Туризмдегі кәсіпкерлік іс-әрекеттің түрлері


Туризмдегі кәсіпкерлік іс-әрекеттің түрлері.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің жағдайлары мен кезеңдері.
Жалпы қабылданған классификация бойынша кәсіпкерлікті төрт түрге - өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңес берушілік (консультативтік) түрлеріне бөлуге болады. Олардың әрбір түрінің өзіндік ерекшеліктері болады, олай болса өзінің технологиясы да болады. Былайынша, өзалдына кәсіпкерліктің түрі болғанымен, олар бір-біріне ұқсас келеді және бір-бірін толықтырады, яғни іс-әрекеттің бір түрі басқасында да болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке өнімдер шығаратын іс-әрекеттер жатады, олар өткізілуі керек.
Коммерциялық кәсіпкерліктің мәнін құрайтыны тауар-ақша қатынасы, сауда-айырбастау операциялары, яғни айтқанда заттар мен қызмет түрлерін алып-сату. Өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы бұнда өнім шығару үшін өндірістік ресурстармен қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Коммерциялық кәсіпкерліктің технологиясының бірінші кезеңі - таңдау - нені сатып алу керек, қайсысын қайта сату және қайда сату керек. Екінші кезеңін құрайтыны маркетинг, ол тауарлар мен қызмет көрсету нарығына талдау жасауға бағытталған. Осылайша жобалау бағалаудың негізіне қарай кәсіпкер өзінің іс-әрекетіне жоспар жасайды (бизнес-жоспар) .
Қаражатпен айналысатын кәсіпкерлік қоммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, оның объектісі болатыны сатып алу мен сату - ақша, валюта, құнды қағаздар (акция, облигация, вексель, ваучер ж. т. б. ) .
Кәсіпкерліктің кеңес беру түрі - кеңестер берумен байланысты - жалпы басқару, қаражатты басқару, маркетинг туралы кеңес беру.
Көрсетілетін туристік қызметтің ерекшеліктеріне қарай туристік ұйымдардағы кәсіпкерлікті анық бір түріне байланысатының условно (шартты түрде) жатқызуға болады. Мысалы, туроператорлардың жұмыстары көбінесе туристік өнімдерді шығаруға дайындық жасайды және оны шығару мен тұтынушыға жеткізу ретінде жүргізіледі. Сондықтан да олардың іс-әрекеттерін шартты түрде өндірістік кәсіпкерлікке жатқызуға болады. Турагенттер ортадағы дәнекерлер - турды сатушылар. Олар басқа да қызметтің кейбіп түрлерін атқарады, мысалы, сақтандыру (страхование), консульдық қызметтер ж. т. б. Бұл кәсіпкерлік іс-әрекеттін аралас түрі. Контрагенттер - туристік қызметті атқарушылар (қонақ үйі, мейрамханалар, тасымалдаушылар, экскурсиялық бюро ж. т. б. ), олар турөнімдерді пайдаланатындарға қызмет көрсетеді, яғни қызметтерді көрсетуге белсенді түрде қатысады, сондықтан да оны өндірістік кәсіпкерлікке жатқызуға болады.
Фирма бірден кәсіпкерлік іс-әрекеттердің бірнеше түрлерін атқарады.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің кеңес беру түрі туризм сферасында кең қолданылады. Неғұрлым туристік қызметтің сапасы жоғары, солғұрлым туристік қызметтер түрін құрастыруға маман-кеңесшілер керек болады.
Кәсіпкерліктің екі моделі белгілі: классикалық және инновациялық кәсіпкерлік.
Классикалық кәсіпкерлік - бұл дәстүрлі кәсіпкерлік, шаруашылық кезіндегі дәстүр бойынша барлық ресурстарды беретін.
Инновациялық кәсіпкерлік - кәсіпкерлік іс-әрекеттерге жаңалықтар еңгізумен байланысты.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің жағдайлары мен кезеңдері
Кәсіпкерлік іс-әрекетте мынадай кезеңедрді бөледі:
- Кәсіпкерлік идеяларды толықтырып жинастыру және онан керегін таңдап алу.
- Жоспарлау.
- Ресурсқа қажеттілікті және оны жеткізушілерді анықтау.
- Жобаны орындау, яғни көрсетілетін қызметтерді техникалық, қаражат және ұйымдастыру жағынан дайындық жасау.
- Фирманы басқару - бақылау, іс-әрекеттерге (действиям) талдау жасап реттеу, тәжірибе жинау, жаңа идеяларды қарастыру.
Кәсіпкердің табысты жұмыс істеуі оның істейтін ортасына байланысты. Сондықтан да оған тоқталған жөн.
Кәсіпкерлік орта - бұл кәсіпкерлік іс-әрекетті жүргізетін және оның нәтижесіне әсерін тигізетін қоғамдық жағдайлар. Жағдайларды мынадай топтарға бөледі:
Экономикалық жағдайлар - бұл туристік заттарды (қызметтерді) ұсыну, заттарды (қызметтерді) сатып алушылардың табысы, туристік нарық инфрақұрылымының дамығандығы, бәсекелестер жағдайы.
Әлеуметтік жағдайлар - бұл қоғамның кәсіпкерлікті дамытудың жолдары туралы ойлары, кәсіпкерлікке мемлекеттік көзқарасы (басқару аппараты), ұлттық дәстүрлер мен әдеттер, мамандардың білім деңгейі, олармен кәсіпкер қатынасып жұмыс істейді.
Құқықтық жағдайлар - кәсіпкерлік іс-әрекеттерді реттейтін заңдар мен актілер. Ф. Котляр бойынша кәсіпкерлік іс-әрекетті мемлекет жағынан реттеудің керектігінің себебтері:
-фирмаларды бір-бірінен қорғау, өткені кәсіпкер конкуренцияны жоюға ұмтылады;
-тұтынушыларды жалған (өтірік) іс-әрекеттерден қорғау (жалған (өтірік) жарнамалар және т. б. ) ;
"Кәсіпкер" және "менеджер" деген сөздердің мағынасы бірдей емес. Менеджер - бұл мекемені тиімді әдістермен басқаратын мамандық. Кәсіпкер - өз іс-әрекеттеріне өзінің жаңалықтар енгізуші.
Кәсіпкерлік идеяларды таңдап алу және оны жүзеге асыру.
Туристік ұйымдардың инновациялары.
Жаңа техника мен технологияларды пайдалану
Кәсіпкерлік идея - бұл кәсіпкердің өзі тапқан экономикалық белсенділіктің жаңа түрі, онда кейбір қызметтерге (тауарларға) нарықтың потенциальді немесе іске асатын (реальді) қажеттіліктері кәсіпкердің осы қызметтерді (тауарларды) шығару мүмкіншілігімен және инновациялардан түсетін қосымша табыстың сәйкес келуі.
Кәсіпкердің қызметі идея банкіні құруға мүмкіндік береді. Олар қызметтерді өндірудің негізгі немесе қосымша профилің құрайды. Жиналған иредялардың күнделікті немесе болашақтық сипаттамасы болады. Әрбір идея бойынша кәсіпкер шешім қабылдайды - жүзеге асыруға немесе әзірге оған кіріспеуге. Әрбір кәсіпкер өзінің жеке технологиясы бойынша шешім қабылдайды, бірақ оның кезеңдері мен орындалу реттері былай жүреді:
1) идеяның практикалық жағынан тиімділігі туралы кәсіпкер өзі бірінші сараптау бағасын береді;
2) идеяны практикалық жағынан бағалау үшін нарықтың жағдайы туралы ақпараттар жинайды;
3) кәсіпкер мынадай есептерді жүргізеді: шығарылатын қызметтерге (тауарларға) туристік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстардың объектісін анықтау; қызметтердің мүмкіндік бағасын анықтау; өндірістің шығындарын анықтау; қызметтерді сатудан түсетін табысты анықтау;
4) екінші сараптау бағасын мамандармен жүргізеді, оның мақсаты идеяны жүзеге асыру кәсіпкердің мүмкіндіктерімен сәйкес келуін анықтау;
5) идеямен жұмыс істей беруге немесе оны тастап басқа кәсіпкерлік идеяға көшу туралы шешім қабылдау.
Қабылданған идеяны жүзеге асырудын да бірнеше кезеңдері бар:
1) бизнес-жоспарлау, оның мәні қабылданған жобаны жүзеге асыру үшін нақты есептер жасау. Сонымен қатар бизнес-жоспарда кәсіпкерліктің ұйымдастырылу түрі және идеяны жүзеге асырудың алғашқы кезеңдерін қаражатпен қамтамасыз етудің көздері көрсетіледі.
2) қарыз (заемдық) ақшаны және істестерді тарту.
3) өз фирмасын (мекемесін) мемлекеттік тіркеуден өткізу, егер ол бірінші рет құрылып отырса. Ол үшін мынадай құжаттар керек:
-қатысушылардың құрамын анықтау және керекті құжаттарды дайындау;
-фирманы құру және оның қызметі туралы қатысушылармен келісім-шарт жасау;
-фирманың уставын бекіту және директор мен басқа да жетекшілердің тағайындағандығы туралы қатысушылардың 1 хаттамасын толтыру;
-банкте есеп-шот ашу;
-фирманы тұрған мекен-жайы бойынша тіркеу палатысында тіркеу және мемлекеттік реестірге кіргізу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz