Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру туралы ақпарат
Кіріспе 3
1.бөлім. Қазақстандағы қолма.қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру 4
1.1. Қолма.қолсыз есеп айырысу қағидалары 4
1.2 Қолма.қолсыз есеп айырысу құралдары 9
ІІ.бөлім. Банктер арқылы қолма.қол ақшасыз есеп айырысу 22
2.1 Банктік шоттар ашу тәртібі 22
2.2 Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Тауарлы-ақшалай қарым-қатынастар кезінде сату-сатып алу және қызмет көрсету барысында, сондай-ақ әртүрлі шағымдар мен міндеттемелерді қанағаттандыруда, әрі ақша құралдарын бөлуде және қайта бөлуде ақшалай есеп айырысу туындайды.
Мұндайда ақшалай есеп айырысудың (80-90%) негізгі бөлігін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу құрайды. Ол қолма-қол ақшаны тікелей пайдаланбастан, яғни несие мекемелерінің есепшоттары бойынша аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылады.
Қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың арасында тығыз және өзара байланыс бар: ақшалар қолма-қол ақша белгілерінің нысанынан банктегі депозитке және одан керісінше бір-біріне ұдайы ауысып отырады.
30-жылдардан бастап 1993 жылға дейін біздің еліміздегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі тек шығыс шығаруға арналған шаруашылық ету механизміне бейімделіп және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл тәсілдеріне сай келген еді. Ол қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі негізінен өнім жеткізушінің өзінің жоспарлы тапсырмаларын орындау мен өнімдерді жеткізуге ғана негізделген болатын.

1. «Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы» ҚР заңы. 29.06.1998 ж.
2. «Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» ҚР Ұлттық банк Басқармасының № 179 қаулысы. 25.04.2000 ж.
3. «Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулық» ҚР Үлттық банк Басқармасының № 266 қаулысы. 02.06.2000ж.
4. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификато¬ры — төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалу ережесі» ҚР Үлттық банктің Басқармасының № 388 қаулысы. 15.11.1999Ж.
5. Банковское дело / Под ред. Сейткасымова Г.С. — Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.
6. Деньги, кредит, банкир; Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1999.

ЖОСПАР
Кіріспе 3
1-бөлім. Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру 4
1.1. Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары 4
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары 9
ІІ-бөлім. Банктер арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу 22
2.1 Банктік шоттар ашу тәртібі 22
2.2 Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27
Кіріспе
Тауарлы-ақшалай қарым-қатынастар кезінде сату-сатып алу және қызмет
көрсету барысында, сондай-ақ әртүрлі шағымдар мен міндеттемелерді
қанағаттандыруда, әрі ақша құралдарын бөлуде және қайта бөлуде ақшалай есеп
айырысу туындайды.
Мұндайда ақшалай есеп айырысудың (80-90%) негізгі бөлігін қолма-қол
ақшасыз есеп айырысу құрайды. Ол қолма-қол ақшаны тікелей пайдаланбастан,
яғни несие мекемелерінің есепшоттары бойынша аударымдар жасау арқылы жүзеге
асырылады.
Қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың арасында
тығыз және өзара байланыс бар: ақшалар қолма-қол ақша белгілерінің
нысанынан банктегі депозитке және одан керісінше бір-біріне ұдайы ауысып
отырады.
30-жылдардан бастап 1993 жылға дейін біздің еліміздегі қолма-қол
ақшасыз есеп айырысу жүйесі тек шығыс шығаруға арналған шаруашылық ету
механизміне бейімделіп және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл
тәсілдеріне сай келген еді. Ол қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі
негізінен өнім жеткізушінің өзінің жоспарлы тапсырмаларын орындау мен
өнімдерді жеткізуге ғана негізделген болатын.
Экономикада нарықтық қатынастардың дамуы қолма-қол ақшасыз есеп
айырысу жүйесінің негіздерін және олардың ұйымдастырылу қағидаларын
түбегейлі түрде өзгертуді талап етті.
Менің курстық жұмысым Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың
қазіргі жүйесінің қызметіне арналған.
1-бөлім. Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру
1.1. Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары
Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып
табылады. Сондықтан материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне
байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан турады. Ақшалай
есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және
қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды
қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп
айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде
айналыс шығындарын үнемдеуге болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша
айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:
• өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
• ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;
• банк несиелерін алу және қайтаруда;
• бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
• халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
• басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы
ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің
торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің
ықпалы болады. Өйткені, банк — бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен
төлемдердің іске асатын орны. Банктегі ағымдық шоттарындағы жазбаша түрдегі
ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу — бұл ақшалай қаражаттарды
төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын
ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі бір жүйеге
байланысты ұйымдастырылады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі — бұл қолма-қолсыз
ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға
қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу
әдістері мен формаларының жиынтығы.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыру мынадай талаптарға
сәйкес келуі тиіс:
Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін
бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;
Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген
төлеушілердің жауапкершілігі;
Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы,
яғни уақытында есеп айырысуға тиістігі.
Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру
негізі КСРО тұсында 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған
болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде
және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген
болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің
жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың
мүддесіне қызмет еткен. Ол жүйедегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды
ұйымдастырудың қатаң қағидаларының сақталуы кәсіпорынның өзінің алдындағы
келісімшарттың міндеттемелерінің орындалуы үшін экономикалық мүддесі мен
жауапкершілігінің жоқтығын біршама дәрежеде орнын толтыруына мүмкіндік
береді.
Бұл қағидалар әсіресе мыналарға қатаң қарайды:
• төлеу орны — банк, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды
ұйымдастырушы және бақылаушы болады;
• төлеу уақыты — өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң
жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қатаң
тыйым салынды;
• төлеушінің келісімі (акцепт) — төлеудің негізіне жатады;
• төлеу көзі — сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие,
яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;
• қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану
аумағы алдын ала анықталады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі
айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

Бірақ аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабілетін және
несиелік қабілетіне қойылатын талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп
айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы
кері әсер етті.
Кейіннен экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі барысында қолма-
қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары мен әдістері, оларды ұйымдастыру
қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бірінші қағидасы — барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай
қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.
Мұнда клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау
үшін шоттар ашылады. Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі
бірінші қағидадан айырмашылығын, барлық кәсіпорындар және ұйымдардың
арасындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы
жүргізілуге міндеттілігінен байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен
ұйымдардың ақшаны банктегі шоттарда сақтауға міндеттілігі — бұл экономиканы
әкімшіл-әміршіл әдістер арқылы басқаруға ұқсас болып келеді.
Нарықтық шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу,
шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің
іс-әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін ескеруі тиіс.
Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші
қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін
ескерсек, өткен жүйедегі қағида, ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз
ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек
заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандығын айта кету керек.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың үшінші қaғидасы — нарық
субъектілерінің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудағы
еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісімшарттарында
бекітуді көздейді.
Бұл қағида меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық
субъектілерінің келісімшарттың және есеп айырысу қатынастарын
ұйымдастырудағы қатынастардың нәтижелі болуы үшін олардың материалдың
жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды.
Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде
көрінеді.
2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасы бекіткен Қазақстан
Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу
және жабу тәртібі туралы № 266 нұсқаулығына сәйкес төлеушінің төлем
операцияларының барлық формаларында бас субъектіге айналу тенденциясы
байқалады, себебі барлық қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларында
төлеу туралы бастаманы төлеушінің өзі көтереді. Бұл шарт ел
экономикасындағы нарықтық қатынастардың талабына толық сәйкес келеді.
Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың
мынадай екі қағидасы қолданылады:
1) төлемнің мерзімділігі;
2) төлемнің қамтамасыз етілуі.
Төлемнің мерзімділік қағидасы — шаруашылық несиелік сақтандыру
шарттарында, ұжымдық шарттарда және ҚР Қаржы министрлігінің нұсқауларында
көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру.
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының
төленетін қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген
мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлеу мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе
болады. Кәсіпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектілері
төлемдердің мерзімділігінің дәрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып,
өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген
қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара
алады.
Мерзімді төлем мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
• сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының
тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық төлем
түрінде;
• сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем
тапсырмасы арқылы;
• сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін —
қарыздың міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық несие
жағдайында.
Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен
төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер — бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай
міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер — бұл көзделген уақытта қарыздық
міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын
ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер — бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына
байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік
немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы — бұл алдындағы мерзімділік
қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем
мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде
болуын білдіреді. Өтімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде
және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара
ажыратылады.
Төлемнің жедел түрде қамтамасыз етілуі, төлеушіде бірінші класстық
өтімді қаражаттар сомасының болуын түсіндіреді. Бірінші класты өтімділік
қаражаттарға: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді сипаттағы
ақшалай қаражаттар, сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай формалары
жатады.
Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары болады
(оның ішінде клиенттің немесе банктің есебінен қосқан қаражаттар түрінде).
Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді
кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға
қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта
түседі.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған
қағидалар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл қағиданың
біреуінің бұзылуы басқаларының бұзылуына жол береді.
Демек, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қaғидалары — бұл қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін немесе қолма-
қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін
білдіреді.
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары
Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және
қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі туралы
ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына
сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын,
яғни 3488000 = (4000 X 872) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар
тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес
қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне
мыналар жатады:
• төлем тапсырмасы;
• төлем талабы-тапсырмасы;
• инкассалық үкім;
• чекпен есеп айырысу;
• вексельмен есеп айырысу.
Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға
тиіс:
1) төлем құжатының атауы;
2) төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;
3) ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке
идентификациондық коды;
4) ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік
идентификациондық коды;
5) бенефициардың (ақшаны алушының) толың аты-жөні және жеке
идентификациондық коды;
6) бенефициар банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық
коды;
7) төлемнің тағайындалу коды;
8) санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;
9) төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен
мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);
10) бенефициардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші ретіндегі
тіркеу номері (СТН).
Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем
құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы
төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік классификаторы — төлемдердің тағайындалуының
бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы ҚР Ұлттық банктің
Басқармасы бекіткен № 388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан
Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем
балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау,
жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін
көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.
Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталық заңдылықтарына сәйкес анықталады
және былай белгіленеді:
1 — резидент;
2 — бейрезидент.
Экономиканың секторының коды мынадай:
0 — Халықаралық, ұйымдар;
1 — Орталық Үкімет;
2 — Аймақтық және жергілікті басқару органдары;
3 — Орталық (ұлттың) банктер;
4 — Басқа депозиттік ұйымдар;
5 — Басқа қаржылық ұйымдар;
6 — Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;
7 — Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;
8 — Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар;
9 — Үй шаруашылықтары.
Төлемнің тағайындалу коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан
тұрады:
0 — Зейнет ақы және жәрдем ақы;
1 — Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар);
2 — Шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар;
3 — Депозиттер;
4 — Займдар;
5 — Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің шығарған бағалы
қағаздары, вексельдер және депозиттік сертификаттары және шетел капиталына
инвестициялар;
6 — Қазақстан Республикасының резиденттерінің шығарған бағалы
қағаздары және вексельдері, Қазақстан капиталына инвестициялар;
7 — Тауарлар мен материалдық емес активтер;
8 — Көрсетілетін қызметтер;
9 — Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы толтырылатындарға
мынадай төлем құжаттары жатады:
• төлем тапсырмасы;
• төлем талабы-тапсырмасы;
• салық (кеден) органдарының инкассалық үкімі;
• аударуға берген өтініш;
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен
қолданылатын есеп айырысу формасы.
Төлем тапсырмасы — ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада
көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке
берген тапсырмасы.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру
үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшің тауарлы
емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық
төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар
мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала
төлеуге, аванстық төлемдер бойынша.
Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке
алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда
ғана іске асырылады.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы 1-суретте берілген.
Бенефициар Ayдарушы (төлеуші)
Бенефициар Аударушының банкі
банкі
1-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді
сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.
1 — тауарды (қызметті) жабдықтау; 2 — төлем тапсырмасын банкке беру
және шоттан қаражатты шегеру; 3 — бенефициар банкіне қаражатты аудару және
алушының шотына есептеу; 4 — бенефициардың шотына қаражат түскендігін
хабарлау.
Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бүрын
және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем — бұл тауарды жөнелткенге
дейін; тауарды жөнелткеннен кейің яғни тікелей келісім беру жолымен; немесе
ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын
және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін
жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.
Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем
тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы
төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы
арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен
ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат
бөлігінің шығып қалуы жатады.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы, оның әмбебап есеп
айырысу формасы ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және
мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес
операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс
арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады.
Бенефициар 1 Аударушы (төлеуші)
Бенефициар банкі Аударушының банкі
2-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді
алдын ала төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.
1 — алдын ала төлеу барысында тауарды (қызметті) жабдықтау туралы
келісімшарт жасау; 2 — төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты
шегеру; 3 — бенефициардың банкіне қаражатты аудару және алушының шотына
есептеу; 4 — бенефициарға оның шотына қаражат түскендігін хабарлау; 5 —
тауарды (қызметті) жабдықтау.
Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа
формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы
және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.
Төлем талап-тапсырмасы — бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші
банкке бағытталған жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген
қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.
Төлем талаптапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық
құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының банкі
төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы банкке келіп
түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге тиіс.
Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда
ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 1 күннен 30 күн
аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.
Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш
күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту
құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей
бенефициарға қайтарылады. Төлем ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz