Жұмабай Шаяхметовтің өмірі мен қызметі



Қазақстан тәуелсіздігі жарияланғаннан бергі он жылдан астам уақыт ішінде еліміздің өткен тарихының ақтаңдақ беттерін қалпына келтіру, ұмыт қалған тарихи тұлғалардың есімін халқына қайтарып, лайықты баға беру бағытында едәуір жұмыстар атқарылды. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қоғам тұтастығын, халық бірлігін нығайтуға бағытталған саясатына, бүгінгі үұпақтың тарихи санасын қалыптастыруға септігін тигізер шара. Осындай тарихи тұлғалардың бірі, есімі кеңес дәуірінде айтылмай, айтыла қалса тек сыни тұрғыда ғана аталып келген Ж. Шаяхметов болатын.
Жұмабай Шаяхметов Қазақстан тарихында өз орыны бар, республика экономикасы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет қайраткері. Оның ұзақ жылдар Қазақстанның ең жоғарғы басқару жүйесінде қызмет етіп, сегіз жыл республиканың бірінші басшысы қызметін атқарғаны мәлім. Жұмекеңнің өмір жолы мен басшылық қызмет атқарған жылдары И. Сталиннің Кеңес Одағы мемлекетін басқарған кезеңімен тұстас келді. Сондықтан да оның тоталитарлық жүйе кезеңінде өсіп қалыптасқан, сол жүйе аясында қызмет еткен аса көрнекті басшы қайраткер екені даусыз.
Кеңес Одағы мемлекетінде әртүрлі бетбұрыс кезеңдердегі өзгерістерге байланысты бұрынғы басшы мемлекет қайраткерлеріне деген көзқарастың да әртүрлі болғандығына, үнемі құбылып отырғандығына назар аударған жөн. Сондықтан 1950-1960 жж. әуелі И. Сталин кезіндегі одақтық және республикалық деңгейдегі басшыларға, сонан кейін Н.Хрущев кезіндегі басшы қызметкерлерге деген ресми партия және мемлекет органдарының көзқарасы осыған дәлел Себебі И. Сталин дүниеден өткен 1953 жылғы наурыздан кейінгі мезгілде СОКП пен КСРО-ның ең жоғарғы басқару аппаратындағы таластар тыс алдымен Лаврентий Берияны билік жүйесінен тайдырып, мүлдем жойып жіберуге алып келген

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жұмабай Шаяхметовтің өмірі мен қызметі

Қазақстан тәуелсіздігі жарияланғаннан бергі он жылдан астам уақыт
ішінде еліміздің өткен тарихының ақтаңдақ беттерін қалпына келтіру, ұмыт
қалған тарихи тұлғалардың есімін халқына қайтарып, лайықты баға беру
бағытында едәуір жұмыстар атқарылды. Бұл Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қоғам тұтастығын, халық бірлігін нығайтуға
бағытталған саясатына, бүгінгі үұпақтың тарихи санасын қалыптастыруға
септігін тигізер шара. Осындай тарихи тұлғалардың бірі, есімі кеңес
дәуірінде айтылмай, айтыла қалса тек сыни тұрғыда ғана аталып келген Ж.
Шаяхметов болатын.
Жұмабай Шаяхметов Қазақстан тарихында өз орыны бар, республика
экономикасы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет
қайраткері. Оның ұзақ жылдар Қазақстанның ең жоғарғы басқару жүйесінде
қызмет етіп, сегіз жыл республиканың бірінші басшысы қызметін атқарғаны
мәлім. Жұмекеңнің өмір жолы мен басшылық қызмет атқарған жылдары И.
Сталиннің Кеңес Одағы мемлекетін басқарған кезеңімен тұстас келді.
Сондықтан да оның тоталитарлық жүйе кезеңінде өсіп қалыптасқан, сол жүйе
аясында қызмет еткен аса көрнекті басшы қайраткер екені даусыз.
Кеңес Одағы мемлекетінде әртүрлі бетбұрыс кезеңдердегі өзгерістерге
байланысты бұрынғы басшы мемлекет қайраткерлеріне деген көзқарастың да
әртүрлі болғандығына, үнемі құбылып отырғандығына назар аударған жөн.
Сондықтан 1950-1960 жж. әуелі И. Сталин кезіндегі одақтық және
республикалық деңгейдегі басшыларға, сонан кейін Н.Хрущев кезіндегі басшы
қызметкерлерге деген ресми партия және мемлекет органдарының көзқарасы
осыған дәлел Себебі И. Сталин дүниеден өткен 1953 жылғы наурыздан кейінгі
мезгілде СОКП пен КСРО-ның ең жоғарғы басқару аппаратындағы таластар тыс
алдымен Лаврентий Берияны билік жүйесінен тайдырып, мүлдем жойып жіберуге
алып келген еді. Соңынан Н.Хрущев өз әріптестері Г.Маленков, В. Молотов,
Л.Каганович сияқты әріптестерін де биліктен аластатты. Осының алдында СОКП
Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н. Хрущев позициясын нығайтып алған
соң, одақтас республикалар басшыларын өзгертіп, орталықтан жіберілген жаңа
адамдармен алмастырды.
1954 ж. ақпанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы қызметінен босатылып, Оңтүстік Қазақстан облысына бірінші хатшы
болып жіберілген Ж. Шаяхметов көп ұзамай денсаулығына байланысты
зейнеткерлікке шығады. Оның есімі Н.Хрущев кезінде айтылмай, еңбегі елеусіз
қалды. Н. Хрущев орнынан тайдырылғаннан соң да Ж. Шаяхметовтың есімі
республика тарихында бірыңғай сыни сипатта, оның өзінде де тың және
тыңайған жерлерді игеру қарсаңында Қазақстан экономикасының, оның ішінде
әсіресе ауыл шаруашылығының артта қалуына байланысты ғана аталып келді. Шын
мәнінде республика халық шаруашылығының өркендеуіндегі қиындықтарға тек Ж.
Шаяхметов қана кінәлі емес екендігі, ол қиындықтардың сол кездегі кеңестік
жүйенің дамуындағы, бастауы 1920-1930 жж. күштеп ұжымдастыру кезінде ауыл
шаруашылығында қалыптасқан тәртіпке, ең бастысы Ұлы Отан соғысы кезіндегі
орасан шығындарға сол кездегі халықаралық жағдайға да байланысты орын
алғандығы ескерілмеді.
1980 жж. соңында демократиялық үрдістер күшейіп, КСРО мемлекетінің
іргесі шайқала бастағанда қалыптасқан елдегі қоғамдық-саяси ахуал кеңестік
жүйе тұсындағы бұрын айтуға, зерттеуге тыйым салынған оқиғаларға, саяси
науқандар мен кемшіліктерге назар аударып, баспасөз бетінде бірінен-бірі
асып түсетін өткір материалдардың жарық көруіин жол ашты. Бұл заңды құбылыс
еді. Тәуелсіздік қарсаңындағы бұл процесс қоғамдық пікірдің қалыптасуына,
егемендік идөологиясының күшеюіне жол салғаны белгілі. Ал осындай қаурыт
кезеңде кеңестік жүйенің басқару аппаратында қызмет еткен көптеген белгілі
қайраткерлерге байланысты қатаң сын айтылғаны да заңды.
Ол 1936 ж. НКВД Солтүстік Қазақстан облыстық басқармасы бастығының
орынбасары, ал 1938 ж. июнь айында Алматы облыстық басқармасына орынбасар
болып тағайындалады. Бір айдан соң, 1938 ж. июль айында Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің үшінші хатшы болып сайланды.
Қазақстандағы басшы қызметкерлерді, интеллигенция өкілдерін жаппай
репрессиялау науқаны 1930 жж. Москваның тікелей нұсқауы мен жүргізілді. Бұл
жерде тағы бір назар аударатын нәрсе НКВД органдарының осыны ұйымдастырып,
тікелей іске асырған жауапты қызметкерлерінің бір катары 1939-1940 жж.,
қалғандары 1957-1959 жж. жазаға ұшырағын болатын.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Ж. Шаяхметов республика партия
ұйымының екінші хатшысы, 1946 жылдан 1954 ж. ақпанға дейін бірінші хатшысы
қызметтерін атқарды. Бұл оның қоғам және мемлекет қайраткері ретінде
жемісті қызмет атқарған, республика экономикасы мен мәдениетін дамытуға
сіңірген еңбегінің көзге түскен кезеңі еді. Ж. Шаяхметовтың
ұйымдастырушылық қызметі әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше
байқалды.
Халық шаруашылығын майдан талаптарына сай қайта құру, республикадағы
әскери-мобилизациялық жұмыстардың ойдағыдай ұйымдастырылуы, майдан
төңірегіндегі аудандардан тылға көшірілген кәсіпорындарды, бейбіт халықты
орналастыру, соғыс кезіндегі білім мш мәдениет мәселелері, халықтың отанды
қорғау бағытындағы патриоттық қозғалысын ұйымдастыру сияқты аса маңызды
мәселелерге Ж.Шаяхметов өзінің қызмет саласы бойынша басшылық еткені мәлім.
Соғыс жылдары Қазақстан территориясында құрылған 50-ден астам әскери
құрамалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖҰМАБАЙ ШАЯХМЕТОВТІҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабай Шаяхметов
Қант қызылшасы дақылын жаппай өсіру
Қазақ КСР
Заманынан озып туған азамат еді Сағат Әшімбаев туралы
Жұмыстың хронологиялық шегі
Ғылыми жұмыстың тақырыбы
Ұлттық деңгейдегі ұлы тұлға
Жылымық және тоқырау жылдарындағы кеңестік тоталитарлық билік
Түрік-қазақ әдеби байланыстары
Пәндер