерітіндісімен жүргіземіз, сонымен қатар ауыстырылатын тақтаны коллоидты-цемент, эпоксидты немесе желімнің көмегімен ауыстырамыз.
Цементті едендердің бұзылған орындарын бітеу кезінде оларды сондай материалмен жабу керек. Негіздіктің беті берік, кесілген, шаңнан тазаланған және ылғалды болу керек. Цементті едендердің жөнделген орындарын екі күннен кейін цементпен қатырып тастау керек.
2 Тақырыпты оқуға материалдық-техникалық дайындық
2. 1 Өндірістік оқытудың сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Еден таңдау жүйесі
Сабақ мақсаты:
- оқытушылық - оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, тас қалауды үйрену және оған дағдылану;
- дамытушылық - жұмыс орындалу уақытында болу мүмкін қателіктерді көру және оларды жөндеу, теория жүзінде үйренгенді тәжірибеде қолдана білу;
- білімділік - әр жұмысты өзіндік орындала алуы, тас қалау технологиясын жоспарлай білу;
- тәрбиелік - тұлға қалыптасуы: ұқыптылық, дербестілік, топта жұмыс істей алуы, материалдарға және жабдықтарға ұқыпты қарау, техникалық қауіпсіздік ережеге сұғына жұмыс істеу.
Сабақтың материалдық-техникалық жағынан жабдықталуы:
- Материал: құм, цемент, щебень, су;
- Құрал - жабдық: бетон араластырғыш, сызғыш, тегістегіш, өлшеуіш, пышақ, шпатель, әндеме, сым, бұрауыш, метал тор, арқан, шамшыраққа арналған профиль;
- Құрылғылар: өлшеуіш ыдыс .
1) Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен амандасу
- оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2) Кіріспе нұсқау:
- сабақтың тақырыбын хабарлау
- сабақтың мақсатын хабарлау
- өтілген мәліметтер бойынша білімдерін тексеру:
- Еден дегеніміз не?
- Еден орнату құрал - жабдықтары?
- Еденнің жіктелуі?
Жаңа материалды түсіндіру
Өнеркәсіптік құйылған едендер өзіндік сала деп саналады, бұл жабындыларды жасау үшін және сәйкес құралдарды өндіру үшін үлкен тәжірибе және арнайы білімді қажет етеді. Эпоксидтік еден. Эпоксидтық шайыр негізінде еденге арналған полимерлік жабындылар - ең танымалы және сұранысы көп полимерлік едендердің бірі. Эпоксидтық едендендердің артықшылықтары:
Негізінде эпоксидтық шайыры бар құралдар топтамасының өнеркәсіптік және құрылыс саласына өте көп қолданады. Бұл құралдардың кеңінен таралуы олардың қолдану сипаттамалары өте жақсы болғандықтан, оның ішінде - экологиялық тазалығы, жағу және қолдану барысында оңайлығы, сенімділігі және көпке жаралуы. Тағыда еске сала кететіні су негізіндегі жаңартылған эпоксидтық жабындылардың бу өткізгіш көрсеткіштері керемет, сондайақ айналаны қоршау саласының барлық талаптарына жауап береді. Көбінесе эпоксидтық едендер әр түрлі өңдірістік жайларда кездеседі (соның ішінде химиялық, азық-түлік және электротехникалық мекемелерде), паркингтарда, жеке гараждарда, қойма жайлада. Эпоксидты едендердің артықшылдығы адамның денсаулығына дым зиян әкелмейді үйткені оның құрамында токсин компоненттері мүлдем жоқ. Эпоксид едендердің ерекшеліктері төзімділігі және өрнеу мүмкіншілігі зор. Эпоксидты едендердің түстерінің көптігі қызықты дизайнерлік композицияларды құруға мүмкіндік береді. Бұндай едендер әр түлі жайлардың өрнектісі бола алады.
Полиуретандық едендер. Полимерлік топтың ішіндегі әр түлі құралдырдың ішінде полиуретандық жабындылар ерекше орын алады, олар көбінесе өнеркәсәптік нысандарда немесе бетонды қорғауға қолданады. Полиуретан едендерінің артықшылығы: полиурентан құйылан едендері эпоксид едендері сияқты орнатулуы өте оңай, қолдану сипаттамалары соншалықты жақсы кез келге өнеркәсіптік және мекен жайларға қолдануға болады. Полиурентаннан жасалынған құйылған едендердің, ауыртпашылығына қарай 10 - 15 жылға дейін еңбек ете алады. Бұл едендердің түрі жылыту жүйесі бар жайларға өте жақсы. Полиуретан жабындыларымен жарықтарды жабуға болады. Полиурентан едендер механикалық ауырпашылықтарға немесе химиялық қолдануларға төзімділігімен танымал.
Полиуретан едендернің ерешеліктері:
- жоғары иілмелігі, бұл қасиет арқасында ол ұрылымы және деформациясы жоғары жерлерде қолдана алады;
- төмен температураларға сондайақ температураның жиы ауысуына төзімді;
- еденді үнемі қолданатын, вибрациясы жоғары және абразив ауырпашылығы көп жайларда қолдануға болады;
- уақыт және ақша мәселесін үнемдейді.
Полиуретан құйылған едендер келесі жайларда орнатыла алады:
- азық-түлік (балық комплекстері, ет комбинаттар, май зауыттары) ;
- өңдрістік цехтар (станок және машина құрылымдар, ағаш өңдеу) ;
- ауылшаруашылық нысандарда (оранжереялар, жылтпа комплекстері, жануар және құстара арналған жайлар) ;
- қоймалар, терминалдар, сауда және көрме залдар;
- сақтаулар, мұздатқыш камералар, өңдірістік тоңазытқыштар.
Метилметакрилат едендер. Метилметакрилат шайырлары (ММА), негізінде метакрил және акрилды күрделі өнімдер. Бұл құрал полимерлік жүесі метилметакрилат шайырлары берік ұнтақпен қосылғаны арқасында мүмкін болды. ММА-шайырлары негізінде жұқа жабынды (бояулар), құйылған полимерлік едендер және әр түрлі төзмділігі жоғары құмы бар жоғары құйылған жүйе құрылымдарын жағу мүмкіншілік бар. Полимерлік жабынды едендердің құрамында ММА құралдар бар ерекшеліктер:
- суық температурада құйыға болады;
- адгездік жақсы сипаттамалары бар;
- толықтау қаталуы 30 дан 60 минутқа дейн;
- максималдық қатайыу 1 - 2 сағаттан кейін;
- экологиялық таза, зияны жоқ, азық-түлік өнеркәсіптігінде қолданылады;
- жөнделуі және жаңадан жасалуы жеңіл.
Құйылған едендер орнату қиын мәселе, үйткені нысан және еден талаптарын анықтау дұрыс болу керек, содан соң жиналған мәлеметке сайкес құралдар таңдалады. Метилметакрилаттық едендер көп салада қолданады: автомобиль және авиа құрылыс, ауыр, электрондық, жеңіл, фармацевтикалық және азық түлік өнеркәсіп, оптовтық және даналы сауда мекемелер, қойма комплекстері, спорт құрылымдар, сондайақ еден жабындылары қойылмайтын жайларда. Айтып өткен сипаттамалардың арқасында, және де қоспаның жеңіл дайындалуы ММА- жүесін өнеркәсіпте ғана емес жеке құрылыста да қолдануға мүмкіншілік береді.
Антистаттық едендер. Құрылыс саласында өзінің ерекше сипаттаалары арқасында антистаттық едендер өнеркәсіптік тарапта ерекше орын алады. Бұл едендердің ерекше көрсеткіші - электроөткізгіш деңгейі. Нақтырақ айтқанда антистаттық едендердің қарсылық сыбағасы төмен. Қарсылық сыбағасы төмен антистаттық едендер электр статикасы жоғары жерледрде қолданылады, үйткені бұл құбылыс тек шаңды ғана емес сондайақ өрт немесе жарылысты қоздыра алады. Антистаттық едендер компьютерлер, әр түрлі электроникасы бар және өрт қауыпты жайлар, «таза жайлар», (европалық стандарт бойынша) . Қарсылық сыбағасы төмен антистаттық едендер электро статикалық беделі болмау керек жайларда қолданылады, өйткені бұл құбылыс тек шаңды ғана емес сондай -ақ өрт немесе жарылысты қоздыра алады. Антистаттық едендер компьютерлер, әр түрлі электроникасы бар және өрт қауыпты жайлар, «таза жайлар». Антистаттық еденнің құрылымы: антистаттық едендер бірнеше контурлар бір бірімен қосымдылардан тұрады - тоқ өкізгіш, жерге тұйықтауыш және арнайы полимерлік тоқ өткізетін текшелер. Антистатикалық едендердің детальды конструкциясы:
- цемент-құмды немесе бетондық тегіс негіз;
- эпоксидты өткізгіш жабынды;
- мыс тоқ бұру өзі жабысқыш лента;
- аралық қабат - электроөткізгіш толтырғыш графиты бар эпоксидты құрам;
- эпоксид композициясы кіретін декоративті соңғы қабат.
Қауіпсіздік техника негіздері:
- жұмысшыларға жұмыс алдында арнайы киім берілу керек: комбинезон, қолғап, тізеқап;
- электр құрал саймандарымен жұмыс істеуде жұмысшыларға резеңке аяқ киім және қолғап беріледі;
- плиткаларды орнату кезінде жұмысшы қолғап және иықбау киер алдында қолын талькпен немесе бор ұнтағымен сүрту қажет;
- жұмыс соңында барлық электрлік жабдықтар өшірулі тұруын қадағалау керек.
Кесте 1
Жұмысты жасау кезінде болу мүмкін қателіктер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz