Спиноза және оның этикасы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Спиноза және оның этикасы».

Қарағанды 2015ж.

Барух Спиноза (1632-1677) Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, өуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін терендеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі - «Этика».
Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік принциптерініңтабиғи сипатын ерекше атап кәрсетеді.

Ең бастысы - Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебіоның табиғаты ізгілікті. Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ережелерін ту-ындатады. Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады. Ақыл-ой белсенді, оның күші танымның дамуы процесінде өсе түседі. Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша қарым-қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа бөленеді. Осыдан Спинозаның мемлекет туралы пікірі туындайды, ол мемлекеттің мақсаты - адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды.
Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында да еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен де қорықпау керек, себебі мәңгілік ештеңе жоқ. Сондықтан да еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні қайғырып, мұңға бату - құлдықтың бір түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына салыстырмалы түрде қарауға шақырады (біз «философиялық» деп атап жүрген көзқарас) . Өмірде бәрі де өтпелі, қазіргі сәтсіздік - себептіліктің бір звеносы, әлем деңгейінде ол болмашы ғана
68
нәрсе. Бір қарағанда үстіртіндеу болғанымен, Спинозаның бүл философиясы өмір туралы ойланған адамның жан жарасын жеңілдетуге біршама пайдалы. Ол адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді және дүниедегі құбылыстардың, адам өміріндегі проблемалардың бәрі де уақытша, өтпелі екендігін дәлелдейді. Өмірден жиі түнілетін қазіргі заман адамына Спиноза философиясы аса пайдалы. .

Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:

1. субстанция мәселесі;

2. таным теориясы;

3. этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.

Спинозаның философиядағы маңызды үлесі - болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі - оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық - өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға - Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне.

Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты. Спиноза теориясының мәні мынада:

1. жоғарғы субстанция - Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ;

2. барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар;

3. ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды;

4. Табиғат - Құдай - бір;

5. Табиғаттан тысқары немесе Табиғаттан жоғары тұрған Құдай жоқ;

6. Құдай Табиғаттың ішінде;

7. Тек біртұтас Табиғат + Құдай ғана жарата алады;

8. «Жаратушы әлем» біртұтас Табиғат + Құдай - «жаратылған дүниені» - жеке заттарды жасайды;

9. жеке заттар өз бетінше тіршілік етпейді, ол біртұтас субстанцияның - Табиғат + Құдайдың «модустары» - көріністері ғана;

10. модустар тіршілігінің сыртқы көрінісі - біртұтас субстанция (Табиғат + Құдай), модустар. Оған бүтіндей тәуелді. Модустар кеңістікте және уақтта қозғалады, олардың тіршілігінің басы мен аяғы бар.

Ал Субстанцияның (Табиғат + Құдай) өзінің мынадай қасиеттері бар:

1. тіршілік етеді;

2. дербес, ештеңеге тәуелді емес;

3. өз-өзінің ішкі себебі бар (модустар сияқты сыртқы емес) ;

4. көптеген қасиеттерге (атрибуттарға) ие, олардың негізгілері (ойлау мен дәйектілік) Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті;

5. уақыт пен кеңістікте шексіз;

6. мәңгі (ешкім жасамайды және жойылмайды) ;

7. қозғалыссыз.

Гносеология мәселелерін зерттей келіп Спиноза танымның үш сатысын жіктейді:

1. тікелей адам танымынан бастау алатын және ешбір сыртқы себептерге (сезім, тән, т. б. ) тәуелді болмайтын «таза түрдегі таным» - танымның жоғарғы түрі;

2. ақиқаттағы төмен, ақыл әрекеті нәтижесінде логикалық операциялар қалыптасқан таным;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркіндік және жауапкершілік
Жаңа уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия
Жаңа Заман философиясының ерекшеліктері
Өмірдің мәні
Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні
Информатика және этика
Сократ пен Платонның этикалық ілімдері
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Бақыт ұғымы
Аристотельдің өмірбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz