Қаптаушы, қармаушы, тітіркендіруші және сіңіруші заттар.


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қаптаушы, қармаушы, тітіркендіруші және сіңіруші заттар.

Жоспар

  1. Қаптаушы заттар.
  2. Қармаушы заттар.
  3. Тітіркендіргіш заттар.
  4. Сіңіргіш заттар.
  5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қаптаушы заттар

Бүркеуші заттар - шырышты қабықшаларды бүркеп, сезімтал жүйке ұштарының тітіркенуіне кедергі жасайды. АІЖ-ның қабыну ауруларында қолданып, құрамында тітіркендіргіш заттары бар микстуралардың құрамына кіреді. Mucilago Amyli - Крахмал шырышы (2%) Mucilagoseminum Lini - Зығыр тұқымының шырышы (1:30) . Зығыр майы құнды Омега-3 және Омега - 6 полиқанықпаған май қышқылдарының тамаша сыртқы көзі болып табылады (біздің ағзамыз бұл майларды өзі синтездей алмайды) . Омега-6 кейбір басқа майларда болса да, Омега-3 жеткілікті көлемде тек қана зығыр майында болады. Зығыр тұқымынан жасалған майда Омега-3 көлемі, балық майны қарағанда, 2 есе көп, және басқа тағам өнімдеріне қарағанда айтарлықтай көп. Ағзаға түскен кезде Омега-3 және Омега-6 жасушаның құрылымына енеді де, кейін жасуша белсенділігіне, жүйке импульстарын табыстау жылдамдығына жағымды әсер етеді. Бұған қоса, зығырдың тұқымында ақуыздың, дәрумендердің (А, В, Е, F, Р) және сау тамақтану үшін қажетті болатын басқа да биологиялық белсенді заттардың мол көлемі бар. Зығыр майын жүйелі түрде қабылдау холестерин деңгейі мен қан тұтқырлығын төмендетуге, тамырлар иілімділігін арттыруға көмектеседі, ең соңында бұл миокард инфарктының, атеросклероздың, гипертониялық аурудың, жүректің ишемиялық ауруының дамуына жол бермейді, инсульт пен тромбтардың пайда болу тәуекелін төмендетеді. Бұған қоса, зығыр майы адамның барлық ас қорыту жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді: бауырдың функциясын жақсартады, шаншу, гастриттің алдын алуға көмектеседі, іш қатаюын, қыжылды жояды, паразиттерге қарсы әсер береді. Майдың иммунқорғау қасиеттері: зығыр тұқымынан жасалған майды операциядан кейін және қалпына келу кезеңіндегі әлсізденген ауруларға ішуге ұсынылады. Зығыр майын жүйелі түрде қабылдау балалар үшін ағзаның толыққұнды сау дамуына пайдалы болады. «Алмагель» - Алмагель: асқазан мен ұлтабардың жарасында, гиперацидті гастритте және асқазан ауруларында қолданылады. 170мл флаконда суспензия түрінде шығарылады. «Алмагель А» -құрамында 0, 1 анестезин бар.

Қаптаушы заттар шырышты қабаттарды жаба отырып, сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден сақтайды. Қаптаушы заттарға крахмалдың шырышы, зығыр дәнінің шырышы және т. б. жатады. Оларды көбінесе асқазан-ішек жолдарының қабыну үрдістерінде, сонымен қатар тітіркендіргіш қасиеті бар заттармен бірге қолданады. Қаптаушы заттар резорбтивті әсер көрсетпейді.

Қолданылуы: Асқазан-ішек жолдарының қабынуы, тітіркендіргіш заттармен бірге қолданылады.

Қаптағыш дәрілер сумен қосылып, коллоидты ерітінді түзейді, ол шырышты қабықшаны жауып, сезгіш жүйке ұштарына тітіркендіргіш заттардың әсеріне кедергі жасайды. Бұл заттарға негізінен крахмал кілегейі (Mucilago Amyli), зығыр дәнінің кілегейі жатады. Олар жергілікті қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер көрсетеді. Гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларында және энтероколитте қолданылады. Дәрілермен бірге ауыруды басатын бір реттік клизма ретінде, қышқылдар мен негіздермен уланғанда ұзақ уақыт ішке шырышты қабатты жаралардан қорғау мақсатында тағайындайды.

Рецепт үлгісі . Rp. : Chlorali hydratratis 1, 5

Mucilaginis Amyli

Aq. destill aa 15 ml.

M. D. S. 1 клизма жасауға.

Қармаушы заттар

Бырыстырғыш дәрілер - тері және шырышты қабықшаның бетіндегі ақуыздың коаугуляцияға ұшырауына байланысты, жергілікті қабынуға қарсы әсері бар. Тығыз ақуыз пленкасы сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргіш заттардан қоғап, ауырсыну сезімдерін төмендетеді. Бырыстырғыш дәрілер тері және шырышты қабышаның қабынуында (дерматитте, жараларда, эрозияда, экземада) сеппе, жағылма, жағу, шаю үшін белгіленеді. АІЖ- ң қабыну ауруларында (энтерин, колит және т. б. ) ішке қолданылады.

а) Бейорганикалық бырыстырғыш дәрілерге: висмуттың негіздік нитраты, қорғасын ацетаты, ашутас, мырыш сульфаты, күміс нитраты жатады. Висмуттың негізгі нитраты. «Викалин», «Викаир» таб; 5-10% жағылма; сеппе; «Нео-анузол» супп. түрінде шығарылады. Қорғасын ацетаты (Plumbi acetas) : 0, 25-0, 5% дымқылдау үшіне қолданылады. Ашутас (Alumen) : 0, 5-1% еріт.

б) Органикалық бырыстырғыш дәрілерге: танин, дерматол, ксероформ, тұнба және қайнатпалар (1:10-1:20), емен қабығы, шайқурай шөбі, жылантаран тамыр сабағы, шатыраш жапырағы, түймедақ гүлі, кәдімгі қаражидек жемісі, итошаған шөбі жатады. Танин - Tanninum: сеппе түрінде; ауыз қуысын шаю үшін 1-2% еріт. түрінде; жараларға, жарылуда, күйгенде, тесілуде 3-5-10% қолдану үшін сулы және глициринді ерітінділер мен жағылма түрінде тағайындалады. Танинді шырышты қабық суықтағанда, ауыз қуысы, жұтқыншақ пен көмей ауырғанда, ауыз уылғанда, жара іріңдегенде, күйіп қалғанда, ішімдікке және ішкі құрылысты жуатын металдан жасалған заттардан уланғанда қолданады. Танин ұнтақ түрде болады. Бір пакетте 5 немесе 10 гр. болады. Оны құрғақ жерде аузы мықтап жабылатын банкіде сақтау крек. Сақтау мерзімі - 5 жыл. Іш өткенде танинді қолдануға болмайды, өйткені ол асқазанды бұзып, тәбетті төмендетеді және ас қорыту жұмысын баяулатады. Емен қабығының қайнатпасы(Decoctum corticis Quercus), сонымен қатар таниннен тұратын басқа да өсімдіктердің тұнбасы мен қайнатпалары (шайқурай шөбі, шатыраш жапырағы, зерде гүлі, тарлан тамыры, сиырсілекей, қаражидек, мойыл ж. т. б. ) стоматит, гингивит және басқа да ауыз қуысының қабынуы кезінде қолданылады. Дерматол және ксероформ - сеппе түрінде (сыртқа) ; 10% жағылма.

Жіктелуі:

  1. Органикалық:танин, емен қабығының қайнатпасы
  2. Бейорганикалық:Қорғасын ацетаты, висмут нитраты, ашудас, мырыш тотығы, мырыш сульфаты, күміс нитраты

Тұтқыр дәрілер шырышты қабатпен жанасқан кезде коллоидты қосылыстар түзеп, нәтижесінде тамырлардың тарылуына, олардың экссудаттар үшін өткізгіштігіне төмендеуіне, ауыру сезімінің басылуына, қабыну үрдісінің азаюына әкеледі. Тұтқыр дәрілерге органикалық заттар (танин, емен қабығының қайнатпасы, шайқурай шөбінің тұнбасы, шатыраш жапырағы, зерде гүлін ж. т. б. ), неорганикалық (висмут субнитраты, дерматол, ксероформ, қорғасын ацетаты, ашутас (квасцылар), мырыш тотығы, мыс сульфаты, күміс нитраты және т. б. ) жатады.

Танин (Tanninum) танин қышқылы немесе галло тұтқырлық (тері илейтін) май және ерітінді түрінде шығарылады. Танин ауыр метал тұздарымен және алкалоидтармен (морфин, атропин, никотин, кокаин) қосылып нашар еритін қосылыс түзейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ауыз қуысын, жұтқыншақты 1-2% ерітінді түрінде шаю үшін, күйік, ойық жараларда сыртқа 3-10% ерітінді және май түрінде жауыр кезінде қолданылады. Іштің өтуі кезінде таниннің шырышты қабықтарда тұнбаға түспеуі үшін, танинді ақуызбен қосылған қосындысын (танальбин) қолданады. Ауыр металл тұздарымен және алкалоидтармен уланғанда асқазанды жуу үшін 0, 5% ерітіндісі қолданылады. Танин тұрақсыз қосылыстар түзейді, сондықтан асқазаннан тез шығару (3-5 минут арасында) керек.

Жанама әсерлері. Асқазанның шырышты қабатында қалаусыз тұнбалардың түзуіне әкелуі мүмкін.

Рецепт үлгісі . Rp. : Sol. Tannini spirituosаe 4% - 25 ml

D. S. Күйіктің ІІ сатысында теріге жағу үшін.

Емен қабығының қайнатпасы (Decoctum corticis Quercus), сонымен қатар таниннен тұратын басқа да өсімдіктердің тұнбасы мен қайнатпалары (шайқурай шөбі, шатыраш жапырағы, зерде гүлі, тарлан тамыры, сиырсілекей, қаражидек, мойыл ж. т. б. ) стоматит, гингивит және басқа да ауыз қуысының қабынуы кезінде қолданылады.

Рецепт үлгісі . Rp. : Decоcti corticis Quercus 20, 0 - 200 ml

D. S. Ауызды шаю үшін.

Висмут субнитраты (Bismuthi subnitras) және оның тендестері дерматол (висмут субгаллат), ксероформ (висмут негізінің трибромфенолаты) сонымен қатар, қорғасын ацетаты (Plumbi acetas), ашутас ( Aluminum), күміс, мыс, мырыш препараттары және басқа да тұтқырлайтын, антисептикалық, үлкен шоғырымда күйдіретін әсері бар дәрілер. Терінің және шырышты қабаттың қабынулырында, энтерит, колит кезінде антисептикалық, май және сеппе ретінде теріні тазалау үшін, артық грануляцияны алып тастау үшін қолданылады.

Рецепт үлгісі . Rp. : Ung. Bismuthi subnitratis 10% - 25, 0

D. S. Тері ауруларына жағу үшін.

#

Rp. : Sol. Plumbi acetatіs 0, 25% - 50 ml

D. S. Жараны шаю үшін.

#

Rp. : Aluminis 4, 0

Ac. borici 10, 0

Aq. destill. 200 ml

M. D. S. Жараны өңдеу үшін.

Адсорбциялаушы заттар.

Сіңіргіш дәрілер (сорбенттер) - шырышты қабықшаларды тітіркендірмейтін және суда ерімейтін, үлкен адсорбциялық беті бар, ұнтақ тәрізді инертті заттар болып табылады. Олар өз бойына химиялық қосылыстарды сіңіріп, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіруден қорғайды. Белсендірілген көмір (Carbo activatus), карболен, карбактин, энтеросорбент, арнайы өнделген, сорғыш беткейі бар, ерімейтін қара түсті ұнтақ. Белсенді көмірөзіне улы заттарды (токсиндерді, газдарды, алкалоидтарды) сіңіріп алады. Ішектегі ашу және шіру үрдістерімен жүретін диспепсияда (метеоризм), қышқылдықтың жоғары болуы мен асқазан сөлінің гиперсекрециясында, іштің өтуінде, жедел улануларда (алкалоидтармен, жүрек гликозидтерімен, ауыр металдардың тұздарымен және т. б. ), токсикалық синдром ауруларында - тамақ , дизентерия, сальмонеллезде, күйік ауруларының токсемия және септикотоксемия сатысында, созылмалы бауыр жетіспеушілігінде, бронх демікпесінде, атопиялық дерматитте, рентгенологиялық зерттеулерге дайында кезінде (газдардың түзілуін азайту үшін) . Сулы жүзгінді уланғанда және интоксикация кезінде 20-30г; қышқылдық жоғары болғанда және іштің кебуінде - 1-2 таблеткадан (таблетка 0, 5-0, 25 г. ) тәулігіне 3 - 4 реттен. Сулы жүзгінін ересектер үшін тамақтың арасында 10 г (бір пакет) тәулігіне 3 реттен; 7 жасқа дейінгі балаларға - 5 г, 7-14 жастағыларға - 7 г қабылдау. Емдеу курсының ұзақтығы 3-15 күн. Асқазан ішек жолдарының ойық жараларында және асқазаннан қан кетулерде, әсіресе басқа дәрілермен бірге беруге және жоғары сезімталдықта болмайды. Диспепсия болуы мүмкін, асқазан ішек жолдарында майлардың, ақуыздардың, витаминдердің, гормондардың, қоректі заттардың ж. т. б. сіңірілуі төмендейді; іштің қатуы немесе іштің өтуі, нәжістің қара түске боялуы, белсенді көмір арқылы гемоперфузия кезінде эмболияның дамуы мүмкін, геморрагия, гипокалемия, гипокальцемия, гипотермия және гипотензия, ағзада витаминнің, гормондардың, майлардың және ақуыздардың азаюы. Дәрілермен бірге қолданғанда олардың ықпалының төмендеуі мүмкін. Активтелген көмір - Carbo activatus: ұнтақ түрінде, 0, 5таб түрінде, уланғанда асқазанды шаю үшін 20, 0-30, 0 (10-15мл су мен араластырып) суспензиясын, ал метеоризмде 1 таб күніне 2-3 рет белгіленеді. Смекта - Smecta: 3, 0 пакетте; әртүрлі диареяларда (іш өту) қолданылады. Адсорбциялық (сіңіргіш) қасиетінен басқа ауырған жерді сездірмейтін және АІЖ-ның шырышты қабықшаларына қорғаныш қызмет көрсететін қасиеттері бар. Полифепам - гранула және паста түрінде шығарылып, жұқпалы және жұқпалы емес диареяларда, метеоризмде (іш кебу) және жалпы улануларда қолданылады. Ақ балшық (каолин) пен тальк - майда ұнтаққа жылдам айналатын минерал. Кондитер өнімдерін пішіндеуге қолайлы материал. Ерітілген қантты құюға қажетті материалдың бірі- тальккекрахмал қосуға да болады

Адсорбциялаушы (сорып алушы) заттар суда ерімейтін, тіндерді тітіркендірмейтін және адсорбциялық беткейлігі үлкен ұнтақ тәрізді инертті заттар. Теріге немесе шырышты қабаттарға қолданғанда олар химиялық қосылыстарды өзінің бетіне адсорбциялап, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргіш әсерлерден қорғайды. Сонымен қатар, адсорбциялаушы заттар тері бетін немесе шырышты қабаттарды жұқа қабатпен жаба отырып, сезімтал жүйке ұштарын механикалық түрде қорғайды. Мысалы, тальк (4SiO2-3МgO-Н2О) тері бетіне қолданылғанда бездердің бөлінділерін адсорбциялайды, теріні құрғатады және оны механикалық түрде қорғайды.

Адсорбциялаушы заттарды (мысалы, активтелген көмірді) химиялық қосылыстармен уланғанда қолдану өте маңызды. Активтелген көмір ішке тағайындалғанда уытты заттарды адсорбциялайды, олардың сіңуін баяулатады немесе тоқтатады және мүмкін болатын жедел улануды басады. Сонымен қатар адсорбенттер диареяда (уытты заттарды адсорбциялайды), метеоризмде (күкіртсутекті сіңіреді) қолданылады. Жануарлардан және өсімдіктерден алынатын, үлкен белсенді беткейден тұратын, нәтижесінде басқа химиялық қосылыстармен немесе дәрілік препараттармен жақсы әрекеттесіп, өздерінің бойына сіңіріп алып, жүйке талшықтарын тітіркенуден қорғайтын сорғыш дәрілер. Бұл заттарға белсенді көмір, тальк және т. б. жатады. Бұлар іш өту кезінде және улы заттардың сіңірілуін тоқтату үшін қолданылады.

Белсенді көмір (Carbo activatus), карболен, карбактин, энтеросорбент, арнайы өнделген, сорғыш беткейі бар, ерімейтін қара түсті ұнтақ. Белсенді көмірөзіне улы заттарды (токсиндерді, газдарды, алкалоидтарды) сіңіріп алады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі . Ішектегі ашу және шіру үрдістерімен жүретін диспепсияда (метеоризм), қышқылдықтың жоғары болуы мен асқазан сөлінің гиперсекрециясында, іштің өтуінде, жедел улануларда (алкалоидтармен, жүрек гликозидтерімен, ауыр металдардың тұздарымен және т. б. ), токсикалық синдром ауруларында - тамақ , дизентерия, сальмонеллезде, күйік ауруларының токсемия және септикотоксемия сатысында, созылмалы бауыр жетіспеушілігінде, бронх демікпесінде, атопиялық дерматитте, рентгенологиялық зерттеулерге дайында кезінде (газдардың түзілуін азайту үшін) . Сулы жүзгінді уланғанда және интоксикация кезінде 20-30г; қышқылдық жоғары болғанда және іштің кебуінде - 1-2 таблеткадан (таблетка 0, 5-0, 25 г. ) тәулігіне 3 - 4 реттен. Сулы жүзгінін ересектер үшін тамақтың арасында 10 г (бір пакет) тәулігіне 3 реттен; 7 жасқа дейінгі балаларға - 5 г, 7-14 жастағыларға - 7 г қабылдау. Емдеу курсының ұзақтығы 3-15 күн.

Кері көрсеткіштері . Асқазан ішек жолдарының ойық жараларында және асқазаннан қан кетулерде, әсіресе басқа дәрілермен бірге беруге және жоғары сезімталдықта болмайды.

Жанама әсерлері. Диспепсия болуы мүмкін, асқазан ішек жолдарында майлардың, ақуыздардың, витаминдердің, гормондардың, қоректі заттардың ж. т. б. сіңірілуі төмендейді; іштің қатуы немесе іштің өтуі, нәжістің қара түске боялуы, белсенді көмір арқылы гемоперфузия кезінде эмболияның дамуы мүмкін, геморрагия, гипокалемия, гипокальцемия, гипотермия және гипотензия, ағзада витаминнің, гормондардың, майлардың және ақуыздардың азаюы. Дәрілермен бірге қолданғанда олардың ықпалының төмендеуі мүмкін.

Шығарылу түрі. 200 мг капсуласы; 230, 250, 500 мг (N. 10) таблеткасы; 5, 10, 15, 25, 30, 50, 100, 150 г ұнтағы пакетте; 100, 200 г флаконы; 100, 250, 450, 700, 850, 1300 г пастасы; 2, 5; 3, 5, 10, 60, 100, 650 пакеттегi грануласы; 10, 12, 15, 24, 25 г флаконда.

Рецепт үлгісі . Rp. : Granularum Carbonis activati 5, 0

D. t. d. N. 10

S. 1 - 2 пакеттен 5 - 6 рет тәулігіне.

Тальк (Talcum) тер бездерінің бөліп шығарғандарын өзіне сіңіреді және теріні механикалық тітіркенуден қорғап, оны кептіреді. Оны сеппе ретінде қолданады.

Рецепт үлгісі . Rp. : Zinci oxydi 10, 0

Talci 40, 0

M. f. pulv.

D. S. Ұнтақ түрінде, сеппе.

Тітіркендіргіш заттар

Тітіркендіргіш дәрілер - жергілікті қолданғанда, тері және шырышты қабықшалардың афферентті жүйке ұштарын қоздырып, ішкі мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Тітіркендіргіш дәрілер невралгияда, радикулитте (құяңда), артралгияда, ревматизмде (құздамада), миалгияда, жарақаттарда, сіңір тартылуда, спорттық жарақаттарда, қышыма дерматозында, сондай-ақ жоғарғы тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында қолданылады. Оларды іріңді ауруларда, нейродерматитте, сулы экземада, псориазда зақымдалған теріге жағуға болмайды. Ментол - Mentholum: 2% спиртті ерітінді және 10% майлы қоспа түрінде; 1 және 2% ментол майы: «Меновазин» препараты; «Бороментол», «Эфкамон», «Гевкамен» жағылма түрінде, Валидол (Validolum) 0, 06таб және 0, 05 капс түрінде шығарылып, жүрек тұсының ауырсынуын төмендету үшін тіл астына енгізіледі. Аммиак ерітіндісі - Solutio Ammoni caustici: 10% 1 мл еріт. амп 10% 40 мл еріт. флаконда шығарылады, мақта немесе дәкемен иіскету үшін. Аммиак буларын ішке қабылдағанда немесе ішке тартқанда жоғары тыныс жолдарының рецепторлары арқылы әсер ете отырып, тыныс орталығын қоздырады және орталық нерв жүйесін қоздыруға әсер етеді. Ерітінді тітіркендіргіш және микробқа қарсы әсер етеді әрі теріні жақсы тазартады. Қыша қағазы - жылы суда қыша эфир майы бөліну нәтижесінен тітіркену қасиеті байқалады. Қағазға жұқалап жағылған майсыз қыша қоспасының ұнтағы, ол мирозин және синигрин гликозид ферменттерінен тұрады. Әсер етуші заттардың ықпалынан ыдырап - өткір иісі бар, шырышты қабатты және теріні қатты тітіркендіретін қыша майының эфирі. Емдік ықпалы терінің жүйке ұштарын тітіркендіру салдарынан рефлекторлы реакциялар пайда болады. Қабынуға қарсы дәрілер ретінде ( алаңдатушы) тыныс жолдарының аурулары, жүрек соғуы, невралгия, миалгия және т. б. аурулар кезінде қолданылады. 4-5 қыша қақазды күніне 1 рет. Эфирлі қышы майын 2% спирттік ерітінді түрінде жергілікті тітіркендіруші және алаңдатушы заттар ретінде қолданады. Қолдануға болмайды тері зақымдануларында, іріңді ауруларда, нейродермитте, сулы экземада, псориазда. Терпентиннің тазаланған майы(Oluеm Terebinthinaе rectificatum) скипидар - эфирлік май. Бұл кәдімгі қарағай бүршігін айдаудан алған өнім, тері арқылы өтіп, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді, ауыруды басатын (алаңдатушы) және антисептикалық әсер көрсетеді. «Финалгон», «Капсикам» майларының құрамына кіреді. Бұл заттардың екі мақсатта қолданады: біріншіден, жарақаттанған жердегі ауырсынуды басу үшін, яғни көңілді басқаға аудару, екіншіден, патологиялық үрдіс кезінде ішкі денедегі трофиканы жақсарту үшін. Невралгия, радикулит, миалгия, аяқ-қол қақсағанда, миозитте, полиартриттерге, сонымен қатар бумен дем алу үшін ірінді бронхитте, бронхоэктазияда қолданылады. Қолдануға болмайды бауыр мен бүйрек паренхимасының зақымданулары кезінде. Шығарылу түрі 20 % жағынды 15 және 25 г банкада және 15, 25 және 50 г тубаларда және 10, 30 және 50 мл флакондағы майлы ерітінді. Ментол(Mentholum) жалбыз майынан алатын (бұрыш жалбызының жапырағында) - салқындатқыш рецепторларды тітіркендіреді, аздап жансыздандырады, рефлекторлы жолмен қан тамырларының қысымын өзгертеді. Бұл қасиетін жүрек-қан тамырларын кеңейтетіндігінен байқауға болады. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі невралгия, миалгия артралгия кездерінде 2% спирттік ерітіндісі немесе 10% майлы жүзгіні ұсынылады; қышымалы дерматозды емдеуде 1% ланолинді-вазелин май немесе 0, 5% спирттік ерітінді қолданылады. Жоғары тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында (тұмау, фарингит, ларингит, трахеит) бумен дем алу немесе интраназальды тамшы түрінде береді. «Валидол» құрамына кіреді, сондықтан стенокардияда қолданылады. Сонымен қатар, ментол көптеген сыртқа қолданылатын алаңдатушы дәрілердің құрамына кіреді (броментол, меновазин, кафомен, эфкамон) . Кері көрсеткіштері жас балалардың мұрнына жағуға, өңешіне бумен дем алуға болмайды. Өйткені тынысы нашарлап, демі тоқтап қалуы мүмкін. Шығарылу түрі 1% вазилин майындағы ерітінді (тамшы) ; 1 және 2% флакондағы спиртті және майлы (ментол майы) ерітінді 10, 20, 25 және 30 мл және флакон-тамшыда 10 мл; ментол каламы. Терпентин майы (скипидар) - 20% жағылма, 40% линименті; камфора майы, жағылмасы және спирті (10%) ; бұрыш жапсырмасы; «Никофлекс», «Финалгин», «Эспол», «Бом-бенге» және т. б. жағылмалары бар. Бұл топтың препараттары тері мен шырышты қабаттардың сезімтал жүйке ұштарына ынталандырғыш әсер көрсетеді.

Қыша қағазы (горчичник) майсызданған қышаның жұқа қабатымен жабылған. Оның тітіркендіргіш әсері қышаның эфирлік майына (аллилизотиоцианат) байланысты. Қышаның құрамында синигрин гликозиді мен мирозин ферменті бар. Қыша қағазын жылы (40ºС жоғары емес) сумен сулағанда мирозиннің әсерінен синигрин ферменттік ыдырауға түсіп, айқын тітіркендіргіш әсер көрсететін қышаның эфирлік майын түзеді. Қыша қағаздарын көбінесе тыныс алу мүшелерінің ауруларында, стенокардияда, сонымен қатар неврологияларда, миалтияларда қолданылады.

Алаңдатушы әсер ОЖЖ-де тітіркендірудің екі ағынының өзара әсерлесуі мүмкіндігімен түсіндіріледі-патологиялық өзгерген ішкі мүшелер мен тітіркендіргіш заттардың әсер ететін жерлеріндегі тері беті. Бұл жағдайда висцералды мүшелерден афферентті импульсияға берілу әлсірейді. Бірақ мұндай көзқарас аса болжамалы, висцералды және соматикалық импульстердің өзара өзара әсерлесуі физиологиялық дәлелденген. Бұл туралы клиникалық мәліметтер де көрсетеді. Сонымен, ішкі мүшелердің ауруында терінің белгілі бір жерлерінде (Захарьин-Гед аймағы) сезімталдықтың жоғарылауы байқалады. Мысалы, стенокардияда науқастар жауырынның тұсында немесе сол жақ қолында ауру сезімін байқайды. Тітіркендіргіш заттардың әсерінен ОЖЖ-де ауыру сезімдерін басатын қасиеті бар заттар энкефалиндердің бөлінуі жоққа шығарылмаған.

Эфир майларына кәдімгі қарағайдың шырынын айыру жолымен алынатын тазартылған терпентин майы жатады. Негізгі әсер етуші заты болып α-пинен (терпендер тобынан-жартылай немесе толығымен гидрирленген ароматты көмірсулар туындыларынан тұратын көптеген эфирлік мвйлар) саналады, оның айтарлықтай липофилдігі бар, сондықтан эпидермис арқылы сіңіп, сезімтал жүйке ұштарына тітіркендіргіш әсер көрсетеді. Құрамында тазартылған терпентин майы бар преператтар көбінесе жергілікті невралгияларды, миалгияларда, буынның ауруларында ысқылап жағу үшін қолданылады.

Аталған тітіркендіргіш заттар екі мақсатпен қолданылады. Біріншіден , ауру сезімін басу үшін зақымдалған мүшенің немесе тіннің аймағына әсері-алаңдатушы әсер деп аталады . Екіншіден , патологиялық үрдістер орын алған ішкі мүшелердің (тіндердің) трофикасын жақсарту үшін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы фармакология
Антисептиалық және дезинфекциялаушы заттар
Қаптаушы заттар
Электр тоғымен емдеу
Ірі өлшемді керамикалық және декаративті бұйымдар
Энергияның миграциясы
Саздардың созымталдығы
Қақпақ бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу
Шкив бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу
Өнімдердің пестицидтермен ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz