Әлеуметтік институт және процесс



Жоспар

Кіріспе
I. Негізгі бөлім. Әлеуметтік институт түсінігі
1.1. Әлеуметтік институттар түсінігі.
1.2. Институттың дамуы мен қалыптасуы және оның түрлері.
1.3. Әлеуметтік институттардың қызметтері.
II. Әлеуметтік процесс түсінігі
2.1. Әлеуметтік процесс ұғымы мен түрлері.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе

Кез келген әлеуметтік институт сол немесе басқа қажеттіліктерді атқара отырып пайда болады және қызметтеледі. Егер мұндай қажеттілік мыңызды емес болса немесе жоғалып кетсе, онда институттың өмір сүруі мәнсіз, мығынасыз болып қалады.
Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдастық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын – біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді.
Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді реттелген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады.
Әлеуметтанушылар «институт» ұғымын құқықтанушылардан алып, оны терең әлеуметтік мазмұнмен толықтырған. Ол базалық әлеуметтану ұғымдарының бірі болып табылады, теориялық тұжырымдамаларды құру мен шынайы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды талдауда оны айналып өту мүмкін емес.
Әлеуметтік институт деп, көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізгі мақсаты – жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру.

I. Негізгі бөлім. Әлеуметтік институт түсінігі
1.1 Әлеуметтік институттар түсінігі

Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ш.Қ. Қарабаев, «Әлеуметтану негіздері»

2. Ұ.Е. Сыздықов, Ц.Р. Розенберг «Инженерлік еңбектің соцологиясы»

3. М.М. Тәжин, «Әлеуметтану» Оқулық //

4. Б.Ғ. Шынтемірова, Т.Т. Шайхиева «Әлеуметтану»

5. Человек и общество // Социально-политические науки 1992 № 8

6. Н.Смелзер. Соцология М.1994

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
I. Негізгі бөлім. Әлеуметтік институт түсінігі
1.1. Әлеуметтік институттар түсінігі.
1.2. Институттың дамуы мен қалыптасуы және оның түрлері.
1.3. Әлеуметтік институттардың қызметтері.
II. Әлеуметтік процесс түсінігі
2.1. Әлеуметтік процесс ұғымы мен түрлері.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Кез келген әлеуметтік институт сол немесе басқа қажеттіліктерді
атқара отырып пайда болады және қызметтеледі. Егер мұндай қажеттілік
мыңызды емес болса немесе жоғалып кетсе, онда институттың өмір сүруі
мәнсіз, мығынасыз болып қалады.
Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдастық қоғамнан қазіргі
заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын
адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын – біріктіру, қорғау,
қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б.
орындай алмас еді.
Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары
мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың
мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде
құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас
туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді
реттелген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа
беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады.
Әлеуметтанушылар институт ұғымын құқықтанушылардан алып, оны
терең әлеуметтік мазмұнмен толықтырған. Ол базалық әлеуметтану ұғымдарының
бірі болып табылады, теориялық тұжырымдамаларды құру мен шынайы қоғамдағы
әлеуметтік қатынастарды талдауда оны айналып өту мүмкін емес.
Әлеуметтік институт деп, көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің
тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізгі
мақсаты – жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі
қажеттіліктерін қанағаттандыру.

I. Негізгі бөлім. Әлеуметтік институт түсінігі
1.1 Әлеуметтік институттар түсінігі

Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи
қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты -
жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін
қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін
сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың
өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен
корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды
және оларды сақтап отырады.
Әрбір институт:
- белгілі бір қызмет аясын;
- белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық немесе
басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын;
- ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары мен
принциптерін;
- қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды (қоғамдық
ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) қамтиды.
Институт ұғымы көп мағыналы, латын тілінен аударғанда құрлым деген
мағынаны білдіреді. Оның екі түрлі мағынасы бар, тар мағынады, яғни
техникалық, жоғарғы оқу орындарының аттары, ал кең мағынада, яғни
әлеуметтік қоғамдық қатынастардың анықталған айналымындағы құқық
нормаларының жиынтығы. Мысалы: неке институты. Өздерінің күнделікті
өмірлерінде адамдар институт ұғымында әртүрлі әлеуметтік бірлестіктерді
түсінеді. Ол білім беру және ғылыми ұғымдар мен ерекшеліктер, кез-келген
ірі мақсаттық ұйымдар болуы мүмкін. Кейбір ғалымдар бұл ғылымды тек қана
ірі масштабты ұйымға қолданады. Егер топ дегеніміз бір-бірімен қарым-
қатынас жасайтын индивдтердің жиынтығы болса, ал институт дегеніміз адамзат
қызметінің анықталған салдарында ғана болатын әлеуметтік нормалар жиынтығы
мен әлеуметтік байланыстар жүйесі. Тағы бір анықтамасы, әлеуметтік институт
дегеніміз қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамдық
құндылықтар мен процедураларды біріктіретін әлеуметтік нормалар мен
байланыстардың ұйымдастырылған жүйесі. Бұл анықтама бойынша қоғамдақ
құндылықтар дегеніміз қоғамдық процедураларда бөлінетін идеялар мен
мақсаттар, ал қоғамдақ процедуралар дегеніміз топтық процестердегі
стандартталған тәртіп үлгілері, ал әлеуметтік байланыстар жүйесі дегеніміз
сол тәртіп жүзеге асырылатын рөльдер мен статустардың қиылысуы. Мысалы,
отбасы институты мыналарды қамтиды, біріншіден қоғамдық құндылықтар
жиынтығын, яғни махаббат, балаларға қарым-қатынас, отбасылық өмір,
екіншіден қоғамдық процедуралар жиынтығын, яғни балаларды тәрбиелеу
қамқорлығын, отбасылық ережелер мен міндеттерді, үшіншіден, рөлдер мен
статустардың қилысуын, яғни ерлердің, әйелдер мен балалардың ж.т.б. отбасы
мүшелерінің статустары мен рөлдері.
Институт ұғымы социологиядағы негізгі тақырыптардың бірі,
сондықтан институционалды байланыстарды зерттеу соцологияның алдындағы
негізгі ғылыми міндеттердің бірі болып табылады.
Кез келген әлеуметтік институт сол немесе басқа қажеттіліктерді атқара
отырып пайда болады және қызметтеледі. Егер мұндай қажеттілік мыңызды емес
болса немесе жоғалып кетсе, онда институттың өмір сүруі мәнсіз, мығынасыз
болып қалады.
Сонымен қатар, қоғамда мыңызды қажетті инстиуттар бар.
Социолгтардың есептеуінше мұндай инстиуттар бесеу:
Отбасы, саяси, экономикалық, білім беру және діни институтар. Сонымен
қатар, ғылыми өмірдің құндылықтары мен процедуралары мыңызды жоғарғы
стандартты болғандықтан, мыңызды институттардың қатарына ғылым институтын
жатқызуға да болады. Әлеуметтік қызмет пен медицина да қатаң бекітілген
тәртіп үлгілері мен нормаларымен анықталмағандықтан, әлеуметтік статустар
мен рөлдер жүйесін иемденетіндіктен институттарға жатқызылады.
Институттар байланыстар мен тәртіп жүйелерінің жиынтығы бола отырып,
адамдардың қажеттіліктерімен анықталады. Адамдар институционалды нормалар
көмегімен өздерін топтар мен ассоцияларға ұйымдастырады. Сондықтан әрбір
институтқа институционалды тәртіпті анықтайтын көптеген топтар мен
ассоциацияларды кіргіземіз. Мысалы, отбасы институты жеке кіші топтар
қызметінде іс-тәжірибеде бейнеленетін анықталған нормалар мен рөлдердің,
байланыстардың жиынтығы. Білім беру институты мектептер мен басқа да оқу
орындарының ұжымдарымен жүзеге асырылады. Шіреку, Мешіт институт болып
саналады, ал оған келушілер ассоциация болып табылады.

1.2 Институттың дамуы мен қалыптасуы және оның түрлері

Басқа әлеуметтік институттардан тыс өмір сүретін әлеуметтік
институттар жоқ. Олардың іс-әрекеті жалпы мәдениет жағдайынан оның
байланыстары мен қатынастары түсіндірілмесе институттың көптеген
байланыстарын талдау институтың мүмкін тәртібін толық бақылауға неге сирек
қабілетті екенін, олардың іс-әрекетін институттарды идеялар мен нормалар
мен біріктіру керек.
Басқа әлеуметтік институттардан бөлініп қызмет ететін
институттар жоқ. Кез келген әлеуметтік институтардың қызметін оларды барлық
байланыстары мен қатынастарын жылпы мәдениет пен топтардың субьмәдениеті
тұрғысынан түсіндірмей, оларды ұғынуы мүмкін емес. Дін, билік, білім,
өндіру және тұтыну, сауда, отбасы осы институттардың барлығы тығыз қарым-
қатнаста. Мысалы, өндіру жағдайы жаңа отбасыларының (қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін) олардың жаңа пәтердегі, болмыс заттарындағы және т.б.
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен құрылды. Ал білім беру жүйесі
білім мекемесінің дамуының мүмкін перспективаларын қолдайтын биліктік
институттың қызметіне тәуелді. Оқытушы, отбасы мүшесі, ерікті ұйымның
маңызды мақсаттарға қол жеткізуде табысқа немесе сәтсіздікке апаруы мүмкін.
Көптеген инстуттардың байланысын талдау неліктен өздерінің
мүшелерінің тәртібін толығымен бақылау жағдайлары және олардың іс-
әрекеттерінің институттарды идеялар мен нормалармен сәйкестендірілуі аз
кездесетінін түсіндіреді. Мысалы, мектептер барлық оқушылар үшін
стандарттық оқу жоспарларын қолдануы тиіс. Бірақ оларға оқытушылардың
бақылау жоспарына жатпайтын көптеген факторларға тәуелді, қызық
әңгімелесулер өткізіп, көптеген әдебиеттерді талқылайтын отбасылық
қызығушылықтары, теледидар көруге бейім отбасының интелектуалды
қызығушылықтары басым болады.
Индивиттерге берілген рольдер жүйесін бір қалыпқа келтіру қажеттілігі жеке
институттар арасындағы келісім шарт жолымен қанағаттануы мүмкін. Мысалға,
өнеркәсіп пен сауда кез келген өркениетті елде салықты реттейтін және осы
институттың арасындағы алмасуды қарастыратын үкімет қолдауына тәуелді. Ал
үкімет оның нормативті актілік экономикалық қолдайтын өнеркәсіп пен саудаға
тәуелді.
Сонымен қатар қоғамдық өмірдегі кейбір әлеуметтік институттың
маңыздылығын есепке ала отырып, басқа институтар маңыздылығын есепке ала
отырып, басқа институтар олардың қызметтерін бақылауға алады. Мысалы, білім
беру қоғамда маңызды рөл ойнайды, осы институтқа әсер етуге саяси
ұйымдардан, өндірістік ұйымдардан, діни ұйымдардан байқалады. Саясаткерлер
патриоттық сезім мен ұлттық сезімді қолдау үшін мектептің дамуына қатысады.
Ал, діни институтқа білім беру жүйесінің көмегімен оқушыларды өздерінің
қағидаларын ұсынуға шақырады. Өндірістік ұйымдар оқушыларды өндірістік
мамандықтарды меңгеруге бағыттайды, ал әскери ұйымдар әскерде табысты
қызмет етіп, адамдарды тәрбиелейді.
Басқа институтта отбасы институтына әсер ету туралы айтуға болады.
Мемлекет некелер мен ажырасудың балалардың туылудың санасын реттей отырып,
балалардың минемальды қамқорлықтарын бекітеді. Мектепке ата-аналардың
қатысуымен мұғалімдер кеңесін құрып, ата-аналар комитетін шақырады. Діни
мекемелер отбасылық өмірінің идеясын құрып, діни өлкеде отбасылық іс-
шараларды өткізуге тырысады.
Көптеген институтардың рөльдер мен тұлғалардың бірнеше институттарға
кетуіне байланысты жанжалдасады. Мысалы, карьера мен отбасын алсақ. Бұл
жағдайда бірнеше институтық нормаларының ережелермен қақтығысамыз.
Социологиялық зерттеулер бойынша әрбір институт өзіне кіретін индивиттердің
басқа институттарда рөлдерді атқаратын жоғарғы дәрежеде болдырмауға
тырысады.

1.3. Әлеуметтік институттардың қызметтері

Институттар әрдайым қоғамдағы өзгешеліктерге бейімделеді.
Бір институтарға өзгеріс ереже бойынша басқа институт өзгеріске әкеледі.
Отбасылық дәстүрлердің әдеп-ғұрыптардан тәртіп ережелері өзгергеннен кейін
институттың қатысуымен осындай өзгешеліктерді әлеуметтік қамтамасыз етуде
жаңа жүйесі құрылады. Шаруалар ауылдан қалаға көшкенде өздерінің
субьмәдениетін саяси институтың, заңды ұйымдардың іс-әрекеттерінен өзгеруі
тиіс. Саяси ұйымдардағы кез-келген өзгеріс біздің өміріміздің барлық
жауабына әсер етуіне біз үйреніп қалғанбыз. Басқа институтарға өзгерусіз
құрылатын институттар және олардан жеке өндіріс институтар жоқ. Қоғам
күрделі әлеуметтік құрылым және оның ішінде әрекет еруші күштер өте тығыз
байланысқан. Осыған байланысты институттардың анық қызметтері
институттардың белгіленген мақсатының бөлігі ретінде сезіледі. Жалпы
алғанда, кез келген әлеуметтік институттардың негізгі қызметтері әлеуметтік
қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады. Бірақ бұл қызметтердің
жүзеге асырылуына әрбір институт адамдардың бірлескен қызметтерін
қамтамасыз ететін, қажеттіліктерді қанағаттандыруға тырысатын қызметтерді
атқарады. Оларға мыналар жатады:
-Қоғамдық қатынастарды дамыту және біріктендіру қызметі.
Әрбір институттың өзінің мүшелерінің тәртіптерін бекітетін және сол
тәртіпті реттейтін ережелер мен нормалар жүйесі бар. Осығын сәйкес
әлеуметтік бақылау институттардың әрбір мүшесінің қызметі қалай жүріп
жатқанын көрсетеді. Институт қоғамның әлеуметтік құрлымының тұрақтылығын
қамтамасыз етеді.
-Регулятивті қызметі.
Мұнда әлеуметік институттардың қызметелуі қоғам мүшелерінің арасындаға
қарым-қатынасы реттеуді қамтамасыз етеді. Адамдардың барлық мәдени өмірі
оның әртүрлі институттарға қатысуымен жргізіледі. Ол қандай қызметпен
айналысса да оның сол саладағы тәртібін реттейтін институтпен қақтығысады.
Егер қандай да бір қызмет реттелмесе, адамдардың өздері оны
институтциялайды. Сондықтан институтардың көмегімен адамдар әлеуметтік
өмірде стандартталған тәртіпті бейнелейді.
- Интегративті қызметі.
Бұл қызмет институционалды нормалар мен ережелердің, рөлдердің әсерімен
жүретін әлеуметтік топтардың мүшелерінің бір біріне тәуелділігі мен
жауапкершілігінің қақтығысу процесін қамтиды. Институттардың көмегімен
жүзеге асырылатын интегративті процестер билікті жүзеге асыру үшін, күрделі
ұйымдарды құру үшін, адамдардың жүйеленген қызметі үшін қажет. Интеграция
дегеніміз ұйымның жандану жағдайы мен оның мүшелерінің мақсаттарының
сәйкестену әдісі.
-Трансляция қызметі.
Әрбір институт жаңа адамдармен толығып отырады. Бұл институттың әлеуметтік
шекараларын кеңейтумен және ұрппақтың ауысып отырумен байланысты. Осыған
байланысты әрбір институтта оның құндылықтары мен нормасына дағдыланып
қалған механизмдер бар.
-Коммуникативті қызметі.
Институтта шығарылған ақпарат, институт ішінде және институттың арасында да
таралуы тиіс. Коммуникативті байланыстың өзінің спецификасы бар. Бұл
институттардың рөлдер жүйесінде жүзеге асырылатын формальды байланыстар.
Зерттеушілердің айтуынша институттың коммуникативті мүмкіндіктері бірдей
емес: Мысалы біреулер арнайы ақпарат беруге арналса (БАҚ), ал басқаның
бұған мүмкіндіктері өте аз. Бір институттар ғылыми мәліметтерді қабылдаса
(ғылыми институтар) ал басқалары әлсіз қабылдайды. Институттың ашық қызметі
өте қажетті. Олар кодекстерде жазылады, статустар мен рөлдер жүйесінде
бекітілген. Егер институтар ашық қызметтерді ақтармаса, ол
дезорганизацияланады.
-Латентті қызметі.
Латентті қызметті қолдануда американдық оқулықтарда Генри Фордтың қызметі
келтіріледі. Бұл адамның негізгі мақсатынан тыс, жоспарланбаған нәтижелері
және олар қоғам үшін маңызды болуы мүмкін.
Әлеуметтік өмірдің ақиқат бейнесін ғана біз институтың латентті
қызметін зерттеу көмегімен анықтай аламыз. Латентті функциялар әлеуметтік
құрлымды зерттеушілерді қызықтыруы тиіс. Оларды танудың қиындығы әлеуметтік
байланыстыр мен әлеуметтік обьектілердің ерекшелігін құрумен анықталады.
Қоғамның оқу, білім құбылыстарын, процестерін жалпы әлеуметтанудың арнаулы
теориясы-білім әлеуметтануды зерттейді. Ол білім жүйесінің белгілі бір
заңдылықтары арқылы жеке әлеуметтік институт ретінде дамуын, оның қоғаммен
және оның алуан түрлі салаларымен, басқа да әлеуметтік институт ретінде
дамуын, оның қоғаммен және оның алуан түрлі басқа, да әлеуметтік
жүйелерімен, процестермен, институттармен әр түрлі қарым-қатынасын,
байланысын талдайды. Сонымен қатар білім жүйесі қоғамның әлеуметтік
құрлымына, қоғамдық қатынастарға, еңбектің өнімділігіне, өндіріске және
басқа іс-қызметтің тиімділігіне әсерін, жеке адамға тұлғаға айналдырудағы
интелектуальды, білім процесінің рөлін, адамның табиғат және қоғам туралы
білімді, озық тәжірбиені игеріп, бойына сіңіріп, оның үйлесімді дамуын,
білім деңгейінің қызметке жұмысқа, тәртіпке әсерін, адамдардың ғылыми
көзқарасының қалыптасуын, адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайының өзгеруін,
т.б. талдап зеріттейді.
Құқықтық әлеуметтік институт болып, қоғамдағы алуан түрлі
қатынастарды реттейді. Қоғамдағы тәртіпті, әлеуметтік бірлікті,
тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Қоғамдық ой-пікір әлеумет зерттеушілердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ұғымы және оның қалыптасуы
Әлеуметтік процесс қоғам дамуының негізі ретінде
Әлеуметтанудың институттары мен процестері
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету
Әлеуметтану обектісі
Әлеуметтану ғылымы туралы ақпарат
Әлеуметтік институттар және әлеуметтік үдерістер
Білім беру - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі
Қазақстан Республикасының азаматтық институттарың анықтау
Пәндер