Жас ерекшелігі пәні, мақсаттары мен міндеттері


1-лекция.
Жас ерекшелігі пәні, мақсаттары мен міндеттері.
Мазмұны.
- Жас ерекшелік психологиясының пәні.
- Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының пайда болуы және алғашқы дамуы.
- Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
1. Жас ерекшелігі психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні - адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, герентопсихология - жас ерекшелігі психологиясының негізгі тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процесстердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т. б. зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты.
• Педагогикалық психологияның пәні - оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу . Педагогикалық психология оқыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестерінің қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-қатынасын қарастырады. Бұлармен қоса, педагогикалық психология оқушыларға жеке-дара қатынас жасауға байланысты мәселелерді де зерттейді.
Педагогикалық және жас ерекшілігі психологиясының біртұтастығы зерттелу обьектісі - бала, жеткіншек, жас өспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар, егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының зерттеу обьектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның обьектілері болып табылады . Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы - жас ерекшелік психологиясының бөлімдері.
2. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі ХІХ ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның «Адам - тәрбие тақырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты.
Бала психикасының даму және оны оқыту процесін эмперикалық материалдарының жинақталуы және қорытылуымен қатар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастайды. Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуына обьективті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға айқын болды.
Педагогикалық психологияны құрудың алғашқы тәжірибелері нәтижесінде жасалынатын аса маңызды қорытынды мынада психологияны педагогикалық практикамен жақындастыру (ал бұл мәселені қоя білуде А. П. Нечаевтың сөзсіз еңбегі бар) тек оқыту мен тәрбиелеу процесінің өзінде эксперименттік зерттеу жолында ғана мүмкін. Эксперименттік деректер психологиялық-педагогикалық зерттеулерге сырттан әкеліп қосылмай, олардың өз зерттеулерінің нәтижесінде алынуы қажет. Бұл мақсат үшін педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының маңызды теориялық әрі методикалық міндеттерінің дұрыс шешімдерін табу қажет болды. Бұл жерде оқыту процесінде қатысы бар психикалық дамудың қайнар көздері деген проблема алдыңғы орынға шықты.
3. ХХ ғасырдың басында педагогикалық жас ерекшелігі психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін әр түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді.
Баланың психикалық дамуын түсіндіруде биогенетикалық бағытқа не тән? Оған «туа біткен ерекшеліктерді» мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуын жеңіл-желпі, атүсті түсіну тенденциясы тән. Биологияшылдар үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болып көрінгенімен биологиялық ең алдымен тұқым қуалаушылық фактор айқындаушы фактор болып есептеледі. Биологияшылар пікірінше, даму, жеке адамның сапалық және сандық жақтары сөзсіз түрде тұқым қуалаушылықпен анықталады, ал орта - бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым қуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір өзгермейтін фактор ғана.
Сонымен, психологиядағы биогенетикалық заңының негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады, ол сыртқы фактор ретінде қайсыбір табиғи тұқымқуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуге ғана жарамды болады деген идея жатқызылды. Биогенетикалық заңнан кертартпа педагогикалық қорытындылар шығарылды. Бала дамуының табиғи барысына араласу жіберуге болмайтын қателік ретінде қаралды. Биогенетизм «еркін тәрбие» деген педагогикалық теорияның псхологиялық негізіне айналды.
Педагогикалық психологиядағы социогенетикалық бағыттың да қателігі аз болған жоқ. Айырмашылығы бар сияқты болып көрінгенімен бұл теориялар бір біріне көп жағынан жақындасып жатады. Бұл бағытты жақтаушылардың пікірі бойынша, бала дамуының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да адамды зерттеп білу үшін оның ортасының құрлымын талдау жеткілікті: қоршаған орта қандай болса, адамның түптеп келгендегі жеке басы, оның мінез құлықтарының механизмі, даму жолдары (бұл әуел бастан және мүлдем тікелей ортада беріледі) сондай болмақ.
Бала және оның дамуы жөнінде 20-жылдарда және 30-жылдардың бірінші жартысында қалыптасқан А. С. Макаренконың баланың жеке басы және оның дамуы туралы психологиялық көзқарастары жеке адамды коллективте қалыптастыру жөніндегі кемелденген ілім болып есептеледі. А. С. Макаренконың ілімі оның орасан бай педагогикалық тәжірибесін жинақтап қорытты және өскелең ұрпаққа коммунистік тәрбие беру саласындағы одан кейінгі жұмыстарға негіз болды.
Психология ғылымының бір саласы бола отырып, педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін психологиялық фактіні - бақылау мен экспериментті алудың негізгі екі әдісін пайдаланады.
Алайда, психологиялық-педагогикалық зерттеу пәнінің ерекшелігі аталған әдістерді пайдалануда айрықша өзгерістер тудырады. Мәселен, жас ерекшелігі психологиясындағы бақылаулар, көбіне, бала психикасының дамуын дәлелдейтін фактілерді жүйелі тіркеуі сипатына күнделік жазу түрінде ие болады. «Ана күнделіктерінің» көпшілігі осындай, олардың бірқатары жарық көрген. Француздардың белгілі марксист-психологы А. Валлон 1952 жылы: «Білімнің түрлі саласында эксперимент қарапайым бақылауды ығыстырып отыратын болса, психологияның көпшілік бөлімдерінде бақылаудың рөлі басымырақ болып қала береді . . . Балалар психологиясы, былайша айтқанда, ерте сәбилік шақ психологиясы тек қана бақылауға негізделеді».
Соңғы жылдары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында психологиялық эксперименттің рөлі айтарлықтай өсті. Психологиялық-педагогикалық зерттеуде пайдалануының жиілігі жағынан лабораториялық эксперимент баланы зерттеуде жетекші орын алып жүрген табиғи экспериментке ғана жол береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz