Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: «Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы»
( ЖШС «Deus Travel» компаниясының материялдары негізінде)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік шаруашылықтың алдыңғы қатарлы салаларының арасында туризмнің пайда болуы оның қоршаған орта және тұрақты табиғаты пайдаланудың жетістіктерімен өзара қарым-қатынастарын үлестіру қажеттігін туындатады. Бірден-бір салада (ауыл шаруашылығын қоспағанда) өндірістің жетістігі қоршаған ортаның жағдайына байланысты деген тығыз тәуелділік жоқ.
Бүкіл әлемдегі экологиялық жағдайдың күрт өзгерісі әлемдік шаруашлықтың экологиялық қауіпсіз салаларын дамыту, табиғат ресурстарын пайдаланудың альтернативті жолдарын іздеу мәселелерін қозғады. Осыған байланысты 1992 жылы жазда Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ң қоршаған орта және оны дамыту бойынша Конференциясы болып, онда маңызды құжаттар қабылданып, халықаралық келісімдер бекітілді. Қазақстан Рио-де-Жанейродағы Конференцияның қорытынды құжаттарына қосылып, елді дамыту жолына түсті.
«Экотуризм» термині тұрақты даму терминімен бір уақытта пайда болды. Экологиялық туризм әдемі ландшафтарға, олардың жабайы өсімдіктер мен аңдарына, солжердің мәдени этнографиялық ерекшеліктеріне сүйсіну (рақат алу) мақсатында адамның шаруашылық қызметінің қолы тимеген әрі ласталмаған табиғи аудандарына саяхат жасауды білдіреді. Сонымен қатар, ол экологиялық жүйелердің тұтастығын бұзбай, жергілікті тұрғындар үшін табиғатты қорғау пайдалы болатындай экономикалық жағдайларды туындатады.
Осылайша, экологиялық туризм қоршаған ортаның табиғи түйінді сақтауын, жергілікті тұрғындардың мүдделерін қанағаттандыра отырып, белгілі бір пайда әкелуін көздейді.
Экотуризмнің ажырамас сипаттамасы болып экологиялық білім беру табылады. Ол екі аспекті қамтиды:
1) ақпараттық - экологиялық заңдылықтар, аймақтақ мәдениет пен табиғаты, т. б. туралы білім алу;
2) этикалық - экологиялық менталитетті қалыптастыру - табиғат пен
дәстүрлі мәдениетті түсіну және құрметтеу, оларды сақтау қажеттілігін түсіну.
Тақырыптың өзектілігі былай түсіндіріледі, бүкіл әлемде экологиялық туризмнің кең танымал екендігіне қарамастан, біздің елде жалпы экотуризм дегеніміз не оны қалай дамыту керек, ол қандай табыс әкелетіндін бәрі біле бермейді. Қоршаған табиғи ортаның үдемелі деградациясының қазіргі дәуіріндегі экологиялық -туризмнің басты міндеті - табиғи ресурстарды рекреациялық пайдаланудың теңдігіне қол жеткізу. Экотуризмді дамыту. - туристік қызмет барысында экожүйеге теріс әсерлерді азайтудың жалғыз әрі жетілдірілген болып табылады.
Бүгінгі таңда экологиялық туризм әлемдік туристік саланың жаңа және қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі болып табылады.
Табиғатты пайдалану модельдерінің ауысуы экотуризмнің дамуымен байланысты, ол табиғат пен мәдениетті қорғауға, әлеуметтік және экономикалық дамуға себепші болады.
Бүгінгі күні, әсіресе Қазақстан Республикасы қазіргі заманғы тиімділігі жоғары туризм индустриясын көру міндетін шешу кезінде экологиялық туризмді дамыту мәселелерін қарастыру өзекті болып табылады. Республикамыздың территориясының көп бөлігін туристік мақсатта пайдалану ауылшаруашылық немесе өнеркәсптік мақсатта пайдалануға қарағанда табысты көбірек береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының дамуындағы экологиялық туризмнің ролін анықтау (Алматы облысы мысалында) .
Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер қарастырылады:
1) Экологиялық туризмнің қарастылып, қазіргі туризмді жіктеудегі экологиялық туризмнің орнын анықтау.
2) Қазіргі экологиялық туризмнің дамуының қазіргі жағдайын бағалау (Алматы облысы мысалында) ;
3) Алматы облысының экологиялық туризмнің негізгі проблемалары мен даму перспективаларын анықтау.
Зерттеу объектісі - Алматы облысы экотуризмнің рекреациялық ресурстары, пәні - Алматы облысы экотуризмін дамыту үшін рекреациялық ресурстарды аудандарға бөлу.
Қорғалатын жағдайлар:
- Туризм индустриясының перспективті бағыты ретінде экологиялық туризмнің ролін анықтау;
- Экологиялық туризмнің дамуының қазіргі жағдайын зерттеу оны Алматы облысының территориясында ұйымдастыру мүмкіндіктерін талдауға жол береді;
- Жиынтық туристік-ресурстық потенциалды бағалау мен аудандарға бөлу негізінде экологиялық туризмді дамыту мақсатында Алматы облысының перспективті аудандарын бөліп көрсету.
Жұмыстың практикалық мәні мынада: оның нәтижелері сәйкес министрлер мен ведомстваларға, экологиялық туризмді дамыту проблемалары мен айналысатын туристік ұйымдарға ұсынылуы мүмкін. Материалдар мен теориялық жағдайларды жоғарғы оқу орындарында «Экологиялық туризм», «Туризм және табиғатты қорғау» оқу курстарын оқытуда пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеден зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, практикалық пәні мен түсіндірілген.
Бірінші тарау «Экологиялық туризімнің теориялық негіздері» бөлімді қамтиды, онда ел дамуының қазіргі кезеңіндегі экологиялық туризмнің ролі қарастырылады.
Екінші тарау «Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының қазіргі жағдайы» (Алматы облысы мысалында ) біздің еліміздегі, әсіресе Алматы облысындағы экологиялық туризмнің дамыту мүмкіндіктрін бағалау мәселелерін қарастырады. Мұнда еліміздегі экотуризмді дамыту қажеттігі, оның бүгінгі күндегі мүмкіндіктері түсіндіріледі.
Үшінші тарауда «Алматы облысындағы экологиялық туризмді дамыту перспективалары» ресурстық потенциалға сипаттама беріліп, экологиялық туризмді дамыту мақсатында оларды бағалау жүргізіледі жұмыс барысында карталар әзірленіп, олардың негізінде экологиялық туризмді дамыту үшін перспективті аудандар айқындалды.
Қорытындыда автордың ұсыныстары мен негізгі түйіндер көрсетілген.
1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Экологиялық туризм туралы түсінік және оның Қазақстанның дамуындағы рөлі
Қоршаған ортаның жағдайының нашарлауына байланысты әлемдік шаруашылық барлық сфераларында табиғи ресурстарды пайдаланудың альтернативті жолдарын іздеу жүргізуде. Олардың басты ерекшлігі - қоршаған ортаға деген зянды азайту.
Туризм аясында түбірлі өзгерістер жүріп жатыр. Жыл сайын күшейіп келе жатқан турисік миграция табиғи ортаға қауіп төндіріп отыр. Бұл қауіптер танымал демалыс орталарында адамдардың шамадан тыс шоғырланудың нәтижесінде ландшафттардың жойылуынан, қоқыстар мен қалдықтардың жиналуынан, транспорт құралдарымен динамика тудыратын шудан көрінеді. Ауа мен судың ластануында туризмнің моторлануы үлкен орын алады. Экологиялық талаптарды есепке алмай жаппай туризмді дамыту табиғи кешендерді біртіндеп деградациялануына әкеледі.
Рекреациялық территорялардың деграциялану себептерінің бірі болып туристік ұсыныстың туристік сұраныстан артта қалуы табылады яғни объектілердің түрлілігі мен саны жоспардаға рекреациялық саланың жеткілікті деңгейде дамымауы әдетке айналған және бұрыннан белгілі аудандарда демалушылардың шамадан көп шоғырлануына әкеледі. Осыған байланысты көптеген елдерде туристік ағымды жоспарлық территориялық ұйымдастыру жүзеге асырылады, бұл табиғи кешендердегі теңдікті қамтамасыз ететін туризмнің осындай түрін дамытуға себепші болады. Туризмнің бұл түрі «Экологиялық туризм» деген атқа ие болды.
Туризмнің дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі экологиялық туризм ұғымы арқылы түсіндіріледі.
Біздің елде жалпы, экотуризм деген не, оны қалай дамыту керек және ол қандай табыс әкелетіндігін көбі біле бермейді. Қазіргі кезеңіндегі экологиялық туризмнің басты мақсаты - табиғи ресурстарды рекреациялық пайдаланудың тереңдігіне қол жеткізу.
Алайда, бүгінгі күнге дейін адам мен табиғит арасындағы өзар қарым-қатынастың тұрақты механизмдерін анықтаудың нақты критерйлері әлі табылған жоқ, сондықтан қоршаған ортаға қатысты қандай-да бір қызмет туралы сөз қозғағанда абай болып, оның салдарын зерттеп, қателіктерді тез анықтау керек.
Экологиялық туризмнің атағының таралуы осы қызметтерге деген сұраныстың артуы мен табиғатты қорғау қажеттілігінің шиеленісуінің үйлесуі мен анықталады. Экожүйелерді сақтау қажеттігін ескере отырып, экотуризм алаңының эколгиялық теңдігін ұстап тұрудың қайталанбас мүмкіндіктерін ұсынады.
Туризмнің осы саласының қызмет сферасын түсіну үшін, ең алдымен оның анықтамасына қатысты нақтылықтармен қамтамасыз ету керек. Экологиялық туризмнің анықтамасы әлі де даму үстінде, ол табиғи ортасы жақсы сақталған аудандарға саяхаттауға және жергілікті тұрғындардың тұрмыс халін жақсарту жағдайларын қалыптастыруға арналған ұсыныстарды қамтиды. Экотуризмнің түрлі анықтамалары бар. Кейбір мәліметтер бойынша «экотуризм» термині 1987 жылы Hector Ceballo-Lascurain енгізіп, келесі анықтаманы ұсынады:
Бұл әдемі ландшафттарға, оның жабайы аңдары мен өсімдіктері мен, басқа да мәдени ерекшеліктері мен сүйсінуге, тануға, таңдауға арналған объектілері бар қол тимеген және ласталмаған табиғи аудандарға қатысты саяхаттарды қамтиды.
Кейін келе, 1991 жылы АҚШ-та орналасқан Экотуризм қоғамы экотуризмнің өзгертілген анықтамасын ұсынады. Соған сәйкес, экологиялық туризм - жердің табиғи және мәдени - этнографиялық ерекшеліктерімен танысу мақсаттарында жақсы сақталған табиғи ортаға қатысты аудандарға саяхатты білдіреді. Бірақ ол экологиялық жүйелердің тұтастығын бұзбайды және жергілікті тұрғындар үшін табиғатты қорғау пайдалы болып табылатын экономикалық жағдайларды қалыптастырады. Біздің ойымызша, осы анықтама экотуризмнің мәнін толық аша түседі. Бірақ 1993 жылы Экотуризм қоғамы ұсынған анықтаманың тағы бір нұсқасы бар: «Бұл қоршаған ортаны сақтайтын және жергілікті тұрғындардың тұрмыс халін жақсартатын салалары». Басқаша айтқанда, экотуризм - бұл табиғаттың сақталуына себепші болатын қозғалыс. [10]
Экологиялық туризм мақсаттары әртүрлі ағымдарды қатиды: ғылыми зерттеуді жүргізуден бастап демалыс күндеріндегі қысқа мерзімді демалыстарға дейін. Кейбір экотуристік қайталанбас өсімдіктер қауымдастығы, мәселен, жаздағы гүлденген тундра немесе өлі табиғат объектілері (коньондар, үңгірлер және т. б. ) қызықтырады. Басқалары өздерінің бос уақыттарын Мексика жағалауына жұмыртқалайтын теңіз тасбақалары мен қолтырауындарды бақылау мен өткізеді. Үшіншілері -ғаламның алыс жерлеріндегі құстар мен сүтқоректілердің санағын жүргізеді. Шығыс Африка мен Азиядағы ірі жыртқыштар мен тұяқтыларды бақылауға деген қызығушылық жоғары.
Жоғарыда атап өткендей, «экотуризм», термині тұрмысқа жақында ғана енеді, бірақ демалыс түрі ретінде көптеген жылдар бұрын пайда болды XIX ғасыр басында еуропалық жабайы өмірді көру мақсатында Африка мен Индияға саяхаттаған. Алғашқы ұйымдасқан американдық ондитологиялық турлар XX жүзжылдықтың бірінші жартысында орын алса, Еуропадағы алғашқы орнитологиялық сапалар 1961 жылы туындады. Бүгін де экотуризм әрбір елде бірдей деңгейде дамуда.
Экотуризмнің туристік қызметтің дербес түрі ретінде қалыптасуы мен бөлінуімен қатар, оның туризмнің басқа түрлері мен жақындасуы байқалады. Жаппай туристік қозғлыста табиғатқа деген ұмтылыс байқалады. Суға түсу демалысы, круиз, іскерлік сапарлар кезінде табиғи немесе ұлттық - этнографиялық парктерге, қорықтарға жиі барып тұруға болады. Экотуризмнің шекарасы айқын емес, сондықтан сипаттау өте қиын. Бірақ, туризммен байланысты құбылыстардң тұтас жиынтығынан экологиялық секторды бөліп алудың екі тәсілі бар[11] .
Біріншісі туризмнің негізгі объектісі ретінде жабайы табиғаттың болуымен түсіндіріледі. Көптеген авторлар табиғит пен дәстүрлі мәдениет арасындағы шекараны жүргізудің күрделілігін атап өтеді, соңғысын табиғат пен бірге экотуризмнің объектілеріне енгізген. Осыған қарамастан бұл ұғымның мәні әліде толық ашыла түспеді. Табиғатта демалу мақсатындағы туризм өте кең таралған. Бұл әсіресе дамыған елдерге тән, онда экотуристік қызметтегрге деген үдемелі сұраныс тарихи-мәдени мұраларға бару, ауылды жердің табиғатында демалу есебінен қанағаттандырылады. Осыған байланысты мұндай туризм экологиялық қатарларда есептелік, табиғатты қорғау, дәстүрлер мен экономикалық дамуды экологиязациялауда оның мәні шешуші болып табылады. Мұндай туризмнің мысалы ретінде агротуризмді атауға болады.
Екінші тәсіл бірінші орынға экотуризмді қояды, зкотуризм дәстүрлі туризмге қарағанда табиғи ресурс сыйымдылығынсыз болып келетін, қолданылатын табиғи және басқа да ресурстардың деграциялануына әкелмейтін туризм. Бұл жағдайда «экологиялық» термині, «тұрақты» терминмен теңестіріледі, ал туризм объектілері табиғи, тіпті жасанды да болуы мүмкін. [13]
Осылайша, экологиялық туризмнің шекарасын нақтылау өте қиын. Табиғи бағытталған (объектілер бойынша) туризм ресурстарды тұрақты пайдалануды қалай болса солай жүргізу, қажетті басқару мен жоспарлаудың жоқтығына қарамастан дамуы мүмкін. Мұндай тәжірибе «экотуризм» терминінің беделін түсіреді. Туристік технологиялық тізбектің (транспорт, тұрмыстық қызмет көрсету және туризм объектілерімен танысу бойынша қызметтер) «тік интеграция» деп аталтын жағдайдағы қоршаған ортаға деген әсерді бағалау үшін осы үш буынды есепке алу керек. Мысалы, транспорттық қызметтерді табиғи бағытталған туризмге жатқызу оңай емес. Дәстүрлі түрде тұрақты деп есептелетін туризм болашақта жорамалданбаған теріс салдарға әкелуі мүмкін сол себепті жоғарыда аталған екі тәсілді үйлестііру керек 1 кестеде тұрақты дамудағы экотуризмнің ролін бағалау үшін «экологиялық» терминін түсіндіретін туризм көрсетілген.
Алынатын пайда ресурстарды жаңарту (сақтау) және өндіріс үрдісінің қоршаған ортға және ресурстардың сапасына теріс әсерін жою кезінде туризмнің тұрақтылығына қол жеткізуге болады. Әйтпесе ресурстардың деграциясынан құтылу мүмкін емес. Мұнда қоршаған орта мен ресурстар кең мағынасында түсіндіріліп, табиғи және антропогендік компоненттерді де қамтиды.
Экотуризмнің ажырамас сипаты - бұл экологиялық білім. Осы екі аспектті қамтиды:
1) ақпараттық - территориялық табиғат пен мәдениет, экологиялық заңдылықтар туралы білім алу;
1- кесте Экотуризм тұрақтылығын бағалау
Экотуризм объектілері
Туризмнің
тұрақтылығының
градациялары
[7]
2) Этикалық - экологиялық менталитетті қалыптастыру - табиғат пен дәстүрлі мәдениетін құрметтеу, оларды сақтау қажеттігін түсіну.
Осылайша, экологиялық туризмнің объектілері болып тірі және өлі табиғаттың түрлі көріністері, дәстүрлі мәдениет пен мәдени мұралар табылады. Экотуристердің ұсынатын негізі мақсаттары - объектілерді тану, табиғатта демалу, спорттық туризм. Бұл туризмнің танымдық және белсенді демалыспен байланысты элементтерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Экологиялық туризм - соңғы он жылдықта бүкіл әлемде кең таралған, қазіргі туризмнің жаңа бағыттарының бірі. Бұған экотуризмді дамыту бойынша белгілі халықаралық ұйымдар; жабайы табиғаттың бүкіл әлемдік қоры (WWF), табиғат пен табиғат ресурстарын қорғаудың халықаралық одағы (JUCN) куә болады.
Сонымем қатар халықаралық және аймақтық деңгейде экотуризмді дамыту жөнінде конгресстер, семинарлар, симпозициялар өткізіліп, туризм түрлерінен экологиялық туризмді таңдаған фирмалар саны өсіп келеді.
Экотуризмнің беделінің өсуі тек қоршаған орта жағдайының нашарлауымен ғана емес, сонымен бірге адамның тіршілік ортасының жедел өзгеруімен, жүйке-психологиялық жүйкелері мен байлнысты болады.
Кейбір бағалаулар бойынша, әлемдік туризмнің тұтас нарығының 20%-ға жуығы экотуризмнің үлесіне тиеді екен.
Әдеттегі туризм мен экотуризмнің арасындағы айырмашылық неде?
Біріншіден, экотуризм бұл - табиғи ортасы жақсы сақталған жерлерге бару. Мұндай жерлерге қорықтар, ұлттық табиғи парктер және т. б. Қорғалатын табиғи территориялар жатады.
Екіншіден, экотуризм ең таза табиғат тұтынушысы болып табылады. Экотуристердің табиғатты эксплутациялау технологиясы мынадай: олар пайдалы ресурстардың көп бөлігін көру арқылы (табиғи көрікті жерлерді көру, пейзажға сүйсіну, өсімдіктер мен жануарлар әлемін бақылау), есту арқылы (құстардың әнін, судың сылдырын, жапырақтардың сыбдырын), иіс сезу арқылы (ормандар мен шалғындардьң иісі), сезу арқылы (өзен суының салқындығы) алады. Осы себепке байланысты экотуризм әлемнің ерекше қорғалатын табиғи территориясы ООПТ шегінде табиғат - ресурстарын пайдаланудың жалғыз түріне айналды.
Үшіншіден, экотуризм ООПТ-дағы туристік тәртібін қатаң регламенттеп, тәртіптің аса қатаң ережлері (турист гид-аудармашымен бірге арнайы жолмен жүру керек, өсімдіктерді жұлмау керек, шуламауы тиіс және т. б. ) айқындайды. Оларды орындау экологиялық туризмнің сәтті дамуының шарты боп табылады.
Төртіншіден, экотуризм ұлттық салт - дәстүрлерді жандандыруға себепші болатын ұлттық өнер түрлерін, қолөнерді дамыту арқылы, сонымен қатар қызмет көрсетуші персонал ретінде жұмыс істейтін жергілікті тұрғындардың тұрмыс халін жақсарту мүмкіндігін береді. Мұның бәрі халыққа белгілі бір табыс әкелетін, оның әлеуметтік - экономикалық дамуына себепші болады.
Экотуризмнің жаппай туризмнен ерекшеленетін өзгешіліктер сияқты экотуристер де жаппай туристерден ерекшеленеді. Жаппай туристер жеке немесе ұйымдасқан түрде атақты жерлер, көп жағдайда өз елі шегінде саяхаттайды. Ал экотуристер адам көп өзгеріс енгізбеген жерлерге барады, олар шектелген қолайлылыққа және саяхаттың қарапайым шарттарына төзімдірек келеді. [6]
Бірқатар авторлар экотуристерді мүдделерінің деңгейіне байланысты топтастырады; Мысалы, Lindberg (1991 жыл) экотуристердің 4 тобын бөліп көрсетті:
- бірінші топқа табиғат өмірін зерттеумен айналысатын ғылыми зерттеушілер, білім мекемелерінің мүшелері жатады;
- екінші топты берілген жердің тарихын тану, жабайы табиғаттың өмірін бақылау мақсатында қорғалатын табиғи территоряларға сапар шегетін туристер құрайды;
- үшінші топқа ерекше саяхат жасау үшін табиғаттың алыс түкпірлеріне баратын адамдар жатады;
- төртінші топқа табиғатқа баруды үлкен сапалардың ажырамас бөлігі деп санайтындар жатады.
Экологиялық туризм кеңістік құбылыс ретінде түсіндріледі. Оның дамуы экологиялық маршруттар өтетін жерлердегі халық қоныстанған жерлердегі инфрақұрылымының жақсаруына, халықтың жұмысбастылығының өсуіне себепші болады. Нәтижесінде табиғатты қорғау қорының тұрақты көзіне айналады.
ООПТ-ң қолдауымен экотуризм табиғатты қорғауға үлкен үлес қосады, бұл ғаламдағы экологиялық теңдікті ұстап тұруда үлкен орын алады. Бірақ табиғи территорияларына тек өндірістің дамуы нәтижесінде ғана емес, сонымен бірге туризмнің қарқынды дамуына байланысты келушілердің қаптауы нәтижесінде ластану қаупі туындап отыр.
Қайталанбайтын үрдістерді туындататын экологиялық дағдарыс табиғи сұлулықтың тез жойылуына себепші болады. Руссо дұрыс айтқан: адамның қолы тигеннің бәрі өз құндылығын жоғалтады. Жабайы табиғаттың сұлулығы тек қорықтарда, ұлттық парктерде, қорғалатын ландшафттрда, аймақтық ландшафттық парктерде және т. б. қорғалатын аймақтарда қорғалатындай күн туады. Бұның сирек және жоғалуға жақын өсімдіктері мен жануарлары бар қайталанбас ландшафттарды қорғау міндеті қойылса, бүгінгі күні - экологиялық туризмді дамытуға негіз болатын, табиғи ландшафттардың рекреациялық, мәдени - тарихи қасиеттерін дамыту және қалпына келтіру міндеттері қойылған.
Сонымен бірге қатаң қорғалатын жерлерде сақталған табиғаттың бүкіл қайталанбас ерекшелігін адамдарға көрсетіп, соның мысалында адамдарды табиғатты мәпелеп ұстауға тәрбиелеу керек.
Қазіргі туризмнің барлық түрлерінің ішінде экологиялық туризм ғана жоғарыда аталған міндеттерді шешуге қабілетті. Туризмнің бағыттарының бірі бола отырып, экологиялық туризм қоршаған ортаға аса жақын. Сондықтан ол «адам-табиғат» жүйесіндегі дұрыс қатынастарды қалыптастырудың жалғыз байланыстырушы буыны болып табылады.
Мысалы: АҚШ-тың қорықтары мен ұлттық парктерінде келушілердің ландшафттық стетикалық түсінуін жақсарту үшін табиғатты түсіндірудің арнайы әдістемесін әзірледі. Оның көмегімен қорық немесе ұлттық парк қызметі келушілерге паріктің, оның табиғи және мәдени ортасының «тілін» аударып береді.
Экотуризм экологиялық білімі мен тәрбиесіне себепші болады.
Экотуризмдегі экологиялық білім беру және тәрбиелеу үрдісінің ерекшелігі: ол өнегелі ғибратты емес, ақпаратты, қоршаған ортадағы мінез - құлық нормаларын мәжбүрлі емес негізде құрылады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, экологиялық туризм сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануаларды қорғаумен байланысты.
Экологиялық туризмде экономикалық даму перспективалары бар екендігін атап өткен дұрыс. Туристік ағымның өсуі әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануда өз үлесін қосады: - ғаламның ресурстарын аса тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін үрдіс.
Экологиялық туризм адам мен табиғат арасындағы дұрыс қатынасты қалыптастыруга себепші болумен қатар туристерді қабылдаушы ел үшін шетелдік валюта түсімінің бір көзі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz