Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы қатынастар



1991 жылғы 31 желтоқсан- Германия Федеративтік Республикасы Қазақстан Республикасының егемендігін таныды.
1992 жылғы 11 ақпан- екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1992 жылғы желтоқсан- Алматы қаласында ГФР Елшілігі ашылды.
1993 жылғы қыркүйек- Берлинде ҚР Елшілігі ашылды, 1999 жылы мамырда Елшілік Берлин қаласына көшті.
2007 жылғы 11 қазан- Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Райнер Ойген Шлагетер тағайындалды.
2008 жылғы 12 наурыз- Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Онжанов Нұрлан Баймолданұлы тағайындалды

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы
қатынастар

Жалпы мағлұматтар

1991 жылғы 31 желтоқсан- Германия Федеративтік Республикасы Қазақстан
Республикасының егемендігін таныды.

1992 жылғы 11 ақпан- екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 жылғы желтоқсан- Алматы қаласында ГФР Елшілігі ашылды.

1993 жылғы қыркүйек- Берлинде ҚР Елшілігі ашылды, 1999 жылы мамырда Елшілік
Берлин қаласына көшті.

2007 жылғы 11 қазан- Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан
Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Райнер Ойген Шлагетер
тағайындалды.

2008 жылғы 12 наурыз- Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік
Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Онжанов Нұрлан
Баймолданұлы тағайындалды.

Саяси қатынастар

Екіжақты қатынастар түрлі деңгейдегі байланыстардың жоғары қарқынымен
айқышталады, олар достық пен өзара сенімге негізделген. Халықаралық саясат
мәселелерінің басым көпшілігі бойынша ұстанымдарда түсініспеушілік немесе
алшақтық жоқ.

Екі мемлекет арасында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және
білім беру саласында, сондай-ақ халықаралық лаңкестікке және есірткімен
саудаға қарсы, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ынтымақтастықтың
негізгі бағыттарын белгілейтін түрлі құжаттарға қол қойылған.

Олардың ішінде соңғы екі жылда ғана қол жеткізілген төмендегі
құжаттар мен уағдаластықтарды ерекше атап өтуге болады:

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы
арасындағы болашақ үшін ынтымақтастық туралы Бірлескен мәлімдеме, 2008 жыл;

ҚР Өндіріс және сауда Министрлігі мен ГФР Экономика және
технологиялар Министрлігі арасындағы 2011 жылға дейінгі инновациялық-
инвестициялық серіктестікті қалыптыру мақсатындағы ынтымақтастық туралы
Біріккен мәлімдеме, 2008 ж.;

ҚР Үкіметі мен ГФР Үкімет арасындағы Қазақ-Неміс университетін
дамыту барысындағы ынтымақтастық туралы Келісім, 2008 ж.;

ҚР мен ГФР арасындағы Болашақ үшін серіктестік аясындағы Іс-
әрекеттер Бағдарламасы, 2009 ж..

2009 жылғы 3 ақпанда Елбасы Н.Назарбаевтың ГФР-ға ресми сапары болып, сол
күні екі ел Президенттері Қазақстанның Германиядағы жылын салтанатты
түрде ашты. Сапар барысында Федералдық президент Х.Келермен және Федералдық
канцлер А.Меркельмен келіссөздер өтті. Президент Н.Назарбаев Берлинде
жүзден аса герман кәсіпкерлерінің өкілдері мен қазақстандық ресми делегация
қатысқан қазақ-неміс бизнес-форумында сөз сөйлеп, екіжақты сауда-
экономикалық байланыстардың мүмкіндігін толық пайдалану қажеттігіне
тоқтады. Бизнес-форум барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы
бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылды. Соның нәтижесінде 2009 жылғы 26
қазанда Астанада МЕТРО компаниясы жобалары жүйесінің бірінші әмбебап
дүкені ашылды.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қарсаңында ү.ж. 7 мамыр айында ҚР Сыртқы
істер министрі М.Тәжиннің Германияға сапары қазақ-неміс қатынастарын жаңа
деңгейге көтеру барысына айтарлықтай серпін берді. Сапар кезінде қол
қойылған Іс-әрекеттер Бағдарламасы іс жүзінде екі ел арасындағы
полифункционалдық серіктестік аясындағы нақты жобаларды жүзеге асыруға
бағытталған Жол картасы болып табылады.

2009 жылғы 10 маусымда ҚР Әділет министрі Р.Түсіпбеков Берлинде ГФР
Федералдық әділет министрі Б.Циприспен кездесіп, министрліктер арасында
тәжірибе алмасу және құқықтық ынтымақтастық туралы Бірлескен Мәлімдемеге
қол қойды.

Сыртқы саясат саласындағы екі елдің бастамалары мен ұмтылыстары өзара
толықтырып, қолдау табуда. Соның ішінде Германия тарапының Қазақстанның
ЕҚЫҰ-ға Төрағалығына, ЖСҰ-ға мүше болуға деген ұмтылысына қолдау
көрсетуін, сонымен қатар Қазақстанның Германияның БҰҰ-ның Қауіпсіздік
Кеңесіне тұрақты мүше болуын қолдауын атап өтуге болады.

2009 жылдың 23-25 мамырында Парламенттегі Президент өкілдігінің басшысы
А.Бейсенбаев басқарған ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің 5 депутаты
неміс тарапының ЕҚЫҰ-ға дайындық барысында іске асырып жатқан Қонақтар
бағдарламасы аясында Германияда болып, Бундестагта, Канцлер кеңсесінде,
СІМ-де, ІІС-те, сондай-ақ Германияның саяси қорларында болып, қазақ-неміс
қатынастарының өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕҚЫҰ қызметінің негізгі
принциптері мен стандарттары, шешім қабылдаудың тетіктері мен үдерістері,
мемлекеттік органдардың транспаренттігі мен ашықтығы туралы пікір алысты.

2004 жылдан бері Герман Бундестагы жас қазақстандық саясаткерлер үшін
Халықаралық парламенттік практика бағдарламасын іске асыруда.

Германия 2007 жылғы 22 маусымда Брюссель қаласында ЕО Саммиті барысында
қабылданған ЕО-ның Орталық Азия мемлекеттері бойынша жаңа Стратегиясын
дайындауға бастау болды. Бұл құжатта ЕО мемлекеттерінің ОА елдерімен, оның
ішінде Қазақстанмен ынтымақтастығының басты бағыттары бекітілген.
Қазақстандық Еуропаға жол Мемлекеттік бағдарламасы ҚР мен Еуропа Одағы
елдері арасындағы ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге көтерудің нақты
салалары мен тетіктерін белгілеп берді.

Екіжақты қатынастарды нығайту үдерісіне Қазақстан Республикасының ГФР
Федералдық жерлері- Бавария, Баден-Вюрттемберг, Төменгі Саксония, Гамбург,
Бремендегі Құрметті консулдар институты оң үлесін қосуда. Қазақстан
Республикасының беделді де іскер тұлғаларды Құрметті консул етіп
тағайындауы әсіресе аймақтық жерлердегі қазақ-неміс ынтымақтастығын
дамытуға өте пайдалы.

Қазақстанда тұрып жатқан ұлты неміс азаматтар (230 мың) мен Германияға
қоныс аударған бұрынғы қазақстандықтар (924 мың), сондай-ақ осы елдегі
этникалық қазақтар (1 мыңнан аса) екі ел арасындағы қатынастардың дәнекері
болып табылады. Осы топтарды әсіресе кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуға
бағытталған бірлескен бағдарламаларға тарту ҚР мен ГФР арасындағы
ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосуда. Қазақстанда тұрып жатқан
этникалық немістер мәселелеріне байланысты тұрақты жұмыс істейтін Қазақ-
Герман Үкіметаралық комиссиясының жеті отырысы болып өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Германия Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық әріптестерінің санына
енеді. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің мәліметтеріне қарағанда 2008
ж. нәтижелері бойынша екіжақты сыртқы сауда көлемінің көрсеткіші 2004
жылмен салыстырғанда 2,6 есе өсіп, 3,2 млрд. АҚШ долларын құраған.

Германияның статистика мекемелерінің мәліметтері бойынша 2008 жылы ҚР мен
ГФР арасындағы сауда айналымының көрсеткіші 6,2 млрд. евроға жеткен, ал
2007 жылы бұл көрсеткіш 5,6 млрд. евро болған.

Ғаламдық қаржы және экономикалық дағдарыстың салдарынан ағымдағы 2009 жылы
ГФР-дың мәліметтері бойынша екіжақты сауданың нақты төмендеуі байқалуда.
Сандық салыстырмада осы саладағы көрсеткіш ү.ж. маусым айында неміс
тарапының ақпараты бойынша 1 млрд. 613 млн. евро (2008 ж. маусым айында – 3
млрд. 29 млн евро), ал қазақстандық мәліметтер бойынша ү.ж. қаңтар-тамыз
айларында - 1,64 млрд. доллар құрады.

Бүгінгі күні Германия Ресей (20,0 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік қоғамдастық
Еуропа және Америка мемлекеттерімен қатынастар
Германия Федеративтік Республикасы - Орталық Еуропада орналасқан мемлекет
Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы
Германия Федеративтік Республикасы, тарихы
Вилли Брандт - социал-демократ,теоретик,канцлер
Мемлекет нысаны ұғымы
Мемлекеттің құрылымдық нысаны
Мемлекет нысанының ұғымы
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРЕЗИДЕНТІК БИЛІК НЫСАНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер