Сырдария қазақтарының Жанқожа Нүрмұхамедов басқарған көтерілісі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І . тарау. ХІХ ғасырдың екінші жартысы

1.1 Сырдария бойындағы қазақтардың әлеуметтік . экономикалық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Сырдария қазақтарының Жанқожа Нүрмұхамедов
басқарған көтерілісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ІІ тарау. Есет Көтібаровтың хиуалықтарға қарсы күресі
2.1 Көтерілістің сәтсіздікке ұшырауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Кіріспе
Хиуа және Қоқан феодалдары Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы және Ырғыз, Торғай, Ембі өзендерінің аңғарларындағы қазақтарды өздеріне қаратуды көздеді. Олар бұл жерлерге үнемі шапқыншылық жасап отырды. Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңадария және Қуандария алқаптарын басып алып, бұл жерлерде әскери бекіністер салды, оған Арал маңындағы қазақтарды күштеп пайдаланды. Хиуа хандығы жергілікті халықтардан алым-салық жинап отырды. Сөйтіп, қазақтар тек өз феодалдарына ғана емес, сондай-ақ Хиуа және Қоқан билеушілеріне де зекет және ұшыр төледі. Алым-салық жинау үшін олар әскери күштерді пайдаланды.
Хиуа және Қоқан хандықтарының үстемдігіне қарсы Сырдария қазақтары көтеріліске шыға бастады. Мұндағы қазақтардың көтерілісін Әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедұлы /1780-1860 жж./ басқарды.
Шекті руы басшыларының бірі - Жанқожа жай қарапайым халық арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде даңққа бөленді. Жанқожа Сырдария бойы қазақтарының, соның ішінде егінші-бұқараның өте күшті отаршылдық езгіге түскендігін түсінді. Сондықтан Сыр бойы қазақтарының бостандығы және хиуалықтардың озбырлығына қарсы күресте батыр өзінің жасақтарын құрды. Оның жасақтары бұған дейін 1838 жылы Кенесары сарбаздарымен бірге Созақ қамалын қамауға қатынасқан болатын. 1842 жылдың күзінде Жанқожаның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қиратып, қала коменданты Бабажанды өлтірді. 1843 жылы Жанқожа батырдың жасақтары Қуандария бойындағы хиуалықтар тұрғызған қамалды талқандады, ал 1845 жылы осы қамалды қайтадан қалпына келтіру үшіп жіберілген екі мың хиуа шоғырларын талқандап жеңді.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан тарихы. 3 том. Алматы, 2001 ж.
2. Байпақов К.М. Ежелгі Қазақстан тарихы. Алматы, 1994 ж.
3. Бекмаханова Н. Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1991 ж.
4. Мәлімбаев С, «Патшалық Ресейдің отарлық саясаты»
Алматы, 1994 ж.
5. Мадашев X «Қазақ халқының арғы бергі тарихы» Алматы, 1995ж.
6. Қазақстанның көне тарихы. Алматы, 1993 ж.
7. Қозыбаев М. Қазақстан тарихы очерктері. Алматы, 1994 ж.
8. «Қазақ совет энциклопедиясы», ІІІ-том.
9.Қозыбаев М., «Жауды шаптым ту байлап» Алматы, 1994ж. 10.Сабырханов А., «Ұлы бетбұрыс Алматы, «Мектеп» 1981ж
11. Тлепов Ж. «Елім деп еңіреген ерлер жыры» Алматы, 1995ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І - тарау. ХІХ ғасырдың екінші жартысы

1.1 Сырдария бойындағы қазақтардың әлеуметтік – экономикалық

жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Сырдария қазақтарының Жанқожа Нүрмұхамедов
басқарған көтерілісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

ІІ тарау. Есет Көтібаровтың хиуалықтарға қарсы күресі
2.1 Көтерілістің сәтсіздікке
ұшырауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .31

Кіріспе
Хиуа және Қоқан феодалдары Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы және
Ырғыз, Торғай, Ембі өзендерінің аңғарларындағы қазақтарды өздеріне қаратуды
көздеді. Олар бұл жерлерге үнемі шапқыншылық жасап отырды. Сырдарияның
төменгі ағысы бойындағы Жаңадария және Қуандария алқаптарын басып алып, бұл
жерлерде әскери бекіністер салды, оған Арал маңындағы қазақтарды күштеп
пайдаланды. Хиуа хандығы жергілікті халықтардан алым-салық жинап отырды.
Сөйтіп, қазақтар тек өз феодалдарына ғана емес, сондай-ақ Хиуа және Қоқан
билеушілеріне де зекет және ұшыр төледі. Алым-салық жинау үшін олар әскери
күштерді пайдаланды.
Хиуа және Қоқан хандықтарының үстемдігіне қарсы Сырдария қазақтары
көтеріліске шыға бастады. Мұндағы қазақтардың көтерілісін Әлім руынан
шыққан Жанқожа Нұрмұхамедұлы 1780-1860 жж. басқарды.
Шекті руы басшыларының бірі - Жанқожа жай қарапайым халық арасында
беделді әрі мақсаткер батыр ретінде даңққа бөленді. Жанқожа Сырдария бойы
қазақтарының, соның ішінде егінші-бұқараның өте күшті отаршылдық езгіге
түскендігін түсінді. Сондықтан Сыр бойы қазақтарының бостандығы және
хиуалықтардың озбырлығына қарсы күресте батыр өзінің жасақтарын құрды. Оның
жасақтары бұған дейін 1838 жылы Кенесары сарбаздарымен бірге Созақ қамалын
қамауға қатынасқан болатын. 1842 жылдың күзінде Жанқожаның әскері Хиуаның
ірі бекінісі Бесқаланы қиратып, қала коменданты Бабажанды өлтірді. 1843
жылы Жанқожа батырдың жасақтары Қуандария бойындағы хиуалықтар тұрғызған
қамалды талқандады, ал 1845 жылы осы қамалды қайтадан қалпына келтіру үшіп
жіберілген екі мың хиуа шоғырларын талқандап жеңді.

І. ХІХ ғасырдың екінші жартысы

1.1 Сырдария бойындағы қазақтардың әлеуметтік – экономикалық жағдайы

Осыдан кейін Сырдария қазақтарымен Хиуа билеушілерінің арасындағы
күрес күшейе түсті. 1847 жылы Хиуа хандығының әскерлері өзен бойындағы
қазақтарды егістікпен және пайдалы мал жайылымынан айыру үшін Қуандария
өзенін бөгеп тастады, сөйтіп олардың қазақ жеріндегі озбырлығы одан әрі
қарай жалғасты.
Бұл кезде Сырдария қазақтары солтүстік-батыс жақтан өз мекендеріне
басып алу қаупін туғызған орыс отарлаушылығына қарсы күреске шыға бастады.
Өйткені, 1849 жылы Райым бекінісіне Орынбор қазақ-орыстарының алғашқы
жиырма алты отбасы қоныстандырылды. Олар бірте-бірте қазақтарды отырған
жерлерінен ығыстырды. 1853 ж. орыс әскерлері Ақмешітті басып алып, жаңадан
Сырдария әскери желісі пайда болды. Оған Раиым бекінісінен Ақмешітке
дейінгі жерлер кірді. Бұл жерде патша өкіметінің әкімшілігі өте қатты
отарлы тәртіп орнатты. Осының нәтижесінде 1857 жылға дейін үш мың қазақ
отбасылары өздерінің бұрынғы тұрған құнарлы егістік жерлерінен айырылды.
Олар егін салуға жарамайтын, егінді суаруы үшін ағып суы жоқ жерлерге
қуылды.
Қазақ жерлерінде казак-орыс қоныстанушылары үлкен артықшылықтарымен
пайдаланды, мұның өзі қазақ халқын аяусыз қанауға әкеп соқты. Қазақтардан
жиналатын салықтың көлемі өсті. Мәселен, XIX ғасырдың 40-шы жылдарында
ақшамен түтін салығын төледі. Бұған қоса олардың мойнына көптеген міндеттер
жүктелді. Олар жолдарды дұрыстап ұстау, көпірлер салу, су жүретін арықтарды
тазалау сияқты істср болатын. Ал мұндай жұмыстарды орындау көп жағдайда
науқанды істермен қабаттаса келіп, егіншілерге өте ауыр болып тиетін.
Қазақтар жергілікті әкімшілік мүшелерін асырауға, пошта жолымен жүріп бара
жатқан шенеуніктерге жол жүргені үшін қаражат беруге, далаға іссапарға
жіберілген патша әкім-қызметкерлеріне үй беруге, оларға отын жеткізіп
тұруға міндетті болды[1].
Патша өкіметінің жергілікті әкімшілігі тек әрбір үйден түтін салығы
емес, сондай-ақ жер кепелерді, қамыстан салынған күркелерді пайдаланғаны
үшін де халықтың кедей топтарынан алым-салық жинады. Алым барлық халықтан
бірдей алынды. Ірі бай, орташа, кедей - бәрі бірдей мөлшерде, яғни әр
шаңырақ төлеп отырды. Сырдария бойындағы шекаралық өкімет Райым және Қазалы
әскери қамалдарын салу үшін мыңдаған қазақ шаруаларын айдап келіп, еріксіз
жұмыс істетті. Әскери қару-жарақтар және азық-түлік тасу үшін де қазақтарды
күштеп қызметке тартты. Сыр бойындағы жақсы жайылым жерлерді тартып алу, ол
жерлерге орыс қоныстанушыларын орналастыру, алым-салықтың көбеюі қазақ
кедей шаруаларына өте ауыр тиді. Орыс отаршыларының қанауы бұрынғы Хиуа
билеушілерінің тепкісінен әлдеқайда асып түсті. Қазақ еңбекшілері екі түрлі
қанаудың - патша өкіметі және жергілікті өз феодалдарының тепкісін бастан
кешірді.
Бұл халық арасындағы наразылықты күшейтіп, аяғында келіп ашық
көтеріліске ұшыратты. Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының
көтерілісі 1856 жылы желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басында
Жанқожа батыр тұрды. Сонымен көтерілістің басталуының негізгі себебі
Орынбор әкімшілігінің шешімі бойынша қазақтардың еріксіз жұмыстарға
жегілуінде, жолды пайдаланудағы, керуендерге қызмет көрсетудегі ауыр
салықтар да, сондай-ақ патша өкіметінің қоныс аударушылық саясатында жатты.
1856 жылы патша әскерлері мен көтерілісшілер арасындағы тікелей соғыс
қимылдары басталды. Көтеріліс бүкіл Қазалы өңірін қамтыды, бұл уақытта
Жанқожаның қаруланған жасақтарының саны 1500-ге дейіп жетті. Көтеріліске
тек Шекті руының адамдары ғана емес, басқа рулар да, соның ішінде құмды
аймақтардағы көшпелілер де қатысты. Нәтижесінде көтерілісшілердің саны ең
әуелі үш мыңға, ал 1857 жылдың қаңтар айында бсс мың адамға жетті. Бұл
көтеріліс кезінде Жанқожа өзінің жақсы меңгерген әскери әдісін қолданды, ол
1856 жылдың аяғында Қазалы фортын қоршауға алды. Бұған дейін көтерілісшілер
казак-орыс тұрған Солдатская слобода поселкісін жойды. Көтерілісшілерге
Қазалы фортында орналасқан Михайловтың отряды қарсылық көрсетті. Оның
құрамында казак-орыс жүздігі, елу жаяу әскср, бір зеңбірек болатын. Осы
шайқастың барысы азғантай топтан құралған көтерілісшілер жасағының
жеңілісімен аяқталды.
1856 жылы 19-23 желтоқсан аралығында көтерілісшілер тобы патша
әскерлерінің майоры Булатов қолбасшылық еткен екінші бір отрядпен шайқасты.
Бұл соғыс қимылдары желтоқсан айының аяғына дейін алма-кезек басымдықтармен
жүрді. Көтерілісшілер фортқа жақын жердегі дайындалған 150 шөмеле шөпті
өртеп жіберді. Көтерілісшілердің басты орталығы бұл кезде Сырдарияның
жағасына орналасқан Жаңақала қамалы болды[2].
Көтерілістің кеңінен таралуы Орынбор генерал-губернаторы әкімшілігін
қатты састырды. Оның бұйрығымен көтерілісті басу үшін Ақмешіттен генерал-
майор Фитингоф бастаған әскери топ жіберілді. Оның құрамында 300 казак-
орыс, 320 жаяу әскер, үш зеңбірек және екі ракеталық зеңбірек орнататып
қондырғы кірді. Көтерілісшілермен шешуші шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда
Қазалыға жақын жердегі Арықбалық мекенінде жүрді. Зеңбірек, мылтықпен жақсы
қаруланған Фитингофтың әскерлеріне қарсы Жанқожаның ақ туын көтерген
көтерілісшілер бірнеше рет шабуыл жасады. Бірақ Жанқожа сарбаздарының
шабуылы сәтсіздікпен аяқталып, аман қалғандары бытырап тарап кетті. Ауыр
жараланған Жанқожаны сарбаздар шайқас болған жерден алып шығып, қауіпсіз
жерге жасырды. Көтерілісшілерді жеңген Фитингоф әскерлері енді олардың
ізіне түсіп, жазалауға кірісті. Олар қазақтардың 212 үйін өртеп, көптеген
малдарын, соның ішіндк 20 мыңнан аса ірі қара малдарын тартып алды.
Жанқожа бастаған көтерілісшілер Сырдарияның оң жағалауына, ондағы Хиуа
хандығының жеріне өтуге мәжбүр болды. Жанқожамен бірге 20 шақты қазақ
ауылдары көшіп кетті. Жанқожа мұнда Хиуа, Бұқара немесе Қоқан хандары
тарапынан өзіне одақтастар табуға әрекеттенді, бірақ оның бұл саясатынан
ештеме шықпады. Қазақтардың Жанқожа Нұрмұхамедов қолбасшылық еткен
көтерілісі осылай аяқталды.
Көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол
кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын
мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді. Көтеріліс
Сыр бойы шеңберінен аспады. Соғыс қимылдары барысында ескі мешеу әскери
тактика қолдану, ортағасырлық тәртіптерге сүйену көтерілістің жеңілуіне
әкелді. Бұдан басқа бай феодалдарының сатқындығы да өз әсерін тигізді.
Көтерілісті басқаппан ксйіп патша әскерлері бұқара халықты топауға кірісті.
Тек бір ғана Кузьминский басқарған әскери топ қазақ ауылдарын талқандап,
ондағы малдардыцң барлығын айдап әкетті. Көптеген адамдар қырғынға ұшырады,
жазалаушылар қарттарды да, әйелдерді де, балаларды да аямады.
Жазалау барысында қарапайым халық зардап шекті. Көтерілістен кейін
Жанқожаның өзі халықтан бөлініп, тек бидің қызметін атқарды, кейін оны
жаулары опасыздықпен өлтірді. Бірақ осыған қарамастан Жанқожа Нұрмұхамедұлы
басқарған 1856-1857 жылдары болған Сырдария қазақтары көтерілісінің тарихи
маңызы өте зор. Өйткені, ол патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық-
азаттық қозғалыс еді. Оған Арал өңіріндегі әр түрлі руларға жататын
қазақтардың едәуір болігі қатысты көтерілісшілер арасында Кішкене шекті
руларына жататын қазақтар басым болды.
Патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бас көтерулердің бірі - Есет
Көтібарұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі. Бұл көтеріліс 1853-
1858 жылдар арасын қамтыды. Көтерілістің шығуының басты себебі - Арал
теңізінің батыс жағындағы Үлкен және Кіші Борсықты, Сам құмын, Сағыз және
Жем өзендерінің бойын мекендеген Шекті руы қазақтарына түтін салығының
салынуы және жылдан-жылға патша үкіметінің қысымының күшеюімен байланысты
еді. Кіші жүз халқына әсіресе, патша үкіметінің қазақ жерінде әскери
бекіністер меп экспе-дициялар үшін жүк таситын күш-колік беруі қиынға
түсті. Көтерілістің басталуының тағы бір себебі, патша үкіметінің Ембі
өзені, Арал теңізі жағалауында әскери бекіністср салуы бұл жерлерді
мекендеген Кіші жүз руларының қыстауы мен жазғы жайылымдарының өрісін
тарылтты. Міне, мұның барлығы халықтың наразылығын күшейтіп, аяғына Есет
Көтібарұлы бастаған көтеріліске алып келді.
XIX ғасырдың 50-жылдардын басында Есет Көтібарұлы орыстардың
отарлауына қарсы белсенді күрес жүргізіп, Арал теңізіне бет алған Ресей
әскерлеріне қатты қарсылық көрсетті. Орынбор өкімет орындары өзіне Есетті
қайткенде де ұстауды және оны патша үкіметін мойындауға мәжбүр етуді мақсат
етіп қойды. Оны ұстауға подполковник Кузьминский мен Дерышев, сондай-ақ
майор Михайлов басқарған жазалау отряды жіберілді. Олар көтеріліске
қатысушыларды және Арал теңізінің Оңтүстік Батыс жағалауындағы бейбіт
халықты аяусыз жазалады.
1855 жылдың жазында көотерілісті басу үшін Орынбордағы патша
әкімшілігі сұлтан Арыстан Жантөрин басқарған қазақ жасақтарын жіберді. Оғап
сұлтан Таукеин, ал Орал бекінісінен майор Михайлов казак-орыс әскерлерімен
аттанды. Көтерілісшілер мен патша әскерлері арасында қырғын шайқастар
жүрді. Сол жылдың 8-шілде күні Есеттің жасақтары күтпеген жерден А.
Жанторин сұлтанның лагеріне шабуыл жасап, сұлтанды және оншақты би-
старшындарды өлтірді. Алайда, оқ-дәрісі мол мылтықтармен қаруланған патша
әскерлерінен көтерілісшілер шегінуге мәжбүр болды. Қақтығыс барысында қолға
түскен Есеттің 18 адамын патша әкімшілігі Сібірге айдап, үш адамын атуға
жарлық берді. Е. Көтібарұлы өзінің қалған жасақтарымен Үлкен және Кіші
Борсық құмына, Үстіртке өтіп патша әскерлеріне қарсы күтпеген жерден
шабуылдар жүргізді[3].
Көтерілістің соңғы кезеңінде, яғни 1857-1858 жылдары Есет Көтібаров өз
ауылдарымен бірге Арал теңізінің жағалауына жақын хиуалық Қоңырат қаласы
қазақтарының арасында болды. Есет батыр Ресейге қарсы күресті жалғастыру
үшін Хиуа ханынан әскери көмек сұрады. Бастапқыда хан Есет батырға 2500
адам бөлуге уәде берді, бірақ кейін ол өз уәдесінен айнып қалды. Бұған қоса
патша үкіметінің әкімшілігі көтеріліске қатысушылар арасына қазақтың рулық
үстем топтары қатарынан тыңшылар жіберді. Бұл көтерілісшілерді әлсіретуге
едәуір әсерін тигізді.
1858 жылы қыркүйекте Бородин басқарған патша әскерлері Есет батыр
бастаған көтерілісшілерді Сам құмында біржолата талқандады. Осыдан кейін
Есет Көтібарұлы патша әкімшілігінің ұсыныстарын қабылдап, келісімге келуге
көнді. Ол көтерілістен бас тартып, патша өкіметіне адал қызмет жасауға уәде
берді.
1.2 Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов
басқарған көтерілісі

XIX ғ-дың 30—50 жылдары Қазақстан тарихының маңызды шебі ретінде
белгілі болды. Өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайында Қазақстанның
кейбір аудандарының жалпыресейлік рынокқа тартылуына байланысты
экономикалық дамуы арта түскендігі байқалды. Әйтсе де Қазақстанның саяси
жағдайы бұл кезеңде де тұрақсыз болды.
Сырдария жағалауларындағы аймақтарды мекендеген қазақ халқының жағдайы
мейлінше ауыр еді. Ресей империясының экспансиялық (кеңеюшілік) ұмтылысының
(1853 ж. В. Перовский Ақмешітті басып алған болатын) күшейе түсуі, сондай-
ақ Хиуа хандығының агресивтік саясаты Сырдария бойы қазақтарының Жанқожа
Нұрмұхамедовтың қолбасшылығымен күреске шығуының негізгі себебі болды.
Шекті руы басшыларының бірі Жанқожа өзінің сирек кездесетін сапалық
қасиетімен қарапайым еңбеккерлер арасында беделді әрі мақсаткер батыр
ретінде даңққа бөленді. Өз дегенімен істейтін әрі өктем басқарушы Жанқожа
сол уақытта Сырдария бойы қазақтарының негізгі бұқарасын құрайтын егінші-
қазақтар өте күшті отаршылық езгіге душар етілгенін түсіне бастады. Басты
мәселенің бірі-жер мәселесі еді. Ақмешіт басып алынғаннан кейін Сырдария
әскери желісі құрылды. Сол желіге қазақ халқының иелігіндегі көлемді жерлер
казактар мен келушілерді қоныстандыру үшін бөлініп берілді. Ал қазақтардың
өздерінен үйді-үйлері бойынша салық алынып отырды. Бұған қоса олардың
мойнына тағы да көптеген жұмыстар жүктелді. Олар жолдарды дұрыстап ұстау,
көпірлер салу, белді арықтарды тазалау сияқты істер, болатын. Көлік
түріндегі борыш бойынша қазақтар әскери желі бастығының талап етуімен әр
түрлі жұмыстар үшін жүйелер бөліп отыруға, бекіністер салуға адамдар
шығаруға және құүрылыс материалдарын тасу үшін көлік күшін беруге міндетті
болды. Соның өзінде мұндай борыштарды орындау көбінесе науқанды жұмыстармен
тұспа-тұс келіп, егіншілерге өте қымбатқа түсетін.
1849 ж. Райым бекінісіне Орынбор казактарының алғашқы 26 жанұясы
қоныстандырылды. 1857 ж-ға дейін 3000 қазак жанұялары өздерінің бұрынғы
тұрған құнарлы жерлерінен енді жыртып егін салуға жарамайтын және егінді
суару үшш ағын суы болмайтын жерлерге қуылып, қоныстарын аударуға мәжбүр
етілді. Бұрын қазақтар тұрған жерлерге қоныстанған ауғандар үлкен
артықшылықтармен пайдаланды, мұның өзі қазақ халқын аяусыз қанауға әкеп
соқты.
Осының бәрі жылдар бойы жинақталып, XIX ғ-дың 50 жылдары ортасында
кішкентай шекті руы егінші-қазақтарының ашық күреске шығуына алып келді.
Хиуа хандығының қазақтар жөніндегі озбырлығы олардың аса ауыр салықтар
жинауынан, тонаушылығынан және ойына келгендерін істейтіндігінен көрінді.
50 жылдардың басында батырдың әрекеттері Ресей әкімшілігінің де, Хиуа
басқарушыларынын да назарында болды. 1843 ж. өзінде-ақ Жанқожа
Қуандариядағы Хиуа бекінісін талқандады, және де 1845ж. көктемінде сол
бекіністі қалпына келтіруге жіберілген хиуалықтардың 2000 адамдық жасағын
күл-талқан етіп жеңді. Хиуалықтарға қарсы күресте Жанқожа өзіндік стратегия
қолданды: бекіністерге шабуылдап, оларды қиратып отырды. Осылай оның
сарбаздары Жаңа қала бекінісін де басып алып, қиратып тастады. 1847 және
1848 жж. ол Райым бекінісі маңында хиуалықтарды тойтаруда орыс әскерлеріне
талай рет көмектесті. Жанқожа Кенесарының көтерілісіне де қатысты (рас,
кейіннен ол бұл қозғалыстан бөлініп кетті) және Кенесарымен бірге
хиуалықтардың Созақ бекінісін талқандады. Патша әкімшілігі Жанқожаның
шектіліктер арасында қандай беделмен пайдаланатынын көріп және оны
саясаттарының бір құралы ретінде өз жақтарына тартуға дәмеленіп, оған
өздерінің көңілдері ауатындығын талай рет білдірді. Мысалы,1845 ж. оған 200
сом ақша және шекпен тіктіріп, киюіне мауыт мата жіберілді, ал 1848 ж.
жасауыл шенін берді. Соны бере тұрып патша әкімшілігі оған орыс үкіметіне
адалдығына ант қабылдауды ұсынды. Ал Жанқожа ант етуден бас тартқанда оны
жасауыл шенінен айырып, кішкентай шектіліктерді басқарудан алып тастады.
Бір жағынан хиуалықтардың озбырлығы, екінші жағынан-қазақтардың
жерлерін орыстардың басып алушылығы бұл отарлық езгіге қарсы ашық
көтеріліске шығуға душар еткізді. Әрине, көтерілісшілер өздерінің мұндай
бақытсыздықтарының басты кінәлілері Қазалы форты деп ұқты және сондықтан
олардың қимылдары бірінші кезекте патша әкімшілігіне қарсы бағытталды, ал
көтерілісшілердің басшысы сол кездері 90 жастан асқан Жанқожа "
Нұрмұхамедов болды. Сонымен, көтерілістің тууының негізгі себебі Орынбор
әкімшілігінің шешімі бойынша қазақтардың еріксіз жұмыстарға жегілуінде,
жолды пайдаланудағы, керуендерге қызмет көрсетудегі ауыр салықтарда, сондай-
ақ патша режиімнің қоныс аудартушылық саясатында жатты[4].
1856 ж. патша әскерлері мен көтерілісшілер арасындағы тікелей соғыс
қимылдары басталды. Бұрындары Жанқожа орыс әскери командованиесінің
хиуалықтарға қарсы күресінде одақтасы ретінде көрінсе, енді Сырдария мен
оның сағалары аудандарын орыстардың отарлауына қарсы белсенді күрескер
болып шықты.1856 ж. аяғына таман бүкіл Қазалы өңірін көтеріліс жалыны
шарпыды, бұл уақытта Жанқожаның қаруланған қазақтарының саны 1500-ге дейін
жетті. Көтеріліске тек шектіліктер ғана емес, ал басқа рулар да, соның
ішінде көшпелілер де қатысты. Бұл көтеріліс кезінде де Жанқожа өзінің жақсы
меңгерген әдісін қолданды, сойтіп 1856 ж. аяғында Қазалы фортын қоршауға
алды. Көтерілісшілер оған дейін қоныс аударғандар тұрған Солдатская слобода
поселкесін жойды. Көтерілісшілерге қарсы осы фортта тұрған (қазақтардың
жүздігі, жаяу әскердің 50 адамы, бір зеңбірегі) Михайловтың отряды қимыл
жасай бастады. Михайлов отрядының бір шабуылы көтерілісшілердің шағын
жасағының жеңілісімен аяқталды. Патша әскерлерінің майоры Булатов
қолбасшылық еткен екінші бір отряды көтерілісшілер қосынын атқылап тастады.
Бұл қимылдары 1856 ж. 19 бен 23 желтоқсан аралығында өтті. Желтоқсанның
соңғы күндеріне дейін соғыс шайқасушы жақтардың алма-кезек басымдықтарымен
жүріп жатты. Алайда жыл аяғында Перовскийдің қысым жасауымен Ақмешіттен
генерал-майор Фитингофтың отряды (265 солдат, екі зеңбірек және бір
ракеталық қондырғы) жіберілді. 1857 ж. қаңтардың алғашқы күндерінде Қазалы
фортының отрядтарымен қосылғанда Фитингофтың 300 казактан, 320 жаяу
әскерден, үш зеңбірек пен екі ракеталық қондырғыдан тұратын отряды елеулі
соғыс күші болды.

1857 ж. қаңтарында көтерілісшілер мен Фитингофтың отряды арасында
шешуші шайқас болып өтті. Жанқожада 5000-ға дейін қарулы салт аттылар
болғанына қарамастан, шайқас барысында көтерілісшілер жеңіліске ұшырады.
Шайқастан кейін Фитингоф көтерілісшілерді ізінде түсіп қуа бастады, оларды
Сырдарияның оң жағалауына, демек Хиуа хандығының шебіне өтуге мәжбүр етті.
Жанқожамен бірге 20 шақты ауыл көшіп кетті. Хиуа хандығының жерінде Жанқожа
Хиуа ханы немесе Бұхара, немесе Қоқанд басқарушылары тарапынан өзіне
одақтастар табуға әрекеттенді, бірақ оған мұның сәті түсе қоймады.
Қазақтардың Жанқожа Нұрмұхамедов қолбасшылық еткен көтерілісі осылай
аяқталды.
Көтерілісшілердің жеңіліске ұшырауына олардың нашар қарулануы мен
мешеу тактикасы, бір жердің шеңберінен аспауы, ескі ортағасырлық
тәртіптерге сүйенуі себепші болды.
Жазалаушылық шаралар ауылдарда тонаумен сабақтасты. Мысалы, тек
мүйізді ірі қарадан 21400 мал тартып алынды және тұтас алғанда
жазалаушылардың қолдарына түсірген малдарының жалпы саны бұрынғы қай
кездегіден де үш есе көп болды. Оның үстіне жазалау шаралары қатардағы
еңбеккерлерге қатты соққы болып тиді. Жанқожаның өзі көтеріліс істерінен
кетіп, тек бидің міндетін атқарды, ал кейіннен оны өзінің қарсыластары
өлтірді.
Орыстардың Сырдария сағасына келуіне байланысты осында тұратын
қазақтар патша үкіметінің билігін мойындады. Әрине бұл хиуа хандарының
сыртқы саясатына қайшы келді. Олар қазақтар арасында орыстарға қарсы
насихатты күшейтті, ал олардың орыс бекіністеріне жақындап барып қоныстану
мүмкіндігін жою үшін 1847 жылы Қуандарияға бөгет салып тастады. Хиуаның
Қожанияз бекінісінен бастап. Арал теңізіне дейінгі өзен арнасы құрғап
қалды. Алайда бұған қарамастан, қазақтар орыстардың Райым бекінісі мен
Қазалы фортына жақын жерде одан әрі көшіп жүрді.
Хиуалықтар орыс бекіністеріне жақын жерде көшіп жүрген қазақтарға
шабуыл жасауын жалғастыра берді. Райым дуалдарының нақ түбінде хиуалықтар
қырғын салып тонаушылық жүргізді, бірақ қазақтардың көмегімен біздің
отрядтар, ақырында, одардың шапқыншылық жасауын тоқтатты, олар бізге наразы
қазақтарды сөз жүзінде қарсылық білдіріп, қастандық жасауға көндірумен
шектелді.
Хиуа хандары Сырдария мен Үстірт қазақтарына үздіксіз шабуыл жасай
бастады. 1847 жылғы 20 тамызда - деп жазады А.Мақшеев, - яғни Сырда орыс
бекінісінің негізі қаланғаннан кейін бір ай өткен соң өзеннің сол жағасында
орналасқан, Райымнан 70 шақырым жоғары жақтағы хиуалық Жаңақала бекінісі
манында хиуа бегі Қожанияз және қазақ сұлтандары, өзін хан деп атаған
Жанқозы Шерғазиев пен Ермұхамед (Елекей) Қасымов бастаған 2000 адам күші
бар хиуалықтар тобыры пайда болды. Тобырдың бір бөлігі Сырдарияның оң
жағына өтіп мыңнан астам қазақ отбасын тонады, жиырма отбасының қарттары
мен балаларын өздерімен бірге алып келді. 30 сәбиді суға батырып өлтірді,
өзінің шекті руына ықпалымен және хиуалықтарға ымырасыз өшпенділігімен
мәлім Жанқожаның қарауылдағы төрт батырын өлтірді, сөйтіп осы
жүгенсіздіктерден кейін өзеннің сол жағындағы бекінісіне қайтып кетті.
1847 жылғы 23 тамызда Райым бекінісінің бастығы Ерофеев Хиуаның Жаңақала
бекінісіне Жанқожа басшылық еткен 200 қазақ және 700 қазақ жіберді. Отряд
жаулы Қуандарияның арғы жағына қуып тастады, одан 3 мың түйе, 500 жылқы,
200 бас ірі қара және 50 мың қой тартып алды.
Сырдарияда орыс бекіністерінің пайда болуына наразы хиуалықтар Райымды
және № 1 фортты (Қазалыны) басып алуға бірнеше рет (1847 және 1848
жылдарда) сәтсіз әрекет жасады, сайып келгенде одар өз шекарасына шегінуге
және орыс әскерлерімен қазақ жасақтарының Хиуаға шабуылынан қауіптеніп,
онда әскери бекіністер салуға мәжбүр болды. Орыс әскерлерінің қолдауымен
Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған Сырдария қазақтары хиуа басқыншыларын қуып
шығып, Сырдарияның төменгі ағыстарында орыс әскери күштері орнықты.
Бұл жөнінде Орталық Азия мен Қазақстанға жаулап алушылық жорықтарына
қатысқан кейбір офицерлер өкінішпен айткан. Атап айтқанда Краус былай деп
жазған: Орта Азияны жаулап алу кезінде өзі жасаған елеулі қатыгездіктер
үшін Ресейдің өзі кінәлі екеніне де күмәндануға болмайды. Жәуміттерді
Кауфманның соққыға ұшыратып, Ломакиннің сондай-ақ кейіннен Скобелевтің
текеліктерге жасаған қырғыны сияқты фактілерді... моральдық тұрғыдан ешбір
жағдайда ақтауға болмайды. Скобелев: Сендер неғұрлым есеңгірете соқсаңдар,
осыдан кейін олар ұзағырақ уақыт тыныштықта болады, — деп мәлімдеді.
Жоғарыда келтірілген мысал Түрікменстан мен Үстіртте де өзгере қойған
жоқ. Отаршыл өкімет орындары Қазақстанда да осындай зорлық-зомбылық әдісін
қолданды. Бұған төменде келтірілетін нақты деректер дәлел болады, олар
патша өкіметінің отаршылдық саясатының өте реакциялық мәнін сипаттайды.
Қосылып алынған аудандардың қазақтары патша үкіметіне әр шаңырақтан
жылына 1 сом 50 тиыннан алым төлей бастады. Алайда кейініректе салық
мөлшері екі есе көбейтілді. А.К.Гейне былай деп жазды: Қазіргі уақытта
(1866 ж.) барлық қазақтар әр шаңырақтан 3 сом есебімен түтін салығын
төлейді. Заң Уәли және Бөкей хандардың ұрпақтары мен олардың әулеттеріне
ғана соқпаған... Әрбір шаңырақ иесі өз ауқатына қарай сома төлемей, тек 3
сом ғана төлейді... Сонымен іс жүзінде шаңырақ салығы, яғни табыс салығы
түтін салығына (шаңырақ пұлына) айналдырылған. Шаңырактар ғана емес
сонымен қатар жертөлелер мен басқа түрдегі тұрғын жайлар, яғни байлардың
батырақтары тұрған қамыс лашықтарға да салық салынатын болды. Алым барлық
халықтан бірдей алынды. Ірі бай, орташа, кедей - бәрі бірдей мөлшерде, яғни
әр шаңыраққа ғана төлеп отырды. Мұндай әділетсіздікті тіпті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал өңірі қазақтарының XIX ғасырдағы Хиуа хандығы мен Ресейге қарсы ұлт – азаттық күресі
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі (1783 - 1797 жж)
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
Қазақ қоғамындағы экономикалық жағашылдықтарды әдістемелік тұрғыдан зерделеу
1850-70 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс
Патша үкіметіне қарсы Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихы
Арал өңірі қазақтарының ХIX ғасырдағы Хиуа хандығымен Ресейге қарсы ұлт-азаттық күресі
Арал өңірі қазақтарының ХIX ғасырдағы хиуа хандығымен рассйге қарсы ұлт-азытық күресі
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері
Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған көтеріліске қатысуы
Пәндер