Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы



Өзінің даму процесінде ХВЖ төрт кезеңнен өтеді, олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.
Бірінші, алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе ХІХ ғасырда стихиялы түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы конференцияның шешімі бойынша, алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып есептеледі.
Алтын стандарт жүйесі төменгі принциптерге сүйенеді:
1. Бұл жүйенің негізі-алтын монеталық стандарт. Әрбір валютаның алтындық құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық паритеттері белгіленеді.
2. Әрбір валютаның алтынға айырбасталуы. Алтын танымал әлемдік ақша ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның шекарасынан тыс жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады.
3. Алтын құймалар монеталарға еркін түрде айырбасталады, сонымен бірге, алтын еркін импортталады, экспортталады және алтын халықаралық нарықта сатылады.
4. Алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында қатаң арақатынас орнатылады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы
Өзінің даму процесінде ХВЖ төрт кезеңнен өтеді, олардың әрқайсысының
өзіне тән ерекшеліктері бар.
Бірінші, алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе ХІХ ғасырда стихиялы түрде
1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы конференцияның шешімі
бойынша, алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып есептеледі.
Алтын стандарт жүйесі төменгі принциптерге сүйенеді:
1. Бұл жүйенің негізі-алтын монеталық стандарт. Әрбір валютаның
алтындық құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық
паритеттері белгіленеді.
2. Әрбір валютаның алтынға айырбасталуы. Алтын танымал әлемдік
ақша ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның
шекарасынан тыс жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады.
3. Алтын құймалар монеталарға еркін түрде айырбасталады, сонымен
бірге, алтын еркін импортталады, экспортталады және алтын
халықаралық нарықта сатылады.
4. Алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында қатаң
арақатынас орнатылады.
Алтын монеталық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін
салыстырмалы түрде болды. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт ескіре
бастады, яғни ол өсіп бара жатқан шаруашылық байланыстардың масштабына
сәйкес болмай қалды.
Соғыс басталғаннан кейін жауласушы елдердің орталық банктері
банкноталарды алтынға айырбастауды тоқтатты және соғыс шығындарын жабу үшін
олардың эмиссиясын ұлғайтты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан валюталық хаос
кезеңінен кейін алтын девиздік стандарт белгіленді. Ол алтынға еркін
айырбасталатын жетекші валюталарға негізделді.
Екінші, валюталық жүйе заңды түрде 1922 жылы Генуядағы халықаралық
экономикалық конференцияда белгіленді.
Алтын – девиздік стандарттың принципі бойынша, банкноттар алтынға емес,
вексель және чек, яғни девиздерге айырбасталады. Девиздік валюта ретінде
доллар мен фунт стерлинг қабылданды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының өзінде жаңа дүниежүзілік валюталық
жүйені құру жұмыстары басталған еді, өйткені Генуядағы валюталық жүйенің
дағдарысы тереңдей түсті.
Үшінші, халықаралық жүйе заңды түрде 1944 жылы Бреттон-Вудстағы (АҚШ)
халықаралық конференцияда бекітілді.
Бреттон-Вудс валюталық жүйесі төмендегі принциптерден тұрады:
1. Алтын бұрынғыдай елдер арасындағы соңғы ақшалай есеп
айырысулардың функциясын орындайды.
2. Американдық доллар біртұтас резервтік валюта болды, ол алтынмен
қатар әр түрлі елдердің валюталарының құндылығын анықтайтын
өлшем ретінде әрекет етті, сонымен бірге, халықаралық төлем
құралы болып саналады.
3. Басқа елдердің Орталық банктері мен үкімет мекемелері долларды
АҚШ-тың казначействосында (қазына мекемесі) айырбастаған. Ол
кездегі курс бойынша, 35 АҚШ доллары 1 тройск унцияға (31,1035
гр) тең болды. Сонымен бірге, үкімет органдары және жеке
адамдар алтынды жеке меншік нарықтардан сатып алу мүмкіндігіне
ие болды.
4. Валюталардың өзара айырбасы және олардың бір-біріне
теңестірілуі алтынмен және доллармен өрнектелген ресми
валюталық паритеттер (тепе-теңдік) негізінде жүргізілді.
5. Елдер кез-келген басқа валюталарға қатысты өз валюталарының
өзгеріссіз курсын сақтауға тиіс болды. Нарықтық валюталық курс
паритеттен тар көлемде ауытқушы еді (ХВҚ-тың жарғысы бойынша
+1% және Еуропалық валюталық келісім бойынша +0,75%)
Халықаралық валюталық операцияларда алтынның қолданылу масштабы
күрт төмендеп кетті, ең басты орында доллар болды.
6. Мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастар Халықаралық,
валюталық қор арқылы реттелуші еді. Бұл қор Бреттон-Вудс
конференциясында құрылды.
ХВҚ-тың негізгі функциясы – осы қорға мүше елдердің валюталық
паритеттерді, курстар мен валюталардың еркін айырбасталуын дұрыс жүргізуін
бақылау.
Бреттон-Вудс конференциясына қатысты айтар болсақ, халықаралық
валюталық жүйе ең алғаш рет үкіметаралық келісімдерге негізделе бастады.
Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасыр ішінде әлемдік сауда мен өндірістің
өсуіне ықпал етті.
Бірақ та бұл жүйе оған қатысушы елдердің барлығына тең құқықты бере
алмады және АҚШ-тың Батыс Еуропа, Жапония және ХВҚ-қа мүше басқа елдердің
валюталық саясатына ықпал етуіне мүмкіндік берді.
Басқа елдерге зиян келтіре отырып, АҚШ-тың позициясы күшейе бастады
және соған сәйкес Бреттон-Вудс жүйесінің қарама-қайшылықтары күн санап
шиеленісе түсті.
Американдық центризм принципі АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония сияқты үш
әлемдік орталықтардың пайда болуына қарай жаңа күштердің орналастырылуына
сәйкес болмай қалды.
Валюталық қатынастарды доллар өзінің монополиялық жағдайын жоғалта
бастады. ГФР маркасын, швейцар франкі, Батыс Еуропаның басқа валюталары
және жапон иенасы американың долларына бәсекелестік жасады. АҚШ-тың төлем
балансының тапшы болуы шектеулі мөлшерден асып кетті.
Долларды алтынға айырбастау АҚШ үшін өте қиынға соқты, өйткені өз
резервтері есебінен алтынға төмен баға белгілеуге мәжбүр болды.
70-ші жылдардан бастап АҚШ ресми баға бойынша долларды алтынға
айырбастаудан бас тартты.
Бреттон-Вудс жүйесі іс жүзінде күйреді.
Төртінші, халықаралық валюталық жүйе 1976 жылы ХВҚ –тың Кингстонда
(Ямайка) өткен кезекті мәжілісінде қабылданды. Төртінші ХВЖ-ның принциптері
төмендегідей:
1. Валюталық курстардың құнымен есептелу нұктесін айқындайтын құрал
ретіндегі алтынның функциясы жойылды, яғни алтынның ресми
бағасы, алтын паритеттер жойылып, доллардың алтынға айырбасталуы
тоқталды.
2. Елдер арасындағы валюталық өзара қатынастар әлемдегі елдердің
ұлттық ақша бірліктерінің өзгермелі курсына негізделді. Кез-
келген елге валюталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ-ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАЙЫНДА
ӘЛЕМДІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Халықаралық валюталық – қаржылық жүйе
Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесі және валюта курсы
Халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар
Халықаралық валюта жүйесі туралы ақпарат
Валюта нарығы. Валюта курсы және динамикасы
Халықаралық валюталық операциялар
Валюта нарығының дамуы және оның тарихи аспектілері
Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы туралы
Пәндер