Қазақстан Республикасының салық жүйесi жайлы ақпарат
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Қазақстан Республикасының салық жүйесi.
1.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Қазақстан Респубоикасының ұлттық салық жүйесінің қалыптасу кезендері мен даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлері.
2.1 Жанама салықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Жеке табыс салығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен
арнаулы төлемдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.4 Әлеуметтік салық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ІІІ Ұлттық салық жүйесін өнеркәсібі дамыған елдердің салық жүйесімен салыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiленген, белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке төленетiн қайрарусыз және өтеусiз сипаттағы мiндеттi ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәнi олардың өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың бiр бөлiгi болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бiрге пайда болды және мемлекеттiң өмiр сүрiп, дамуының негiзi болып табылады. Азамат дамуының бүкiл тарихы бойына салық нысандары мен әдiстерi өзгердi, игерiлдi, мемлекеттiң қажеттiлiктерi мен сұрау салуларына бейiмделедi. Салықтар тауар-ақша қатнастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесiнде айтарлықтай өрбiдi. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүредi.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi- ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы, мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi, ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi, олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгiлi философ Френсис Бэкон салықтарлды төлеу- әрбiр адамзаттың қасиеттi борышы деген едi.

1. С.Құлпыбаев «Қаржы» 2004
2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. Салық Кодексі-Алматы: ЮРИСТ, 2005. - 288 6.
3. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты.
4. Рикардо Д. Начало политическойэкономии и податного обложения.
5. Юткина Т. Ф. Налоги и налогообложение – Москва – ЮНИКС – 2002 г.
6. Адилбекова А // Бюллетень бухгалтера.-2005 март №14.
7. Әбдірова А // Бухгалтер бюллетені -2004 қаңтар №2.
8. Қаржы қаражат -2005 №6.
9. Нүсіпов Ж // Жетісу-2002-12 желтоқсан.
10. Смайыл Е // Егемен Қазақстан-2005 21-мамыр.

Жоспары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Қазақстан Республикасының салық жүйесi.
1. Қазақстан Республикасының салық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..6
2. Қазақстан Респубоикасының ұлттық салық жүйесінің қалыптасу
кезендері мен даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .10
ІІ Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлері.
2.1 Жанама
салықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...13
2.2 Жеке табыс
салығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..15
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен
арнаулы
төлемдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...16
2.4 Әлеуметтік
салық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 18
ІІІ Ұлттық салық жүйесін өнеркәсібі дамыған елдердің
салық жүйесімен
салыстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..27
Кіріспе.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет бiржақты тәртiппен
заң жүзiнде белгiленген, белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке
төленетiн қайрарусыз және өтеусiз сипаттағы мiндеттi ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәнi олардың өзiнiң функциялары мен
мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың бiр
бөлiгi болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бiрге пайда болды және мемлекеттiң өмiр сүрiп,
дамуының негiзi болып табылады. Азамат дамуының бүкiл тарихы бойына салық
нысандары мен әдiстерi өзгердi, игерiлдi, мемлекеттiң қажеттiлiктерi мен
сұрау салуларына бейiмделедi. Салықтар тауар-ақша қатнастарының ахуалына
әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесiнде айтарлықтай өрбiдi. Мемлекет
құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен,
жаңарумен қабаттаса жүредi.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен
саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-
ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы, мемлекеттiң
экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi, ал салықтардың әлеуметтiк-
экономикалық мәнi, олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық
құрлысымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Белгiлi философ Френсис Бэкон салықтарлды төлеу- әрбiр адамзаттың қасиеттi
борышы деген едi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-шi бабында: заңды түрде
белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу
әркiмнiң борышы әрi мiндетi болып табылады,- деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесiн бөлудiң екi қағидаты
қалыптасқан:
1. пайда (алынған игiлiктер) қағидаты;
2. кайыр көрсету (төлем қабiлеттiлiгi) қағидаты.
Алынған игiлiктерге және төлем қабiлеттiлiгiне салық салудың
қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерiн белгiлеуге және табыстың
өсуiне қарай олардың өзгеруiне саяды.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам
Смит ұсынған едi. Олар мынаған саяды:
1. салық салық төлеушiнiң әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиiс
(әдiлеттiлiк қағидаты) ;
2. салықтың мөлшерi мен оны төлеу мерзiмi алдын ала және дәл
анықталуы керек (анықтылық қағидаты);
3. әрбiр салық салық төлеушi үшiн неғұрлым қолайлы уақытта және
қолайлы әдiспен алынуы тиiс (анықтылық қағидаты);
4. салықты алудың шығындары өте аз болуы тиiс (үнем қағидаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық- зомбылықты жоқ
еттi, бұл процеске реттемелеудi енгiздi және Адам Смитке салықтар- оны
төлейтiндерге құлшылықтың нысаны емес, бостандықтың нысаны” деп қорытынды
жасауға мүмкiндiк бердi. Салық салудың кейiнгi даму барысында қағидаттардың
тұжырымдамалары дәлдендi, толықтырылды.
Тұңғыш рет Қазақстан Республикасында заңнамалық деңгейде салық
салудың қағидаттары баянда етiлген. Қазақстанның салық заңнамасында сонымен
бiрге салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеудiң
мiндеттiлiгi, салық салудың айқындығы, әдiлдiгi, салыө жүйесiнiң
бiртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негiзделедi.
Салық төлеушi салық заңнамасына сәйкес салықтық мiндеттемелерiн толық
көлемiнде және белгiленген мерзiмдерде орындауға мiндеттi.
Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да
мiнденттi төлемдер айқын болуға тиiс. Салық салудың айқындығы салық
төлеушiнiң салықтық мiндеттемелерi туындауының, орындалуының және
тоқтатылуының барлық негiздерi мен тәртiбiн салық заңнамасында белгiлеу
мүмкiндiгiн бiлдiредi.
Елiмiздегi салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады.
Жеке сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады. Қазақстанның
салық жүйесi оның бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге қатысты
бiрыңғай болып табылады.
Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк- құқықтық актiлер ресми
басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға жатады.
Мемлекетке түсетiн салық түсiмдерiнiң сипатты ерекшелiгi олардың сан
алуан қоғамдық қажеттерге кейiн иесiз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен
салықтардың мемлекет, сондай - ақ басқа жергiлiктi органдар белгiлейтiң
түрлi мiндеттi мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы
болады; бұған әлеуметтiк сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты
аударымдар, соның iшiнде бюджеттен тыс қорларға төленетiн жарналар мен
аударымдар жатады, олар белгiлi бiр, ұзақ мерзiмдi көлемде өнiмнiң,
жұмыстын және қызметтер көрсетудiң өзiндiк құнынын, табыстан, еңбекке ақы
төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелiнедi.
Салықтардың әлеуметтiк- экономикалық мәнi мен мазмұны олар атқаратын
функцияларында толық ашыла түседi. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан
салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан
қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгiштiк функциясының
құрамдас қосалқы функциясы ретiнде қарастырған жөн.
Қазiргi кезде салықтар фискалдық, реттеушi және қайта бөлу сияқты
негiзгi үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының
iшкi белгiлерi мен өзiндiк ерекшелiктерiн бiлдiредi.
Фискалдық функция- барлық мемлекеттерге тән негiзгi функция. Оның
көмегiмен бюджеттiк қор қалыптасады, мұның өзi салықтардың қоғамдық
мiндеттерiн арттыра түседi. Өйткенi салықтар мемлекеттiк бюджеттiң
кiрiстерiн толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтiк-мәдени шараларды
жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
Салықтардың реттеушiсi функциясы мемлекеттiң экономикалық
қызметiнiң ұлғаюымен байланысты пайда болды. Ол ұлттық шаруашылықтың
дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етедi. Бұл орайда
салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерiнiң, алу әдiстерiнiң
өзгеруi, жеңiлдiктер мен шегерiмдер пайдаланылады. Бұл реттеуiштер қоғамдық
ұдайы өндiрiстiң құрлымы мен үйлесiмiне, қорлану мен тұтыну көлемiне ықпал
етедi.
Қайта бөлк функциясы арқылы түрлi субъектiлер табысының бiр бөлiгi
мемлекеттiң қарамағына өтедi. Бұл функцияның iс-әрикетiнiң ауқымы жалпы
iшкi өнiмде салықтардың алатын үлесi арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың
мемлекеттендiрiлуi дәрижесiн көрсетедi: бұл үлес 1997 жылы- 19,7%, ал 1997
жылы- 16,6%, 1999 жылы- 17,4%, 2000 жылы- 22,6%, 2001 жылы- 22,2% болды.
Мемлекет салық саясатын- салық саласындағы шаралар жүйесiн қоғамның
оның нақтылы кезеңiндегi әлеуметтiк- экономикалық мақсаттар мен
мiндеттерiне қарай әзiрлеген экономикалық саясатқа сәйкес жүргiзiледi.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы салық саясатының
негiзгi бағыты тұтынудың орталықтандырылған қоғамдық қорлары арқылы
халықтың нақты табыстарының едәуiр бөлiгiн қалыптастырудың өзiн ақтамаған
қағидатынан бас тарту болып табылады.Бұл еңбек белсендiлiгiнiң күшеюiндегi
экономикалық ынталылықтың уәждемелiк механизмi арқылы халықтың еңбекке
жарамды бөлiгiнiң табыстарын айтарлықтай арттыруға мүмкiндiк жасайды.Салық
жүйесi арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерiнiң неғұрлым тиiмдi және
берiк әлеуметтiк қорғалуы қамтамасыз етiледi.

1.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесi.
Салық ұғымымен салық жүйесi ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте
алынатын салық түрлерiнiң, оны құру мен алудың нысандары мен әдiстерiнiң,
салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттiң салық жүйесiн
құрайды.
1991 жылға дейiн, яғни КСРО ыдырағанға дейiн елде көбiнесе
экономиканы басқарудың әмiршiл-әкiмшiл жүйесiне, бағаларға қатаң
мемлекеттiк реттеуге сәйкес келетiн салық жүйесi қызмет еттi. Бюджеттен
басқа кiрiс көздерiнiң бiрi болған айналым салығы тiркелген бөлшек сауда
және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттiк реттеп отыруға
бағытталған болатын. Қазақстан егемендiкке ие болғаннан кейiн 1991-1995
жылдары қабылданған бiрқатар заңарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесi
қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-iнен бастап бiздiң елiмiзде тұнғыш салық
жүйесi жұмыс iстей бастады. Ол Қазақстан Республикасындағы салық жүйесi
туралы заңға негiзделедi. Бұл заң салық жүйесiн құрудың қағидаттарын,
салықтар мен алымдардың түрлерiн, олардың бюджетке түсу тәртiбiн
белгiленген алғашқы құжат едi. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы
қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттiк салық, 18 жергiлiктi салықтар
мен алымдар енгiзiлдi.
Қазақстан Республикасының Үкметi 1995 жылдың басында салық
реформасының ұзақ мерзiмдi тұжырымдамасын қабылдап, онда елiмiздiң салық
жүйесi мен салық заңнамасын бiрте-бiрте халықаралық салық салу
қағидаттарына сәйкестендiру көзделдi. Осыған байланысты Салық және
бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы 1995 жылғы сәуiрдiң
24-iнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы шықты.
Ендi бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуiр қысқартылып, олардың саны
небәрi 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылға сәуiрдiң 24-iндегi
заң күшi бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шiлденiң 16-
сындағы №440-1 заңына сәйкес заң мәртебесiн алды. Осы уақыт аралықтарында
Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға
өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлдi.
Салықтардың, оларды төлеушiлердiң, салықтарды алу әдiстерiн, салық
жеңiлдiетерiнiң жиынтықының болатындығынан салық жүйелерiнiң әжептеуiр
күрделi үлгiлерi болуы мүмкiн.
Бұл өркениеттi елдерде салықтардың бүкiл жиынтығы әр түрлi
қағидаттар бойынша былайша жiктеледi:
1. салық салу объектiлерi бойынша;
2. салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билiк жасайтын
органға қарай;
3. пайдалану тәртiбi бойынша;
4. объектiнiң экономикалық белгiсi бойынша;
Салық салу объектiсi бойынша, олар тура және жанама салықтар болып
бөлiнедi.
Тура салықтар- салық төлеушiнiң кiрiсi мен мүлкiнен тiкелей
төленген салықтар. Олар өз кезегiнде нақты және жеке салықтарға жiктеледi.
Нақты салықтар салық төлеушiлердiң мүлкiнiң кейбiр түрлерiне (үй, жер,
кәсiп, ақшалай капитал және тағада сол сияқты) салынады. Жеке тура
салықтар –
бұл жеке адамдар мен заңды үйымдардың табыстары мен мүлкiне салынатын
салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы- жеке салық салу әрбiр салық
төлеушiнiң жеке табысы мен мүлкiн де, оның қаржы жағдайын ескередi.
Жанама салықтар- баға немесе тарифке үстеме түрiнде белгiленген
салық төлеушiнiң кiрiстерi мен мүлкiне тiкелей байланысты емес салықтар.
Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздерi жатады. Жанама
салықтарға сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметтен түсетiн түсiмдер де
(кеден баждары түрiндегi, экспортқа және импортқа салынатын салық түрiндегi
кеден кiрiстерi, iшкi рынокте сатылатын тауар бағасы мен олардың фактуралық
құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттiң фискалдық мүдделерiн бiлдiредi. Оларды
саналы қолдану баға белгiлеудiң процесiне жағымды ықпал жасауы және
тұтынудың құрылымына әсер етуi мүмкiн.
Жанама салықтардың салудың мәнi салықтың тауар бағасына немесе
қызметтiк тарифiне қосылатындығында, бiрiктiрiлетiндiгiнде. Бұл жағдайда
салықты тауардың немесе қызметтiн нақты тұтынушысы төлейдi, алайда тұтынушы
мен мемлекет арасында тiкелей байланыс болмайды.
Салық алатын және оған билiк жасайтын органға қарай орталық
(жалпымемлекеттiк) және жергiлiктi салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртiбiне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты
(арнаулы) болып бөлiнедi.
Жалпы салықтар тиiстi деңгейлердегi бюджеттерде шоғырландырылады
және жалпымемлекеттiк қажеттiлiктердi қаржыландыруға пайданылылады.
Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегiндей
түрлi арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.
Объектiнiң экономикалық белгiлерi бойынша табысқа салынатын
салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа
салынатын салықтар төлеушiнiң салық салынатын кез келген объектiден алынған
табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен
қызметтердiң көсету кезiнде төленетiн шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектiлерiнесепке алу және оларды бағалау тәсiлдерiне
қарай салық алудың мынандай төтр әдiсi қолданылады: кадастрлық, салық
төлеушiнiң мағүлдамасы бойынша, табысты алу көзiнен үстап қалу, патенттiк
негiзде.
Бiрiншi жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу
объектiлерiнiң нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы,
мүлiк салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тiзiмдемесi негiзiнде жүзеге
асырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушiлер табыстың көлемiн, қажеттi
жеңiлдiктердi, шегерiмдердi көрсетедi және салық сомасын есептеп, төлейдi.
Олар салықтардың түрлерi бойынша салық мағлмдамасын есептi салық кезеңiне
сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығы, жеке табыс
салығы, көлiк құралдарына салынатың салықты және жер салығын төлеушiлер
(арнаулы салық режимiн қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық
органына олар бойынша мағлұмдаманы есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31-
iншi наурызына дейiн бередi.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушiлер:
Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстары барлар;
Тұрғын үй салу мен осындай құрлыс салу үшiн құрлыс материалдарын
сатып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары
сомаға бiржолғы iрi астып алуды iске асырғандар;
Қазақстан Республиңкасының шегiнен тыс жерлерден табыстар алатын
жеке тұлғалар;
Қазақстан Республиңкасының шегiнен тыс жерлердегi шетел
банктерiндегi шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республиңкасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңнамалық актiлерiне сәйкес мағлұмдама беру жөнiнде мiндеттеме жүктелген
адамдар;
Қазақстан Республиңкасының Парламентiнiң депутаттары, судьялар
табыс етедi.
Салық төлеушiден салық мағлұмдамасын табыс етедiң белгiленген
мерзiмiне дейiн жазбаша өтiнiш алған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк орган
салық мағлұмдамасын табыс ету мерзiмiн ұзарту салық төлеу мерзiмiн
өзгертпейдi.
Үшiншi әдiс бойынша салық төлеушi жұмыс iстейтiн ұйымның, мекеменiң
бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды.
Төртiншi әдiс салық кәсiпкерлiк қызметтiң сан алуан түрлерiне
берiлетiн патент негiзiнде төлейдi. Патент- арнаулы салық режiмiн қолдану
құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендiгi растайтын
құжат.
Салық есебiнiң екi әдiс қолданылады:
1. кассалық;
2. есептеу әдiсi;
Кассалық әдiске сәйкес табыстар мен шегерiмдер жұмысты орындау,
қызмет көрсету, мүлiктi жөнелту мен кiрiстеу және ол бойынша жасалынған ақы
төлеу мезетiнен бастап есепке алынады.
Есептеу әдiсi бойынша табыстар мен шегерiмдер ақы төлеудiң уақытына
қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткiзу және кiрiске
алу мақсатымен тиеп жiберу мезетiнен бастап есепке алады. Бұл әдiс салық
службалары үшiн қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушiлерi
қолдануға қабылдаған. Төлеушiлер үшiн оның кемшiлiгi- салық төлемдерi
жеткiзiлiм тiптi уақытында төленбеген жағдайында да аударылуы тиiс, бұл
айналым қаражаттарын оқшаландыруға ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесi салықтардың, алымдардың және
баждардың түрлерiн, салық қатнастарын реттейтiн құқықтық нормаларды және
салық службасының органдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы
алымдардың тiзбесi мыналарды қамтиды:
1.Салықтар:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құнға салынатын салық.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi.
6. Әлеуметтiк салық.
7. Жер салығы.
8. Көлiк құралдарына салынатын салық.
9. Мүлiкке салынатын салық.
2. Алымдар:
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым.
2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым.
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған
мәлiметтердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым.
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құралдарды
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым.
5. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк
тiркегенi үшiн алынатын алым
6. Теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк
тiркегенi үшiн алынатын алым.
7. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын
алым.
8. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым.
9. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
жүру алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Елтаңбалық алым.
12. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналасу құқығы үшiн лицензиялық
алым.
13. Телевизия және родио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк
спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.
3.Төлемақылар:
1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
2. Жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн
төлемақы.
3. Қоршаған ортаны ластаған үшiн төлемақы.
4. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
5. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы.
7. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
8. Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.
9. Сыртқы жарнаманы орналастыру үшiн төлемақы.
4.Мемлекеттiк баж.
5.Кеден төлемдерi:
1. Кеден бажы.
2 .Кеден алымдары.
3 .Төлемақы.
4. Алымдар.
Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң
сомасы Бюджет жүйесi туралы Заң мен тиiстi жылға арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгiленген тәртiппен тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне
түседi.
Салық жүйесi өзiнiң құрамына мемлекеттiк салық службасының- Қаржы
министiрлiгiн, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қаладағы
аудандардың салық комитеттерiн қамтиды.
Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң толық түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының толық және дер
кезiнде аударылуын қамтамассыз ету жөнiндегi, сондай-ақ салық төлеушiлердiң
салықтық мiндеттемелерiн орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асрады.
Салық және салық салу ұғымдарын ажырата бiлген жөн: бiрiншi
жағдайда- бұл экономикалық және қаржы категориясы, екiншiсiнде-
экономикалық-құқықтық механизiмдi пайдалана отырып салық төлемдерiн өндiрiп
алу процесi.
1.2 Қазақстан Республикасының ұлттық салық жүйесiнiң
қалыптасу кезеңдерi мен даму кезеңдері.
Сексенiншi жылдары аралас экономиканың бiрiншi элементтерiнiң пайда
болуына байланысты, өндiрiстiң бардық сфераларында жалпы экономикада түрлi
өзгерiстер болған едi, сонымен қатар салық жүйесi айтарлықтай өзгерiстерге
үшырады. Нарықтық экономика қалыптасуы салық жүйесiнiң трансформациясы үш
бағыт бойынша жүзеге асқан болатын тура және қосымша салықтар арқылы және
қосымша жинаулар арқылы әртүрлi қорларға төлемдер жасалды.
Болатын қайта бағалаулар экономикалық қатнастар әкiмшiлiк тұрғадан
қайта бөлуiне алып келдi. Бұл жағдайда салық менеджментiнiң рөлi
айтарлықтай өсуде, экономикалық тұрақтылық өндiрiстiк және комерциялық
қызметтердiн субъектiлерiне байланысты болса, сол сияқты мемлекетте де
амандық та, тыныштық та болады. Базалық принцiптердiң болмауы елде салықтар
мен алымдардың көп болуына алып келедi, заңнамалық актiлер арқылы
экономикаға кiрiсiмен олар салық жүйесiне ұайшы келетiн болған едi.
1991 жылы 1 қаңтарда енгiзiлген Кәсiпорындар мен бiрлескен
ұйымдардың салығы туралы СССР заңды негiз ете отырып ТМД мемлекеттерi
сияқты Қазақстан Республикасының өзiнiң салық жүйесi салық жүйесi пайда
болды.
Шаруашылық байланыстардың үзiлуi Қазақстанда барлық өндiрiс
мекемелерiнiң шаруашылығын төмендеуiне алып келдi, шикiзат өндiрiсiне
бағытталған өндiрiс-шаруашылық қызметтерi зиян шектi, кұйреуге ұшырап
өндiрiстiң тоқтауы инфляцияға алып келдi. Осы приоритеттердiң қызметтен
алыну себептерiмен республикада мақсатты әлеуметтiк-экономикалық дамуы
мемлекеттiң өз жеке, дербес салық жүйесiн қалыптастырды. Қазақстан
Республикасының алдында әртүрлi меншiк формалары пайда болды, мүлiктiк
құқықтарды бөлу және экономиканы тұрақты дамумен қамтамас ету болды. Осы
және өзге де мәселелердi шешу Қазақстан Республикасының салық жүйесi шешудi
қолға алды. Осы мәселелердi шешу үшiн көптеген мәселелер пайда болды айта
келетiн болсақ. Олар мыналыр: дербес ұлттық салық жүйесiн қандай да бiр
өзiндiк жеке тәжiрибесi болмаған едi. Нарық жағдайына сай келетiн және
лайықты мамандар мен кадорлардың болмауында едi.
Осындай мәселелердiң шешiмi салық менеджмент стратегиясымен
байланысты, мемлекеттiң салық жүйесiнiң мақсаты мен мемлекет экономикасына
қандай дәрижеде араласуын көрсетедi. Осы мәселелердiң басты мақсаты
бюджетке түсетiң түсiмдердi жоғарлату, оны стратегиялық мақсаттармен
қаражаттарды пайдалы бөлу болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшiн мына
шараларды қолдану қажет:
• Құралдардың қайнар көзiн анықтау;
• Салық салу базасын ұлғайту;
• Бюджеттiк салымдарды дұрыс пайдалану туралы түрлi бағдарламаларды
қолдану
Осы аталған бағыттардың бiрiншiсiнде бюджетке түсетiн түсiмдердiң
құралдарының қайнар көзiн анықтау және кайдан, кай мөлшерден бөлу
кертектiгi мен олардың құрлымын анықтау керек. Екiншi және үшiншi
бағыттарда бiр бiрiмен тығыз байланыста. Олар өндiрiс қатынастарының
дамуымен сипатталады. Мақсаттардың масштабтылық ұлттық салық жүйесiнiң
кезеңдi эволюциялық даму қажеттiгiн сипаттайды. Салық жүйесiнiң қалыптасуы
мен дамуы экономикалық саясаттың өзгеруiне байланысты болып келедi, яғни
бiр модельден екiншi бiр модельге өтуiнде жатыр. Бiздiң пiкiрiмiзше
Қазақстан Республикасының ұлттық салық жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуын
келесiдей кезеңдерге бөлуге болады.
Бiрiншi кезең 1991-1994 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең әртүрлi
құралдарды қолдану жолымен ұлттық салық жүйесiнiң құрылумен сипатталады,
сонымен қатар, салық түрлерi сияқты және олардың мемлекет қаражат қорына
арналған әлеуметтiк және инфляцияны тоқтатуға арналған. Негiзгi заң
мақаласында Салық туралы 25 желтоқсан 1991 жылы шыққан заң, салықты
тәртiпке салуға бағытталған болатын, инфляция деңгейiн төмендетедi, сол
инфляция деңгейi бұрын 2000 пайыздан асқан болатын, соны төмендетiп және
макроэкономикалық көрсеткiштердi тұрақтандырады.
Екiншi кезең 1995-1998 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде ұлттық салық
жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуы және макроэкономикалық тұрақтыдыққажету.
Экономикалық субъектiлерге белсендi қаражаттық-шаруашылық қызметiне
арналған қолайлы шарттар жасаумен сипатталады, салық салу базасын
тұрақтандыру және әлеуметтiк мүмкiндiктердiң ұлғаю мәселесi шешiлген.
Өндiрiстi сакроэкономикалық тұрақтандыруға ынталандыру болып келедi.
Үшiншi кезең 1999-2001 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең
экономикалық өсумен сипатталады, макроэкономикалық көрсеткiштердiң өсуiмен
сипатталады. Оларға мыналар жатады: жалпы ұлттық өнiм, жалпы iшкi өнiм және
жалпы ұлттық табыс сияқты көрсеткiштермен сипатталады. Осы кезеңде салық
салу базасы ұлғая бастады, ал мұндай шаралар бюджетке салық ретiне
түсiмдердiң көбеюiне алып келдi. Алмастырылған салықтық қатнастар жаңа
принциптерiне өтуiне байланысты оның жүзеге асу қажеттiлiгiн анықтайды.
Төртiншi кезең 2002 жылмен байланыстырса болады. Бұл кезеңде
Қазақстан Республикасының жаңа салық Салық кодексiн кiргiзуiмен
байланыстырамыз.
• Анық және қайшысыз экономикалық анықтама және әлеуметтiк-
экономикалық мәселелер және олардың шешiмiне арналған салық
құралдары;
• Қаражаттардың кейбiр көзiн және оның бөлу және қолдану;
• Әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру нәтижелiк
бағытын анықтау;
• Салық қызметтерiнiң қолында бар құралдарды тиiмдi қолдану;
• Заң шығаратың және атқаратың өкiмет өкiлдерiнiң жоғары
кәсiпкерлiгi.
Салық кодексiнде объективтi және субъективтi факторлар да
ескерiлген, салық салу жүйелерi жұмыс жасауына әсер етушi, ұзақ мерзiмдегi
мақсаттардың iске асырылуын қамтатамас етедi. Салық жүйесi тұрақты
экономикалық өсу шегiне жағдай жасайды, қаражатты пайдалы бөлуге және
пайдалануды жоғары деңгейде қамтамас етедi
ІІ Қазақстан Республикасының салық түрлері.
2.1. Жанама салықтар.
Жанама салықтар-жоғарыда атап өткенiмiздей, бағаға немесе тарифке
үстеме түрiнде белгiленген салықтар, олар салық төлеушiнiң табыстарына
немесе мүлкiне тiкелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттiң
фискалды мүдделерiн бiлдiредi. Оларды саналы пайдалану баға белгiлеу
процесiне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуi мүмкiн.
Бұдан басқа, салық төлеушiлер үшiн табыстарға тура салық салудың өсуiнен
гөрi олардың шығыстарына салық салудың өсуi жақсырақ. Сонымен бiрге
тұтынуға салынатын салықтар болып табылатын акциздердi, сатудан алынатын
салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланатын көбiрек артықшылығы
болады, өйткенi;олардан жалтарыну қиынырақ; олармен экономикалық бұзушылық
аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады;
тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын
қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың
жасырымдылығын қамтамасыз етедi және т.с.с.
Алайда тұтынуға салынатын салық өсуiнiң кемшiлiктерi бар, бұл
кемшiлiктерге олардың инфляциялық және регрессифтiк сипатын жатқызуға
болады. Бiрақ бұл салықтың оң нәтижесi олардың терiс әсерiн жауып
кетедi.Егер баға өсетiн болса, онда бұл салықтардан түсетiн түсiмдер
бағаның өсуiмен көбейтетiн болады. Бұл әлеуметтiк бағдарламаларды iске
асыруға қаражаттар алуға мүмкiндiк бередi. Бюджет жүйесiне инфляцияға қарсы
автоматты механизм кiрiктiретiн болады.
Салық салу жүйесiнде ортақ заңдылықтың болатынын есте ұстау қажет;
экономиканың дағдарысы жағдайында, тұралаушылықта - өндiрiстегi, саудадағы
және экономиканыңбасқа секторларындағы тоқырауда – салық салуды тұтынысқа
объективтi қайта бағдарлау болады.Осы кезде мемлекеттiң шығыстары мұндай
жағдайда қысқармайды, тiптi кейде халықтың жұмыспен қамтылуының
төмендеуiнiң нәтижесiнде оны әлеуметтiк қолдануды кеңейту, экономиканың
құрылуын қайта құруға, оның тiршiлiктi қамтамассыз ететiн салаларын
қолдауға жұмсалатын шығыстарды және басқа кезек күттiрмейтiн шығыстарды
арттыру қажеттiгiнен көбейедi. Сондықтан салық ауырпалығын көп
тұтынатындарға ауыстырудың қажеттiгi пайда болады.Бөлгiштiк процестегi
белгiлi бiр теңестiруге жанама салықтардың өзiндiк әлеуметтiк бағыттылығын
осында көрiнедi. Дүние жүзiлiк тәжiрибе мұндай практиканы қолдап отырады.
Жанама салықтардың iшiндегi ең маңыздысы 1992 жылы енгiзiлген
қосылған құнға салынатын салық-ҚҚС блып табылады. Салық төлеуші мемлекетке
оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен
толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Салық салу
обьектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім(амортизациясы бар таза
өнім) болып саналатын қосылған құн болып табылады; қосылған өнімге кешенді
шығыстар ,мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар
қамтылуы мүмкін. Демек, бұл салықтың ерекшелігі-оның салық салынатын
обьектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім-ақша емес, тек салық
салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып
табылатындығында. ҚҚС дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде
Еуропа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады. Бұл
салықтыңартықшылығы мынада; біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша
салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады; екіншіден, төлеушілер ұшін де
есептеудің салыстырмалы қарапайымдалығымен ерекшеленеді және
үшіншіден,бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция
деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді
және тұрақты базасын қамтамасыз етеді. ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан
Республикасының бюджет кірістерінің аса манызды көздерінің бір болып
саналады.2001 жылы мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасында бұл
төлемнің үлес салмағы 21,8% құрады. Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер турлы Қазақстан Республикесының кодексі (Салық кодексі)
бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды (жұмыстарды,
қызметтер көрсетуді)өндіру және олардың айналасы процесінде қосылған,
оларды өткізу бойынша салық салынатынайналым құнының бір бөлігін бюджетке
аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты
кезіндегі аударымды айтады. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке
төленуге тиісті ҚҚС сатылған тауарлар үшін есептелген ҚҚС сомасы мен
алынған тауарлар үшін төленуге тиіс ҚҚс сомасы арасындағы айырма ретінде
анықталады. Соңғыда салық бойынша есепке алу механизімі көрініс табады.
Заңнамаға сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт ҚҚС-ты
төлеушілерді тауарды өткізу бойынша жасалған айналымы салық салынатын
айналым болып саналады, оған қосылған құн салығын қоспай, мәміле жасалған
тараптар қолданатын бағалар мен тарифтер негізге ала отырып, өткізілген
тауарлар құны негізінде анықталады. Өткізілген тауарлардың кандай да бір
өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде
түзетіледі . Қазақстан Республиасының кеден заңнамасына сәйкес
мағұлдаиалануға тиіс , Қазақстан аумағында әкелінетін немесе әкетілетін
тауарлар ҚҚС босатылғандарын қоспағанда салық салынатын импорт болып
табылады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес
белгіленетін импортталатын тауардың кедендік құны , сондай-ақ ҚҚС-ты
қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және
бюджетке төленетінбасқа да міндетті төлемдер сомалары қосылады.ҚҚС-тын
салық мөлшерлемесі 16 пайызға тен және салық салынатын айналым мөлшеріне
қолданылады
2.2. Жеке табыс салығы.
Бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі барлық салық төлемдерінің 9
пайызын алады. Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын
төлеушілер болып есептеледі. Салық салу объектісі төлем көзінен салық
салынатың табыстар және төлем көзінен салынбайтын табыстар болып табылады.
Салық мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша табыстын мөлшеріне қарай 5
пайыздан 30 пайызға дейін белгіленеді.
Дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15 пайыз
мөлшерлеме, адвокаттардың және натартиустардың табыстарына 10 пайыз
мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Төлем көзінен салық салынатын табыстарға мыналар жатады:
қызметкердің табысы, біржолғы төлемдерден алынған табыс, жинақтаушы
зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері , дивидедтер, сыйақылар,
ұтыстар түріндегі табыс, стипендиялар, жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша
табыс.
Салық агенттері жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем
көзінен салық салынатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz