Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамытудың стратегиясы


Жоспар:
Кіріспе
2. Негізгі капиталға инвестиция жұмсау
2. 1 Индустриялық-инновациялық бөлімнің 2006 жылғы жұмысы
2. 2 Инвестиция қызметі
2. 3 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын индустриалдық-инновациялық дамытудың Стратегиясы
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Индустриялық-инновациялық бөлімнің 2006 жылғы жұмысы
Индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясының 1-кезеңін іске асыру шеңберінде 2004-2005 жылдары облыста 10479, 44 млн. теңге соманың 28 жобасы іске асырылды. 990 жаңа жұмыс орны құрылды. 2006 жылы жалпы сомасы 30517, 59 млн. теңгенің 17 жобасын іске асыру басталды. 3270 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. 2006 жылдың қорытындысы бойынша 20114, 67 млн. теңге игерілді, бұл іске асырылып жатқан жобалардың жалпы сомасының 66, 0 %-ын құрайды. Іске асырылып жатқан жобалардың жалпы санының ішінде 5-уі 2007-2009 жылдары іске асырылатын болады, олардың сомасы 24800, 4 млн. теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясының 2-кезеңін іске асыру шеңберінде 2006 жылғы 6 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХІХ сессиясының шешімімен Индустриялық-инновациялық дамытудың өңірлік бағдарламасының 2-кезеңін іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда 93 557, 78 млн. теңгенің 41 жобасын іске асыру, облыстың 283, 02 млн. теңге сомаға шығарып жатқан тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі әр түрлі іс-шараларды өткізу көзделген. Іске асырылатын іс-шаралар шеңберінде 3 мыңнан астам жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.
Стратегияны іске асыру шеңберінде облыста рационализаторлыққа және өнертапқыштыққа үлкен көңіл бөлініп отыр. Осыған байланысты, 2006 жылғы 13 маусымда рационализаторлар мен өнертапқыштарды, өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық конкурсының жеңімпаздарын құрметтеу рәсімі болып өтті. Облыс әкімі патент иегерлеріне және авторларға алғыс хаттарын тапсырды.
Облысқа қосымша инвестициялар тарту және дамыту институттары арқылы индустриялық-инновациялық жобаларды жылжытуды белсендіру мақсатында 2006 жылғы 15 маусымда 2-ші Өңірлік инвестициялық Форум, сондай-ақ облыс кәсіпорындары үшін «Shart Corporation» компаниясының американдық өкілдерінің қатысуымен «Өңірді одан әрі экономикалық және кластерлік дамыту және облыстық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары» тақырыбына облыстық семинар өткізілді. Форум қонақтары үшін Шығыс Қазақстан облысы инвестициялық жобаларының каталогын шығаруға арналған материалдар дайындалды.
Форум шеңберінде өткізілген индустриялық-инновациялық жобалар көрмесі Шығыс Қазақстан облысының ауқымды инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетті. Көрмеде іске асырылуы үшін 1 783 023, 1 мың АҚШ доллары сомасында инвестицияны қажет ететін 80-нен астам жоба таныстырылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттердің шеңберінде облыста соңғы екі жыл бойы экономиканың басым салаларында дамытудың кластерлік қырларын енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жылумен қамтудың баламалы көздері арқылы энергия үнемдеу бағдарламасын іске асыру мақсатында Сол жағалау мектеп-интернатында пилоттық жылу насосын орнату мәселесін оң шешуде көмек көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау үшін, түсті және қара металдар нырогында тәртіп орнату мақсатында Семей қаласының түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтары лицензиаттарын біліктілік талаптарына сәйкестендіру жөніндегі жұмыс аяқталды.
- Облыста инновациялық сипаттағы қатерлі жобаларды кредиттеу жөніндегі венчур қорын құрудың орындылығы мәселесі қаралып бітті (мин. - 10 млн. долл. Оның ішіндегі әкімдіктің үлесі 51 % - 663 млн. теңге болуы тиіс) . 2. Қазақстан Республикасы Министрліктері, мемлекеттік дамыту институттары, банктер, зейнетақы және венчур қорлары, Қазақстандық қор биржасы, Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы өкілдерінің, ҚР-ның 4 өңірінің, Новосібір қаласының, қалалар мен аудандар әкімдіктері өкілдерінің, кәсіпорындар басшыларының, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің қатысуымен 2-ші өңірлік инвестициялық Форум өткізілді. 3. Облысты индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясының 2-кезеңін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүргізілді. 4. «ШҚО-да кластерлер енгізу жөніндегі мақсатты іс-шараларды әзірлеу, өнеркәсіп салаларының бәсекелік артықшылықтарын талдау, кластерлерді дамыту жоспарларын әзірлеу және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін арттыру» тақырыбына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жүргізілді. 5. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің мүліктік салымы ретінде технопарк ғимаратын «Алтай» өңірлік ғылыми-технологиялық паркі» АҚ-ның жарғылық капиталына беру мәселесін шешу бойынша облыс әкімдігі тарапынан қолдау көрсету жөніндегі жұмыс жүргізілді.
Тұрғын үйді іске қосу 2 есе өсіп, 30958 шаршы м. -ді құрады. Облыста Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жылғы 2 қыркүйектегі №294 Қаулысымен индустриалды-инновациялық сұрақтары бойынша Сараптамалық кеңес құрылып, ол Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 18 қазандағы кезекті ХIII сессиясының шешімімен бекітілді. Сараптама Кеңесінің құрамына облыстың жетекші кәсіпорындарының мамандары, заңгерлер, экономистер, аудиторлар кірді. Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметі өндіріске және ауылшаруашылығы өндірісіне жаңа жетістіктер мен жаңашыл ұсыныстарды енгізу мақсатында ғылым және өндіріс интеграциясына қолдау көрсету, перспективалы мақсаттық бағдарламаларға, жобаларға, ғылыми идея және индустриалды-инновациялық сипаттағы техникалық дайындамаларға кәсіби баға беру және үйлестіру болып табылады. 2005 жылдың қараша айында Сараптама Кеңесінің облыстың индустриалды-инновациялық даму сұрақтары бойынша бірінші отырысы болып өтті, онда төрт инвестициялы-инновациялық жобаның тұсау кесері болды. Ұсынылған жобалардың екеуі оң баға алды және оларды мемлекеттік даму институттары арқылы қаржыландыру ұсынылды. Ағымдағы жылдың 1 мен 3 маусым аралығында Өскемен қаласында Өңірлік инвестициялық Форум болып өтті, оның жұмысына потенциалды инвесторлар ретінде-даму институттарының, Қазақстан Республикасындағы банктер, халықаралық қаржылық ұйымдар, сондай-ақ инвеститция тартуды қажет ететін индустриалды-инновациялық ұсыныстарымен дайындаулары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. Форумға Қазақстан Републикасы министрліктерінің, Мемлекеттік даму институттарының, Халықаралық қаржылық ұйымдардың өкілдері, банктердің және олардың филиалдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ Форум жұмысына Қазақстан Республикасы өңірлерінің, Ресей Федерациясының Новосибир облысының және Алтай өңірінің өкілдері де қатысты. Форум жұмысының барысында облыстың бейне тұсаукесері, халықаралық қаржылық ұйымдар мен отандық банктердің қысқаша тұсаукесерлері ұйымдастырылды. Форумда Қазақстан Республикасының бірқатар министрліктерінің өкілдері баяндамалар жасады. Форумға қатысушылар инвестициялық ұсыныстар және іске асуы үшін инвестиция тартуды көздейтін өңірдегі жобалар қойылған көрмемен танысты.
Облыстың индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау бойынша кәсіпорындармен тұрақты жұмыс жүргізіледі. Басымды және өңірлік инвестиция жобалары бойынша және кейіннен солар арқылы қаржыландыру мен іске асыру көзделетін осы жобаларды қаржы институттарынан өткізуге қажетті құжаттарды дайындау жалғасуда.
“Ұлттық инновациялық қор” АҚ, Білім беру министрлігінің ғылым қоры мен Қазақстан Республикасының ғылым қорына, “Қазақстанның инвестициялық қоры” АҚ, және басқа қаржы институттарына 10 жоба қарастыруға берілді. Жобалар бойынша ескертулер жасалынды, және қазір ол ескертулер бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Даму институттары арқылы облыста 2005 жылы “Қазақстанның даму банкі”АҚ қаржысы есебінен «НИМЕКС-ТЕКСТИЛЬ» ЖШС жобасы (Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы жібек-маталар комбинатындағы тоқыма өндірісін қалпына келтіру мен кеңейту) 13 114 601 евро сомаға қаржыландырылды.
2005 жылдың 1 қарашасы қарсаңында даму институттарында 14 жоба қарастырылу үстінде: оның 6-ы - “Қазақстанның инвеститциялық қоры”АҚ-да, 4-і “Қазақстанның даму банкі” АҚ-да, 4-і “Технологияның инжинирг және трансферт орталығы” АҚ-да.
“Қазақстанның инвеститциялық қоры” АҚ-да «КазНиобий ИХМЗ» ЖШС құны 3, 2 млн. АКШ долларын құрайтын жобасы қарастырылуда. Тақырыбы - сирек металдар өндірісін жаңарту.
Бұл жобаны іске асыру қазақстан металлдарын халықаралық электроника, аэроғарыш техникалары, химия өнеркәсіьі және медицина базарына шығарудың мол мүмкіндігін ашады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz