«Локомотив-2030» ЖШС-дегі локомотивтік бригадалардың локомотив машинисттер мен нұсқаушы-машинисттердің беделін көтеру іс шаралары


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім«Локомотив-2030» ЖШС филиалы Екібастұз локомотив депосы туралы жалпы мәлімет«Локомотив-2030» ЖШС-дегі локомотивтік бригадалардың локомотив машинисттер мен нұсқаушы-машинисттердің беделін көтеру іс шаралары«Локомотив-2030» ЖШС-нің бөлімшелері арасындағы сайысы
  3. Қорытынды
  4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстан теміржол көлігінің реформасына нарықтық түсінік көзқарасымен қарайтын болсақ, теміржол саласында аса қызықты үрдістер болып жатыр. Теміржол көлігінің реформасының басты мақсаты халықтың және экономиканың тасымалдау сұранысын қанағаттандыру, темір жол жұмысының сапасын көтеру, ішкі және халықаралық тасымалда бәсекелестікті орнату, транзиттік потенциалды қолдану болып табылады. Темір жол көлігінің нарықтық жағдайға сәйкес басқарылуы мен жұмыс істеуі үшін жеке кәсіпкерлік құрылымдар мен жеке капиталды тарту аса маңызды. Яғни, реформаның негізгі мақсаты, бұл салада нарықтық қатынастарды дамыту болып табылады.

Жүктерді локомотив қуатын қолдана отырып тасымалдау бәсекелестіктің дамуында аса маңыздылардың бірі болып саналады.

Бүгін де жеке тасымалдаушылардың құрылғанын, алғашқы жекеменшікті локомотив компанияларының құрылуымен қатар локомотив тартпа күшінде нығыз бәсекелестіктің пайда болғанын айтуға болады. Яғни бұның бәрі тарифтік саясатының өзгеруіне алып келгенін көрудеміз.

Реформаға сай болып жатқан өзгерістер «Локомотив-2030» ЖШС филиалы Екібастұз локомотив депосына да өз әсерін тигізді. Бұл филиал «Локомотив» АҚ құрамынан бөлініп, «Локомотив-2030» ЖШС жеке компаниясының құрамына кіріп, оның филиалы болып, 1. 10. 2005 жылдан бастап Астана-Павлодар учаскесінде локомотивпен тарту қызметімен қамтамассыз етеді.

2. Негізгі бөлім

  1. «Локомотив-2030» ЖШС филиалы Екібастұз локомотив депосы туралы жалпы мәлімет

«Локомотив-2030» ЖШС филиалы Екібастұз локомотив депосының негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • толық және үзіліссіз, жұмыс істейтін локомотивтермен тасымалдау үрдісін қамтамассыз ету және тасымалдың барлық түрлерінде қызмет ету;
  • бекітілген өндірістік-техникалық көрсеткіштер мен нормативтерді орындау;
  • техникалық прогресс негізінде өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды тұрақты түрде жетілдіру;
  • материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстарды қатал режимде үнемдеу.

Филиалдың негізгі қызметі:

  • қауіпсіз қозғалысты ұйымдастыру;
  • қозғалыста брак, аварияларды болдырмау үшін шаралар ойлап тауып, іске асыру;
  • локомотивтік парктің техникалық жөнделген түрін және оның тұрақты жағдайын, оған қоса локомотивтердің эксплуатацияда тұрақты жұмысын қамтамассыз ету;
  • эксплуатациялық жұмыс көлеміне сай локомотив санын қадағалау, тасымалды локомотивтік бригадаларымен ұйымдастыру

Негізгі мақсатқа қол жеткізіп, қойылған міндеттерді іске асыру үшін Филиал келесідей шараларды іске асырады:

  • бекітілген қозғалыс уақытын бұзбай, поездерді жүргізуінің рационалды режимдерін қолдануды енгізу;
  • локомотив машинисті мен машинист-көмекшілерінің техникалық мектептерінде экзамен тапсырытып дайындау мен квалификациясын көтеру;
  • еңбек жағдайын жақсарту, жұмыс орындарын ұйымдастыру және техникалық қауіпсіздік пен өндірістік санитариялық нормалары мен ережелерінің сақтауын қадағалау;
  • материал, жанармай мен электроэнергияны үнемдеуіне байланысты іс-шаралар өткізу;
  • тасымалдардың өзіндік құнын түсіру, еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін жоғарылату, және осының негізінде ұжымның хал жағдайының жақсаруын қамтамасыз ету;
  • құпиялық режимді қамтамассыз ету және коммерциялық құпиялықты сақтау үшін іс-шаралар жүргізу;
  • локомотивтік шаруашылықтағы алдағы коллективтер мен новаторлардың жұмысын жалпыландыру, тарату және енгізу.

Филиалдың кұрамына Ерейментау, Павлодар, Астана айналым деполары кіреді.

Филиалдың 8 айлық жұмысы бойынша тонно-км брутто көрсеткіші 17 969, 160 млн. тнкм бруттоны құрап 100%-ға орындалды.

Тасымалдауда сандық мөлшердің жоспардан кем болып, 211 адамды құрай отырып, еңбек өнімділігі келтірілген тонно-км брутто бойынша 120, 1% құрады (эксплуатациялық штаттың 1 адамына 15 096 ткмбр - жоспар бойынша, 14 819, 331 ткмбр - фактілі) .

Тура сол сияқты, эксплуатациядағы локомотивтердің сапалы қолдануын міндездей отырып, барлық техникалық-өндірістік көрсеткіштер орындалады. Бұның барлығы локомотивтердің аса тиімді қолдануына жол ашады.

Филиал қызметінің басынан-ақ кәсіпорын бірқатар қиындықтармен бетпе-бет шықты. Оның ішінде:

  • Екібастұз - Павлодар бөлімі бойынша электрификацияға және электр тарту күшінің енгізуіне байланысты бұл бөлімде профессионалды жұмыс деңгейіндегі локомотивтік бригаданың дефициті мәселесі пайда болды;
  • жолда браксыз жұмыс істеу үшін Екібастұз - Павлодар бөліміндегі Павлодар - Спутник - Ақсу және Екібастұз - Ақбидайық - Үшқұлын бұрышы бойымен бұрыштық локомотивтерінің енгізілуі қажет болды.

Диспетчерлік аппараттың қателігі үшін 2005 ж. 4-ші ширегі мен 2006 ж. 5 айында «Локомотив 2030» ЖШС филиалы - «Екібастұз локомотивтік депосы» бойынша локомотивтердің, локомотивтік бригадалардың жұмыс уақыты мен демалу уақытының рационалсыз қолдануы себебінде өндірістік емес шығындар пайда болды:

  • локомотивтік бригадалардың жолаушы ретінде жүруі: 6002 жағдай, 33 834 сағат;
  • локомотивтік бригадалардың жолоушы ретінде кетуін күтуі: 3485 жағдай, 7 422 сағат;
  • айналым пунктердегі нормадан аса демалуы: 7 158 жағдай, 34886 сағат;
  • екі сағаттан аса явкамен кетуі: 1087 жағдай, 866, 73 сағат;

Бұған қоса, №511-Ц «Поездарды тартуына өндірістік емес дизелдік жанармайы мен энергияның шығысын қысқартуы туралы» бұйрығы бойынша 2006 жылдың сәуір мен мамыр айларына қатысты қызметтерімен өндірістік емес электроэнергия мен диз. жанармай шығын жағдайлары бар.

Жекеменшікті локомотивтік құрылым бола отырып, кәсіпорынның өзінің жақсы жақтары да бар:

- квалификацияны көтеру системасын жеке түрде дамыту, өйткені реформаның сәттілігі кадрлардың қолында.

Кәсіпорын жұмысшылардың керекті санына және жұмыс берушіге тиімді уақытына сәйкес профессионалдылығы мен компетенттілігін котеруде бірнеше амал мен методтарын қолданады:

  • Квалификацияны көтеру - алынған білімін тереңдету мақсатында ғылыми техникалық прогресстің сұранысымен байланысты, мамандардың қысқа мерзімді дайындау үдерісі, және де кәсіпорынның жұмыс мамандығына(машинист, машинист көмекшісі) сәйкес нормативтік мерімі бойынша жұмысшыларды оқыту.
  • Қайта дайындау - профессионалдық қызметтің жаңа түрін орындау(тартпа күшінің түрі бойынша локомотивтік бригадалардың ауысып отыруы) үшін қосымша білім алу мақсатындағы немесе өндірістің технологиялық үдерістерін дамытуына байланысты оқу.

- материалдар мен қосалқы бөлшектермен қамтамассыз ету, кеңсе тауарларды сатып алу мен жұмыс орнын жиһаз бен оргтехникамен ұйымдастыру жүйелері жеңілдетілді.

2. 2 «Локомотив-2030» ЖШС-дегі локомотивтік бригадалардың локомотив машинисттер мен нұсқаушы-машинисттердің мәртебесін көтеру іс шаралары

Қандай да болмасын кәсіпорынның беделі оның мамандарының қолында екендігі құпия емес. «Локомотив-2030» ЖШС-нің де мамандары кәсіпорында аса маңызды роль атқарады. Әр локомотивті тарту күші қызметімен айналысатын кәсіпорынның негізгі мамандары нұсқаушы-машинисттер, локомотив машинистері мен машинист көмекшілері болып табылады. Сондықтан да олардың беделі мен квалификациясын көтеру кәсіпорынның маңызды шараларына жатқызуға болады. «Локомотив-2030» ЖШС-нің локомотивтік бригадаларының беделін көтеру іс-шараларын қарастырып өтейік:

1-кесте

2007 жылға арналған «Локомотив-2030» ЖШС-дегі локомотивтік бригадалардың локомотив машинисттер мен нұсқаушы-машинисттердің мәртебесін көтеру іс шаралары

Іс-шара атауы
Бір жылға жоспарланған қаржы (мың тг. )
Орындалу мерзімі
Орындалуына жауапты
№: 1
Іс-шара атауы: Локомотив бригадалардың локомотив машинисттер мен нұсқаушы-машинисттердің жалақысын 10%-ға көтеру
Бір жылға жоспарланған қаржы (мың тг. ): 45633
Орындалу мерзімі: 1-ші сәуір
Орындалуына жауапты:

Генералды директорының орынбасары

Каиров А. Ж.

№: 2
Іс-шара атауы:

Машинисттердің ішінен таңдап алып, класын көтеруіне бағыттау:

1 класс - 5 адам

2 класс - 10 адам

3 класс - 20 адам

Бір жылға жоспарланған қаржы (мың тг. ): 630
Орындалу мерзімі: Сәуір-Желтоқсан
Орындалуына жауапты:

Генералды директорының орынбасары

Каиров А. Ж.

Нурышев Т. Р.

№: 3
Іс-шара атауы: ҚР-ның ККМ-нің №215-1 02. 07. 2003 бұйрығына сәйкес депо бойынша кезекшілер, нұсқаушы-машинисттер, локомотив машинисттері мен машинист көмекшілерін арнаулы жұмыс киімімен қамтамассыз ету
Бір жылға жоспарланған қаржы (мың тг. ): 9430
Орындалу мерзімі: Мамыр-Маусым
Орындалуына жауапты:

Генералды директорының орынбасары

Каиров А. Ж.

Нурышев Т. Р.

№: 4
Іс-шара атауы: ТЧ-Екібастұз, ТД-Павлодар, ТД-Ерейментауда «Құрмет тақтасын» құрып орнату және машинист пен нұсқаушы-машинисттер ішінен алдыңғы-қатарлыларының фото суретің іліп қою
Бір жылға жоспарланған қаржы (мың тг. ): 25
Орындалу мерзімі: Маусым
Орындалуына жауапты:

Генералды директорының орынбасары

Нурышев Т. Р.

№: 5
Іс-шара атауы: 500 мың тг. премиясымен «Кварталдың жеңімпазы» және 300 мың тг. премиясымен «Алдыңғы-қатарлы колонна» ауыспалы вымпелдерін дайындау
Бір жылға жоспарланған қаржы (мың тг. ): 2400
Орындалу мерзімі: Ширек сайын
Орындалуына жауапты:

Генералды директорының орынбасары

Каиров А. Ж.

Нурышев Т. Р.

№: 6
Іс-шара атауы: Алдыңғы-қатарлы машинисттердің жұмыс тәжірибелерін БАҚ-да жариялап отыру
Бір жылға жоспарланған қаржы (мың тг. ): 200
Орындалу мерзімі: әруақытта
Орындалуына жауапты:

ЛЮ кадр

Сагимбеков З. Т.

№: 7
Іс-шара атауы: Нұсқаушы-машинисттерге персоналды оқытып, дайындап шығарған жүргізу құқығы бар әр машинист көмекшісі мен жас машинист үшін жалақысына 10% көлемінде ынталандыру сыйақысын қосу
Бір жылға жоспарланған қаржы (мың тг. ): 198
Орындалу мерзімі: әруақытта
Орындалуына жауапты:

Генералды директорының орынбасары

Каиров А. Ж.

Нурышев Т. Р.

№: 8
Іс-шара атауы: Машинисттерге ҚР территориясындағы санаторийлеріне кәсіпорын есебінен 50%-дық жеңілдікпен жолдамалар беру
Бір жылға жоспарланған қаржы (мың тг. ): 432
Орындалу мерзімі: Жыл ағымында
Орындалуына жауапты:

Генералды директорының орынбасары

Каиров А. Ж.

№: 9
Іс-шара атауы: Қозғалмалы құрам департаментіне теміржол көлігі жұмысшыларының қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыру мақсатына «ҚР Еңбек туралы заңына» өзгеріс енгізу туралы ұсыныс дайындау
Бір жылға жоспарланған қаржы (мың тг. ): -
Орындалу мерзімі: Сәуір
Орындалуына жауапты:

Бас ревизор

Малахов М. И.

ЛЮ кадр

Сагимбеков З. Т.

№: 10
Іс-шара атауы: Қозғалмалы құрам департаментіне жаңадан «Теміржол көлігінің жұмысшыларының тәртібі туралы жарғы» жөнінде ұсыныс дайындау
Бір жылға жоспарланған қаржы (мың тг. ): -
Орындалу мерзімі: Сәуір
Орындалуына жауапты:

Генералды директорының орынбасары

Нурышев Т. Р.

ЛЮ кадр

Сагимбеков З. Т.

№: 11
Іс-шара атауы: Жоспарланған қаржы құралдарының соммасы
Бір жылға жоспарланған қаржы (мың тг. ): 58948
Орындалу мерзімі: -
Орындалуына жауапты: -
  1. «Локомотив-2030» ЖШС-нің бөлімшелері арасындағы сайысы
  1. Жалпы жағдай

Сайыстың болмысы локомотивтер машинистері мамандықтарының мәртебесін көтеруге, «Локомотив - 2030» ЖШС-нің локомотивтік бригадаларының нұсқаушы-машинисттерін және локомотив машинисттерін моральдық және материалдық қамту, локомотивтік бригадаларының жауапкершілігінің деңгейін көтеру, қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бөлімшелерді дамыту.

  1. Сайыстың өткізудің тәртібі

Сайыстың шарттарын өңдеуді «Локомотив - 2030» ЖШС филиалының бастығы - Екібастұз локомотив депосы және оның орынбасарларынан құрылатын комиссия жүзеге асырады. Оған еңбекті қорғау бойынша бас инженердің, экономикалық жоспарлау бөлімі бастығының және профсоюз комитетінің төрағасының қозғалыстың қауіпсіздігі бойынша көмекшілері қатысады.

Сайыстың жеңімпазын №1 қосымшаға қатысты анықтайтын критерийлер сайыстың шарттары болып табылады. Жеңімпазды балдық жүйе бойынша анықтайды.

Жоспарлау-экономикалық бөлімі ай сайын балдар бойынша есеп жүргізеді және хабарландыру тақтасында сайыс туралы ақпараттарды көрсетіп отырады.

Сайыстың қорытындылары «Локомотив - 2030» ЖШС филиалының директоры - Екібастұз локомотив депосында әр ширек аяқталғанда айдың онына дейін және нұсқаушы-машинисттерден есеп қабылданғаннан кейін талқыланады.

Сайыс екі бағытта жүргізіледі:

  • «Кварталдың жеңімпазы» (оған Екібастұз депосы кірмейді) Ерейментау(ТД Ерейментау) және Павлодар(ТД Павлодар) деполары;
  • «Алыңғы қатарлы колонна» (барлық үш депоның колонналары қатысады) қозғалыстың түрлеріне қарай бөлінеді: электротартқыштағы және жылулықтартқыштағы «Алдыңғы қатарлы колонна».

Жеңімпаздар бірінен-бірісіне ауысып отыратын вымпелдерімен марапатталады: «Квартал жеңімпазы» немесе «Алдыңғы қатарлы колонна» және сыйақы. Сыйақы көлемдері келесідей:

  • «Квартал жеңімпазы» - 500 000 теңге;
  • Электротартқыштағы «алдыңғы қатарлы колонна» - 21 теңге;
  • Жылулықтартқыштағы «алдыңғы қатарлы колонна» - 9 теңге.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тасымалдаудың келтірілген жоспары
Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару мамандығы бойынша тәжірибе есебі
Темір жол вагон арқылы жүк тиеу
«Еcodos» ЖШС депо филиалы
Темір жол
Пойыз қозғалысының қауіпсіздігі
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
Телімдік станция
Учаскелік стансаның технологиялық процесі
Станцияның техникалық-пайдалану сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz