Қонақ үйдегі текстиль, кілемдер



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І бөлім. Қонақ үйдегі текстиль, кілемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Кілемнің шығу тарихы және кілем түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Қонақ үйге арналған машинамен тоқылатын кілемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Қонақ үйде кілемге күтім жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.4. Қонақ үйде тоқыма бұйымдарына күтім жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ІІ бөлім. Қонақ үйдегі жиһаз түрлері және күтімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1. Қонақ үйдегі жиһаз түрлері және олардың орналасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2. Жиһаз күтімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
КІРІСПЕ

Қонақ үйдегі жиһаздар пайдаланылу мақсатына қарай қонақ бөлме, жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін бөлме, ас үй, ауыз үй, жуынатын бөлмеге арналады. Жиһаздың жекелеген заттары да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл қонақ үйге, бір бөлмеге немесе бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін.
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі.. Қонақ үйді жиһаздағанда жиһаз отбасы қажетін өтерліктей, бөлмеге сәйкес және оны тарылтатындай болуы керек. Жиһаздар:
• тұрақты жиналмайтын;
• тасымалдауға оңай жиналмалы-құрастырмалы;
• әмбебап-құрастырмалы және құралмалық шешімі бірнеше жиһаз секцияларынан тұратын;
• бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық жиһаз түрлеріне бөлінеді.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Үлдірікті жиһаздың негізі ағаштан немесе металдан өрнектеліп жасалған, әдетте, жіңішке тік ұстын-таяныштар. Олардың арасына жекелеген жиһаз секцияларын, сөрелерді, жәшіктерді және басқа жалғастырғыш элементтерді бекітеді, үлдірікті жиһаз әр түрлі нұсқалардың барынша үйлесуін қамтамасыз етеді. Қ
ұрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырып, көлденең орналастырылатын шкафтар, шкаф-қалқалар, құрастырмалы үстелдер, кереуеттер және т.б. жатады. Жиһаздың бұл түріне кресло-кереует, диван-кереует, шкафқа немесе бірінің астына бірі ысырылып жиналатын кереуеттер, төмен түсіріп немесе жазып қоятын қақпағы бар үстел-тумба, қайырмалы қақпағы бар, ысырмалы тумбаны таяньпп ететін секретер және сервант-үстел, т.б. жатады. Жиһаздың бұл түрі пайдалануға қолайлы, өйткені бөлмедегі Жиһаз санын азайтып, бос орынды көбейтуге мүмкіндік береді. Жиһазды негізінен ағаштан және ағаш материалдардан (ағаш жоңқалы немесе талшықты тақташалардан, үйеңкіден, т.б.) жасайды. Сондай-ақ пластмассалар мен металдар да қолданылады. Қаптама жабынды ретінде табиғи және синтетикалық шыбықтарды, ламинирленген қабыршақтарды, қағаз-қатпарлы пластиктерді және т.б. пайдаланады.
Жұмсақ жиһаз үшін созылмалы таспа: кеуек материал, пенополиуретан, табиғи несинтетикалық маталар, жасанды былғары және т.б. қолданылады.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Бадалов К.И. Сборник задач по прядению хлопка и химических волокон. Учебн. для вузов., - М.: МГТУ имени А.Н. Косыгаева 2004 г.
2. Борзуноъв К.И., Бадалов. В.Г. Гончаров, Прядение хлопка и химических волокон (изготовление ровницы, суровой и меланжевой пряжи, крученых нитей и ниточных изделий)/ И.Г.. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Легпромбытиздат 1986 г.
3. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства / Пер. с англ. — М.: Аспект-Пресс, 1995.
4. Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустрии гостеприимства / М.: Academia, 2003. – 185 б.
5. Озеров З.Б., Гусев В.Е. Проектирование производства нетканых материалов. М., 1984
6. Исмаев Д.К. Международное гостиничное хозяйство: по материалам зарубежных публикаций.- М.: ВШТГ, 1998. – 86 б.
7. Кәсіби практиканың негізгі құжаттары. Ақпан – наурыз, 2006.
8. Коблякова Е.Б., Ивлева ПС, Романов В.Е. и ДР- Конструирование одежды с элементами САПР: Учеб. для вузов. 4-е изд. переаб. и доп. -М, 1988.
9. Корчагин М.В., Калинина К.Г., Сенахов А.В., и др. Проектирование отделочных фабрик текстильной промышленности: Учеб. Пособие для вузов текстиль. пром-ти. М.: легкая индустрия 1980.- 144 б.
10. Куатова Р. Отельный бизнес: искуство продовать «сервис» 2006г.–156 б.
11. Ляпина И.Ю. Организация и технология гостиничного обслуживания. М.: ПрофОбрИздат, 2001. – 187 б.
12. Раева Р.А. Гостиничный бизнес: пути становления и развития. Практическое пособие – Алматы: Университет «Туран». 49 б.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І бөлім. Қонақ үйдегі текстиль, кілемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Кілемнің шығу тарихы және кілем түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Қонақ үйге арналған машинамен тоқылатын кілемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Қонақ үйде кілемге күтім жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.4. Қонақ үйде тоқыма бұйымдарына күтім жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..11
ІІ бөлім. Қонақ үйдегі жиһаз түрлері және күтімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 16
2.1. Қонақ үйдегі жиһаз түрлері және олардың орналасуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... .16
2.2. Жиһаз күтімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

КІРІСПЕ

Қонақ үйдегі жиһаздар пайдаланылу мақсатына қарай қонақ бөлме, жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін бөлме, ас үй, ауыз үй, жуынатын бөлмеге арналады. Жиһаздың жекелеген заттары да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл қонақ үйге, бір бөлмеге немесе бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін.
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі.. Қонақ үйді жиһаздағанда жиһаз отбасы қажетін өтерліктей, бөлмеге сәйкес және оны тарылтатындай болуы керек. Жиһаздар:
* тұрақты жиналмайтын;
* тасымалдауға оңай жиналмалы-құрастырмалы;
* әмбебап-құрастырмалы және құралмалық шешімі бірнеше жиһаз секцияларынан тұратын;
* бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық жиһаз түрлеріне бөлінеді.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Үлдірікті жиһаздың негізі ағаштан немесе металдан өрнектеліп жасалған, әдетте, жіңішке тік ұстын-таяныштар. Олардың арасына жекелеген жиһаз секцияларын, сөрелерді, жәшіктерді және басқа жалғастырғыш элементтерді бекітеді, үлдірікті жиһаз әр түрлі нұсқалардың барынша үйлесуін қамтамасыз етеді. Қ
ұрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырып, көлденең орналастырылатын шкафтар, шкаф-қалқалар, құрастырмалы үстелдер, кереуеттер және т.б. жатады. Жиһаздың бұл түріне кресло-кереует, диван-кереует, шкафқа немесе бірінің астына бірі ысырылып жиналатын кереуеттер, төмен түсіріп немесе жазып қоятын қақпағы бар үстел-тумба, қайырмалы қақпағы бар, ысырмалы тумбаны таяньпп ететін секретер және сервант-үстел, т.б. жатады. Жиһаздың бұл түрі пайдалануға қолайлы, өйткені бөлмедегі Жиһаз санын азайтып, бос орынды көбейтуге мүмкіндік береді. Жиһазды негізінен ағаштан және ағаш материалдардан (ағаш жоңқалы немесе талшықты тақташалардан, үйеңкіден, т.б.) жасайды. Сондай-ақ пластмассалар мен металдар да қолданылады. Қаптама жабынды ретінде табиғи және синтетикалық шыбықтарды, ламинирленген қабыршақтарды, қағаз-қатпарлы пластиктерді және т.б. пайдаланады.
Жұмсақ жиһаз үшін созылмалы таспа: кеуек материал, пенополиуретан, табиғи несинтетикалық маталар, жасанды былғары және т.б. қолданылады.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙДЕГІ ТЕКСТИЛЬ, КІЛЕМДЕР

1.1. КІЛЕМНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ КІЛЕМ ТҮРЛЕРІ

Кілем - әсемдік үшін, сондай-ақ қонақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі - түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тықыр болып келеді. Түкті кілем бірнеше қабаттан тұрады. Мұндай кілемнің негізі және арқауы жекеленген жіптерден, бірақ бір-біріне тығыз орналасқан түйіндерден тұрады. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылғаннан кейін пайда болатын қалың түк мұндай түйіндерді көрсетпей жауып тұрады. Түктің ұзындығы 3мм-ден 18мм-ге дейін болады. Ол кілемнің қалыңдығын, мықтылығын арттырумен бірге оны жеңіл (барқыт тәрізді үлпілдек) етіп көрсетеді. Тықыр кілем (кілем, палас, сумаха, шпалер, алаша және т. б.) бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылады. Түгі қырқылмаған, кейде түгінің жартысы қырқылып, жартысы қырқылмаған аралас кілемдер де шығарылады. Сонымен қатар тоқыма емес (түгі тігілмелі, шыбықшалы, желімді кілемдер), түскиіз, ою-өрнек салынған тері кестелі өрме кілемдер де болады..
Қолдан тоқылған кілем. Қолдан тоқылған кілем тоқыма станоктарында өндіріледі. Өте берік келеді, күтіп ұстағанда ондаған жылдар бойы, кейде жүз жылдан астам уақыт пайдалануға болады. Қолдан тоқылған түкті кілемді тоқуға жүн (қой, ешкі, түйе жүні), мақта - мата, жібек, зығыр, кендір жіптері пайдаланылады. Қолмен тоқылатын кілемнің түгі ор түрлі бояулы жіптерді әрбір екі өріс жібіне шалу арқылы жасалады. Майда өрнек қажет болғанда бір ғана өріс жібіне түйіледі. Олар көбіне қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрінде болады да, ұшы бетіне шығарылып, қырқылып тасталады. Бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан кейін арқау жібін жүргізіп, алдыңғыларына қарай тарақпен нығыздай қағып отырады. Түк үшін жүннен иірілген жіп (кейде жібек жіп), ал өріс және арқау үшін мақта жіп қолданылады. Көбіне ұсақ өрнек жасау үшін өрістік мақта жіп жіңішке жібек жіппен алмастырылады.
Кілем тоқу халықтың өте ертеден келе жатқан қол өнері. Қолдан тоқылған ең бағалы кілемдер СССР, Иран, Франция, Үндістан, Қытай, Болгария, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Польша, Ауғанстан, Түркияда шығарылады, СССР-де қолдан тоқылған ең жақсы кілемдер негізінен РСФСР (Дағыстан АССР - і), Түркменстан, Азербайжан, Грузия, Армения және Қазақстанда шығарылады. Әр халықтың, әр елдің қалыптасқан дәстүр ерекшелігіне қарай кілемнің түр - түсті, ою-өрнегі, оны дайындау тәсілі әртүрлі болып келеді. Сондықтан да кілемдер тоқылған жердің немесе халықтың, тайпаның атымен аталады.
Дүниедегі ең ескі кілем, пазырық кілемі, Алтайда табылған.
Түрікмен кілемдері ушан, құла кілемі, пенди, гауһар, иомуд, бешир т. б. деп аталады. Негізінен түсі қызыл, геометриялық түзу сызықты өрнектермен әсемделеді.
Кавказ кілемдері куба, шируан, хила, қазақ, карабах, дербент, микрах, ахты т. б. деп аталады. Түрі қызыл, көк, көгілдір, алқызыл, сары, ақшыл түсті болып келеді. Ою - өрнек ретінде гүл, жапырақ, құс, жан - жануарлар бейнесі қолданылады.
Қытай кілемдерінде әртүрлі түстегі балық, жан - жануарлар, мифтік құбыжықтар, айдаһарлар т. б. бейнеленеді. Сондай - ақ лотос, таушымылдық гүлдері өрнектелген кілемдер де кездеседі. Олардың ортасы ою - өрнексіз көбінесе сары, қошқыл көк, алқызыл түсті болып келеді. Тағы бір ерекшелігі -- оның түгі кілемдегі ою - өрнекті аша түсетін ыңғаймен ұзынды - қысқалы болып қырқылады. Ою - өрнек түгінің қысқа қырқылуы кілем түрінің Әдемілігін арттыра түседі.
Түрік кілемдері анатоль, анкара, смирна, бергамо, брусеа, ушак т. б. деп аталады. Гүлді (парсы көлемдеріне қарағанда бір жүйеге түсірілген) және ою - өрнекті болып келеді.
Француз кілемдері савонарри, обюссон типіндегі кілемдерде гүл салынған ою - өрнекті суреттер басымдау болады.
Қазақ кілемдері тоқылу ерекшелігіне қарай -- түкті және тықыр; материалына қарай -- жібек, масаты, қалы; шығаратын жеріне қарай -- Қызылорда, Алматы, Жамбыл; ру үлгілеріне қарай -- Адай, Керей, Қоңырат, Үйсін; сондай - ақ қосалқы белгілеріне қарай -- шашақты, оқалы кілемдер болып бөлінеді. Қазақ кілемдері түркі тектес халықтар көлемдерінің қазіргі үлгілеріне өте ұқсас.
Негізінен қызыл, қаракөк, сары, күлгін, аспанкөк түстерді қолдану арқылы түрлі ою - өрнектер табиғат көріністерімен ұштастыра бейнеленеді. Қазақстанның оңтүстігінде түкті және тықыр кілемдерді қолдан тоқу дамыған. Олардың негізгі өрнектері -- күмбез, ал жиектерінде текшелі өрнектері қорған деп аталып, оны бойлай күлгін түсті су өрнегі жүргізіледі. Бұл зәулім күмбезді, тас қамалды, қорғанын қуалай су жүргізілген қалайы елестетеді. Ою-өрнектерді белгілі мазмұнға құру текемет, сырмақ өрнектерінен де байқалады. Кейде ортаңғы гүл- күмбездердің орнына түлкі ілген бүркіт, жан-жануар немесе табиғат көрінісі т. б. бейнеленеді. Геометриялық өрнектер өте басым. Қазақ кілемдеріндегі айшықты ою-өрнек әсері басқа халықтар кілемдерінен де байқалады. Мәселен, кавказ көлемдерінің бірі қазақ деп аталады. (Қосымша 1)
1936 жылдан бері ұлттық үлгілерге жаңа мазмұн беруді көздейтін Алматы кілем тоқу фабрикасы жұмыс істейді. Мұнда кілем қолмен де, машинамен де тоқылады. Фабрика әртүрлі мерекелерге арналған, сондай - ақ ұлы адамдардың, көрнекті жазушы, қоғам қайраткерлерінің, мүшелтой иелерінің суреті салынған кілемдер де шығарады. Ал төсеніш, дастарқан т. б. ретінде пайдаланылатын кілемдер республиканың кейбір облыс орталықтарына шығарылады. Машинамен тоқылатын кілемдер сыртқы түрі мен ою - өрнегі жағынан қолдан тоқылған кілемдерден көп өзгешелігі болмаса да беріктігі мен төзімділік жағынан олардан төмендеу. Қолдан тоқылған кілем ұлттық ою - өрнек пен колоритті ұштастыра пайдаланған өте сапалы бұйым болып саналады.
1.2. ҚОНАҚ ҮЙГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАМЕН ТОҚЫЛАТЫН КІЛЕМДЕР

Қонақ үйге арналған машинамен тоқылатын кілемдер негізіне табиғи жіптермен қатар синтетикалық жасанды талшықтар, жүн тәріздес жіптер, химиялық пленка жіптер де пайдаланылады. Кілем тоқылатын жіптің құрылымын зерттеу нәтижесі химия мамандарына өте төзімді полимер материалдарды ойлап табуға мүмкіндік берді. Олар жуан, жіңішке, созылмалы, жеңіл, нәзік, ширақ және ақшыл болып келеді. Түсін жоғалтпау жағынан полиакрилонтрильді талшықты жүнненәлдеқайда төзімді. Машинамен тоқылатын кілемдер түгі тігілмелі тафтинг, тоқымалы, трикотаж, тоқыма-тігілмелі, шыбықшалы киіз, флоки- ровты кілемдерге бөлінеді.
Қонақ үйге арналған тоқыма кілемдер механикалық тоқу станогында бір түсті немесе әр түрлі түсті болып шығарылады, құрылымы жағынан кілемді көп қабатты мата деуге болады. Түгі тігілмелі тафтині - негізгі тоқымалы, трикотаж, тоқыма-тігілмелі кілемдер жоғары жылдамдықты көп инелі машиналармен тоқылады. Кілем негізі өріс жібінен, астыңғы матадан және латексті астарлан тұрады.
Шыбықшалы киіз. Кілемдер көп қабатты холст тәріздес болып келеді. Флокировты кілемдерді астыңғы материалға химиялық талшықтардан жасалған қысқа түктерді жапсыру арқылы электр өрісінде өндіреді.
Қонақ үйде кілемнің көлемі, өрнегі және түр-түсі бөлмені интерьеріне сай (қабырғаның түсі, мебель, портьер т. б. қабы) болғаны дұрыс.
Кілем төсемелері жылу өткізгіш және дыбыс оқшаулағыш секілді қасиеттермен ерекшеленеді, бұл қасиеттер талшық шығару кезінде, ал содан соң белгілі-бір қонақ ү йге арналған кілем төсемесін өндіру кезінде қарастырылады, олар айтарлықтау қарқынды білінеді. Егер кілемге қимасынан қарағанда - бұл бұйымның бірнеше негізгі бөлігі: түк, ең бастапқы негізі, бекітілетін қабат және екінші негіз. Қонақ үй бөлмелеріне кілемнің бір түрі, ал қоғамдық бөліміне екінші түрі қажет, сондықтан кілем төсемелерін шығаратын компания эксплуатациялық және функционалдық қасиеттері мен сенімді шешімді біріктіретін сапаны үнемі жақсартып отырады.
Кілем төсемелерін шығару үшін әр түрлі негіздегі алуан түрлі материалдар қолданылады. Кілем төсемелерін төмендегідей сипаттауға болады:
* дымқылдан, ылғалдан қорықпайды;
* шіруге бейім емес
* үйкелмейді;
* ластанудан өте оңай тазаланады;
* түстердің қанықтығы ұзақ уақыт сақталады.
Дәстүрлі кілемдерге қазіргі уақытта танымал ковролиндер және модульді кілем плиткалары жатады.
Кілем төсемесінің ізашары, басқаша айтқанда ковролин - әрқашанда жұмсақ және жайлы кілем. Олардың айырмашылығы - ұқыпты салынған бейнеде және өңделген жиегінде.
Қазіргі заманауи кілем төсемелері үш түрге бөлінеді. Олардың бар айырмашылығы - шығару тәсілінде (тафтингтік, иглоробивті, тоқымалы) Кілемдер түгінің түрі бойынша көрсетілген: Скролл, Велюр, Катлуп (cut-loop), Фризе, Саксони, Шэг.
Кез-келген кілем төсемесіне мұқият күтім қажет. Мысалы, кілемді сағыздан тазалау оңай шаруа емес. Егер сіз оны жай жұлып алсаңыз, онда оның жартысы кілемге жабысып қалады. Сенімді шешімдердің бірі - оны арнайы ерітіндінің көмегімен мұздату және бірнеше бөлікке бөлу. Содан соң хлормен жуып, сумен шайған дұрыс.

1.3. ҚОНАҚ ҮЙДЕ КІЛЕМГЕ КҮТІМ ЖАСАУ

Қонақ үйде кілемді төсер алдында еденнің кірін кетіріп, шаңын сүртіл әбден құрғату керек. Төсеген кезде кілемнің жиырылып, бүктеліп қалмауын қадағалау қажет. Тоқыма кілемдерді қатты сыпырғышпен немесе шаңсорғышпен аптасына бір рет тазалайды. Қатты щеткаларды пайдаланбаған жөн. Түгіне қарсы тазалау ға да болмайды.
Кілемді жұмсақ, иілгіш заттармен қаққан дұрыс. Оны ағаш қорғанға немесе кір жаятын арқанға іліп қағуға болмайды, мұндай жағдайда кілемнің арқау жіптері зақымданады. Қағылған кілемнің екі жағынан бірдей сыпырғышпен сүрту керек. Қысты күндері кілемнің түкті жағын үстіне қаратып қар салып тазалаған тиімді. Майысқақ шыбықпен немесе тал сыпырғышиен бірнеше рет орнын ауыстырып таза қардың үстінде әбден тазарғанша қағу керек. Таза жүннен қолдан және машинамен тоқылған кілемдерге қаракүйе мен кілем қоңызы түседі. Олар кілемнің боялған түгін (жасыл түсті кілемдерге түспейді) бүлдіреді. Санитарлық талапқа сай емес дымқыл, шаң басқан және уақытында кептіріліп, желдетілмеген орындарға, кілемнің тазаланбаған бөліктеріне кілем қоңызы, қаракүйе түседі. Жүннен тоқылған кілемдерді жазда алдын-ала кептіріп, сосын шиыршықтап бүктен алып қойған жөн.
Тазаланып, келтірілген кілемге нафталин себу керек немесе бүктеген кезде арасына қашықтығын бірдей етіп нафталин салынған дорбашалар (нафталин таблеткалары), молебой таблеткаларын салған дұрыс. Кілемді сақтау үшін оны мүмкіндігінше тығыздан бүктеп, сыртынан газет қағазымен орай полиэтилен қапшыққа салып қояды. Кілемді кемінде жылына бір рет Аэроантимоль, Супромит сұйықтықтарымен немесе супрозоль аэрозольды препаратымен профилактикалық өңдеуден өткізіп отыру керек.
Бұл заттар қара күйені және кілем қоңызының личинкаларын өлтіреді. Жүн тәріздес синтетикалық жіптерден жасалған кілемдер жоғары гигиеналық қасиеттерімен ерекшеленеді әрі шаңсорғышпен жақсы тазаланады.
Синтетикалық кілемдердің түкті жағына түскен дақты бірден сумен сүртіл тастаса оңай кетеді. Тұрыңқырап қалған дақты тұрмыс қажетін өтеу комбинатында химиялық тазалау жолымен кетіреді, мұнда көлемді керіп-созуға да болады. Табиғи жіптер мен синтетикалық талшықтардан жасалған кілем және кілем тәріздес бұйымдарды тазалауға Атта, Борс, Золушка -- М, Умка деп аталатын арнаулы сұйық препараттар шығарылады. Тазаламас бұрын кілем түгіндегі бояулық беріктігін тексерген жөн. Ол үшін ақ матаны алдын-ала дайындалған қоспаға батырыл алып кілемнің елеусіздеу бүрышын тазалап көреді. Егер бояу жұқнаса, оны тұтастай тазалай беру керек. Бояуы шығатын кілемдерге мұндай препараттарды пайдалануға болмайды.
Кілемді ұқыпты күтіп ұстаған жағдайда ұзақ уақыт пайдалануға болады. Қонақ үйдің кіре берісіне, аяқ астына, дәлізге, холл, вестибюль, баспалдақ, т. б. адамдар көбірек жүретін орындарға төселген көлемдер тез тозады. Сондықтан да оның үстіне жіңішкеле кенеп мата немесе басқадай материалдар төсеген жөн. Егер бүктелетін кілем болса оның жиегіне іш жағынан кішілеу кенеп қалташалар тігіл, оған жалпақтау металл табақшалар қоятын болса кілемге жиналатын электрстатикалык зарядтар мөлшері азаяды.

1.4. ҚОНАҚ ҮЙДЕ ТОҚЫМА БҰЙЫМДАРЫНА КҮТІМ ЖАСАУ

Қонақ үйде маталар мен тоқыма бұйымдарына құнттап қарау және дұрыстап күтім жасау өнімді жарату мерзімін арттыруға жағдай жасайды. Төменде маталарға күтім жасау жөнінде және әртүрлі шикізаттық құрамдағы маталарды қалай дұрыстап үтіктеуге және жууға болатыны жайлы бірнеше ақпарат келтірілген.
Қонақ үйде мақтадан жасалған бұйымдарға күтім жасау. Мақтадан жасалған бұйымдар өте берік, жоғары температураның әсерін жақсы көтереді. Мақтаның ерекшелігі -- ылғалды сіңіретін керемет қабілеті. Жуғанда оның тез мыжылып қалатыны және апшуы кемшілігі болып табылады. Мақта жуғаннан кейін өте ұзақ кебеді. Мақтадан жасалған бұйымдарды 30 - 40 градус температурада кір жуғыш машинада жууға болады. Қатты оңатын заттарды тек салқын суда жуады және шайғаннан кейін бірден жақсы жайылған күйінде кептіреді. Мақтадан жасалған заттарды машинада кептіруге де болады. Әсем өңделген бұйымдарды дымқыл күйінде кептіру үшін бөліп-бөліп іліп қою керек. Мақта-мата бұйымдарын үтіктеуге болады.
Қонақ үйде зығырдан жасалған бұйымдарға күтім жасау. Зығыр матаның беті тегіс және күңгірт жарқылды болып келеді. Зығырдан жасалған бұйымдар аз ластанады, түгі шықпайды, ылғалды жақсы сіңіреді және бұл орайда жылдам кебеді. Зығыр мата беріктілігімен ерекшеленеді. Зығыр матаны қайнатуға болады. Зығырдың қатты мыжылуын оның оңды қасиеттеріне жатқызады. Жуу температурасын матаның әрленуіне қарай таңдайды. Зығырдан жасалған бұйымдарды кір жуғыш машинада 30 - 40 градус температурада жууға болады. Түрлі түсті матаны 60 градус температурада кір жуады. Зығырдан жасалған бұйымдар жуғаннан кейін апшуы мүмкін. Оларды ылғалдатқышы бар жақсы қыздырылған үтікпен үтіктейді.
Қонақ үйде жүннен жасалған бұйымдарға күтім жасау. Жүн маталар жылуды өте жақсы сақтайды, салыстырмалы түрде аз ластанады және қатты мыжылмайды. Кейде киімнің мыжылған жерін тегістеу үшін оны былау бөлмесіне іліп немесе оған су шашудың өзі жеткілікті. Бұл бұйымды тек қана жүнге арналған жұмсақ жуғыш құралдармен қолмен жуады. Бұйымды жуғанда үйкеу және бұрауға болмайды. Жүнді ұзақ жібітіп қоймаған жөн. Жуылған бұйымды сықпайды, түкті сүлгіге орап, суға ұқыпты түрде малады. Бұйымды кептіргенде ілмеген жөн -- пішінін жоғалтуы ықтимал. Жүнді заттарды дымқылды күйінде жайып қояды. Оларды дымқыл мата арқылы үтіктейді. Жоғары сапалы жүннен жасалған бұйымды химиялық тазалауға беру ұсынылады.
Қонақ үйде жібектен жасалған бұйымдарға күтім жасау. Барлық жібек маталары өз салмағының жартысына тең мөлшерде ылғалды сіңіреді. Бұл орайда жылдам кебеді. Тері ылғалы жібек бетінен өте жылдам буланады, бірақ бұл орайда тер дақтары қалып қояды, оларды спиртпен кетіру ұсынылады. Әдеттегідей жуғанда табиғи жібек қатты оңып кетуі мүмкін. Жібекті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Одан кейінгі саяхатымыздың маршруты Стамбул қаласы
Арнайы экономикалық аймақтар, олардың құрылу ерекшеліктері
Қазақтың киіз үйі
Туркия мемлекетiндегi туризм орталықтары, мәдени және тарихи байлықтар орталығы
Жеңіл өнеркәсіптің ауыр жүгі
Қонақ үйлердің түрлері
Қонақ үйлерді классификациялау және оның түрлері.
Қонақ үй түрлері жайлы жалпы мәлімет жинау, саралау, сараптау, және типологиясы мен ерекшеліктерін ашып көрсету
Қонақ үй шаруашылығы
Қала өте әдемі және таза
Пәндер