Cаясаттану ғылымының тарихы



Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами коймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезендері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс — Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениетгіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды. Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың (халиф, хан, патша, сұлтан, король, император және т. т.) қолында болды. «Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі үшін қызмет етеді» деген көзқарас қалыптасты. Патша әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға әкелік қамқорлық көрсетеді, ал оның қол астыңдағылардың оған ешқандай талап қоюға қақылары жоқ. Себебі, билеуші халық алдында емес, тек құдай алдында ғана есеп береді. Бұл елдердің тәртібі, саяси ойы өткен ұрпақтың дәстүр-салтына берік берілгендікті білдіретін. Қоғамда орнатылған тәртіп өмір бақи өзгерместей көрінді.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Cаясаттану ғылымының тарихы
Құлдық дәуірдегі саяси ой -- пікірлер
Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами коймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезендері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс -- Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениетгіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды. Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың (халиф, хан, патша, сұлтан, король, император және т. т.) қолында болды. Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі үшін қызмет етеді деген көзқарас қалыптасты. Патша әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға әкелік қамқорлық көрсетеді, ал оның қол астыңдағылардың оған ешқандай талап қоюға қақылары жоқ. Себебі, билеуші халық алдында емес, тек құдай алдында ғана есеп береді. Бұл елдердің тәртібі, саяси ойы өткен ұрпақтың дәстүр-салтына берік берілгендікті білдіретін. Қоғамда орнатылған тәртіп өмір бақи өзгерместей көрінді. Ондағы өзгерісті адамдардың құдай кағидаларын орындамағандықтан туып отыр деп ұқты. Билік орнатылған тәртіпті, шындықты, әділеттікті, мемлекеттің қауіпсіздігін камтамасыз етудің кұралы деп есептелінді. Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар (полистер) құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Би-леу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты.
Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне -- Платон мен Аристотельге тоқталамыз. Платон б. з. б. 427 -- 347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты -- Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең болды. Сондықтан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кетті. Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгілік қалды. Ол кезде әр ірі ғалымның мектебі болатын. Платон атақты фәлсафашы Сократтың мектебінде окьш, оның үздік шәкірті болды. Ол қаза болғаннан кейін катты қайғырып, біраз елдерді аралады. Кейін Афиныға келіп өз мектебін -- академияны ашты.
Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары Мемлекет, Саясатшы, Заңдар, Софист, Парменид және т. б. Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т. т. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т. с. с. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай -- бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін теңдестірген екен деген ой тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметгік топқа (сословиеге): 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер етіп бөлді. Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақикатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге кабілетті, икемді болуы керек. Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды. Өңдірушілер (егіншілер мен қолөнер) өмірге керекті қаржыларды тауып, мемлекетті материалдык жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды. Әр топ өзіне тиісті қызметті аткаруы керек. Сонда ғана әділдік орнайды. Бір таптан екінші тапқа (әсіресе, төменгі таптан жоғарғы таптарға) өтуге болмайды. Қай сословиеде тусаң, соның өкілі боласың. Адамдарды осылай жіктей келе, Платон оларды тым бай немесе өте кедейлікке жібергісі келмеді. Себебі, мұндайда қоғамда ортақ мүлде орнамайды. Сондықтан орта деңгейді ұнатты. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіндерді, дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Соған орай әкімдер мен жауынгерлерде жеке меншік пен отбасы болмауын қалады. Олар ортақ игілік үшін еңбек етулері керек. Соңдықтан оларды адамды кызықтыратын әзәзіл жеке мүдде, баю жолынан кұткарғысы келді. Сол себепті олардың әйелдері мен балалары ортақ болғанын жек көрді. Оларды мемлекет өз қамқорлығына алуға тиіс.
Платон мемлекеттік кұрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылык билейді, оның принциптері -- адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б. з. б. 384 -- 322) болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салған соң біраз елдерді аралады. Б. з. б. 342 -- 340 жылдары Македония патшасы II Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр Македонскийді) оқытып, тәрбиеледі. Кейін Афиныға оралып, өз мектебін (лицейді) ашты. Осыңда ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан. Саясаттануға қатысты Саясат, Афиналық полития, Этика, Риторика деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты -- адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша, мемлекет -- қауымның дамыған түрі, ал кауым -- отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәуіріңдегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түріңде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды. Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады. Сонымен қатар ол адамдардың аса байып немесе шектен тыс кедейленіп кетуін құптамады. Себебі, мұндай-да қоғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс көрді. Саяси ойдың даму тарихыңда айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Тумий Цицерон (б. з. б. 106-43) өмір сүрді. Оның Мемлекет туралы, Заңдар туралы, Міндеттер туралы деген еңбектері көпке әйгілі. Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі -- адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты әділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей көрді.
Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының мінезі мен еркіне байланысты болады деп түсіндірді. Басқарушылардың санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия (оптиматтардың билігі) және демократия (халық билігі) етіп үш түрге бөлді. Бұлардың әрқайсысының өзінің жақсы жақтары мен кемшіліктері бар. Мәселен, патша рақымшылдығымен жұртқа ұнайды, бірақ мұнда басқа адамдар заң, шешім қабылдаудан сыртта қалады және бір адамның басшылығы зорлық-зомбылыққа оңай айналып кетуі мүмкін. Оптиматтар (аристократтар) даналығымен бағалы, бірақ олар үстемдік еткенде халык өз еркіндігін пайдалана алмайды, билік ақсүйектердің сұрқия тобының қолында қалуы мүмкін. Демократия болса бостандығымен жағымды, бірақ халықтың толық билігі зиянды зардаптарға, тобырдың зорлығы мен есалаңдығына әкеліп соқтыруы мүмкін. Цицерон мүліктік тендік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.

Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артықка созылды (V -- XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасыңда қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Соңдықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақ-сүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354 -- 430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидала-рын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары Құдай қаласы туралы деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және кұкықтық мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіңдігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта кұдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225 -- 1274) болды. Оның саяси көзқарастары Билеушілердің басқаруы туралы, Теологияның жиынтығы деген еңбектерінде каралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі
Саяси - құқықтық ілімдер тарихы
«Макиавилли»
Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы туралы
Саясаттану ғылымы туралы
Саяси мәдениет туралы
Саясаттанудың негізгі парадигмалары
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы туралы мәлімет
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы туралы
Пәндер