Кинофотофоно және бейне құжаттарын мұрағаттау


Кинофотофоно және бейне құжаттарын мұрағаттау
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Фотоқұжаттарды мемлекеттік мұрағатқа тапсыру
2. 1 Қозғалыстағы мекеменің мұрағатына фотоқұжаттарды қабылдау
2. 2 Фотоқұжаттарды сақтау
2. 3 Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатқа мемлекеттік сақтауға
тапсырылуға жататын фотоқұжаттардың жобалы тізімі
3. Кинофотофоно құжаттарын және бейне фонограммаларды орау талаптары
3. 1 және бейне фонограммаларды рәсімдеу
3. 3 Термогигрометрикалық, жарық және санитарлы-тазалық тәртібі
3. 4 Қоймаларды жабдықтау. Қоймаға және бейне
фонограммаларды орналастыру
3. 5 Қоймадағы және бейне фонограммаларды беру
тәртібі, оларды ауыстыру жіне тасу
3. 6 мен бейне фонограммаларды
сақтауға бақылау жасау
3. 7 және бейнефонограммалардың барлығын және
қалпын тексеру
3. 8 бейнефонограммаларды мемлекеттік сақтауға
ведомстволық мұрағатқа жіберуге дайындау
4. Қазіргі уақыттағы заманымызға сай әлемдегі
аудиовизуалды қорлардың орны және мағынасы
Кіріспе
ҚР мемлекеттік мұрағат қоры туралы ережеге сәйкес, саяси, ғылыми-тарихы маңызды барлық фотоқұжаттардың жасалу тәсіліне және уақытына байланысты ҚР мемлекеттік мұрағат қорының құрамына енеді және түсірілген уақыттан 5 жыл өткеннен кейін мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуы керек.
Ерекше құнды құжаттардың сақталуын қамсыздандыру мақсатында, оларды мерзімінен бұрын мемлекеттік мұрағатқа тапсыру ұйымдастырылады.
Мекемедегі фотоқұжаттарды мемлекеттік мұрағатқа жібергенше, оларды мекеменің фотомұрағатында сақталады.
Фото мұрағат болмаған жағдайда - мекеменің жалпы мұрағатының құрамында, қағаз негізді құжаттан жеке жерде сақталады.
Фотомұрағат өзінің жұмысында мекеменің бұйрығымен, мұрағат мекемелерінің әдістемелік ұсынысын басшылыққа алады.
Фотоқұжаттарды Қарағанды облысының атқару комитетінің мұрағат бөлімінің рұқсатынсыз өз еркіңмен жоюға қатаң тыйым салынады.
Мекеменің фотомұрағатына мыналар жүктеледі:
- мұрағатқа түскен фотоқұжаттарды қабылдау, есепке алу, сақталуын қамтамасыз ету;
- мұрағатқа түскен фотоқұжаттамалардың өз уақытында түсуін және дұрыс рәсімдеуін бақылау;
- мұрағаттан фотоқұжаттарды пайдалану үшін беру;
- одан әрі сақтауға жататын фотоқұжаттарды іріктеу, бұл жұмыс мекеменің сарапшы-тексеріс комиссиясы мүшелері, онық құрамында облыстық мемлекеттік мұрағаттың өкілімен жүргізіледі.
- фотоқұжаттамаларды қалалық мемлекеттік мұрағатқа мемлекеттік сақтауға тапсыру;
- фотомұрағатқа жауапты тұлға жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірмей қалалық мемлекеттік мұрағатқа фотомұрағат туралы куәлікті ұсынады;
Фотомұрағатқа жауапты тұлғаны ауыстырған кезде, бұл лауазымға түсуші өзінің алдындағыдан фотомұрағаттағы фотоқұжаттарды тапсыру және қабылдау туралы акт рәсімдеу арқылы қабылдайды.
Тапсыру - қабылдау кезінде фотоқұжаттамалардын барлығын және қалпын, инвентарлық кітапты, тақырыптық картотеканы тексеру қажет.
Мекеменің таратылуы кезінде оны тарату туралы бұйрықта тарататын мекеменің фотомұрағатын жіберілетін тәртібі болуы керек:
- тарататын мекеменің міндетін беретін басқа мекемеге;
- өзінің басшылығындағы жоғарғы мекемеге немесе қалалық мемлекеттік мұрағатқа (мекемені тарту кезінде басқа мекемеге міндеттерін жібермейді)
Мекемелерде штаттық мұрағат қызметкері болмаған жағдайда, фотомұрағатқа жауапты тұлға бұйрықпен тағайындалады.
Нұсқаулық ережелерін сақтауға бақылауды мекеме басшысы жүзеге асырады.
Мекеменің фотоқұжаттарын сақтауға жауапкершілікті мекеме басшысы және фотомұрағатқа жауапты адам атқарады.
Фотомұрағаттың қалпын бақылауды Қарағанды облысы кеңес депутаттары еңбекшілерінің мұрағат бөлімі жүзеге асырады.
2. Фотоқұжаттарды мемлекеттік мұрағатқа тапсыру
Мемлекеттік мұрағат қорының туралы ережеге сәйкес, оны құратын мекемелердің мұрағаттарының фотоқұжаттары, оны шығарған күннен кейін 5 жылдан жоғары сақталады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, ведомствалық мұрағаттан сақтаудағы фотоқұжаттар мемлекеттік мұрағатқа әрдайым сақтауға жіберіледі.
Мемлекеттік мұрағатқа фотоқұжаттарды тапсырмас бұрын, мұрғатқа жауапты тұлға оның техникалық қалпына тексеріс жүргізеді. Егер тексеріс барысында фотоқұжаттарда қандай да бір физикалық-химиялық немесе биологиялық бүлінулер болса, оларды мемлекеттік мұрағатқа тапсырмас бұрын алдын ала қалпына келтіріледі немесе қайта түсіріледі.
Мемлекеттік мұрағатқа фотоқұжаттарды тапсырарда, тапсыру-қабылдау актісі екі данада рәсімделеді, бірінші дана мемлекеттік мұрағатта қалады, екіншісі мекемеге жіберіледі.
Фотоқұжаттарды тапсыру-қабылдау актісіне фотоқұжаттарды мемлекеттік мұрағатқа тапсырылған тізім қосылады, яғни фотоқұжаттардың толық мазмұны ашып жазылған, тізімге фотоқұжаттардың мүккәмалдық нөмірінің тәртібі жазылады.
Мемлекеттік мұрағатқа тапсырылға фотоқұжаттар фотомұрағаттың мүккәмалдық кітабынан шығарылып тастайды. Мүккәмалдық кітаптың «Қосымша» деген кестесінде, әр тапсырылған фотоқұжаттың нөміріне қарсы «тапсырылды» деген белгі жасалады және жіберілген актінің күні және нөмірі көрсетіледі.
Негативтермен бірге мемлекеттік мұрағатқа тақырыптық кәртішкесіде, бақылау мазмұнды белгісімен жіберіледі.
2. 1 Қозғалыстағы мекеменің мұрағатына фотоқұжаттарды қабылдау
Мекемеде жүзеге асырылған барлық түсірілген суреттердің негативтері түсіру аяқталғаннан кейін фото тілшілерін немесе суретке түсірушіні сол мекеменің фотомұрағатына жіберілуі қажет.
Фотомұрағатқа жауапты тұлға мыналарға міндетті:
- өткен жылғы фотоқұжаттарды іздеуді, табуды, есепке алуды және сақтауды ұйымдастыруға;
- фотоқұжаттар дайын болғаннан кейін дереу жүйелі жиылысты ұйымдастыруға.
Фотомұрағатқа келіп түскен әр құжатта ашық жазбада сипаттама қоымшасы болуы керек:
- суреттің мазмұны (түсініктеме) ;
- күні, авторы, түсірілген жері;
- фотоқұжаттаманың түрлері (негатив, негатив-репродукция, позитив) .
Фотоқұжаттамаға сипаттаманы түсірген автор құрады (фототілші, суретке түсіруші) .
Фотоқұжаттаманы түсініктемемен бірге түсіруші автор мекеменің мұрағатына 6х9 см. бақылау таспасын тапсырады.
Фотомұрағатқа көшірме, варианттар, басылым өнімдерінің көшірмелері тапсырылмайды.
2. 2 Фотоқұжаттарды сақтау
Тіркеу кітабына есепке алынған негатив бірінші көрініп тұратын қағаздан жасалған конвертке салынады, содан соң қоңыр қатты қағазға салып фотоқұжат үшін зинянсыз желіммен жапсырылады. Конверттің жоғарғы оң жақ бұрышына мүккәмалық нөмір және жарияланған күні қойылады.
Конверттегі негативтертер шкафтағы қозғалмалы жәшіктегі немесе сөрелердегі мүккәмалық нөмірінің тәртібі бойынша тік қалпында беті жақсы жабылатын жәшіктерде сақталады.
Негативті жәшіктердің жеке реті нөмірлері болады және шкафтарға және сөрелерге осы нөмірлерге сәйкес орналастырылады. Жәшіктің беткі жағынада осы жәшікте сақтауда тұрған негативтердің ақырғы мүккәмалық нөмірі көрсетіледі.
Позытивтер жеке сөрелерде мүккәмалдық нөмір тәртібімен жәшіктерде немесе папкаларда сақталады.
Фотоальбомдар қағаз қораптарда мүккәмалдық нөмір тәртібімен сақталады, сөрелерге көлденең орналастырылады. Қорапшаның беткі жағында мүккәмалдық нөмірлері көрсетіледі.
Бағалы фотоқұжаттарды сейфтерге ерекше сақтау үшін ұсынылады.
Фотомұрағаттық бөлмелер өтке қарсы, құрғақ, түрлі газды қозғалыстардан қорғайтын, жұмыс бөлмелерінен жеке, электрлі - жарық болған жөн.
Мұрағаттың ылғалды температурасының тәртібі мынандай болып анықталады:
- температура +10 нан +17 С дейін;
- бөлменің ылғалдылығы 60 - 70 %.
2. 3 Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатқа мемлекеттік сақтауға тапсырылуға жататын фотоқұжаттардың жобалы тізімі
1. Оқиғалы фотоқұжаттар
1. 1. Облысытық, қалалық және аудандық ұйымдардың мәжілістері мен пленумдары.
1. 2. Облыстық, қалалық және аудандық депутаттарының сесиясы.
1. 3. Депутаттыққа кондидаттарды сайлау жөнінде жиналыстармен митингтер.
1. 4. Кәсіподақ ұйымдарының облыстық, қалалық және аудандық мәжілістері.
1. 5. Ұлттық мерекелерге арналған салтанатты жиналыстар мен отырыстар.
1. 6. Үкіметтің марапаттарын беруге, мерейтой күндерге арналған салтанатты отырыстар, жиналыстар мен кештер.
1. 7. Әдебиет пен өнер сүйгеш оқырмандар мен көрермендермен салтанатты кездесу.
1. 8. Ұлттық шығармашылықты облыстық қорытындыда қарау.
1. 9. Еліміздің спортшыларының қатысуымен республикалық, облыстық жарыстар.
1. 10. Облыстың, қалалың, ауданның өмірінен жеке негізгі оқиғалардан фоторепортаж:
- космосты жеңу;
- ірі құрылыстар (фабрикалар, заводтар, шахталар және т. б. ) ;
- мәдениет ескерткіштерін салу және ашу;
1. 11. Адамдардың еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайы.
2. Суреттер
2. 1. Кеңес одоғының батыры.
2. 2. Әлеуметтік еңбек батыры.
2. 3. Мемлекеттік сыйлық жеңімпазы.
2. 4. Денсаулық сақтау орталығының еңбегі сіңген қайраткер.
3. Көрнекі сурет
3. 1. Облыс қалаларының түрі және көрінісі.
3. 2. Ірі өнеркәсіп кәсіпкерлерінің, станциялардың түрі және көрінісі.
3. 3. Әсем көріністер.
3. Кинофотофоно құжаттарын және бейне фонограммаларды орау талаптары
Ведомстволық мұрағатқа жіберу үшін іріктелген кинофотофоно құжаттарын және бейне фонограммаларды орнатылған нормативті үлгідегідей арнайы орамға орналастырады.
Пленкадағы кинофотофоно құжаттарын және бейне фонограммаларды эмульсионды қабаттың сыртына ортасына (аяғынан басына дейін) орайды, полиэтиленді пакетке, сосын металл қорапқа ОСТ 19-62---76 сәйкес салынады. Пакеттің көлемі рулонның көлеміне сәйкес болу керек. Кораптың ішкі және сыртқы беті майсыздандырылып, умаждалмаған болу керек, корпусы мен жапқыш бір-біріне қатты жабысып тұруы керек.
Пленкалы және қағаз негізді фотоқұжаттамалар ОСТ 55. 2 - 84 сәйкес полиэтиленді конвертке салынады, содан кейін ГОСТ 4665-62 сәйкес жарық өткізбейтін қағазды конвертке салынады. Қағазды конверт ацетатты эмульсиямен (ПВА желім) жапсырылады. Конверттің көлемі құжаттың көлеміне сәйкес болу керек.
Магнитті таспадағы фонограмманың ені 6, 25 мм ферромагнитті қабаттың сырқы ортасына оралады, ГОСТ 12796-77 сәйкес орамнан шығарылмауы керек, полиэтиленді пакетке салынады, сосын ПТЭ-82 сәйкес қорғайтын қорапшаға салынады.
Граммофонды түпнұсқалар конденсаторлы қағазға оралып және қағаз конвертке салынады. Әр конверттің ішкі жағында фланель типті жұмсақ материалдан жасалған астар болады.
Грампластинкалар полиэтиленді пакетке ГОСТ 10354-82 сәйкес орыналастырылады, содан соң ГОСТ 5289-80Ғ сәйкес қорғайтын қорапшаға салынады.
Балауызды білікше, граммофонды түснұсқалар, грампластинкалар, диафильмдер, бейне фонограммалар әзірлеушінің орамына салынып ведомстволық мұрағатқа жіберіледі.
Бейне фонограммалы және магнитті жазбалы фотоқұжаттамалы қораптар арнайы бандерольмен олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жапсырылады.
3. 1 және бейне фонограммаларды рәсімдеу және нөмірлеу
және бейне фонограммаларды рәсімдеу қызмет барысында құрылған бөлімше құрамаларының мамандары ведомстволық мұрағаттың әдістемелік көмегімен жүргізеді.
Біріңғай сақтаудағы және бейне фонограммалар толық рәсімдеуге жатады.
және бейне фонограммаларды толық рәсімдеуге қосылатындар:
- киноқұжаттарды жарыстыру;
- фотоальбомдағы позитивтердің (фото таңба) және парақтың нөмірлері;
- фотоальбомға ішкі тізімді және қорытынды жазбаны құру;
- кино, фоноқұжаттамалардың және бейнефонограмалардың рулонына қорғау рекорды жапсырылады.
- құжаттамадағы және оның орамына қажетті мәліметтерді белгілеу.
Жоспар нөмірі өшпейтін сиямен немесе жоспардың басынан үшінші кадрдан кейін кадрлар арасындағы бос кеңістікті тушьпен.
Позитивтердің және парақтардың нөмірлері құжаттың орналасу тәртібін бекіту мақсатында әр фотоальбомның ішінде жүзеге асырылады.
Бірнеше томнан (бөлімнен) тұратын фотоальбомның позитивтері және парақтары әр том (бөлім) бойынша жеке нөмірленеді.
Позитивтің және парақтардың реттік нөмірі араб санымен қара графитті қарындашпен тақырыпқа және суретке тигізбей белгіленеді.
Позитивтер фотоальбомның әр парағына жүйелі түрде жоғарыдан төмен қарай солдан оңға қарай нөмірленеді. Реттік нөмірі әр позитивке тікелей қойылады.
Түсірілген панорамалық позитивке бір нөмір қойылады, оның әр бөлігіне әріптік белгі қойылады.
Фотоальбомның парақтары жалпы тәртіппен ашып жазу түрімен нөмірленеді.
Фотоальбомға қосылға ішкі тізім құжаттың мазмұнын ашып және есепке алу үшін құрылады.
Ішкі тізімде фотоальбомдағы позитивтің реттік нөмірі, оның атауы, уақыты, түсірілген суреттің авторының тегі және тұрған жері, позитивтің орналасқан парақ саны болады.
Ішкі тізімге фотоальбомдағы позитивте және әшкі тізімнің парағында жалпы сандық және жазбаша саны көтсерілген қорытынды жазбасы құрылады. Ішкі тізімнің парақтары осы ереженің 3. 2. 3. 3 пунктінде айтылған талаптарға сәйкес нөмірленеді.
Ішкі тізімге оны құрған адам қолын қояды және фотоальбомның алғашқы бетіне титул парағынан кейін орналастырылады.
Қорытындылау жазбасы фотоальбомның парақ санын есепке алу үшін құрылады және оның қалпының ерекшелігі көрсетіледі. Қорытындылау жазбасында фотоальбомның және ішкі тізімнің («+» белгісі арқылы) жалпы парақ саны сандық және жазбаша түрде көрсетіледі.
Қорытындылау жазбасына оны құрған адам қолын қойып фотоальбомның аяқ жағына жеке параққа орналастырылады. Егер парақтар қайта нөмірленген болса, жаңа қорытындылау жазбасы құрылады, ескі жазба сызып тасталады, бірақ фотоальбомда сақталады.
Фотоальбомдағы ішкі тізімнің және қорытындылау жазбаның парақтары жеке нөмірленеді.
Қорғайтын рекорд әр рулонның басынан аяғына дейін фоноқұжаттар мен бейне фонограммаларға жапсырылады. Заттаңба тікелей қорапқа орналастырылады.
Рекордтың ұзындығы және түсі, заттаңбаның үлгісі мен көлемі және де оған кіретін құрылғылар арнайы техникалық нормаға сәйкес орнатылады.
Конвертке ондағы сақтаудағы құжаттың фото белгісі жапсырылады.
Рекордта міндетті түрде көрсетіледі:
- киноқұжаттамалар үшін:
өндірістік нөмірі; құжаттың толық атауы; сериясы; бөлімі; түсірген авторы; жинақ элементінің атауы; вариант (дыбыссыз, дыбысты) ; түсі (қара-ақ, түрлі-түсті) ; таспаның ені; метраж; бөлімдегі серияның саны; серия, бөлім нөмірі; дайындалған күні;
- фоноқұжаттар үшін:
өндірістік нөмірі және индексі; бөлімдегі құжаттаманың толық тақырыбы; жинақ элементінің атауы; жазба варианты (моно, стерео және т. б. ) ; рулондардың жалпы саны; рулон нөмірі; рулонның айтылу уақыты; дайындалған күні.
Барлық қажетті мәліметтер кино таспаның эмульсиондық қабаты жағына тушьпен немесе өшпейтін сиямен жазылады, магнитті таспаға негізі жағынан сия қарындашпен жазылады.
Ведомстволық мұрағатта құжатқа және оның орамына қажетті мәліметтерді белгілеу мемлекеттік мұрағаттарға (мемлекеттік сақтауға жататын құжаттар үшін) сәйкес келісілген бір тәртіппен орнатылады және нормативтік-әдістемелік құжатпен бекітіледі.
Уақытша сақтаудағы кинофотофоноқұжаттар мен бейне құжаттар жартылай рәсімдеуге жатады: киноқұжаттарды бастау, фотоальбомдағы позитивтер мен парақтарды нөмірлеу, ішкі тізім және фотоальбомға қорытындылау жазбасын құрмау жүргізбеуге рұқсат етіледі.
Қоймадағы фоноқұжаттамалар мен бейне фонограммалардың магниттік жазбасының магниттік өрісінің кернеулілігі 400 А/м аспауы керек.
3. 2 және бейне фонограммалармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары
және бейне фонограммалармен жұмысқа сақтау үшін арналған бөлмелерде «Өндірістік ұйымдар үшін өрт қауіпсіздігінің типтік ереже» талаптары қатаң сақталуы керек.
Мұрағат сақтау бөлмелері ГОСТ 12. 1. 004-85 сәйкес өрт туралы хабарлама және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек.
Құжаттамалар қыздырғыш құралдарға жақын болмауы керек.
Ведомстволық мұрағатта өрт қауіпсіздігі мақсатында нитронегізі бар барлық құжаттар болып табылады, оларды жеке сақтауға және құжаттарды шектеулі түрде пайдалану ұйымдастырылады. Табылған құжаттар таңбаланады, олар жоспарлы түрде техникалық қалпына бақылау жүргізіледінитро негізді құжаттар орнатылған тәртіппен жойылады.
Нитро негізді құжаттармен жұмыс кезінде, тыйым салынады:
- жұмыс орынында бір рулоннан көп кино таспа болуға;
- фильм тексеру үстеліне кино таспа рулонын қараусыз қалдыруға;
- электр көтерменің кино таспасын орау кезінде пайдалануға;
- кино таспаны 25 м/мин жоғары жылдамдықпен орауға (250м ұзындықты рулон 10 мин. аз оралмауы керек) .
- құжаттары бар қорапшаларды шашып тастауға, оларды бәр - біріне соғуға;
- құжаттарды ұзақ уақыт жұмыс бөлмелерінде сақтауға.
Кинофотофоноқұжаттар мен бейне фонограмалар жұмысын жүзеге асыратын аппаратураларды электр тоғынан сақтау керек, бірақ өзінің параметрі және жұмыс тәртібі ГОСТ 24863-81, 12. 2 006-83, 18631-83, 12107-85 талаптарына сәйкес жауап беру керек.
Химиялық қосқыштармен жұмыс барысында ОСТ 55, 1-84, 55. 2-84 талаптарына сәйкес қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
3. 3 Термогигрометрикалық, жарық және санитарлы-тазалық тәртібі
Құжаттарды ұзақ сақтау кезінде температура - ылғалдығының ауа параметрі мына кестеге сәйкес болуы керек:
Қоймадағы кинофотофоноқұжаттар мен бейнефонограммалардың температурасының және оған қатысты ылғалдықтың шұғыл тербелісін болдырмау қажет. Ылғалдыққа қатысты тербеліс 5 % жоғары болмауы керек.
Гигрометр көрсеткішінің дәлдігін тексеру міндетті жөндеу аспирациялық психометр бойынша ай сайын жүргізіледі.
Ауа температурасы мен ылғалдығын өлшеу қорытындысы, және де құралдың дәл көрсеткішін тексеру арнайы журналда жазылады.
Мұрағат бөлмесіне тік күн сәулесі түскенді болдырмайды.
Бөлмеге күн сәулесінің жарығын кіргізу терезеде жарықтың шашырауы орнатылған жағдайда ғана болады.
Қойманы жарықтандыру жасанды жарықпен немесе қыздыру лампасымен сыртынан жұмсақ плафонмен жауып жүзеге асырылады.
Шкафтар мен сөрелерді жарықтандыру 20 лк, дәліз - 50 лк, жұмыс орыны - 100 лк төмен болу керек.
Қойманың барлық бөлмелеріне аптасына бір рет (шаң сорғышпен) құрғақ жинау жүргізіледі; сулы жинау - айына бір рет, еденді сумен жинастыру - күнде.
Қоймаға кіру және онда құжаттармен жұмыс жасау ақ халатты және таза аяқ киіммен кірген адамға ғана рұқсат етіледі.
Қойма бөлмелеріне және жұмыс бөлмелеріне азық-түлік кіргізуге тыйым салынады.
Құжаттамаларда механикалық бүлінулер болуды ескерту мақсатында құжаттарға қандай да бір заттарға қолмен қолғапсыз тиісуге тыйым салынады.
3. 4 Қоймаларды жабдықтау. Қоймаға және бейне фонограммаларды орналастыру
Кинофотофоноқұжаттары және бейне фонограммалар метал шкафтарда немесе сөрелерде сақталады.
Фнонқұжаттар мен бейнефонограммаларды сақтау сөрелері ферромагнитті материалдан басқа магнитті лентадан дайындалады.
Қоймадағы сөрелерді орнату төмендегідей ара қашықтықта анықталады:
- қабырға мен сөренің арасы қабырғаға параллель, сондай-ақ қасындағы сөрелер арасы (дәліз) 0, 75 м. аз болмау керек;
- сөрелер қатарының арасы (негізгі дәліз) 1, 2м. аз болмауы керек;
- тік сөремен қабырғаның арасы - 0, 45м. аз болмауы керек.
- сөрелер мен жылыту құралдарының арасы 1 м. аз болмауы керек.
Ауаның айналуын қамтамасыз ету мақсатында төмендегі талаптар сақталсын:
- сөренің ұзындығы 2, 2 м аспауы керек;
- еден мен сөренің төменгі қабатының арасы 0, 3 м. аз болмауы керек;
- полкалар арасы - құжатты кораптан 0, 05 м көп болуы керек;
- қораптардың параллельді қатарының арасы (құжаттарды екі қатар сақтау кезінде) - 0, 05м. аз емес;
- киноқұжатты жеке қораптар арасы - 0, 05м. аз емес;
- сөре полкаларында бойлау саңылаулары бар.
Киноқұжаттамалар мен фонограммалар кино таспада көлденең орналасып сақталады; магнитті таспадағы фонограммалар, граммофонды түпнұсқалар, грамтаспалар, балауыздар, бейнефонограммалар - тік орналастырылады.
Таспадағы фотоқұжаттар және фото таспалар құжаттың көлеміне сәйкес көлемде, ал ұзындығы құжаттың жартысынан жоғары биіктікте жәшікте тік орналастырылып сақталады.
Фото таспалы жәшіктер бөлгішпен бөлініп, 20-40 таспадан салынады.
Фото таспалар бірінің қасына бірі бес таспадан жалпақтығын асырмай орналастырылады.
Фотоқұжатты жәшіктер есігі бар шкафтар мен полкаларда саөталуы керек.
Фото альбомдар жабық шкафтар мен полкаларда сақталады. Оларды бір қатарға түбірін сыртқа қаратып тік орналастырылады.
3. 5 Қоймадағы және бейне фонограммаларды беру тәртібі, оларды ауыстыру жіне тасу
Кинофотофоноқұжаттар мен бейне фонограммалар қоймадан берілер бұрын 3 сағаттай жабық қорапта 18-20 С және ылғалдығы 60 % болып ұсталуы керек; төмен температуралы жағдайда сақталғаннан кейін - қосымша 10 тәулік ашық корапта болу керек.
Құжаттарды алатын адам мен бейне фонограммаларға қатысты өрт қауіпсіздігі және оларды пайдалану ережелерімен танысуы керек.
Қоймадаға мен бейне фонограммаларды берер алдында және оларды қайтарған кезде міндетті түрде олардың қалпын, есепке алу нөмірін және басқа да құжатта көрсетілген мәліметтерін, оның орамындағы мәліметтерді тексеру керек.
Қоймадан және бейне фонограммаларды беру арнайы кітаптарға есепке алынып және құжаттарға (тапсырыспен, актімен т. б. ) сәйкес рәсімделеді.
мен бейне фонограммаларды беруді есепке алу бойынша құжаттарды рәсімдеу және құру негізгі мұрағаттың нормативті-әдістемелік өңдеудің жалпы талаптарына сәйкес, ведомстволық мұрағатпен орнатылады.
мен бейне фонограммалар мұрағат бөлмелерінде тек сақтауда тұрған ораммен ғана тасымалданады. Құжаттамаларды тасу үшін қозғалмалы арба пайдаланылады.
мен бейне фонограммаларды мұрағат бөлмесінен тыс тасу үшін төмендегідей болып оралады:
- таспадағы киноқұжаттар мен фонограммалар-жылтыр пакетте және металл қорапта ГОСТ 4097-78 бойынша, содан соң ГОСТ 4430-78 бойынша тасу үшін тасымалдау жабдығында (онда қораптар көлденең орналастырылады) жеткізіледі.
- фотоқұжаттар - сәйкес көлемде қатты құрылым қорабына (қораптағы құжаттар тік орналастырылады) ;
- магнитті жазбадағы фоно құжаттар, граммофонды түпнұсқалар, грам таспалар, балауызды фонографиктік және бейне фонограммалар - жылтыр пакетте және ылғал кірмейтін матаға оралған қатты қорапта (қораптағы құжаттар тік орналастырылады) .
мен бейне фонограммаларды алыс қашықтыққа барлық транспорт түрімен тасымалданады.
Тасу кезінде орамның ішіндегі құжаттарды ауыстыруға, соғуға және сілкілеуге, ылғал кіруіне, жел және күннің көзі кіруіне, орам ішіндегі ылғалдың жиналуына жол берілмейді.
Әр құжаты бар жәшіктенегізгі және қосымша жазу бар және қосымша белгілері болуы керек, мағынасына сәйкес «Жылытудан (жылыдан) қорқады», «Сыздан қорқады», «Жоғары», «Қысқартылмасын», «Өрт қауіпті» (нитро негізі бар құжаттар үшін), «Электр магнитті сәуледен қорқады» (магнитті жазбалы фоноқұжаттар мен бейне фонограммалар үшін) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz