Ақиқаттан адасудың азабы
АҚИҚАТТАН АДАСУДЫҢ АЗАБЫ
Әнес САРАЙ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Шыңғыс Айтматовтың: “Адам тұлға ретінде трагедиялық қобалжулар арқылы ашылады” — деп айтқаны бар. Шындығында, өмір тану мен адам тану дегеніміз – осы екеуінің трагедиялық кезеңдерге неге тап бола беретіндігінің сырын ашу.
Алдан Смайылдың “Фолиант” баспасынан жарық көрген “Тамұқтан келген адам” романының басты құндылығы да осында. Жазушы аталған шығармасында адам трагедиясының ең бір үрейлі кезеңі — өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы сұрапылын таңдап алған. Дәл осы шақ – репрес¬сия мен геноцид, тұтас ха¬лықтарды ессіз идеологияның көзсіз құлына айналдыру, ұлттық тамырдан үзілу қатеріне алаңдамайтын санасыздық, шектен шыққан қаталдық, жойқын қырғындар адам жаратылысының құпияларына бойлауға шақырып тұрғандай. Романның көп қырлы филосфиялық астарларынан сауып айтсақ, аталған тұста “Өмір де, өлім де жасанды еді. Одан кейінгі өмірлер мен өлімдердің табиғи бола аларына ешкім кепілдік бере алмайтын. Өйт¬кені, кеше жер басқандар мен бүгінде жер басып жүргендер құдай сыйлаған өмірді екі¬жүздендіріп әуре. Ал дәуірлер бойында көз жұмғандардың ішінде ақ өліммен өлгендер мен адам қолынан о дүниелік бол¬ғандардың қайсысы көп екен¬дігін ойласаң, сірә соңғылары шығар деп шошисың”.
Сырт қарағанда тосын ой¬лар секілденер, алайда адамзат¬тың өткені мен қазіргі күн¬дерінің трагедияларына үңіл¬сең, дәл осылай бас қатырарың анық. Өркениеттің көгіне кө¬терілдік деген бүгінгі заманда да адам тіршілігінде мәз бо¬ларлық не бар? Сол баяғы атыс-шабыс, сол баяғы үрей, ал¬дау мен сату, қатыгездік, эфир¬¬лерден күн сайын ести¬тінің жарылыстар мен қақты¬ғыстар.
Сонда мына жалған адам мен адамды неге шабыстыра бе¬реді? Бұған роман кейіп¬кер¬лерінің пайымы әркелкі.
“Ғұмыр бойы қарасы өшкір өшпенділіктің құлы болдым ғой, — деп күңіренеді елге шыққан жазалаушы жасақтың қаныпезер басшысы. — Ол мені қатыгездендіріп алып өмірі барларға қайрап салды да отырды”.
Көзін тырнап ашқаннан осылай, әуелі өмірге өлек¬селеніп келген өзіне, содан соң айуанданып кеткен анасына өшікті, удай мас болып құлап жатқанда талай рет үнін өшіре салғысы келген. Ессізденіп алып ойына келгенін істейтін сұмырай өз ажалынан өлсе, оған тек мұның біржола қорқаулана қоймағандығы кінәлі еді.
Кейін көзіне көрінгеннің бәріне өшігетін болды, олардың өзі секілді бұралқы иттей бұратылып жүрмегендігі үшін, күңіренбей күлгені үшін, жетім¬сіремей жетіскені үшін...

Әнес САРАЙ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Шыңғыс Айтматовтың: “Адам тұлға ретінде трагедиялық қобалжулар арқылы
ашылады” — деп айтқаны бар. Шындығында, өмір тану мен адам тану дегеніміз –
осы екеуінің трагедиялық кезеңдерге неге тап бола беретіндігінің сырын ашу.
Алдан Смайылдың “Фолиант” баспасынан жарық көрген “Тамұқтан келген
адам” романының басты құндылығы да осында. Жазушы аталған шығармасында адам
трагедиясының ең бір үрейлі кезеңі — өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы
сұрапылын таңдап алған. Дәл осы шақ – репрессия мен геноцид, тұтас
халықтарды ессіз идеологияның көзсіз құлына айналдыру, ұлттық тамырдан
үзілу қатеріне алаңдамайтын санасыздық, шектен шыққан қаталдық, жойқын
қырғындар адам жаратылысының құпияларына бойлауға шақырып тұрғандай.
Романның көп қырлы философиялық астарларынан сауып айтсақ, аталған тұста
“Өмір де, өлім де жасанды еді. Одан кейінгі өмірлер мен өлімдердің табиғи
бола аларына ешкім кепілдік бере алмайтын. Өйткені, кеше жер басқандар мен
бүгінде жер басып жүргендер құдай сыйлаған өмірді екіжүздендіріп әуре. Ал
дәуірлер бойында көз жұмғандардың ішінде ақ өліммен өлгендер мен адам
қолынан о дүниелік болғандардың қайсысы көп екендігін ойласаң, сірә
соңғылары шығар деп шошисың”.
Сырт қарағанда тосын ойлар секілденер, алайда адамзаттың өткені мен
қазіргі күндерінің трагедияларына үңілсең, дәл осылай бас қатырарың анық.
Өркениеттің көгіне көтерілдік деген бүгінгі заманда да адам тіршілігінде
мәз боларлық не бар? Сол баяғы атыс-шабыс, сол баяғы үрей, алдау мен сату,
қатыгездік, эфирлерден күн сайын еститінің жарылыстар мен қақтығыстар.
Сонда мына жалған адам мен адамды неге шабыстыра береді? Бұған роман
кейіпкерлерінің пайымы әркелкі.
“Ғұмыр бойы қарасы өшкір өшпенділіктің құлы болдым ғой, — деп
күңіренеді елге шыққан жазалаушы жасақтың қаныпезер басшысы. — Ол мені
қатыгездендіріп алып өмірі барларға қайрап салды да отырды”.
Көзін тырнап ашқаннан осылай, әуелі өмірге өлекселеніп келген өзіне,
содан соң айуанданып кеткен анасына өшікті, удай мас болып құлап жатқанда
талай рет үнін өшіре салғысы келген. Ессізденіп алып ойына келгенін
істейтін сұмырай өз ажалынан өлсе, оған тек мұның біржола қорқаулана
қоймағандығы кінәлі еді.
Кейін көзіне көрінгеннің бәріне өшігетін болды, олардың өзі секілді
бұралқы иттей бұратылып жүрмегендігі үшін, күңіренбей күлгені үшін,
жетімсіремей жетіскені үшін...
“Қарғыс айтып қыңсылап жүргендер өшін ала алмай өлекселенгендер ғой,
олар қашан да өкініп өледі. Өші кетіп өшкендердің күйзелісінен сақтасын.
Өзегі өртеніп тұрса да өшіге білмейтіндер баяғыда өліп біткендер, — деп
тістенеді ол. – Мұңсызбын деп жүргендердің бәрі өздерінен өш ала алмайтынын
сезеді. Қайғылының бәрі алынбаған өшінің соңында ғұмыр бойы салпақтайды.
Өмір өшіктіру мен өш алудан тұратынын ұқпағандар өшін қуғандарды қайдан
түсінсін. Тәңірдің өзі бұларды тозақтан бетер жұмыр жерге өмірден өш алу
үшін жамыратып жіберген жоқ па?!”
Әкесіз, некесіз, бетімен кеткен шешенің арсыз өмірін толарсақтан кешіп
өскен, өзі де хайуанданып алған жендеттің түйіні осындай. Ол қырда күні-
түні қырғын салғанда, қолына қару ұстатқан ессіз идеология үшін емес, бұған
қарағанда түтіні түзулерден өш алумен болады. Дүниеге ала-құлалығы үшін
жауығады. Ал жалған дүниеде теңдік болған емес, болмайды да. Өшпенділік пен
өш алу мәңгілік.
Ел ату мен асудан, аштықтан көз алдында қоғадай жапырылып жатқанда,
адам атаулының бір-біріне деген тұрпайы қатыгездігі қаладағы аз ғана ұлт
зиялыларының бірі – Арыстанды да қарадай қажытады.
“Жұрт неге қан кешіп жүріп ұрандайды? – деп тұйыққа тіреледі ол. –
Адамзат осылай кезең-кезең қан ұрттап тұрмаса, талай-талай у құстырған
қаншелек тарихтың қыбы қанбай ма? – Есі барды — есінен, мейірімі барды –
мейірімінен, ары барды – арынан қас қағымда жұрдай қылған нендей құдірет?
... .Өлгеннің ойы жұмбақ, өлмегеннің көңілі көмулі.
Жалғандыққа жау серік – жалғандығын жасыруға. Қарауылда қалтыраған
жұрт жау іздеп әлек. Жаусыраған күндер қансырап қағынады.
Ойлай алғанның бәрі дұшпан. Ойсыз заманға ой не керек. Ары барлар арам
қатқан. Қан тілемегендер шетінен қауқарсыз”.
— Иә, — дейсің, — адамзаттың өз ішінде жойқындана қақтығысып тұруы
болмай қоймайтын тарихи құбылыс болып жүрмесін. Әйтпесе, адамның ақыл-ойы,
өресі мен мәдениеті қару атаулыны лақтырып тастап, айқара құшақ айқастыруға
жетерлік деңгейде ғой. Бірақ өмірдегі ақиқат әлі күнге соғыстар мен
айқастардың өтінде қалтырауда. Жұмыр жердің жүрегі үшінші мыңжылдықта да
жұлым-жұлым.
Бәлкім, жауығуға Арыстан жобалағандай өмірлік ақиқатты жасанды
ақиқатқа айналдырудан жалықпаған идеологиялар себепкер шығар. Сіз осы
заманда қойдай өріп жүрген қай идеологияға тәңірдей табына алар едіңіз?
Батыстық па, Шығыстық па? Мұсылмандық па, христиандық па? Ұлттық па, жалпы
адамзаттық па? – Мынау! – деп кесіп айта алмайсыз. Идеологиялар айқын
ақиқатқа адасып жүріп жетеді. Адамзаттың адасуы қашан аяқталары белгісіз.
Тәңірлік ақиқат та солай, менің ғана құдайым хақ дегендер жыртылып
айырылады. “Жалғандыққа жау серік екендігі” де шындық. “Жалғандығын
жасырудың” төте жолы сол, жау іздеу. Бұрын да солай болған, қазір де солай.
Азулылар державалық жалғандығына дұшпан іздеп әлемді аласұра шарлап жүр.
Ығына ымдап көреді, ыңғайына ермесе, қарауылға алады. Сондықтан да Арыстан
пайымдағандай “өмірі барлар өмірден үрейленуді ғана біледі, өмірдің өзге
шындығының бәрі қауқарсыз, ... елдің жұмақ іздеген жүрегі жұлым-жұлым”.
Осындайда ағылшын философы Бертран Расселдің: “Адам жаны құдай мен
жыртқыштың қоспасы, екі қайнар көздің күрес аренасы” — деген тұжырымы ойға
оралады. Адамның бір қылығына қарасаң – періштедей мөлдір, екінші қылығына
қарасаң — әзірейілдей үрейлі. Роман арқау еткен кезеңде соңғы қылық қалың-
ды, сұйылатын тұсы туралы болжау айту қиынның қиыны еді. Сондықтан да
жағалай қырғыннан қалтыраған әпенді Әлмағамбет: — Таң атады қан сұрап, кеш
батады қансырап! – деп зар илейді. “Хан шарабы қан болар, қан ұрттаған хан
болар!” — деп түңіле күңіренеді. “Адам – бекер, сайтан - хақ, жұмақ —
жұмбақ, тозақ — хақ!” — деп өзі сеніп келген ұлы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz