Қаржылық есеп. Тәуелді шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі ... ... ... ... ... ... ..9

2.1 Тәуелді шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі ... 10

2.2 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13

2.3 Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі ... . 14

3. Қаржылық инвестициялардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдықбөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму зандылықтарын зерделеу және зертгеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ержанов М.С., Ержанова А. М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003 г. Аудиторская фирма Ержанов и К.''

2. Кириянова З.Ф., ''Теория бухгалтерского учета'' Москва: ''Финансы и статистика'', 1996 г (192 стр);

3. Радостовец В.К.,Радостовец В.В., Шмидт О.И., ''Бухгалтерский учет на предприятии'' Алматы: ''Центраудит – Казахстан'', 2002г, (728 стр);

4. Радостовец В.К. Финансовый и управленческий учет на предприятии. – Алматы: НАК «Центраудитң 1997

5. Хорнгрен Ч.Т., Дж. Фостер Бухгалтерский учет: управленческий аспект. Москва: Финансы и статистика, 1995

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі 4
2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және
тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі 9
2.1 Тәуелді шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі 10
2.2 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі.
13
2.3 Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі 14
3. Қаржылық инвестициялардың есебі 15
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп
Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі
бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы
қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған
ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның
нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші
субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша,
сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру
мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын
азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға),
оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға
мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық
құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және
тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен
мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және олардың құрылымдықбөлімшелерінің қызметін жедел басқару
үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел
экономикасының даму зандылықтарын зерделеу және зертгеу экономикалық
тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі

Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып,
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты —
түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе
таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны
өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі
капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде
қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны
жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық
және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және
материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар
(мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық
инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық
инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық
бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді - ақшалай және күрделі
(капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға:
вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы
бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен
қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан
аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын
(қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін
куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
- бағалы қағазды ұсынушыға - құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың
иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына
тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа
адамға қарапайым жолымен қолына береді.
- атаулы бағалы қағаздар - белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы
қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін
белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар
бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес,
ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
- ордерлік бағалы қағаз - ол ең алғашында иемденушінің атына немесе
оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға
түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп -
индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана
емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан
алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге
болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және
негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз
міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық
облигациялар, векселдер жатады.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін
иемденуге құқық береді, оларға эмитентгердің барлық типтеріндегі акциялары
тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен
Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару
органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық
жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық-
шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен
қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондтық (акциялар,
облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер,
кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен)
ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда
операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру
процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды
нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу
мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым
шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар
сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емее бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше
алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар
қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды
тек эмитентгің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы
қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып
алу және сату мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы
қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен
сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді
бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі — бір күннен бастап бір жылға дейін
болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем
тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі
жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық
векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге
ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы
мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен
облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т.б.) және
негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шартты
бағалы қағаздар болып белінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер,
сатып алу құқығының артықшылығы).
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес
басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және
қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін)
жіктелуі мүмкін.
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жүмыс істей жүріп салымдарды
тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор
қаржылық активтердің әр түрлісін алуға үмтылуы керек. Бұл салымдардың
тәуекедцілігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын
бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының
нарыктық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше
компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы
неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер
инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса,
онда ол инвестициялық (фондылық) портфель деп аталатын бағалы қағаздардың
жиынтығымен байланысты болады.
Қоржындық (портфельдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі
бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері
әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы
қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің
құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай
тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы
қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.
Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы
тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар
типін.
Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді
қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип —
өсім қоржыны, екінші тип — табыс қоржыны.
Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивидендтер мен
процентгер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық (курстық)
өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін
акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара
қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан, тағы да басқа қоржынның
түрлерін, атап айтқанда: агрессивті, консервативті және орташа өсімін бөліп
көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың максималды өсіміне
бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді,
бірақ эмитент-кәсіпорындардың дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін.
Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін жас компаниялардың акцияларымен
көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен ірі, жақсы
белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай қоржынның
тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде агрессивті
қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық касиеттері болады.
Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас
кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті жоғары табысқа
және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.
Қоржындардың екінші типі дивидендтер мен проценттер есебінен табыс алу
болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған
табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге
тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде
сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың
инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақшалай және
облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржындар:
айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады. Мұндай қоржын оны
құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық коньюктурасы мүмкіндік беретін
болса, онда оларға жай акциялардың өзі де, қосымша табыс әкелуі мүмкін.
Басқаша жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде
ғана табыспен қамтамасыз етіледі.
Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан
тұрады. Оның құрамына ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді.
Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік
валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік
кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың
есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс
әкеледі.
Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен
бағамдары әсер етеді. Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие.
Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және
мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.
Мерзімі шектелген қоржын тек табыс табуға талпыныс жасап қана қоймай,
алдын ала уақыты белгіленген кезеңнің шегінде табыс алуды көздейді. Ал
мерзімі шектелмеген қоржынның уақыты шектеліп белгіленбейді.
Мүмкіндігінше толықтырылатын, қайтарып алынатын және тұрақты қоржындар
ажыратылып көрсетіледі. Толықтырылатын қоржындар, бастапқы салынған ақша
қаражаттарының есебінен емес, сыртқы қаражат көздерінің есебінен өсуі
(толықтырылуы) мүмкін. Қайтарып алынатын қоржындар бастапқы салынған
қаражаттардың бір бөлігін қайтарып алуға жол береді. Тұрақты қоржындарда
бастапқы салынған қаражатгар қоржынның барлық кезең бойына тұрақты көлемін
сақтайды.
Инвестиция - экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын
қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуді,
инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ
мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен
акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше
роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен
кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар
жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн.
Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың әрекеттерімен,
есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық пайыз
мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді
несиелерді тартудың қиындылыктарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен
байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси
тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық
инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол
инвестицияланатын объеюіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып,
жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарыктық қарым-қатынастар жағдайындағы
тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын
инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық
жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен
преференциялар әзірленіп жасалған.
Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты - жаңа технологияларды,
алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы
тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар
өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған
және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының
шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент
пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті
мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін
көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын
жақсарту болып табылады.
Преференция - халықаралық келісімдер бойынша инвестицияларды, сауданы
және т.т. кеңейту мақсатында берілетін артықшылықтар.
Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі
дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестицияларға
табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып
отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни
интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.
Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының занды тұлғаларының
жарлық капиталына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз
үлестерін және құқықтарын қорғауына болады.
Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап
айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын
ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге т.б. қызметтермен
шұғылдануына болады.
Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары
бойынша пайдалануға құқылы, Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін,
тауарлар алуға және басқа да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының
заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуына болады.

2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің
және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі

Заңды тұлға басқа кәсіпорындардың пакет акциясын, қатысу үлесін алу
арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық
салымдардың деңгейіне байланысты олар: не бақылаушы, не қаржылық немесе
субъектінің басқа да саясатына едәуір әсер ететін болып белгіленеді.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 50% және одан да көп болса немесе 50%
және одан да көп дауыс беру құқы бар акциясы болса, онда ол
қаржыландырылатын объекті бойынша оның бақылауында болатын және еншілес
серіктестігі болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20%-тен астам болса, бірақ оның дауыс
беруге құқы бар акциясы 50%-тен аспаса, онда ол қаржыландырылатын объекті
бойынша оның едәуір әсер етуінде болатын және тәуелді серіктестік болып
табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20% акциясынан аспаса, онда ол
бірлесіп бақыланатын заңды тұлға болып табылады.
Инвестицияның есебі 14 "Инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында
жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді: 141 "Еншілес
серіктестіктерге салынған инвестициялар", 142 "Тәуелді серіктестіктерге
салынған инвестициялар", 143 "Бірлесіп-бақыланатын заңды тұлғаларға
салынған инвестициялар", 144 "Басқа инвестициялар".
Бұл бөлімнің шотгары еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп
бақыланатын шаруашылық серіктестіктері деп, серіктестіктердің меншігі ғана
емес, және оған акционерлік қоғамы да жатады.
Заңды тұлғалардың акциялары мен жарналарындағы инвестициялардың нақты
бары мен қозғалысы туралы мәліметті талдап қорытындылауға бағытталған.
141-144 шоттар активті және күрделі болып келеді. Талдамалы
(аналитикалық) есеп инвестицияланған кәсіпорындар мен инвестициялар түрлері
бойынша жүргізіледі.
Инвестицияларды есепке алу Бухгалтерлік есептің №14 "Тәуелді
шаруашылық серіктестіктерінің инвестициялық есебі" деп аталатын стандарты
бойынша реттеледі.

2.1 Тәуелді шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі

Тәуелді серіктестік инвесторлардың едәуір ықпал етуінде болады және ол
еншілес шаруашылық серіктестігі де, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғасы да
бола алмайды. Субъектің қызметіне инвестор едәуір ықпал етеді, оның тек 20%-
тен астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер өз
инвестициясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады:
- үлестік қатысу әдісі;
- құндық әдіс (немесе құн әдісі).
Үлестік қатысу әдісі - инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу
құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза
активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты
олардың құнының өсуін (кемуін) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық
серіктестігінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі
қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығынға) жатқызылады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған таза табысының жалпы
сомасынан тиісті дивидендтер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.
Егер де инвестордың салған инвестициясының баланстық құны тәуелді
шаруашылық серіктестіктеріндегі алған зиянына тең немесе артық болса, онда
бұндай зияндар келешекте есепке алынбайды. Инвестиция нольдік құны бойынша
көрініс табады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалануына
байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстық құнын
көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының бөлімшесінде көрсетіледі.
Инвестор өзінің тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысында
үлестік қатысын қайта жаңғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы
керек.
Егер де тәуелді серіктестіктің активтері қайта бағаласа, онда олардың
баланстық құны да өзгереді. Баланстық құнның өсуі меншік капиталындағы
төленбеген қосымша капиталда көрініс табады, ал егер де ол азайса, онда сол
төленбеген қосымша капиталды азайтады.
Мысал. "Шығыс" ААҚ қоғамы "Темір" ААҚ-ның 33% және "Цемент" ААҚ-ның 28
% акциясын сатып алған, сол сатып алынған акцияға сәйкес олардың құны: 3110
мың теңге және 4600 мың теңге құраған.
"Шығыс" ААҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан соң, "Темір" ААҚ өзінің
кейбір негізгі құралдарына 300 мың теңгеге қайта бағалауды жүргізген.
Бірінші жылдың қорытындысы бойынша "Темір" ААҚ 9900 мың теңге зиян шексе,
ал "Цемент" ААҚ 5000 таза табыс тауып, 2000 теңге деңгейінде дивидендті
жариялады

Құн әдісі — инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша
көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің
нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық
серіктестігінің жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті
дивидендтердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.
Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны
жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң
ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға
табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын
себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар
кәсіпорындағы дивидендтерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз
қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі
мүмкін. Сондай-ақ, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылық
қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде қарастырылған дивидендтерді
төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы мүмкін.
Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды
қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды.
Енді біз жоғарыда келтірілген мысалға қайтып ораламыз. Келесі жылдың
(яғни екінші жылдың) наурызында "Темір" ААҚ — 3500000 теңгеге, ал "Цемент"
ААҚ 5000000 теңгеге өз акцияларын сатқан.
Енді осы бойынша шоттар корреспонденциясын жасап көрейік.
Ал келесі жылы "Темір" ААҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын 410 мың
теңгеге түсірген, ал "Цемент" ААҚ керісінше, 500 мың теңгеге көтерген.
Екінші жылдың қорытындысы бойынша "Темір" ААҚ 1000 мың теңге таза
табыс тауып, 200 мың теңгеге дивидендті жария еткен, ал "Цемент" ААҚ — 1500
мың теңге деңгейінде зиян шеккен.
Енді осы жасалған операцияларымен байланысты шоттар корреспонденциясын
қарастырып көрейік.
- егер де еншілес серіктестік жақын келешекте сату мақсатында алынған
болса, онда олар оның уақытша бақылауында;
- егер де еншілес серіктестік ұзақ мерзімді қатаң шектелген жағдайында
әрекет ететін болса, бірақ бұл соңғы жағдай негізгі серіктестіктің
қаражатын қайтару қабілетін төмендетеді.
Негізгі серіктестіктің біріктірілген (шоғырландырылған) есебіне енбей
қалған жағдайда қаржылық инвестициясының есебі бойынша ескріледі (8- БЕС).

2.2 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестициясының
есебі.

Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктіц инвестицияны жүзеге
асыруы - бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау
қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің
қатысу үлесі бойынша топшылаған келісім-шартын жасайды.
Бірлесіп бақыланатын занды тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған
шығындарды таниды және алынған табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы өз
атынан мәміле жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта
алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет
нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. Бірлесіп бақыланатын
заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысанда жүзеге асыруына
болады:
- бірлесіп бақылайтын өндіріс;
- бірлесіп бақылайтын активтер.
Бірлесіп бақылайтын өндіріс - занды тұлғаны құрмай тұрып, қатысушылар
өздерінің жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін активтерді пайдалануын
топшылайды.
Әрбір қатысушы бірлесіп бақыланатын өндіріс бойынша өзіне тиесілі
шығындарын алады және олар алдын-ала өнімді сатудан алынған табысты
таратудың тәсілін қарастырып қояды. Осы процестің барысында пайдаланған
негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық запастардың және т.б. активтердің
құнын, әр қатысушы өз балансында ескереді.
Бірлесіп бақылайтын активтер — жалпы мақсат үшін алынған немесе
салынған активтерді қатысушылар бірлесіп иелік етуді топшылайды. Бұл арада
олардың негізгі қызметі үшін салынған активті барлық қатысушылар теңдей
пайдаланады. Әрбір қатысушының табысы олардың кәсіпорын экономикасына
қосқан үлесі арқылы анықталады. Әрбір қатысушы өзінің қосқан үлесін басқа
қатысушыларға сатуға, тегін беруге құқылы.
Төменде еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктерге
салынған инвестициялар бойынша шоттар корреспонденциясы келтірілген.

2.3 Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі

Еншілес шаруашылық серіктестік - негізгі серіктестіктің бақылауында
болатын серіктестік. Бүндай бақылау қаржыландыратын объектінің 50% астам
акциясын тікелей немесе жанама емденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес
серіктестіктің керсеткіштері негізгі серіктестіктің қаржылық есеп беруінде,
біріктірілген (консолидалынған) есеп беруінде көрсетіледі, бірақ онда
қабылданған есептік саясаты ескеріледі, сондықтан олар мына екі әдістің
бірін пайдалануы мүмкін:
- үлестік қатысу әдісі;
- ұзақ мерзімді инвестицияны есептеу әдісі.
Негізгі серіктестік өзінің еншілес серіктестігіне инвестициясын бөліп,
біріктірілген (консолидалынған) қаржылық есеп беруін жасайды, ол кезде
барлық жергілікті және шетелдік еншілес серіктестіктерді өзіне енгізеді,
тек ондағы мына жағдайларды қоспағанда:
Тәуелді шаруашылық серіктестік деген аныктамаға сәйкес келмеген күннен
бастап, инвестициялар ұзақ мерзімді инвестицияны есептейтін есепке алу
саясатына сәйкес есептелінеді.

3. Қаржылық инвестициялардың есебі

Қаржылық инвестициялардың есебі 40 "Қаржылық инвестициялар"
бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 401 "Акциялар", 402
"Облигациялар" және 403 "Басқа қаржылық инвестициялар" шоттары кіреді.
401-403 шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы
шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы
қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық
инвестициялардың кему операциялары жазылады.
Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп
инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша
жүреді.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған
бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей
щығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін
төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Құнды қағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған
құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік
немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестщияларбухгалтерткбаланстъ: неағымдағы
құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен
есептелінеді.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен
есептелінсе, онда тұрақты түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық инвестиция есебі туралы ақпарат
Кәсіпорын капиталын ұлғайту үшін инвестицияларды тарту есебі
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі
Инвестициялардың ұғымы және жіктелуі
Инвестициялар есебі жайлы
Инвестициялардың жіктелуі және ұғымы
Алынуға тиісті борыштар шоты
Инвестициялар есебі туралы мәлімет
Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі
Еншілес және тәуелді серіктестіктердің, бірлесіп бағаланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының маңызы
Пәндер