Салықтар және салық салу механизмі. Салық түрлері



Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I бөлім. Салықтар және салық салу механизмі ... ... ... ... ..4
1.1. Салықтардың экономикалық мәні және маңызы..4
1.2. Салықтың атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Лаффер қисығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.4. Салық салу механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
II бөлім. Салық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1.Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы ... ... ...11
2.2.Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы ... ... ... .13
2.3.Қосылған құнға салынатын салық. Акциздер ... ... .15
III бөлім.Қазақстан Республикасының салық жүйесі ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Кіріспе.

Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні. Лаффер қисығы.” Курстық жұмыстың мақсаты салықтардың экономикалық мәні мен мазмұнын және Лаффер қисығы туралы толық мағлұмат ашу болып табылады. Курстық жұмыс үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде салықтар және салық салу механизмі, Лаффер қисығы туралы жаздым. Онда салықтың экономикалық мәні, маңызы және салықтың атқаратын қызметі, салық салу механизмінің принциптері және салық төлеушілердің міндеттері мен құқықтары туралы терең тоқалдым.
Екінші бөлімінде салықтың түрлері туралы баяндалған. Бұл бөлімде салықтарды есептеу, төлеу, бюджетке түсу тәртібі, яғни салық салудың тәжірибесі көрсетілген. Сондай-ақ салық қызметі, олардың іс-тәжірибесі толық жазылған.
Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі баяндалған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. ″Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы″ Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы. Алматы: Қаржы-қаражат, 1995 жыл.
2. Базарбекова К.Б. "Қосылған құнға салынатын салық", Бухгалтерлік бюллетень, 1999- №49, 7-бет.
3. Ермекбаева Б.Ж. ″Жалпы мемлекеттік салықтар″. Алматы, 1997 жыл.
4. Есенбаев М. ″Жаңа салық қатынастары″, Ақиқат -1996 жыл, №6, 17-19-бет.
5. Жұмағалиев Е. ″Салық - нарық эконо-микасының маңызды тұтқасы″, Орал өңірі, 1995 жыл, №7.
6. Жүнісов Б., Мәмбетов Ү., Байжомартов Ү., ″Нарықтық экономика негіздері″, Алматы, 1994 жыл.
7. Шеденов Ө.К., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., ″Жалпы экономикалық теория″, Алматы, 2000 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.

“Экономикалық теория”
кафедрасы.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
“салык.”

Орындаған:.
Тексерген: оқытушы

Орал – 2015 ж.

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...3
I бөлім. Салықтар және салық салу механизмі ... ... ... ... ..4
1. Салықтардың экономикалық мәні және маңызы..4
2. Салықтың атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
3. Лаффер
қисығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 7
4. Салық салу
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .9
II бөлім. Салық
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1.Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы ... ... ...11
2.2.Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы ... ... ... .13
2.3.Қосылған құнға салынатын салық. Акциздер ... ... .15
III бөлім.Қазақстан Республикасының салық жүйесі ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .22

Кіріспе.

Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Салықтардың әлеуметтік-экономикалық
мәні. Лаффер қисығы.” Курстық жұмыстың мақсаты салықтардың экономикалық
мәні мен мазмұнын және Лаффер қисығы туралы толық мағлұмат ашу болып
табылады. Курстық жұмыс үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде салықтар және салық салу механизмі, Лаффер қисығы
туралы жаздым. Онда салықтың экономикалық мәні, маңызы және салықтың
атқаратын қызметі, салық салу механизмінің принциптері және салық
төлеушілердің міндеттері мен құқықтары туралы терең тоқалдым.
Екінші бөлімінде салықтың түрлері туралы баяндалған. Бұл бөлімде
салықтарды есептеу, төлеу, бюджетке түсу тәртібі, яғни салық салудың
тәжірибесі көрсетілген. Сондай-ақ салық қызметі, олардың іс-тәжірибесі
толық жазылған.
Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі
баяндалған.

I бөлім.Салықтар және салық салу механизмі.

1. Салықтардың экономикалық мәні және маңызы.

Салықтар дегеніміз- мемлекеттік бюджетке заңды және жеке
тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар– шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың
мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы
қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық
жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық
қатынастардың бір бөлігін білдіреді.
Экономикалық мазмұны жағынан салықтар- бұл заңды белгіленген ретпен
тұрғындардан, кәсіпорындар мен мекемелерден алынатын міндетті төлемдер
жүйесі.
Салықтарды мынадай белгілері бойынша топтастырамыз:
1. Салық салу объектісіне байланысты.
2. Қолданылуына қарай.
3. Салық салу органына байланысты.
4. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
5. Экономикалық ерекшеліктеріне байланысты.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар
болып жіктеледі.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке
салынады.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
• Заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
• Мүлік салығы;
• Жер салығы;

• Бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын
салық;
• Көлік құралдарына салынатын салық және т.б.;
Жанама салықтар – тікелей емес, жанама түрде тауар немесе қызмет
құны арқылы алынады. Жанама салықтарға мына салықтар жатады:
• Қосылған құнға салынатын салық..
• Акциздер.
• Баж салығы.
Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді.
Тауар немесе қызмет бағасына алдын-ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде
оны бюджетке сатушы аударады.
Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай
салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлінеді.
Жалпы салықтарға жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан
алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық , акциздер, т.б.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын-ала белгіленген міндеттер
бойынша, нақтылы шараларға жұмсалады. Мысалы: көлік құралдарына салынатын
салық. Бұл салықтар жол қорын құрауға жұмсалады.
Экономикалық белгісіне қарай салықтар табысқа салынатын салық және
тұтынушыға салынатын салық болып жіктеледі.
Табысқа салынатын салықтар салық төлеушінің кез- келген салық
салынатын объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың қатарына мына
салықтар кіреді: жер салығы, мүлік салығы, т.б.
Тұтынуға салынатын салықты, салық төлеуші тұтынушы ретінде тауар
немесе қызмет ақысын төлеген
кезде өзінің шығынан төлейді.
Тұтынушыға салынатын салыққа қосылған құнға салынатын салық және
акциздер жатады.
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы
және дербес салықтар болып жіктеледі.
Нақтылы салықтар- салық төлеушінің салық салу объектісінен алынатын
табысының мөлшеріне байланысты емес, яғни салық төлеушінің мүлкінің сыртқы
белгісіне қарай алынады.
Оларға жер салығы, мүлік салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін
операцияларға салынатын салықтар жатады.
Дербес салықтар салық төлейтін объектісінен алынатын табыс салығы
жатады.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің
өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін
белгілі бір мөлшерде қаражат көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты
қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында
қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

2. Салықтың атқаратын қызметі.

Нарықтық жағдайда салықтар мынадай негізгі қызметтер атқарады:
1.реттеушілік;
2.фискалдық;
3.қайта бөлу;
Реттеушілік қызметі- салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет
арқылы салықтар ел экономикасына өз
ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асады. Салықтық реттеудің ең
басты мақсаты- өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық
ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің
тетіктері болып саналады.
Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын
орны ерекше. Себебі ғылыми негізделген, шектен тыс жоғары қойылған
ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын
бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлеушінің
жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет
кірісінің азаюына әкеледі.
Салықтардың екінші қызметі- фискальдық немесе бюджеттік қызметі.
Бұл қызметі арқылы мемтекеттік бюджетің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың
міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра
отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын
қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі
мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы
өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.
Мемлекет жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана отырып
еліміздің салық жүйесін анықтайды.

3. Лаффер қисығы.

Салықтар үдемелі, пропорциональды және регрессивті болып бөлінеді.
Үдемелі салықтар туралы сөз болғанда табысқа салынатын жоғары салық
кәсіпкерлердің белсенділігінің төмендеуіне және т.б.жағымсыз
факторларға әкеліп

соқтырмай ма деген күдіктер туады. Осы проблемаларды 80-жылдардың бас
кезінде американ экономисі Артур Лаффер зерттей келе, жоғарғы салық нарқы
қай бір елде болмасын, оның өндірістің тоқырауына, инфляция деңгейінің
тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеліп соқтырады деп
тұжырымдады. Артур Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері
арасындағы тәуелділікті зерттеген. Ол тарихқа "Лаффер қисығы" деген атпен
белгілі, бұл графикті алғаш рет ресторанда қағаз салфеткаға түсірген
болатын.

R

R0

Лаффер қисық сызығы.

0 X0 X
Салық нарқы %
Суреттегі Лаффер қисық сызығы, салық нарқы артқанда мемлекттік
салықтан түсетін табысы да өсетінін көрсетеді. Ал егер салық нарқы
белгілі бір мөлшерден асқанда (x0), салықтан түсетін табыстар да
азаятынын байқатады. Салық нарқы 50%-тен асқанда адамдардың жұмысқа деген
ынтасы азаяды және олар қор жинамауға талпынады. Не болмаса салынатын
салықтан жалтаруға, астыртын экономика саласында жұмыс істеуге, яғни
табыстарын жасыруға талпынады. Бұның өзі мемлекеттің қазынасына салықтың аз
түсуіне әкеліп соқтырады. Егер салықтың нарқы алайда
артатын болса (x=100%), ерте ме,
кеш пе, оның мөлшері сондай жоғары деңгейге жетсе, онда қандай адам
болмасын жұмыс істегісі келмейді, сонымен мемлекет қандай болмасын салықтың
түсімінен ештеңе ала алмайды ("0" нүктесі).

4. Салық салу механизмі.

Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі
бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның
тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай: қаржы қатынастары;
салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; салық салуды басқару
және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, салық
салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б.жатады.
Салық салу элементтері мыналар:субъект, объект, салық көзі, салық
ставкасы, салық оклады, салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау
шаралары.
Салық субъекті дегеніміз- заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген
жеке және заңды тұлғалар.
Салық объектісі- табыс, мүлік, еңбек ету түрі, айналым, қосылған
құн және т.б..
Салық оклады- салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен
төлейтін салық сомасы.
Салық алудың үш тәсілі бар: кадастрлық, салық төлеушінің
декларациясы бойынша, табыс табу көзінен.
Кадастрлық тәсіл бойынша салық салу объектісін тіркеу арқылы, одан
түсетін табыстың нақты мөлшеріне байланыссыз алынады. Мысалы: жер салығы,
мүлік салығы.
Декларация бойынша салық, салық төлеушінің декларацияда көрсеткен
табыс көлеміне байланысты және онда көрсетілген шегерістер мен
жеңілдіктерді ескере отырып анықталады.
Табыс көзі бойынша салық, салық төлеуші қызмет ететін жұмыс
орнындағы бухгалтерия қызметкерлерінің есептеуімен анықталып төленеді. Бұл
үш тәсіл де салық механизмі құрамына енеді.

II бөлім. Салық түрлері.

2.1. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы.

Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының
бір бөлігі болып табылады. Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын
тікелей салық.
Салық төлеушілер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды
тұлғалар.
Жылдық жиынтық табыс- заңды тұлғалардың күнтізбелік жыл ішінде
түрлі көздерден алған табысы. Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына
кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың барлық түрі жатады. Оларға:
1.Өнімді өткізуден түскен табыс жанама салықтарсыз;
2. Сату операцияларынан тыс табыстар, соның ішінде:
• проценттер, берілген кредиттер мен алынған депозиттер үшін
төлемдер және процент бойынша басқа да табыстар;
• мемлекеттік бюджеттен алынған жәрдемақыларды қоспағанда заңды
тұлғалар алған жәрдемақылар;
• есептің жылы анықталған өткен жылдардағы табыс;
• өтелетін шегерістер;
• басқа да табыстар.
Резидент емес заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасында ғана
жүзеге асырып қоймай, оның үстіне олар тұрақты мекеме арқылы жүзеге
асырылатын қызметтен түсетін табысты анықтауға мүмкіндік беретін
жеке есеп жүргізбеген ретте табыс сомасы салық төлеуші өзінің бюджетке
төлейтін төлеміне бақылау жасайтын салық органымен келісілген есеп айырмасы
негізінде анықтауы мүмкін. Осы мақсаттар үшін әрбір нақты жағдайда мына
көрсеткіштердің біреуі пайдаланылады:
• резидент емес заңды тұлғаның барлық қызметінен түсетін жалпы
түсімдегі Қазақстан Республикасында өткізілген өнімнен
алынатын жалпы түсімнің үлес салмағы;
• резидент емес заңды тұлға шығысының саласындағы Қазақстан
Республикасының аумағындағы қызметке байланысты шығындардың
үлес салмағы;
• резидент емес заңды тұлға қызметкерлерінің жалпы санындағы
Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі
Салықтардың әлеуметтік экономикалық мәні. Салық нысандары
Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі
САЛЫҚ САЛУ МЕН ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі. Салық салудың құрылу негіздері немесе салық элементтері
Салық салу механизмі
Салық мемлекеттің тірегі
Салықтың мәні, функциясы, түсінігі
Салық теориясындағы салық механизмінің негізгі элементтеріне сипаттама
Пәндер