Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайлы



Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экоеомиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады.
Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты-салық жүйесін құрү және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:
• мемлекеттің саалық жүйесінің қалыптасуы;
• салық салу саламсында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
• арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
• салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті. Қазақстан Республикасынығ салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет
болғасын, экоеомиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне
көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға
қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен
көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып,
өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады.
Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты-
бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты-салық жүйесін құрү және оның тиімді
қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:
• мемлекеттің саалық жүйесінің қалыптасуы;
• салық салу саламсында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
• арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
• салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама
қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар
жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті. Қазақстан Республикасынығ
салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.
Бірінші кезең.

1991 жылғы 9 шілдедегі Қзақ КСР Президентінің ҚазКСР мемлекетік салық
қызметін құру туралы Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемлекеттік салық
инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін
қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.
1991 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасындағы салық жүйесі туралы Заңына сәйкес сол кездегі және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлеріне тоқталып өтейік.
.Жалпы мемлекеттік салықтардың түрлері:
1. Қосылған құнға салынатын салық.
2.Пайдаға салынатын салық.
3.Акциздер.
4.Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық.
5.Экспорт пен импортқа салынатын салық.
6.Кеден тарифі және баж салығы.
7.Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық іздестіру
жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұмсалатын алым.
8.Тіркелген (ренталық) төлемдер.
9.Транспорт құралдарына салынатын салық.
10.Автотранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық.
11.Автотранспорт құралдарының Қазақстан Республикасына келіп кіргені
үшін төленетін ақы.
12.Заңды ұйымдардың мүлкіне салынатын салық.
13.Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және
азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы.
14.Мемлекеттік баж салығы.
15.Табиғат ресурстарына салынатын салық.
16.Колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.
. Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:
1.Жер салығы.
2.Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.
3.Орман табысы.
4.Су үшін төленетін ақы.
5.Табысқа салынатын салық.
6.Кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін алынатын алым.
7.Кәсіпкерлік қызметтің субьектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан
алынатын алым.
8.Заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым.
9.Елтаңбалық алым.
10.Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын
салық.
. Жергілікті салықтар мен алымдар:
1.Курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы обьектілер құрылысына
салынатын салық.
2.Курорттық алым.
3.Азаматтардан алынатын мақсатты алым.
4.Жарнамаға салынатын салық.
5.Автотранспорт құралдарын,есептеу техникасы және жеке компьютерлерді
қайта сатуға салынатын салық.
6.Автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым.
7.Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алынатын алым.
8.Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым.
9.Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым.
10.Ипподромдарда тотализатор ойынына қатысу адамдардан алынатын алым.
11.Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде
жасалған мәмілелерден алынатын алым.
12.Аукциондық сатудан алынатын алым.
13.Кино-телетүсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым.
14.Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз үшін алынатын алым.
15.Ит иелерінен алынатын алым.
16.Спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау құқығы үшін алынатын
лицензиялық алым.
17.Жергілікті аукциондық өткізу және лотореялар ойнату құқығы үшін
алынатын лицензиялық алым.

Екінші-кезең.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының
ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің салық жүйесі мен
салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне
сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Бұл өз қаржы жүйемізді құруға
ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып,салық саны 45-тен 11-
ге дейін қысқартылды.Оның ішінде бесеуі мемлекеттік,алтауы жергілікті
салықтар.

Жалпы мемлекеттік салықтар:
1. Эаңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.
2.Қосылған құнға салынатын салық.
3.Акциздер.
4.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық.
5.Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.

Жергілікті салықтар мен алымдар:
1.Жер салығы.
2.Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.
3.Көлік құралдарына салынатын салық.
4.Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды
тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым.
5.Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуқұқығы үшін алынатын алым.
6.Аукциондардан алынатын алым.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұл Жарлығы Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 16 шілдедегі ғ440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды.
Осы кезде Қазақстан Республикасында салықтар,алымдар және басқа да
міндетті төлемдердің мынадай түрлері қолданылды:
1.заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2.қосылған құнға салынатын салық;
3.акциздер;
4.бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені және мемлекеттік тіркеуге
жатпайиын акциялар эмиссиясының ұлттық бірыңғайландыру нөмірін бергені үшін
алынатын алымдар;
5.жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
6.әлеуметтік салық ;
7.автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
жүргені үшін алынатын алымдар;
8.жер салығы;
9.заңды және тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;
10.-1 бірыңғай жер салығы;
11.кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды
тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;
12.қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығын бергені үшін алынатын
лицензиялық алым;
13.аукциондық сатудан алынатын алым;
14.Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығын
бергені үшін алынатын алым;
15.Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын пайдаланғаны үшін
төленетін төлем;
16.заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәміздерін өз фирмалық
атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны
үшін алынатын алым;
16-1.заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан, Республика, Ұлттық
деген сөздерді өздерінің фирмалық атауларында,қызмет көрсету таңбаларында
пайдаланғаны үшін алым;
17.жеке тұлғалардың ставкасы есептеу базасының 1 пайызынан жоғары
белгіленбейтін қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алым.

Үшінші- кезең .
2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі
қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі
бар.2005 жылы акциз салығын қосымша ретінде экспортталатын шикі мұнайға,
газ конденсатына рента салығы қосылды.
Салықтың түрлері:
1.Корпорациялық табыс салығы.
2.Жеке табыс салығы.
3.Қосылған құн салығы.
4.Акциздер.
4.1. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.
5.Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.
6.Әлеуметтік салық.
7.Жер салығы.
8.Көлік салығы.
9.Мүлік салығы.

Алым дегеніміз-белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы
қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
Сонымен қатар алым-анықталған құқықтық мәртебені бергені үшін төлем болып
саналады.
2002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап елтаңбалық алым
алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: жылжымалы
мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым және кеменің немесе жасалып
жатқан кеменің ипотекасын мемелекеттік тіркеу үшін және туындылар мен
сабақтас құқықтар обьектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды
мемлекеттік тіркеу үшін алымдары қосылды.

Алымдардың түрлері:
1.Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркегені үшін алым.
2.Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
3.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
3.1. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым(2005 жылдың
1қаңтардан)
4.Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5.Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені
үшін алым.
6.Теңіз,өзен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесі
Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері
Жеке тұлғаларға салынатың салық. Кәсіпкерлерден алынатың салық. Салықтың түрлері және жіктелуі
Мамандыққа кіріспе
Қосылған құн салығының экономикалық мазмұны
Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесі
Салық тексерулерінің қатысушылары болып салық қызметі органдарының өкілетті тұлғалары және салық тексеруінен өтетін салық төлеушілер
Мүлік салығының қазіргі замандағы алыну ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің төлемдер түрлері
Пәндер