Активтерді басқарудың шетелдік тәжірибесі


Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Қаржы нарығы және банктік бизнес кафедрасы
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Активтерді басқарудың шетелдік тәжірибесі
Оқытушы: Аширкулов Д. А.
Студент: Сатыбалдиева С. Ш.
Мамандығы: Қаржы
Тобы: 305
Алматы 2007
Актив дегеніміз - есепке алу категориясы, оған нарық субъектісі мүлкінің құны, қарыздарды төлеуге арналған қаржы мен басы артық заттар қоры кіреді. Активтер материалдық негізі бар нақты заттар (жабдықтар, құрылыстар, қарыз міндеттемелері және тағы басқалары) болуы мүмкін. Активтер жыл ішінде (есепті кезеңде) ақшаға айналуына байланысты ағымдағы және тұрақты активтер болып та бөлінеді. Шаруашылық тәжірибесінде активтер және қарыздар балансы жасалынады. Қарыз есепті кезеңінің ішінде өтелетін - өтелмейтініне немесе сол кезеңнің шегінен шығуына байланысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Фирманың өз меншігіндегі мүлкінің құны қарыз шегеріліп тастаған активке тең.
Коммерциялық банктер шаруашылық тұлға ретінде шаруашылық есеп қағидаларын көздей отырып, пайда табу мақсатында қарамағына жинақталған ақша қаражат ресурстарын банк қызметінің ерекшеліктеріне қарай түрлі активтер бойынша орналастырады. Осы орналастырылған ақша қаражаттарының жиынтығы банк активтері деп аталынады.
Коммерциялық банктердің балансы бойынша банк активтерінің құрылымы бойынша баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Сонымен бірге активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендіруіне тәуекелді активтерінің көлеміне толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырауы белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктердің активтерін 4 категорияларға бөлуге болады:
- Кассалық және оған теңестірілген ақша қаражаттары;
- Бағалы қағаздарға жұмсалатын инвестициялар;
- Зайымдар;
- Ғимараттар мен құрал-жабдықтар.
Осы аталған активтердің сапасы олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне толық бағалы емес активтердің үлес салмағына активтердің көлеміне табыс әкелуіне қарай анықталады.
Коммерциялық банк өзінің күнделікті міндеттемелерін орындау үшін активтердің құрылымын өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сол себептен банк өзінің активтерін өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай сипаттайды. Яғни өтімділігіне қарай банк активтері мыналарға бөлінеді:
- Жоғары өтімді активтер(кассадағы қолма-қол ақша, орталық банктегі қаражаттар, мемелекеттің қарыз міндеттемелері - мемлекеттік қазыналық облигациялар, ішкі валюталық зайымдарға салынған қаражаттар) ;
- Өтімді активтер( 1 ай ішінде берілетін несиелер) ;
- Ұзақ мерзімді өтімді активтер(олардың құрамына ғимараттар, ұзақ мерзімді облигацияларға салынған қаражаттар, ұзақ мерзімді несиелер және уақытында қайтарылмаған несиелер) .
Бірақ әр банк активтерінің рационалды құрылымын енгізгенде және қадағалағанда бірнеше мәселелерді, сонымен қатар, активтердің құрылымы көбінесе құрылған дәстүрлі ерекшеліктерімен анықталады. Сол ерекшеліктерін бірнеше банктердің активтерінің құрылымын мысалға ала отырып көруге болады. (1 кесте)
1 кестеде көрінгендей, кассаның ең көп бөлігі және басқа шоттағы қаражаттар Испанияның (12, 94%), Италияның (7, 86%), және Ресейдің (6%) орталық банктерінде. Ал ең төменгі - Жапония, АҚШ, Бельгия банктерінде болып табылады.
Бағалы қағаздарды инвестициялаудың Франция (16, 17%), Германия (15, 5%), Италия (23, 82%), Ұлыбритания (7, 73%), Испания (23, 87%), АҚШ (2, 15%), Бельгия (6, 4%), Жапония (10, 15%), Ресей (9%) банктері құрады. Соған сәйкес, бағалы қағаздарды инвестициялаудың ең көп бөлігін Италия, Испания банктері алса, ал ең төменгі бөлігін Бельгия, Ұлыбритания және Ресей банктері алады.
Несиелік операциялардың аз көлемін - АҚШ (19, 90%), Испания (25, 28%), Ұлыбритания (28, 14%) банктері алып жатыр.
Активті банкаралық операцияларын жүзеге асырған ең алдағы банктер - Франция (35, 12%), Италия (30, 63%), Германия (28, 82%), Бельгия (25, 63%), және Жапония (25%) . Мұндай операциялардың ең аз көлемін Испания (10, 71%), АҚШ (12, 37%), Ресей (14%) банктері жүзеге асырды.
Банктік қызметтің негізгі түрлері бойынша активтер құрылымын қолдансақ, мынадай қорытындыға келуге болады:
1. Банктің активті операцияларының негізгі орнын несиелер алып жатыр (19, 9-83, 25%) ;
- Екінші орынды банктердің активті операцияларында бағалы қағаздарды инвестициялау алады (2, 15-23, 87% дейін) ;
- Үшінші орында - кассалық активтер. Олардың бөлігі 0, 2%-ден 12, 94% аралығында болады;
- Басқа активтердің бөлігі есептік ерекшеліктерімен шартталған және негізгі қорға салудан (ғимараттар мен құрал-жабдықтар) әр түрлі есептік банктік операцияларына дейін кең спектрлі операцияларды қосады (2-78%дейін) .
Активті-брутто құрылымы:
I. Пайда алып келмейтін активтер:
Ақша қаражаттары, өзге банктердегі корреспонденттік шоттар, негізгі
қаражаттар, материалдық емес активтер, дебиторлар, есептеудегі
қаражаттар, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар қаражаттарын
пайдалануы, капитал шығындары, ағымдық шығындар, болашақ кезеңнің
шығындары, валюталық қаражаттарды және бағалы қағаздарды қайта
бағалау.
II. Пайда алып келетін активтер:
Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді ссудалардың клиенттерге,
тұрғындарға, банктерге берілуі, ссудалық және пайыздық мерзімі асқан
қарыздар, факторинг, лизинг, қатысулар, бағалы қағаздар, берілген
кепілдіктер.
III. Барлық активті-брутто:
Баланс-нетто құрылымында реттелген активтер жинақтық және транциттік
шоттардың үлкендігіне қысқарды.
Активті-нетто құрылымы:
I. Пайда алып келмейтін активтер:
Ақша қаражаттары, басқа банктегі корреспонденттік шоттар, негізгі
қаражаттардың және материалдық емес активтердің қалдық сомасы,
кредиторларды көбейту көлеміндегі дебиторлар.
II. Пайда алып келетін активтер:
Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді ссудаларды резервтерден шегеру мақсатында ссудаларын жоғалтуларын жабу, клиенттерге, банктерге және заңды тұлғаларға берілуі.
III. Барлық активті-нетто:
Активті-неттоның активті-бруттоларға қатынасы активтің рационды құрылымы ең алдымен активтердің сапасына тәуелділігінің көрінісін білдіреді.
Кесте 2
Коммерциялық банктердің активтері (қорытынды %)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz