Қазақстан Республикасында құнды қағаздар нарығы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Құнды қағаздарды шығару және оның элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жекеменшіктендіру . Құнды қағаздар нарығын дамытудың негізі ... ... ... ... 8
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ... ... ..10
2.1 Құнды қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары ... ... .10
2.2 Қазақстан Республикасында құнды қағаздар нарығының пайда болуы ... ...11
2.3 Құнды қағаздар нарығын реттейтін жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3 ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР. ҚОР БИРЖАСЫ ... ...19
3.1 Құнды қағаздар нарығының мамандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
3.2 Құнды қағаздар нарығына қатысушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3.3 Қор биржасы және оның қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.4 Биржалық операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізге қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде де ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни 2-ші деңгейлі және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратып, барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырады.
Нарықтық экономика — адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық.
Қаржы нарығы — мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықгырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан түрады:
1) Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.
2) Несие капиталының нарығы.
3) Құнды қағаздар нарығы.

1. Қазақстан Республикасының банктермен банк қызмет туралы заңдары 05.1995 ж.
2. Құнды қағаздар нарығы. Б.А.Көшенова, Алматы, Экономика, 1999.
3. Банковское дело. Г.С.Сейткасымов, Алматы, Каржы-Каражат, 1998.
4. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Г.С.Сейткасымова, К.О.Шаяхметова, Г.ТАбдраимова, Алматы, Каржы-Каражат, 1998.
5. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Н.А. Ғұмар, Р.Ж.Қалығұлова, Алматы, Арыс,2000.
6. Ценные бумаги и их регулирование в РК. Ф.Карагусов, Алматы, Каржы-Каражат, 1995.
7. "Банки Казахстана" журналы №5 2000ж.
8. Банк хабаршысы. 2000

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ
МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 5
1.1 Құнды қағаздарды шығару және оның
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жекеменшіктендіру – Құнды қағаздар нарығын дамытудың
негізі ... ... ... ... 8
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ... ... ..10
2.1 Құнды қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі
заңдары ... ... .10
2.2 Қазақстан Республикасында құнды қағаздар нарығының пайда
болуы ... ...11
2.3 Құнды қағаздар нарығын реттейтін
жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3 ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР. ҚОР БИРЖАСЫ ... ...19
3.1 Құнды қағаздар нарығының
мамандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.2 Құнды қағаздар нарығына
қатысушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2
3.3 Қор биржасы және оның
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..23
3.4 Биржалық
операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа,
нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізге қаржы нарығын және
оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл
өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде
де ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни 2-ші деңгейлі және
инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы
саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратып, барлық кіріс
көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырады.
Нарықтық экономика — адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі
және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі
мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық.
Қаржы нарығы — мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы
нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықгырып тұратын, бірақ
әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан түрады:
1) Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.
2) Несие капиталының нарығы.
3) Құнды қағаздар нарығы.
Осы үш нарықтың ішінде Құнды қағаздар нарығын қарастырайық. Қазіргі
кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы
үйренген әдіс - ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына
мемлекеттік Құнды қағаздар шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару
органдары да дәл осы жолды пайдалануда.
Құнды қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне
ақша қорын алуына жол алуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни
кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені
банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар Құнды қағаздар
нарығын өрістетуге мүмкіндік береді.
Құнды қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен
өзгешенеледі. Ол өзгеше тауар — Құнды қағаздар. Олар біріншіден меншік
белгісі, екіншіден қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы
және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Құнды қағаздар ақша капиталының
немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін "символы"
болғандықтан оны "қордың құндылықтары" болып та есептеледі. Себебі тек сол
құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуде немесе сол
құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен Құнды қағаз
нарығы капитал нарығының яғни ақша және басқа материалдардың құндылықтардың
нақты қызметін көрсетеді. Құнды қағаздар нарығы нарықтық экономикада
күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде Құнды қағаздар көмегімен қосымша
капитал алу анағұрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты Құнды қағаздарды
шығаруға және оларды тіркеуге 2 жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және
нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті, оларды сатып алу,
сатуға және есеп айыруға 2-3 жеті уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,5-2
ай ішінде эмитент (шығарушы) өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару
құқына ие болады. Сонымен Құнды қағаздар нарығы — экономикалық өрлеуді көп
жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.
1 ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ
1.1 Құнды қағаздарды шығару және оның элементтері
Құнды қағаздар — ең алдымен мүлікті иемденуде құқық беретін ақшалы
құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Құнды
қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң
жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер
басқа адамға иемденуге берілсе Құнды қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше
куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын береті құжатты сертификат деп
атайды.
Шығаруы жөнінен Құнды қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та
екіге бөлінеді. Нарықтан тыс Құнды қағаздар әлеуметтік-нарықтық
қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға
жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік (салым)
облигациялары, және сол сияқтылар жатады. Жинақ облигациялары негізінен
және тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл Құнды қағаздар қазірге кезде
АҚШ-та кең тараған. Зейнетақы қорларының облигациялары және жеке зейнетақы
облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та біреуге жалданбай-ақ өзалдына қызмет
істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік
облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып үшке
бөлініп, тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар
шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық төлеуден босатылған өздерінің
облигацияларын шығаруы мүмкін.
Нарықтан тыс Құнды қағаздар әртүрлі қорларға немесе банктерге, оның
ішінде шет ел банктеріне және кәсіпорын, ұйымдарға салған капиталдан түскен
табысты иемденуге құқық береді. Бұл Құнды қағаздарды шығару шарты бойынша
иемденуші — заңды немесе жеке тұлғалар — оларды басқа иемденушіге беруге
құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды.
Сонымен қатар, нарықтан тыс Құнды қағаздарға басқа мемлекеттердің
орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар
жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарық тыс Құнды қағаздарды
шығаруды кеңейту және олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады.
Құнды қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды. Олар
келесі кестеде көрсетілген:
Құнды қағаздар шығарушылар.
Эмитент
Мемлекет
Мемлекетқолдауындағы мекемелер, ұйымдар
Республикалық басқару органдары
Жергілікті басқару органдары
Акционерлік қоғам
Жеке кәсіпорын
Мемлекеттік рез.еместер
—►
Өндіріс секторының
Жекеменшіктенген Осы секторда жаңа
кәсіпорындар құрылған қоғамдар
—► Несие саясындағы қоғамдар
—► Биржалар
—► Қаржы құрылымдары
Инвестициялық Инвестициялық
компаниялар қоғамдар
Құнды қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге сату мына
түрде жүзеге асырылады;
1- Қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында
орналастырылғанда;
2- Қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып
өсіргенде;
3- заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік органдардың
облигация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын
пайдаланғанда.
Сонымен қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында
толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға
болмайды. Эмитент және сонымен қатар эмитетінің келісімімен Құнды
қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір Құнды
қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін
алдын-ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құралдарында жариялау міндетті. Эмиссия
проспектісінің бірінші тарауында эмитент құралы жалпы деректер, яғни
эмитенттің аты мен ұйымдастыру-құқықтық формасы және эмиссия
проспектісіндегі деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні
көрсетіледі. Ал екінші тарауында инвестициялық мәлімдеме жарияланып, онда
инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе Құнды
қағаздардың нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші
тарауында Құнды қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады: Ол
мәліметтер арасында:
- кәсіпорын құрылған кездегі оның жарғылық капиталының мөлшері;
- шығарылатын Құнды қағаздардың түрі, оның номиналы, жазылу бағасы:
- акция сатуды бастау және сақтау күндері;
- бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген акция саны; Құнды қағаздарды
сату түрі; кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу; эмитенттің адресі мен
телефоны бар;
Эмиссия проспектісінің басқа тарауларын да бұдан бұрынғы эмиссия
туралы, эмитеттің құрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні және олардың
қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың
қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішінде қызмет орны, оның
ішінде басқару орнынан тыс жердегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі.
Бұдан басқа, проспектіні тіркеу кезінде болған эмитент пен оның басшыларына
сотқа берілген арыз және жазалау шаралары көрсетіліп, қоғамның қаржылық
жағдайы жөніндегі есеп пен қызмет нәтижесі баяндалады. Эмиссия проспектісін
шығару эмитенттің сенімділігін, инвесторлар мүддесінің қорғалуын, сатып
келгенде Құнды қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.
Құнды қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады.
Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі
жанындағы Құнды қаржылар жөніндегі Ұлттық комиссияда тіркеуден өтіп,
мемлекеттіктіркеу номерін алуы қажет.
1.2 Жекеменшіктендіру - Құнды қағаздар нарығын дамытудың негізі
Құнды қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар ақша қатынастары және меншік
қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарық
қатынастарына сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы елдерде Құнды қағаздар нарығы жаңадан
қалыптасып келе жатқан жағдайда жекеменшіктендіру акцияландырумен тікелей
байланысты. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаға
құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады.
Жекеменшіктендіру Құнды қағаздардың жаңа түрі - жекеменшік чектерін
(купондар) өмірге келтіреді. Бұл мемлекеттік Құнды қағаздар, өз иесіне
мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншікті бір бөлігін
қайтарымсыз пайдалануына құқық береді. Жекешелендіру чектеріне кез келген
жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал
жекеменшіктендірілген кәсіпорын ұжымы мүшелері өз кәсіпорынның акциясын
жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру
чегімен төлеуге болады. Жекеменшіктендіру чегіне басқа акционерлік қоғамға
айналған кәсіпорындардың акциясын сатып алу аукциондар да жүргізіледі.
Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен
бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың акциясын
сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып,
оған басқа акционерлік қоғамдардың акциясын сатып алады, Инвестициялық
қорлардың акциясын сатып алушы сол қорлардың иемденушісінің біреуі болып
есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялық
қорлар - жеке мекеме. Мемлекеттік инвестициялардың қорлаға салған чектерге
кепілдік бермейді.
Осы айтылғандардан басқа жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға,
сыйлық ретінде беруге де болады. Біздің елімізде жекеменшіктендіру 1994-
1995 жылдары өтті. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық
ол қорларға чектерін тапсырғаны мен олардың орнына акция алғандары аз.
Жекеменшіктендіру бір жағынан Құнды қағаздардың жаңа түрі —
жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорындардың жаңа
ұйымдастыру құқықтың формасы — акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына
және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен
облигацияларды эмиссиялаумен қатар, Құнды қағаздардың басқа түрлерін
шығаруға да себепті болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру —
Құнды қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
2.1 Құнды қағаздар туралы Қазақстан республикасының қазіргі заңдары
Кез келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе
жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды
шығару белгілі экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Құнды
қағаздар нарығын құқықтық ережелерімен қамтамасыз ету мемлекеттік
органдардың Құнды қағаздар айналымы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі
бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Және сол заңдардың мемлекет мүддесімен
халық керегін қанағаттандырып нарық қатынастарға бет алған қоғамның
объективті экономикалық заңдарына сай келді. Қазіргі кезде Қазақстанның
мемлекеттік заңдарына егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар, Президенттің
жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар Құнды қағаздар жөніндегі
Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Аталып өткен Құнды қағаздар
нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше
құжатпен расталады. Ол құжат Құнды қағаздар деп аталады. Экономиканы қайта
құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпшіліктің
тиімділігі арттыру механизмінің құру жолдарын табу керектігін меңзейді.
Қазіргі заңдар Республикасы Конституциясына негізделген. Олар мемлекеттік
және жекеменшікті мойындап қорғауға кепіл болады. Азаматтық кодекстің
нормаларына сәйкес мемлекет басшысы заң күші бар жарлықтар шығарды. Олар
азаматтардың кодекспен бірге Құнды қағаздар нарығын дамытудың заңды
негіздерін құрайды:
1995 жылдың 21 сәуіріндегі "Құнды қағаздар және қор биржасы туралы"
№2227 Президенттің заң күші бар жарлығы.
2. "Шаруашылық серіктестіктері туралы" №2255 Президенттің заң күші бар
жарлығы 2.05.95 ж.
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" №2155 Президенттің заң
күші бар жарлығы 30.03.95 ж.
4. "Акционерлік қоғамдар туралы" №281-1 "Қазақстан Республикасының
заңы 10.07.98 ж.
5. Басқа заңдар және нормативтік құқықтық актілер.
Оған Құнды қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін, Ұлттық
комиссияның өкілдігін реттейтін Президенттің заңдық күші бар жарлықтары
жатады. Мысалы, валютаны реттеу туралы заң бойынша Ұлттық комиссия валюта
қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел Құнды қағаздарын түсірудің
тәртібін реттейтін орган болып тағайындалады.
Басқа нормативті-құқықтық актілердің ішінде төмендегілерді атап айтуға
болады:
- Құнды қағаздар нарығының кейбір мәселелерін реттейтін ережелерді
бекіткен Қазақстан Республикасы қаулылары.
- Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның актілері - Құнды
қағаздар нарығын реттейтін ережелер.
- басқа орталық атқару органдарының Құнды қағаздар айналымына
байланысты актілері.
Жоғарыда айтылған құқықтық негіздерге сай қазіргі кезде Қазақстанда
бірсыпыра қор биржалары құрылды, брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып,
олар акциялардың мемлекеттік бумалары және басқа мемлекеттік Құнды қағаздар
түрлерімен мәмілелерге қатысты. Сонымен қатар, Қазақстандағы акционерлік
қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген
азаматтар Құнды қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандандыру куәлігін
алды. Қазіргі уақытта Құнды қағаздар туралы шыққан заңдар жетілген және
Құнды қағаздар нарығының құқықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды
деуге болмайды. Дегенмен, бүгінгі күні айтылған заңдарды пайдаланудың
нәтижесінде республикадағы Құнды қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз
етудің жетістіктері мен кемшіліктері анықтауға мүмкіншілік бар.
2.2. Қазақстан Республикасында Құнды қағаздар нарығының пайда
болуы
Қазақстанда Құнды қағаздар нарығының алғашқы нұсқаулары Кеңес Одағы
заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Елде дамыған Құнды қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері
болуы қажет. Олар:
- сұраныс пен ұсыныс;
- делдалдар мен басқа қатысушылар;
- нарықтық инфрақұрылым яғни екінші деңгейдегі банктер, қор биржасы,
инвестициялық институттар және т.с.с;
- нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Құнды қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-
ауқатына байланысты. Себебі Құнды қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын
айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі - Қазақстанда Құнды қағаздар
нарығы дамуының басты шарты. Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағандай
Құнды қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз
міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған
қатысушыларға байланысты:
біріншіден, мемлекеттік Құнды қағаздардың элементі - Қаржы
Министрлігі;
екіншіден, Ұлттық банк — оның (Қаржы Министрлігінің) қаржы агенті,
сонымен бірге мемлекеттік Құнды қағаздардың дилері.
Мемлекеттік Құнды қағаздардың төмендегідей түрлері бар:
a) мемлекеттік қазыналық вексельдер;
b) мемлекеттік қазыналық облигациялар;
c) Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноталары;
d) жекеменшіктендіру купондары.
а) Вексель дегеніміз — вексель берушінің вексель иесіне мерзімі жеткен
кезінде онда көрсетілген ақша сомасын сөзсіз төлейтіні туралы жазбаша
міндеттеме. Қазіргі кезде вексельдің екі түрі қолданылады: жай вексель;
аудармалы вексель.
Жай вексель — бұл 2 адамның өзара келісімі, ал аудармалы вексельде
ақша үшінші адамға төленеді. Вексельдің иесі оны есеп айырысуға
пайдаланады. Оның қайырма бетіне басқа адамға беретінін жаза алады.
Нәтижесінде төлеуші мүлдем басқа адам болады. Мемлекеттік қазыналық
вексельдері халық арасында ерікті негіз орналастыратын мемлекеттік құнды
қағаздардың бір түрі. Ол осы қағаздарды ұстаушылардың бюджетке қаражаттар
аударған және бұл қағаздарға ие болған бүкіл мерзім ішінде дивиденд түрінде
табыс алуына құқық беретінін растайды. Қазыналық вексельдер ұзақ мерзімді 5
жылдан 25 жылға дейін, орта мерзімді 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімде
шығарылады.
- Ұзақ мерзімді қазыналық міндеттемелер жөніндегі табыс жыл сайын
купондар бойынша төленіп отырады.
- Орташа және қысқа мерзімді міндеттемелер номиналға процентпен
есептеу арқылы, яғни орташа мерзім міндеттемелер бойынша мерзімі біткен соң
сатып алу негізінде төленеді.
қазыналық вексельдер номиналдан кемітіліп сатылады, бірақ вексельдер
толық өз құқымен шығарылады. Қазыналық вексельдерін Қаржы Министрлігінің
тапсыруымен, шығарылуынан бір ай бұрын шарттары ескеріліп, Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкі таратады. Шығарылым жарияланғанда қазына
вексельдерінің нақты құны, жазылу сомасы, проценттік ставка көлемі
көрсетіледі. Алушылар қанша сатып алатынын және дисконттың қандай көлемі
қолайлы екенін айтады. Қазыналық векселі бойынша бәсекелестік саудасы да
болуы мүмкін. Бұл жағдайда неғұрлым қолайлы шарттар тандап алынады.
Қазақстан Республикасының заңды ұйымдарының облигацияларынан басқа
айналымға мемлекеттік қазынаның облигациялар шығарылады. Мемлекеттік
қазыналық облигацияларға: орта және ұзақ мерзімді бондар мен қазыналық
вексельдер жатады.
Орта мерзімді бондар Қаржы Министрлігімен шығарылады, ал ұзақ мерзімді
бондар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің шешімімен шығарылады.
Ұзақ мерзімді қазыналық бондар 5 жылдан 25 жылға дейінге мерзімге
шығарылып, заңды және жеке тұлғалар арасында тартылады. Қазынаның бондар
бойынша кіріс процент аудару арқылы төленеді.
Ұзақ мерзімді бондарға қарағанда, орта мерзімді бондар 1 жылдан 5
жылға дейінгі мерзімде шығарылады. Оның өшірілуі жыл сайынғы тираждар
негізінде жүргізіледі. Ұстаушының талабы бойынша олар мерзімінен бұрын
өшірілуі мүмкін, бірақ міндетті түрде сатып алғаннан 6-ай өткеннен кейін.
Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша
сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша
қарыз құжатын айтады. Сонымен қатар облигация несие беруші мен осы құжатты
шығарушы мекеме орындары арасындағы қатынасты куәландырады. Облигацияның
мынадай түрлері болады:
- ішкі мемлекеттік және жергілікті займдар облигациялары;
- кәсіпорындар облигациялары.
Кәсіпорындар облигацияларының барлық түрлерін өздерінің еңбек ұжымдары
қарамағына түсетін қаражаттар есебінен, ал азаматтар өзінің және құжаттары
есебінен сатып алады.
Ішкі мемлекеттік және жергілікті займдарды сатудан түскен қаржы тиісті
бюджеттік немесе бюджеттен тыс қорларға жіберіледі. Бұл займдардың
облигацияларын банк таратады. Проценттерді ішкі мемлекеттік және жергілікті
займдар үшін займдарды қайтару кезінде проценттерді есептеу арқылы немесе
купондар төлеу жолымен беріледі.
b) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қысқа мерзімді валюталық
ноталары дегеніміз — бұл айналымдағы ақша массасын реттеуге арналған ақша-
несие және валюта саясатының құралы. Сонымен қатар ол айналысқа түсетін
мемлекеттік Құнды қағаздардың бір түрі болып табылады. Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкі валюта ноталарын 90 күнде дейінгі айналыс
мерзімімен айналымға шығарады және оның есеп айырысуы теңгеде жүргізіледі.
Валюта ноталары құжаттамасыз нысанда шығарылады және оның нақты құны 100
валюта бірлігін құрайды. Кесімді бағасы тапсырыстарды қанағаттандырумен
аяқталатын ең төменгі дисконтталған бағаға тең. Ноталарды орналастыру
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген Құнды қағаздар нарығының
кәсіби қатысушыларды — "Алғашқы агенттер" арқылы жүзеге асырылады. Валюта
ноталарын орналастыру 2 әдіспен жүргізіледі:
1. Аукцион әдісі.
2. Алғашқы агентпен келісілген баға бойынша сату әдісі. Аукциондық
әдісте тапсырыстарды қанағаттандыру ең аз дисконттан басталады да, барлық
жарияланған эмиссия көлемі таламдалатын негіздегі дисконтпен аяқталады.
Ноталарды орналастыруға байланысты барлық ақпарат Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкі белгілеген мәліметтер беретін электронды жүйе
арқылы беріледі. Ноталардың аукционын жүргізуден 1 күн бұрын алғашқы
агенттерге хабарлау керек және оны бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялайды. Мемлекеттік Құнды қағаздар нарығының қатысушылары аукцион
өткізілетін күні шығару шарттарында белгіленген көлемде, бәсекелік және
бәсекелік емес ұсыныстармен бірге өтініштер бере алады. Берілген өтініштің
бәсекелік ұсыныстарында ноталар саны, валютамен көрсетілген бір нотаның
ұсынылған дисконтталған бағасы көрсетіледі.
Егер алғашқы агенттен белгіленген уақытқа дейін валюта ноталарының
ақысына қаражат түспесе, сол сағаттан кейін түскен ақша бір күнге мерзімі
өтіп түскен ақша есебіне қаралады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне
деректер хабарлайтын электрондық жүйе арқылы ноталарды сатып алуға түскен
ақша туралы хабарламаны алғаннан кейін алғашқы агенттер инвесторға қағаз
жүзінде, егер инвестордың алғашқы агентпен шартында басқа көзделмесе,
ноталарға оның меншік құқығын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz