Атмосфераның ластануы туралы



КІРІСПЕ 2
1. Атмосфераның ластануы 2
2. "Көшетхана эффектісі" мен климаттық ғаламдық өзгерістері 5
3. "Озондық тесіктің" пайда болу себептері, оның зияндық әсерлері мен оларды болдырмау әрекеттері 7
4. Қышқылдық жауын.шашыңдар, олардың себептері мен зиянды әсерлері 9
ҚОРЫТЫНДЫ 11
Қолданылған әдебиеттер 12
Атмосфералық ауаның ластануы экожүйемізде едәуір өзгерістерге ұшыратады. Ауаның ластануынан тек қана адамдар емес сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер де зиян шегеді. Бұл бүкіләлемдік адамзаттың проблемасы болып тұр, әсіресе қазіргі технология, өндіріс пен өнеркәсіптердің даму кезінде. Ауаға көптеген қалдықтар мен химиялық зиян заттар шығарылуда.
Осы жұмыста ауаның ластану жолдары мен тигізетін әсерлері және оларды қалай алдын алу жолдары көрсетілген. Біздің әлемімізде назар аударарлық көптеген экологиялық апаттар бар болуда. Сол туралы біз не білуіміз қажет және өзімізді өзіміздің қоршаған ортамызға қалай қарауымыз туралы түсініктеме берілген.
З.М.Молдахметов, А.М.Ғазалиев, С.Д.Фазылов. “Экология негіздері” Қарағанды 2002
Бейсенова А.С.,Мелдебаев Ж.Б., Сауатбаев П.З. “Экология негіздері” Алматы, Ғылым 2001
Соданов А.К., Сванбаева З.С. “Экология” Агроуниверситет, Алматы 1999

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
1. Атмосфераның ластануы 2
2. "Көшетхана эффектісі" мен климаттық ғаламдық өзгерістері 5
3. "Озондық тесіктің" пайда болу себептері, оның зияндық әсерлері мен
оларды болдырмау әрекеттері 7
4. Қышқылдық жауын-шашыңдар, олардың себептері мен зиянды әсерлері 9
ҚОРЫТЫНДЫ 11
Қолданылған әдебиеттер 12

КІРІСПЕ

Атмосфералық ауаның ластануы экожүйемізде едәуір өзгерістерге
ұшыратады. Ауаның ластануынан тек қана адамдар емес сонымен қатар жануарлар
мен өсімдіктер де зиян шегеді. Бұл бүкіләлемдік адамзаттың проблемасы болып
тұр, әсіресе қазіргі технология, өндіріс пен өнеркәсіптердің даму кезінде.
Ауаға көптеген қалдықтар мен химиялық зиян заттар шығарылуда.
Осы жұмыста ауаның ластану жолдары мен тигізетін әсерлері және оларды
қалай алдын алу жолдары көрсетілген. Біздің әлемімізде назар аударарлық
көптеген экологиялық апаттар бар болуда. Сол туралы біз не білуіміз қажет
және өзімізді өзіміздің қоршаған ортамызға қалай қарауымыз туралы
түсініктеме берілген.

1. Атмосфераның ластануы

Атмосфера - ауадан, химиялық қоспалардан және су буларынан тұратын
күрделі жүйе. Ол - метрологиялық режимнің маңызды факторы мен биосферадан
физико-химиялық және биологиялық процестердің жүру ортасы. Атмосферадағы
әртүрлі компоненттердің қатынасынан оның радиациялыққа, жылулыққа және
ылғалдылыққа әсері, өзін-өзі тазарту мүмкіндігі қалыптасады. Атмосфераның
газды құрамы, ондағы су буы мен әр түрлі заттар күн радиациясының жер
бетіне өту деңгейін жер айналасындағы жылулықты ұстап тұрады. Егер де
атмосферада бұл әр түрлі қоспалар болмағанда, ол жағдайда жер бетіндегі
орташа жылдық температура +15°С емес, -15°С болар еді.
Атмосфераның өте маңызды қасиеттеріне оның тез араластыру мен үлкен
қашықтықтарға орын алмастыру мүмкіншілігі, оның баска да сфералармен және
мұхитпен байланыстылығы жатады.
Бұл қасиеттер және оның ластаушы заттарды жинақтап сақтау эффектісінің
жоқтығы, бір жағынан атмосфералық процесстердің ғаламдық әсерін, екінші
жағынан өзін-өзі тазартуға деген жоғары мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.
Мысалы, мұхиттармен байланысы арқылы мұхит сулары атмосферадан көміртектің
қос тотығы мен жай тотығының, күкіртті газды және тағы да басқа газдарды
өте көп мөлшерде өзіне сіңіріп алады. Атмосфераның көп қоспалары
өсімдіктермен сіңіріледі, топырақтық зат айналым процесіне түседі ауа
массаларының жеңіл орын алмасуы нәтижесінде ауадағы ластаушы заттар таралып
кетеді, бірақ осының нәтижесінде жергілікті ластаулар ғаламдық
ластаулылыққа қосылады.
Адам атмосфераның қасиеттері мен әр түрлі параметрлеріне, оның
химиялық құрамына, жылулық режиміне, ауада қозғалуына, радиоактивтілігіне,
электро-магниттік фонына және т.б. әсер етеді. Ол, су сияқты, литосферадан
бұрын ластана бастады. Сондықтан да ең алғашқы тиым салу шаралары ауа мен
суды ластатуды тоқтатуға байланысты болды. Мысалы, 18 ғ. Англияда үлкен
қалаларда көмірді отын ретінде жағуға тиым салады.
Адамның іс-әрекеті ауа құрамындағы негізгі элементтер — азот пен
оттегінің мөлшеріне көп әсер етпейді, себебі олардың мөлшері ауада көп
(азот — 78.09%, оттегі — 20.95%). Ал көміртегінің қос тотығына келсек (оның
ауадағы негізгі мөлшері 0.03%), оның мөлшері тым жылдам көбейіп келеді,
бұдан басқа да ауада зиянды заттар пайда болуда. Адамның атмосферада зиянды
әрекеттері оның биосфералық процесстерге араласып, ормандарды өртеу, жер
жырту, жер құрғату, суару, қала мен өндіріс орындарын салу тағы сол сияқты
әрекеттерінен кейін тым жылдам қарқынмен өрлей бастады.
Жер атмосферасына шығып жатқан техногендік текті заттардың ғаламдық
көлемі
(ТААкимова, В.В.Хаскин, 1994)
№ Jlaстаушы заттар MJН.ТЖЫЛ
5 Көміртек қос тотығы Түтіннің 6000 , 580 '
7. қатты бөлшектері мен 360 320
8. өдіріс шаңдары Көміртек тотығы 160 110 18
9. Жеңіл көмірсутектер 10 8 1 1
10.мен басқа органикалық
11.заттар Күкірт тотықгары Азот
тотықтары Фосфор қосындылары
Сутекті күкірт Аммиак Хлор
Фторлы сутек

Ауаға шығып жатқан көлемі бойынша ең бірінші орынды көміртектің қос
тотығы алады. Бұл химиялық заттың қауіпті әсері үлкен болмағанмеи, оған
ауада ұзақ сақталу мен жинақталу қасиеттері тән. Оның биосфераға негізгі
әсері көшеткі эффектісі арқылы болады. Бұған қарағанда СО газының улылығы
үлкен, бірақ та ол ауада тұрақты емес және ол СО2 ға айналып кетеді.
Осы газдардың ішінде үлкен қауіпті болып күкірттің қос тотығы (SO2)
немесе күкірт ангидриді келеді. Бұл түссіз өткір иісті газ, оның ауадағы су
буларымен қосылыстары (күкіртті және күкірт кышқылдары) адамның тыныс
жоддарын қабыңдырып, ауруға әкеледі. Ұзақ уақыт бойы осы заттармен улану
қан айналымын бұзып өлімге әкеледі. Өсімдіктер күкірітті газға өтe сезімтал
келеді. Бұл газ оларға жеке газ түрінде де, сумен қосылысы түрінде де үлкен
зиян тигізуде. Осындай қасиеттері үшін бұл газды әлемдік ластаушы немесе №1
ластаушы деп атайды.
Ауада күкірт ангидридінен басқа күкірттің басқа да қосылыстары пайда
болуда. Олардың бірі шіріген жұмыртқаның исі сияқты исі бар күкіртті сутек
(H2S). Бұл газбен улану өкпе ісінуіне, тынысалу мен жүректің тоқтап қалуына
әкеледі. Келесі тағы да бір улы зат, бүл күкіртті көміртек (CS2 ) - түссіз
оңай жанатын сұйық зат. Адам организміне ауа мен тамақ арқылы түсіп, нерв
жүйесін бұзады. Бұл зат химия өлдірісінде көп қолданылады.
Күкірт туындылары ауаға негізінен антропогенді түрде әр түрлі жанар-
май түрлерін жаққан кезді өтеді. Мысалы, көмірлерді, мұнай мен табиғи
газдарды қолданғанда және күкіртті рудаларды өңдеген кезде. Германияда
ауадағы күкірт ангидридінің 63%-тін энергетика өндірісі, 23%-тін өнеркәсіп
береді.
Ауаны ластайтын зиянды заттарға азот тотығы, көмірсутектер, хлор, фтор
және басқалар жатады. Бұлардың атмосфераға әсері негізінен биосферадағы
жылулық балансты өзгерту мен озонды жою (фреоңдар, азот тотықтары) арқылы
көрінеді.

2. "Көшетхана эффектісі" мен климаттық ғаламдық өзгерістері

"Көшетхана эффектісі" (парникті эффект) деп ауадағы антропогенді түрде
пайда болатын химиялық заттардың күн энергиясын өздеріне сіңіруі
нәтижесінде атмосфераның қызып, жер бетінің орташа температурасының
көтерілуін айтамыз.
Американдық эколог Б.Небел "көшетхана эффектісі" нәтижесіндегі
климаттың жылынуын болашақтың үлкен катастрофасы деп қарастырады. Оның
пайымдауы бойынша аумағы осындай көптеген жануарлар мен өсімдіктердің
түрлерін жойып жіберген катастрофа осыдан 60 млн. жыл бұрын болды. Бұл
катастрофа Жерге астероидтың түсуімен байланысты болып және тек қана
организмдердің бірнеше жеке түрлерін ғана жойса, ал көшетхана эффекгісі
бүкіл биосфераға әсер етеді.
Негізгі көшеткі газына көміртектің қос тотығы жатады. Бұл газдың
көшеткі эффектісіне әсері шамамен 50-60%. Басқа да көшеткі газдарына метан
(20%), азот тотықтары (шамамен 5%), озон, фреондар (хлорфторкөміртектер)
және басқа газдар (10-25%). Қазір 30-га жуық кошеткі газдары белгілі.
Жер бетініе негізінен жылулық емес жарықтық сәулелер ағыны түседі.
Олар көшеткі газдарынан өзгеріссіз өтіп, жер айналасындағы кеңістікте
ауадағы әр түрлі химиялық заттармен кездеседі. Соның нәтижесінде осы
сәулелердің көп белімі ұзынтолқынды (инфрақызыл) жылулық сәулелерге
айналады. Жер бетіне түскен сәулелердің біршамасы жерден шағылысып, космос
кеңістігіне қайта тарап кетуі керек. Бірақ та көшеткі газдарының әсерінен
олар осы газдардан кете алмай шағылысып жерге қайта түседі де ауаның жалпы
жылулығын көбейтеді.
Деректер бойынша көшеткі газдарының әсерінен Жер бетіндегі жылорталық
температура соңгы жүзжылдықта 0.3-0.6°С көтерілді. Қазір СО2 -нің ауадағы
мөлшері 0.3-0.5%жыл жылдамдыкпеп көбейіп келеді. Осындай жылдамдықпен
басқа көшеткі газдарының мөлшері көбеюде. Көшеткі газдарының ауадағы
мөлшерінің XXI ғасырдың ортасына қарай екі есе көбеюі планетамыздың орташа
жылдық температурасының 1-3.5°С~қа көтерілуіне әкелуі мүмкін.
Болжаулар бойынша климаттың жылынуы қарлар мен мұздардың еруіле және
мұхит сулары деңгейінің шамамен 1.5 метрге көтерілуіне әкеледі (соңғы 100
жылда ол 10-12 см-ге көтерілген екен).
Климаттың ғаламдық жылынуы бұл бұрын болмаған үлкен аумақты
экологиялық кауіп келуі мүмкін. Егерде мұхит деңгейі 1.5-2 м көтерілсе, ол
жағдайда 5 млн.км2 кұрғақ жер су астына кетеді. Бұл аймақ өте үлкен
болмағанмен, бұл жерлерде 1 млрд. астам халық тұрады және әлемдік ауыл
шаруашылық өнімдерінің 13 бөлімі жиналады.
Болжаулар бойынша климаттың жылдық ауа-райының тұрақсыздығына, табиғи
аймақтардың шекараларының жылжуына, табиғи апаттардың көбеюіне, жануарлар
мен өсімдіктердің жойылуының тездетілуіне әкеледі.
Міне осының бәрі 1979 ж. Торонто қаласында климаттық өзгеру
проблемаларына арналған Халықаралық конференцияның болуына себеп болды.
Атмосфераға көмірқышқыл газын шығаратын негізгі техногендік себеп ол
органикалых отынды жағу. Қазіргі уақытта тек қана жылу энергетикасы ауаға
адам басына шаққанда жылына 1 т немесе жер бетіне шамамен 6 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфера туралы түсінік
Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары
Атмосфераның ластаушы көздері
Атмосфераның негізгі қасиеттері және оның экологиялық мәні
АТМОСФЕРА - БИОСФЕРАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМ БӨЛІГІ
Атмосфера туралы түсінік, оның құрамы және биосфера мен адам өміріндегі маңызы жайлы
Атмосфераның табиғат пен тірі организмдер тіршілігіндегі рөлі
Атмосфераның ластануы және қоршаған ортаға әсерін бағалау
Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы мен адам өмiрiндегi маңызы
Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
Пәндер