Сезіктіні ұстаудың жалпы сипаттамасы және маңызы


КІРІСПЕ . . . 3
І. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының негіздемесі мен шарттары . . .
ІІ. Сезіктіні ұстаудың жалпы сипаттамасы және маңызы . . .
2. 1. Қылмыстық іс жүргізудегі сезік деген ұғымның мәні . . .
2. 2. Сезіктіні ұстау -мәжбүрлеу шарасы ретінде . . .
III. Сезіктіні ұстаудың және босатудың негіздері мен процесуалдық тәртібі . . .
3. 1. Сезіктіні ұстаудың және босатудың негіздері . . .
3. 2. Сезіктіні ұстаудың процесуалдық тәртібі . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
Кіріспе.
Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады.
Терең ғылыми зерттеуді қажет ететін мәселелердің маңыздылығы жөнінде айта отырып, қылмыстық процесте қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғалардың қатысуымен байланысты сұрақтар көп көңіл аудартады. Бұл назар сезіктінің алдын ала тергеудегі процессуалдық жағдайы мен сезіктіні іс бойынша өндіріске тарту тәртібі заңмен толық анықталмағандығымен, ал заң әдебиеттерінде бұған байланысты әр түрлі көзқарастардьң болуымен түсіндіріледі
Осы мәселенің шешілуі қылмыстық процестің әрі қарай жетілуін қамтамасыз етуге, алдын ала тергеу міндеттерін шешуге, тергеу әдістемесінің дамуына мүмкіндік береді.
Зерттеу пәнінің аспектілері болып келесілер көрініс табады: алдын ала тергеуде сезіктінің процессуалдық жағдайын қамтамасыз етудің нақты тәжірибесі; сезікті ретінде ұстауды жүзеге асыру; сезіктінің процессуалдық жағдайының құқықтық реттелу жағдайы және бұл мәселенің заң әдебиеттерінде көрініс табуы. Бітіру жұмысының зерттеу объектісі кұқықтық нормалардың жүйесі, сондай-ақ уақытша ұсталған тұлғаларды ұстау үшін тергеу органдарының, прокурордың, изолятор қызметкерлерінің, кезекші бөлімдердің сезіктінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша және оларға жүктелген міндеттерді орындау бойынша кызметтері.
Осы курстық жұмысты дайындау процесінде, мен, ҚР Конституциясы, ҚР ҚІЖК-сі, ҚР Президентінің жарлықтары, "Қылмыс жасалуына сезіктілер және айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы " ҚР Заңы, 15 қыркүйек 1999 жылғы "ҚР-ның жедел іздестіру қызметі туралы" ҚР Заңы, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Кіріс министрлігінің нормативтік құкықтык актілері, ҚР Прокуратурасының бұйрықтары мен нұсқаулары және т. б. нормативтік құқықтық актілерін қолдандым.
Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімінде, мен қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шараларының негіздемесі мен шарттарына тоқталдым.
Екінші бөлімінде, сезіктіні ұстаудың жалпы сипаттамасы мен маңызын, нақтырақ айтсам, ұылмыстық процестегі сезік деген ұғымның мәнін, сондай-ақ сезіктіні ұстау - жалпы мәжбүрлеу шарасы жайында қарастырдым.
Үшінші бөлімінде, сезіктіні ұстаудың және босатудың негіздері мен процесуалдық тәртібін жан-жақты зерттедім.
І. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының негіздемесі мен шарттары.
Қылмыстық іс-жүргізулік мәжбүрлеу шаралары - бұл қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген сот әділдігінің міндеттері мен тергеу жетістіктеріне жету мақсатында күдіктінің, айыпталушының құқығын шектейтін іс бойынша қылмыстық процесті жүргізуші органның, әрекеттері мен шешімдері.
Іс жүргізулік мәжбүрлеу шараларының шарттары - әділ сот мақсаттарының жетістігіне жету қажеттілігі, қылмыстық сот өндірісі мен үкімді орындауға қатысты тәртіптерді анықтаумен қамтамасыз етілуі. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары тек кедергі болған жағдайда және іс қозғалысына қатысты кедергілердің пайда болу мүмкіндігі шынайы туындаған жағдайда қолданылады.
Іс жүргізулік мәжбүрлеу шараларының негізіне:
1) қозғалған кылмыстық істің болуы;
2) оған қатысты субъектілердің болуы (прокурор, анықтаушы, тергеуші, және өз өндірісінде істі кабылдаған және қарсылық білдірмеген сот) ;
3) оған қатысты объект (қылмыстық іс жүргізу заңының әрекеттері тағылатын тұлғалар) жатады.
Қозғалған қылмыстық іс заңды түрде іс жүргізушілік мәжбүрлеу үшін қызмет етеді, себебі, онда қоғамға қауіпті әрекеттердің жүзеге асуы туралы қорытындылар болуы мүмкін. Мәжбүрлеу шаралары іс тоқтатылғаннан кейін қолданылуға тиісті емес.
Заңға сәйкес істі тоқтату барысында бұлтаршау шаралары, мүлкін тәркілеу, корреспонденция, қызметінен уақытша шеттету шаралары жойылады (ҚРЩЖК 159, 161-баптары) .
Қылмыстық іс жүргізу заңы мынадай іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қарастырады: күдіктіні ұстау (17-тарау) ; бұлтартпау шаралары (18 -тарау) ; басқа да іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары (19-тарау) .
Ұстаудың мәні прокурор мен соттың алдын ала рұқсатынсыз адамды уақытша күзетке алу. Осыған орай ұстау екі түрге бөлінеді: айыпталушыны ұстау және күдіктіні ұстау.
Айыпталушыны ұстау - бұл іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының тосын түрі. Оның мазмұны күзетке алу сияқты бұлтартпау шараларын таңдап, қорытынды шығару туралы қылмыстық ізге түсу органдарының өтінішін қарау үшін тез арада айыпталушыны сотқа жеткізу мақсатында қысқа мерзімге күзетте ұстауға негізделеді. Бірақ айыпталушыны ұстау күдіктіні ұстауға қатысты көзделген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Айыпталушыны ұстаудың өзіндік ерекше негіздемесі, мақсаттары, уәждері және шарттары бар. Оның негіздемесі прокурордың, тергеушінің күзетте ұстау сияқлы бұлтартпау шараларын таңдау туралы өтінішін соттың судьясы қарау қажеттілігіне тікелей байланысты. Ал мақсаты айыпталушыны аталған өтінішті қарау мақсатында сотқа тез арада жеткізу болып табылады. Уәжі ретінде айыпталушының тергеушіге тіпті сот отырысына келуден жалтару қаупінен сақтану белгілерін атауға болады. Ұстау шарттары айыпталушы ретінде мәжбүрлеу туралы қаулының негізді қабылдануына қызмет етеді.
Күдіктіні үстау ҚІЖК 17-тарауында қарастырылған. «Сезіктіні ұстау» ұғымының мәнді белгілері оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлтаршау шарасын қолдану туралы мәселені шешеу мақсатында қолданылатын іс жүргізулік мәжбүрлеу шарасы ретінде тануға негіз болады.
Ұстау шарасын қолдану күзетке алу сияқты бұлтартпау шараларын таңдау ретінде ерекше сипатқа ие болуы керек (күдіктінің мінез-құлқын түзетуге қатысты басқа да құралдар сияқты) .
Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде соттың санкциясы бойынша ғана тек заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген әдейі қылмыс жасалғандығы және заңмен үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда қылмыс жасалғандығы үшін айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қолданылады (ҚР ҚІЖК 150-бап) . Басқа қылмыстар бойынша, яғни қамауға алу ретіндегі бұлтартпау шараларын қолдану мүмкін болмаған жағдайда ұстаудың да қажеттілігі болмай қалады. Осыған орай күдіктіні ұстау заңдылығы қылмыстық істі қозғау кезіндегі дүрыс квалификацияның болуына байланысты.
Ұстаудың арнайы негіздемесі - дербес категориялы лауазымды адамдардың қызметтік иммунитетіне қатысты қосымша талаптарды сақтау. Мысалы, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы және оның мүшелері, Қазақстан Республикасы судьялары, Қазақстан Республикасы Бас Проку-роры және дипломатиялық қызметі бар тұлғалар қылмыс жасаған жерінде ұстау жағдайынан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің келісімінсіз қамауға алынуға тиісті емес. (ҚР ҚІЖК 496, 499-баптар) .
Із жүргізушілік ұстау (соның ішінде қысқа мерзімге қамауға алу) іс қозғалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
ІІ. Сезіктіні ұстаудың жалпы сипаттамасы және маңызы.
2. 1. Қылмыстық іс жүргізудегі сезік деген ұғымның мәні.
Өзімізге мәлім, зерттеу негізінде бірқатар авторлар "сезік" түсінігін қолданады. Осыған сәйкес ғалым-процессуалистер сезіктің мәнін ашуға тырысқан еді. Л. В. Франк бұл мәселені ең алғаш "Кеңес қылмыс процесіндегі сезіктіні ұстау және камау" деген қызықты әрі тиімді еңбегінде атап, сезікке анықтама береді.
Л. В. Франктың пікірінше, "сезік - ол тергеушінің шынайы фактілерге, тәрбиелік-ғылыми ережелермен ой-тұжырымдарға, сондай-ақ қандай да бір деңгейдегі болжаммен осы тұлғаны қылмыс жасады деп әшкерелеуге болатын тексерілмеген деректерге негізделген істің белгілі жағдайы мен белгілі бір тұлғаның арасындағы өзара катынас, байланыс және сәйкестігі туралы ойы (суждение) "
Бұл анықтаманың аргументтелгенінс қарамастан, бірқатар кемшіліктер де бар. Л. В. Франк сезікті накты тұлғаның кінәлігі жөніндегі болжаумен ұксастырады. Л. В. Франктың ой-тұжырымы даулы деп есептейтіндер де бар, өйткені сезік пен қылмыс субъектісі жөніндегі жекелеген болжамдар әр түрлі ұғым болып табылады. Жорамалдардың қандай да бір процессуалдық салдары болмайды, себебі ол криминалистикалық категория ретінде орын алады. Сезік, тек қылмыстық - процессуалдық тұрғыда, қылмыстық процесте сезікті фигурасының пайда болу негізінде қарастырылуы керек.
Қылмыстық процессуалдық әдебиетте авторлар «сезік» деген түсінікті көптеген мағынада саралайды.
Л. И. Корнеева сезіктіні 3 аспектіден қарастырады:
Біріншіден , тергеушінің зерттеп отырған фактіге оның субъективтік қатынасын анықтайтын оның ақыл - есінің психологиялық сипаттамасы;
Екіншіден , тергеу мен болжамдар келтіруге негізделіп пайдаланатын криминалистикалық ұғым ретінде;
Үшіншіден , пайда болған сезікпен қатар заң белгілі бір құқықтық салдардың пайда болуымен байланысты процессуалдық категория".
А. М. Ларин сезік деген түсінікті екі мағынада түсіну керек деп есептейді:
- криминалистикалық;
- қылмыстық процессуалдық.
Оның тұжырымы бойынша "арнайы криминалистикалық мағынадағы сезік - ол қылмыс субъектісі ретіндегі болжамның нәтижесі".
Көптеген авторлар криминалистикалық және қылмыстық процессуалдық сезіктің арасынан ерекшелейтін шекті жүргізуге болады деп есептейді. Пищак Я., Васильев А. Н., Ларин А. М., Арцашевский Г. В., Образцов В. А. "Криминалистикалық сезік-процессуалдық мәні жөніндегі, қылмыстық процессуалдық кодексте оның негіздері көзделген болжамның тұжырымы деп есептейді. Жоғарыда аталған ғалымдардың анықтамалары тавтологиялықдеп есептеледі. Өйткені, болжамның өзі өзінің сыртқы көрінісінде тұжырым ретінде көрініс табады және оны басқадай етіп елестету мүмкін емес.
Жалпы болжамдар (версиялар) бір деректерге негізделуі мүмкін, ал кез келген болжам әр кезде де жалғыз емес, қарастырылып отырған мүмкін түсіндірмелердің біреуі болғандықтан, тергеушіден бар бір фактілі деректер квалификациясы бойынша әр түрлі қылмыстардың жасалуы туралы болжамдарға жалпы негіз ретінде қызмет етеді.
Козловский Н. А. сезікті тек бір мағынада, яғни қылмыстық процессуалдық мағынада ғана түсінген дұрыс деп есептейді. Оның көзқарасымен толығымен келісеміз, аспектіде қарастыру керек деп есептейміз.
Козловский Н. А. сезікті ұғымы мен оны қылмыстық процессуалдық қызметке тартудың негіздері мәселесіне процессуалдық әдебиеттерде қарама- қайшы позициялары да бар деп есептейді. Оғансәйкес тұлғаларды қылмыстық процессуалдық қызметке тартудың негізін сезікті ретінде тарту деп қарастыру керек деп ойлайды. Козловский Н. А., Ермаков Г., Кобликов А. сезікті деп соларға қатысты алдын ала тергеу жүргізілетін тұлғаларды білу керек дейді. Боровский Э. тұлға сезікті деп есептеле алады, егер оған қатысты ұстау немесе бұлтартпау шарасы қолданғаннан кейін ғана емес, сонымен қатар тінту, корреспонденцияға қамау салу және т. б. с. с. шаралар қолданған кезден бастап деп есептейді. Кузнецова Э. Ф. тұлғаны сезікті ретінде тану үшін келесілер қажет деп есептейді:
а) нақты осы тұлға қылмысты жасады деуге негіз беретін
деректердің болуы;
б) мүндай тұлға сезікті жағдайына түсетін процессуалдық актіні шығару.
Мұндай актілердің қатарына Чувилев А. А., Линагор И. А. келесілерді жатқызады: ұстау хаттамасы, бұлтартпау шарасы туралы қаулы, сезікті ретінде жауап алу хаттамасы, сезіктінің қызметіне байланысты сараптама тағайындау туралы қаулымен танысу туралы хаттама, тінту, куәландыру немесе мүлікке тыйым салу өндірісі туралы қаулы, тану үшін көрсету хаттамасы.
Тәжірибедегі қызметкерлердің осындай позициясымен келісетіндігін айта кеткен жөн. Сұрау салу көрсеткендей, сұралған 110, қаржы полициясы, әскери полиция органдарының, әділет органдарының қызметкерлерінің 92%-ті тұлғаны сезікті деп танудың негіздерін кеңейту кажеттілігін білдірген. ҚР ҚІЖК-де сезіктінің пайда болуын тек нақты адамға қатысты қылмыстық іс қозғаумен, не міндетті ұстауды қолдану, не айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдануымен ғана байланыстырмау керек. Бұл көзқарасты Михайленко А. Р., Осташенко В. Г., Берсугурова Л. Ж., Тыныбеков С. Т., Қоғамов М. Ч., Төлеубекова Б. Х., Леви А. А. ұстанады.
2. 2. Сезіктіні ұстау - мәжбүрлеу шарасы ретінде.
Сезіктіні ұстау - дәстүрлі түрде қылмыс жасағаны үшін сезік келтірілген тұлғаға қысқа уакытқа қамауда ұстауды білдіретін қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы ретінде сипатталады.
Заң әдебиеттерінде сезіктіні ұстаудың мәніне қатысты өзге де көзқарастар кездеседі, яғни бүл бас бостандығынан айыру түріндегі қысқа мерзімді процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде де, дәлелдемелерді жинауға бағытталган тергеу әрекеті ретінде де қарастырылады.
Сезіктіні ұстау превентивтік сипаттағы процессуалдық шараларға жатады. Осы шаралардың қатарына сезіктіні ұстаудың қылмыстық іс жүргізу шарасына баска әкімшілік ұстау, қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеу шарасы ретінде қамауда ұстау, үкімді орындау процесіндегі ұстау шаралары жатады.
Сезіктіні ұстаудың процессуалдық белгісі оның материалдық құрамына қатысты қызметтік ролін білдіреді. Бұл шара қылмыс жасау фактісі бойынша тек өндіріспен байланысты ғана пайдалану үшін ғана арналған.
Сезіктіні ұстаудың провентивтік сипаттамасы оның қылмыс фактісімен байланысты істі өз өндірісіне алғантұлғаның қалыпты іс жүргізуін қамтамасыз ету үшін шара болып табылатынын білдіреді. Осы белгі бойынша аталған шара қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жазалау шарасынан ажыратылады. Бұл белгі сезіктіні ұстау мақсатының негізінде болады.
Сезіктіні ұстаудың мақсаты - заңда тікелей көзделмеген. Заңда қылмыс жасаған айыпталушыны және сезіктіні ұстау ҚР ҚІЖК- де көздлген мақсаттарда жүзеге асырылады. ҚР ҚІЖК -де бұл мақсатттар туралы тікелей ештеңе айтылмаған. Бұл ұстау мақсаты қылмыс жасауға сезік келтірілген тұлғаларды қысқа мерзімге ұстау тәртібі туралы ережеде көзделген болатын (13. 07. 1976 жылғы СССР-дің Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Бұйрығымен бекітілген Ереже. ) Осы Ереженің 1 бабына сәйкес ұстау ұсталған. Адамның қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін және оған қамаудан ұстау мақсатында қолданылады. Бұл ереже заңды түрде әрекет етпейді. Алайда онда қамтылған норма заңды тәртіпте өзгермеген және доктрина түрінде әрекет етуін жалғастыруда. Оқу және ғылыми әдебиеттерде, ол қандай да бір өзгерістерсіз қолданылады. Мысалы, кейбір авторлар қазіргі кезде Ереже нормалары әрекет етпесе де, өзге мақсаттарда ұстауды жүргізу аталған қылмыстық іс жүргізу институтының мәніне қайшы келетіндігін негізді ескереді.
Сезіктіні ұстау мақсатының доктриналды анықтамасын бере отырып, кейбір авторлардың оны кеңейте отырып, толықтыруына талпынғандығын ескеру керек. Мәселен, А. К. Трусов ұстау мақсатына қылмыс жасауға сезік келтірілген тұлғалардың жеке басын анықтауды да қосады, В. С. Чистякова - сезіктіге қылмыстық әрекетті жасауға тергеу мен соттан жасырынуға, ақиқатты орнатуға кедергі келтіруді қосады.
Мұндай көзқарастар нақты емес деп ойлаймыз. Сезіктінің жеке басын анықтау сезіктінің қылмыс жасауға қатыстылығын анықтаудың бір бөлігі болып табылады және ұстаудың бөлек мақсатын құрамайды. Ал сезіктінің қылмыстық әрекетті жасауына, тергеу мен соттан жасырынуына, ақиқатты орнатуға кедергі жасауына қатысты оны ұстаудың міндеті ретінде сипатталуға, ал осындай ниеттер жөнінде мәліметтер дәстүрлі түрде ұстаудың себебіне жатады.
Құқық қорғау тәжірибесінде доктриналдық көзқараспен бірге сезіктіні ұстаудың тұрмыстық көзқарастарын да кездестіруге болады. Ол сезіктіні айғақ бруге мәжбүрлеу, қылмыс жасауды мойындау, қызметтестіктен бас тартуына жазалау мақсаты үшін ұстау туралы тұржырымдарды қамтиды. Мұндай көзқарастар құқық қорғау органдарының бөлек қызметкерлерінің теоретикалық дайындықтарының шектеулігінен туындайды, заң шарттарының жүзеге асырылуының технологиялық қиындықтарымен, қылмыспен күрес бойынша қызметтің көптеген ұйымдастырушылық және психологиялдық мәселелерімен шартталған.
Ұстаудың мақсаты туралы мұндай көзқарастардың әртектігі ерекше аргументациялауды қажет етпейді. Олардың практикадағы зияндылығы да көззге көрінеді. Әдетте, олар заңды бұзуда, теріс пайдаланудан көрініс табады және әртүрлі ауыр зардаптарға әкеп соғады. Оларды, сонымен қатар, назардан тыс қалдыруға да болмайды. Мұнда тек заң бұзушылықпен күресу туралы сөз болып отырған жоқ. Кейде милициялық “тұрмысқа” байсалды қатынас оны күн ілгері орналастыру талпынысы құқық қорғау тәжірибесінле кемшіліктерді көруге мүмкіндік береді және олардың алдын алу мен жою бойынша заңдық және ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкесінше шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. “Алдын-ала тергеу мен анықтауға прокурорлық қадағалау туралы” ҚР Бас Прокурорының Бұйрығында тікелей көзделген: “ұстау мен қамауға алуды сезіктіден немесе айыпталушыдан қылмыс жасаудағы кінәлілігін мойындауды таныту құралы ретінде пайдалануға жол берілмейді. ”
Мұндай құбылыстардың талдауы айқасушы “тәжірибешілердің” оларды норма мен заң қалыбына енгізудегі жиі кездесетін талпынысын өз уақытында жоюға мүмкіндік береді.
ҚР ҚІЖК - нің мәжбүрлеу шарасы ретіндс сезіктіні ұстаудың мазмұны бас бостандығынан айырудан тұрады. А. А. Чувилев өзінің ұстауға берген анықтамасында ұстаудың ең жоғарғы мерзімі мен оның мақсаттары білдіреді. Олар қылмыс жасады деп сезік келтірілген тұлғаларды қысқа мерзімді ұстау 72 сағаттан аспайтын мерзімде тұлғаның қылмысқа қатыстылығын тексеру және оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу жөнінде сұрақты шешу мақсатында бас бостандығынан айырудан тұрады. Қылмыс жасауда сезік келтіру бойынша ұсталғандарға ҚР-ның 1999 жылғы 30 наурызында "Сезіктілерді және қылмыс жасаган айыпталушыларды күзетпен ұстаудың тәртібі мен жағдайлары туралы" ҚР-ның Заңы қолданылады. Осы заң бойынша сезіктінің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ететін, олардың міндеттерін орындауды, сыртқы қамтамасыз ететін, олардың міндеттерін орындауды, сыртқы және ішкі оқшаулауды, қадағалауды, сонымен қатар ҚР ҚІЖК -де көзделген міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін режим көзделген. Ұсталған тұлғалар ұсталғандар үшін арналған камераларда, ал өзге жағдайларда өзге арнайы жабдықталған орындарда ұсталады. Ұсталғандар үшін камералар сезіктілер айыпталушылардың уақытша ұстаудың изоляторында жабдықталады. Ұсталғанды қамауда ұстау уақыты жазалау мерзіміне есептеледі. (ҚР ҚІЖК -нің . . . бабы) .
Сол сияқты осы ережеде бекітілген ұстаудың мақсаттарына негізделе отырып, барынша ашық түрде ұстау ұғымын Б. Н. Григорьев былай береді: "Сезіктіні ұстау дегеніміз - анықтау не тергеу орындарымен кейінге қалдырылмайтын жағдайларда ұсталған тұлганың қылмысқа қатысын анықтау және оны қамауға алу туралы сұрағын шешу мақсатында оны ұсталғандар орнына жеткізу жолымсн тұлғаны бас бостандығынан айырудан тұратын, сондай-ақ процессуалдық санкциямен қамауға алғанға дейін не ұсталған тұлғаны босатқанға дейін бұл шараның қысқа мерзімді бастапқы кезеңі түрінде көрініс табатын қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде анықтауға болады. Бас бостандығынан айыру күзетте ұстау түріндегі қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасының мазмұнын құрайды. Қамауға ұстау түріндсгі мәжбүрлеу шарасы таңдалған тұлғаларға арнайы бектілген режим қолданылады. Ол ҚР-ның 1999 жыл 30 наурыздағы "Сезіктілерді және қылмыс жасаған айыпталушыларды күзетпен ұстаудың тәртібі мен жағдайлары туралы" Заңында көзделген және мәні бойынша ұқсас болып табылады. Күзетте ұсталатындар ҚР Әділет Министрлігінің қылмыстық атқару жүйесіндегі тергеу изоляторларында ұсталады.
Сезіктіні ұстаудың кідіртілмейтін сипаты . Сезіктіні ұстау тек іс кейінге қалдыруды көтермейтін жағдайда қолданылады. Бұл жағдай мынадай екі шарттың үйлесуімен туындайды:
- Қауіпсіздік мақсатында сезіктіні дереу оқшаулау қажеттілігі, яғниеркіндікте қалған ол анықтау және алдын - ала тергеуденжасырынады немесе қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауғакедергі жасайды немесе қылмыстық әрекетпен айналысады;
- Жеткілікті нсгіздердің жоқ болуы немесе тиісті түрдс рәсімдеуге объективтік кедергілердің болуынан қамауға алу бұлтартпау шарасын дереу қолданудың мүмкін еместігі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz