Мәміле туралы ұғым



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім

1. Мәміле ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2. Мәмілелердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

3. Жарамсыз мәмілелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

4.Биржалық мәмiлелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.
Бiржақты мәмiлелер мен шарттар
1. Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн.
2. Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тарапты? ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле деп есептеледi.
3. Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет.
Бiржақты мәмiлелердi құқықтық реттеу. Бiржақты мәмiле мәмiле жасаған адамға мiндеттер жүктейдi. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгiленген не сол адамдармен келiсiм болған реттерде ғана мiндеттер жүктей алады.Бiржақты мәмiлелерге тиiсiнше мiндеттемелер туралы және шарттар туралы жалпы ережелер қолданылады, өйткенi бұл заңдарға, мәмiленiң табиғаты мен мәнiне қайшы келмейдi.
Шартпен жасалған мәмiлелер. Егер тараптар құқықтар мен мiндеттердiң туындауын басталу-басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiнге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледi.
Егер тараптар құқықтар мен мiндеттемелердiң тоқтатылуын басталу-басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiн күшi жойылатын шартпен жасалды деп есептеледi. Егер шарттың басталуы тиiмсiз болатын тарап шарттың басталуына терiс пиғылмен кедергi жасаса, шарт басталды деп танылады. Егер шарттың басталуы тиiмдi болатын тарап шарттың басталуына терiс пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп танылады.
1.Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан (общая часть) Алматы 1998 г.
2.Гражданский кодекс Республики Казахстан – толкование и комментирование. Общая часть. Вып.1-10 Алматы 1996 – 2000 гг.
3.Учебник русского гражданского право., М. 1995 г.
4.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж.
5.Қазақ ССР – інің азаматтық кодексі 1963 ж. 28 желтоқсан.
6.Гражданское право Республики Казахстан. Алматы 1999 г.
7.Гражданское право М. 1997 – 1998 гг.
8.Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие. Т1. Алматы 1980г.
9.Ашеулов А.Т., Жайлин Г.А. Аталған жұмыс. 107 бет
10.Гражданский кодекс Республики Казахстан. Толкование и комментирование. Общая часть. Вып. 2 –Алматы: Баспа 1997 – Стр 95
11.Қазақ ССР – інің азаматтық кодексі 1963 ж.28 желтоқсан
12.Комментарий к Гражданскому кодексу КазССР. Алма – Ата 1990 г
13. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
14.Гражданское право. Учебник // Под ред. А.С.Сергеева, Ю.К.Толстого – М. Проспект 1997 – С. 583 , 584.
15. Юридическая газета 1999 ж. 13 қаңтар
16.Төлеуғалиев Азаматтық құқық.
17.Жайлин Г.А. Азаматтық құқық кітабы Алматы, Жеті Жарғы (ерекше бөлім) 1 том
18.Гражданский кодекс Республики Казахстан. Толкование и комментирование. Общая часть. Вып. 2 –Алматы: Баспа 1997 – Стр 95.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі.

Кафедра : Заң пәндер.

Тақырыбы: Мәміле туралы ұғым.

Орындаған:
Қабылдаған:

Шымкент қаласы.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім

1. Мәміле
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..5

2. Мәмілелердің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...8

3. Жарамсыз
мәмілелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .11

4.Биржалық
мәмiлелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 23

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе:

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн
белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп
танылады.
Бiржақты мәмiлелер мен шарттар
1. Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн.
2. Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тарапты?
ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле деп
есептеледi.
3. Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да көп
тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет.
Бiржақты мәмiлелердi құқықтық реттеу. Бiржақты мәмiле мәмiле жасаған адамға
мiндеттер жүктейдi. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгiленген не сол
адамдармен келiсiм болған реттерде ғана мiндеттер жүктей алады.Бiржақты
мәмiлелерге тиiсiнше мiндеттемелер туралы және шарттар туралы жалпы
ережелер қолданылады, өйткенi бұл заңдарға, мәмiленiң табиғаты мен мәнiне
қайшы келмейдi.
Шартпен жасалған мәмiлелер. Егер тараптар құқықтар мен мiндеттердiң
туындауын басталу-басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса,
мәмiле кейiнге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледi.
Егер тараптар құқықтар мен мiндеттемелердiң тоқтатылуын басталу-басталмауы
белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiн күшi жойылатын
шартпен жасалды деп есептеледi. Егер шарттың басталуы тиiмсiз болатын тарап
шарттың басталуына терiс пиғылмен кедергi жасаса, шарт басталды деп
танылады. Егер шарттың басталуы тиiмдi болатын тарап шарттың басталуына
терiс пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп танылады. Мәмiлелер ауызша
және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).Заңдармен немесе
тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi
бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде
атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның
мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де
жасалған деп саналады. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де
растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе,
ауызша түрде жасалған болып табылады. Үндемей қалу заңдарда немесе
тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп
танылады. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер,
егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы
мүмкiн.
Мәмiлелердi тiркеу
1. Заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк немесе өзге де тiркелуге тиiс
мәмiлелер, оның iшiнде осы Кодекстiң 118-бабының 2-тармағының бiрiншi
бөлiгiнде аталған құқықтарды туындататын, өзгертетiн немесе тоқтататын
мәмiлелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, олар тiркелгеннен кейiн
жасалған болып есептеледi.Тiркеуден бас тартылу жазбаша түрде ресiмделуге
тиiс және заң талаптарының бұзылуына сiлтеме жасалғанда ғана мүмкiн болады.
2. Егер мемлекеттiк тiркеудi керек ететiн мәмiле тиiстi нысанда жасалса,
бiрақ тараптардың бiрi оны тiркеуден жалтарса, сот екiншi тараптың талап
етуiмен мәмiленi тiркеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Бұл ретте мәмiле
соттың шешiмiне сәйкес тiркеледi.

1.Мәміле ұғымы.

Азаматтық кодекстің 147 – бабында мәміле азаматтар мен заңды
тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге
немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген. Мәмілеге мынадай
белгілер төн:
1)тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе ниет) білдіруі;
2)рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;
3)қандай да бір заңды құқық жасауға бағытталған (азаматтық – құқықтық
қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы);
4)мәміле әрқашанда құқықтық салдары туғызады.
Мәміленің маңызы жақтардың еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен
тұрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы жазбаша (жай
немесе нотариалдық) және үндемей қалу жолымен білдіреді.
Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру әдісін мәміленің нысаны деп
атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда
бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле
орындағанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін (тауар чекі, затты сатып
алғанын айғақтайтын құжат және т.б.), сондай – ақ жетон, билет сияқты
растайтын белгілер ұсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп –
кетер ештеңе жоқ.
Конклюденттік әрекет (латынша concludere – жасау) – сол арқылы
тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа
ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген
реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып танылады (АК – тің 151 -
бабының 4 – тармағы). Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп
кетсе де, жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы
бұрынғы шартқа сүйене отырып мерзіміне қарамай – ақ пайдалана беруіне
болады.
Азаматтық кодекстің 152 – бабына сәйкес мәміленің жазбаша түрі бұл
орайда мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа жүз
есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалуы тиіс.
Азаматтық кодекс мәміленің жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды
шарттарға мән бергенін айта кету керек. Азаматтық кодекстің 152 – бабына
сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше
туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың
өкілдері қол қоюы тиіс.
Мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын
пайдалануға жол беріледі, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың бірінің
талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.
Заңдармен немесе тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі
мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге
жазу, мөрмен бекіту сәйкес көзделуге тиіс.
Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған
құжаттарды алмасу арқылы жасауы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефон жазба, телетайт – жазба, факс немесе
субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмнын айқындайтын өзге де
құжаттар алмасу, егер заңдар мен немесе тараптардың келісімімен өзгеше
белгіленбесе, жазбаша түрде жасаған мәмілеге теңестіріледі.
Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы
салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат
қоя алады. Соңғының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат
немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам,
мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерін көрсете отырып,
куәландыруға тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның
орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.
Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындардың басқа, ауызша
кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптардың да осындай құқығы бар (АК – тің
152 – бабы).
Заң құжаттарында немесе тарапт ардың келісімімен белгіленген реттерде
жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін ғана жасалды деп
саналады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстің 157 – бабының 3 –
тармағында көзделген салдармен мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп
соқтырады.
Азаматтық кодекстің 155 – бабына сәйкес кейбір мәмілелер заң
құжаттарында көрсетілуіне сәйкес мемлекеттік немесе өзге тіркелуге жатады.
Бұл мәмілелер тек оларды тіркелгеннен кейін жасалды деп саналады. Тіркеу
мүдделі тараптың тіркеуші органға табыс еткен немесе почта арқылы жолдаған
арызы бойынша жүргізіледі. Тіркеу мүдделі тараптың тіркеуші органға табыс
еткен немесе почта арқылы жолдаған арызы бойынша жүргізіледі. Тіркеуден
бас тарту жазбаша түрде рәсімделуге тиіс және заң талаптарының бұзылуына
сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады. Егер мемлекеттік тіркеуді керек
ететін мәміле тиісті нысанда жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден
жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәмілені соттың шешіміне сәйкес
тіркеледі. Тіркеуден бас тартқан жақ сот арқылы мәмілені жарамсыз деп
тануды талап етуге құқылы.
Мәмiленi нотариаттық куәландыруы
1. Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiмен белгiленген реттерде
жазбаша мәмiлелер оларды нотариат куәландырғаннан кейiн ғана жасалды деп
саналады. Мұндай талапты сақтамау осы Кодекстiң 157-бабының 3-тармағында
көзделген салдармен мәмiленiң жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады.
2. Егер нотариаттық куәландыруын талап ететiн мәмiленi тараптар немесе
тараптардың бiрi iс жүзiнде орындаған болса, ол өзiнiң мазмұны жағынан
заңдарға қайшы келмесе және үшiншi жақтардың құқықтарын бұзбаса, сот
мүдделi тараптық арызы бойынша мәмiленi жарамды деп тануға құқылы. Бұл
ретте мәмiленi кейiннен нотариаттық куәландыруы талап етiлмейдi.

2. Мәмілелердің түрлері.

Мәмілелер мынадай түрлерге бөлінеді: 1) бір жақты және екі немесе көп жақты
(шарттар); 2) ақылы және ақысыз; 3) нақты және консенсуалды; 4) казуалды
және абстрактылы; 5) шартпен жасалған; 6) биржалық.
Бір жақты мәміле дегеніміз, заңдарға немесе тараптардың келісіміне
сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті
болатын мәміле. Бір жақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі -
өсиет қалдыру. Әдетте, бір жақты мәмілелер тым көп бола бермейді. Азаматтық
айналым көбінесе өзара мәмілелерден құралады. Шарт жасасу үшін екі тараптың
екі (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле)
келісілген ерік білдіруі қажет.
Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір
– біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады
(мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады). Ал, бір тарап екінші тарапқа
одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бірнәрсені ұсынуды міндетіне алған
мәміле ақысыз болып есептеледі.
Консенсуалды мәмілелер (латынша concensus – келісім) – келісімге
келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын
мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін ( латынша res – зат) келісімнің
бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.
Мәмілелерді азамат құқықтану ілімінде каузальдық (себепті) және
абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына
орай құқықтық негіз бен құқықтық мақсатты еншілейді. Бірақ та бір жағдайда
мәміленің жарамдығы оның негізіне байланысты болса, екінші жағдайда оған
байланысты болмайды (абстракциялық). Абстракциялық мәмілелер өзінің
негізінен қол үзгендей көрінеді.
Шартпен жасалған мәмілелер қандай да бір нәрсеге тәртіп болып келеді
(оқиға немесе үшінші жақтың әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы да
мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу
– басталмау белгісіз мән – жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге
қалдырылатын шартпен жасалды леп есептеледі (АК – тің 150 бабы 1 тармағы).
Азаматтық кодекстің 150 – бабының 2 тармағына сәйкес, егер тараптар
құқықтар мен міндеттемелердің қамтылуын басталу – басталмауы белгісіз мән –
жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасады деп
есептеледі.
Егер шарттың басталуы өзіне тиімсіз деп есептейтін тарап шарттың
басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталды деп танылады, ал
шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен
ықпалмен ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады.
Азаматтық кодексте (156 – бап ) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада
айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты
құқықтар мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық
мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы
заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасасады.
Биржалық мәмілелер делдалдық жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада
тіркелуге тиіс.
Биржалық мәмілелер жасауға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы
биржа төрелігінде қаралады, оның шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.
Мәміленің жарамдылық шарттары:
Мәміленің жарамдылығы заң тараптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің
жарамды болуы шарттарына жататындар мазмұны заң талаптарына сәйкестігі,
мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен
ерік білдірудің сәйкестігі, мәмілелердің нысанын сақтау. Мәміле шын мәнінде
заңға қайшы келмеуі тиіс, яғни кез келген құқықтық норматиытік құжаттарға
сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз мәміле болып табылады
(АК 18 бабы).
Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір
азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет
қабілеттілігі болғандықтан мәміле жасауға қабілетті деп саналады.
Мәміленің жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіру бір бірімен
сәйкес келуі керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік мәмілені жарамсыз етіп
көрсетеді.
Мәміле оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады,
сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі
көрінеді. Мәселен, оған мәмілені нотариалдық куәландыру (АК – тің 154 –
бабы) мен тіркеуді (АК – тің 155 – бабы) айтуға болады.

3.Жарамсыз мәмілелер.

Жарамсыз мәміленің ұғымы. Жарамсыз мәмілелердің түрлері Азаматтық
кодекстің 157 – бабында бұл туралы былай делінген: мәміленің нысанына,
мазмұнына және қатысушыларына, сондай – ақ олардың ерік білдіру
бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың,
тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз
деп танылуы мүмкін.
Жарамсыз мәмілелерді түрлері. Азаматтық құқық теориясында
мәмілелердің жарамсыз болуы мынандай түрлерге бөлінеді: а) субъект
құрамының ақауы болатын мәміле; ә) ерікке қатысты ақауы бар мәміле; б)
нысанның ақауы бар мәміле; в) мазмұнының ақауы бар мәміле. Азаматтық
кодексте мазмұны заң талаптарымен сәйкес келмейтін кез келген мәміле
жарамсыз болатындығы жөніндегі жалпы норма бар (АК – тің 158 – бабы).
Субъектілік құрамының ақауы бар мәміле екі топқа бөлінеді. Оның
біріншісі азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен, екінші – заңды тұлғалардың
арнайы құқық қабілеттілігімен немесе олардың органдарының мәртебесімен
байланысты болады.
Қатысушылардың жасы мен психикалық жағдайынан туындаған әрекеттер
мәміленің жарамсыз болуына басты негіз болып есептеледі.
Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:
А)Азаматтық кодекстің 23 – бабында көзделген мәмілелерді қоспағанда, он
төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады (АК – тің 159 –
бабының 3 – тармағы);
ә) он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата –
анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келісімінсіз жасаған
мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді
қоспағанда, сот ата – анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының
талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК – тің 159 – бабының 4 –
тармағы);
б) есуастық немесе ақыл – есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі
жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле жарамсыз болады. Кейіннен әрекет
қабілеттілігі жоқ деп табылған азамат жасасқан мәміле (АК – тің 26 – бабы),
егер мәмілені жасау кезінің өзінде – ақ бұл азаматтың психикалық шатасу
жағдайында болғаны дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот
мәмілені жарамыз деп тануы мүмкін (АК – тің 159 – бабының 5 – тармағы);
в) сот әрекет қабілеттілігін шектеген ада жасасқан мәмілені сот оның
қамқоршысының талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК – тің 159 –
бабының 6 тармағы);
г) әрекет қабілеттілігі болғанымен, мәміле жасаған кезде өз әрекетінің
мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған
азамат жасасқан мәмілені сот азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде
талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін
басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК – тің
154 – бабының 7 – тармағы).
Жоғарыда аталған мәмілелер бойынша әрекет қабілеттілігі бар тарап
жарамсыз мәміленің Азаматтық кодекстің 157 – бабының 3 – 6 тармақтарында
көзделген салдармен қоса, екінші тараптың залалын оның пайдасына өндіріп
беруі мүмкін. Мұндай мндет әрекет қабілеттілігі бар жаққа, егер ол екінші
жақтың әрекет қабілеттілігі жоқ екендігін білсе, не білуге тиісті болса
ғана жүктеледі.
Азаматтық кодестің 159 – бабында заңды тұлғалардың жарамсыз мәмілесін
сотпен жарамсыз деп тануға мынандай негіздер қарастырылған:
А) заңды тұлғаның заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында насқты
шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп не оның органының жарғылық
құзыреттін бұза отырып жасаған мәміле жасауы;
Ә) қажетті лицензия алмай не лицензияның қолданылу күшінің біткеннен кейін
жасалған мәміле;
Б) теріс пиғылдағы бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп
талаптарын бұзған мәміле.
Ерікті ақауы бар мәмілелер екі топқа бөлінеді: 1)мәміле жасауға іштей
келіспей жасалған мәміле; 2) ішкі еріктің дұрыс қалыптаспауы салдарынан
жасалған мәміле.
Бірінші топқа бір тараптың екіншісін алдау, зорлық, қорқыту
ықпалымен, бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келіспеуі
нәтижесінде жасаған мәмілелер жатады (АК – тің 159 – бабының, 9,10 –
тармақтары).
Ерік ақауы бар жоғарыда аталған мәмілелердің жарамсыз болуының себебі
мәмілені жасауда сол тұлғаның еркі болмайды, әрі ерік білдіруді мәмілеге
қатысушының еркі емес, әлде біреудің ықпалымен болған ерік болып табылады.
Зорлап мәміле жасату дегеніміз, мәмілеге қатысушыны мәжбүрлеп оның
өзіне, не жақындарына күш қолдану (ұрып – соғу, жақын адамдардымен
қатыстырмау, бостандығын шектеу және т.б.) немесе жан – дүниесін жаралап
мәміле жасауға көндіру болып табылады. Зорлық заңсыз әрекет болғанымен,
кейбір жағдайда оны жасаушыны қылмыстық жазаға тарту міндет емес.
Қорқыту – тұлғаға мәміле жасамаған жағдайда оның өзіне немесе жақын
адамдардың дене жарақатын салумен немесе моральдық зиян келтіретіндігін
ескертіп, қоқан – лоққы жасау. Қорқыту зорлықтан мынандай белгілер бойнша
ерекшеленеді:
А) қорқыту – зиян келтірмекші болғанымен әлі жүзеге асас қоймаған әрекет,
ә) қорқыту құқыққа сай келетін уәдемен (мысалы, мүлікке тыйым салуды
қолданамын, жасаған қылмысын хабарлаймын деген тәрізді) көрінуі мүмкін,
сондай – ақ құқыққа сай емес әрекетпен (мүлікті жою, адамның өмірі мен
денсаулығына зиян келтіру) жасалады.
Қорқытудың салдарынан мәмілені жарамсыз ден тану үшін қорқыту құр
сөзбен емес, шын мәнінде болуы керек. Аталған жағдайлардың бәрі сот істі
қарағанда есепке алынады.
Бір тараптың екіншісімен зұлымдық ниетте келісімге келуі ерік
білдіруде айтқанға көне салмаушылықтан туындайды. Зұлымдық ниеттегі
мәмілеге мынандай мысал келтіруге болады, саяжайды сатушы сатып алушының
өкіліне саяжайдың болашақ иесіне саяжайға байланысты кемшілікті айтып
коймауын өтініп, келісімге келеді.
Алдау арқылы және жаңылысу немесе кіріптарлықпен жасалатын
мәмілелермен келісушілерге тән нәрсе (АК – тің 159 – бабының 8,9
тармақтары), жеме – жемге келгенде жағдайдың шылауында кетіп, өзіндік
бағытынан айырылып қалуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтағы мәмәле және оның маңызы
Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтық тіркеу туралы
Мәміле туралы жалпы ұғым, оның жіктелуі туралы ақпарат
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары
Шартпен жасалған мәмілелер
Мәміле ұғымының қоғамдағы маңызы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ШАРТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Биржаларда сатып алу – сату шарттары
Мәміле - азаматтық құқық субъектілерінің ерікті актісі
Азаматтық құқық туралы ақпарат
Пәндер