Ағаш бұйымдар жасау шеберханасы



Кіріспе
1. Ағаш бұйымдарын жасау құрал.жабдықтары
2. Бұйым жасауда қолданылатын материалдар
3. Маркетинг стратегиясы
4. Өнімге сипаттама
5. Іске асыру жоспары
Қорытынды
«Шеберлердің қолында, кәсіп болған бұл ағаш», – деп Қашаған жырау жырлағандай қазақ халқы өзіне қажетті бұйымын ағаштан ойып, қашап, жонып жасап алып отырған. Сонымен қатар, музыка аспаптары, ыдыс-аяқ, үй жиһаздарының көпшілігі ағаштан жасалатын болғандықтан, алдымен ағашқа тоқталып өткенді жөн көрдік.
Ағаш – өнеркәсіп құрылыстарының барлық түрінде, қоғамдық үйлер мен құрылыстар салуда қолданылады. Адам баласы жер бетінде пайда болған кезде ең алғаш тұтынған материалдардың бірі болып саналады.
Ағаш өңдеу кәсібі қазақтардың өндірістік қызметінің аса маңызды салаларының бірі болып табылған, өйткені ол тіршілікті қамтамасыз ететін мәдениеттің элементтерін жасайтын.Ағаш шеберінің құралдары көптүрлілігімен ерекшеленбейтін: шаппа шот, қашаулар мен пышақтар, біздер мен қысқаштар, аралар мен егеулер жиынтығы. Сүт сауатын шелектер ағаштан жасалған.Қымызға арналған жиынтықтардың түрлері көп және сәнді болған: шара, тостағандар, қымыз құятын шөміштер мен ожаулар, олардың көлемі мен пішіні әртүрлі болып, көбіне күміспен және сүйекпен әшекейленген.Май шайқайтын ағаш күбілерді қазақтар тек өздері жасап қана қоймай, жәрмеңкелерде даярларын да сатып алған. Май шайқайтын ағаш күбі – қабырғалары жоғары қарай сәл тарылыңқы етіп қиылған биік конус тәріздес ыдыс.
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап өскен заманында біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орны зор, маңызды материал.
Қалтамыздағы сіріңкенің бір тал шырпысынан бастап, кең - байтақ еліміздің шартарабында жүріп жатқан алып құрылыстарда ағашсыз көп ісіміз ақсап жатқан болар еді.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Бизнес - жоспар

Тақырыбы: Ағаш бұйымдар жасау шеберханасы

Кіріспе
Шеберлердің қолында, кәсіп болған бұл ағаш, - деп Қашаған жырау жырлағандай қазақ халқы өзіне қажетті бұйымын ағаштан ойып, қашап, жонып жасап алып отырған. Сонымен қатар, музыка аспаптары, ыдыс-аяқ, үй жиһаздарының көпшілігі ағаштан жасалатын болғандықтан, алдымен ағашқа тоқталып өткенді жөн көрдік.
Ағаш - өнеркәсіп құрылыстарының барлық түрінде, қоғамдық үйлер мен құрылыстар салуда қолданылады. Адам баласы жер бетінде пайда болған кезде ең алғаш тұтынған материалдардың бірі болып саналады.
Ағаш өңдеу кәсібі қазақтардың өндірістік қызметінің аса маңызды салаларының бірі болып табылған, өйткені ол тіршілікті қамтамасыз ететін мәдениеттің элементтерін жасайтын.Ағаш шеберінің құралдары көптүрлілігімен ерекшеленбейтін: шаппа шот, қашаулар мен пышақтар, біздер мен қысқаштар, аралар мен егеулер жиынтығы. Сүт сауатын шелектер ағаштан жасалған.Қымызға арналған жиынтықтардың түрлері көп және сәнді болған: шара, тостағандар, қымыз құятын шөміштер мен ожаулар, олардың көлемі мен пішіні әртүрлі болып, көбіне күміспен және сүйекпен әшекейленген.Май шайқайтын ағаш күбілерді қазақтар тек өздері жасап қана қоймай, жәрмеңкелерде даярларын да сатып алған. Май шайқайтын ағаш күбі - қабырғалары жоғары қарай сәл тарылыңқы етіп қиылған биік конус тәріздес ыдыс.
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап өскен заманында біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орны зор, маңызды материал.
Қалтамыздағы сіріңкенің бір тал шырпысынан бастап, кең - байтақ еліміздің шартарабында жүріп жатқан алып құрылыстарда ағашсыз көп ісіміз ақсап жатқан болар еді.

Жобаның тұжырымдамасы : Зайсан қаласында ағаш бұйымдарын жасайтын шеберхана ашу

Ағаш бұйымдарын жасайтын цехтың негізгі шығаратын өнімдері:
Ағаш ойыншықтар
музыка аспаптары
шара, тостағандар, қымыз құятын шөміштер мен ожаулар
сандықтар
Бесіктер
Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарда жоспарланған айналымын ескере келе қызметті жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін пайдалана отырып жеке кәсіпкердің шеңберінде жеңілдетілген режимде жүзеге асыру ұсынылады.
Өнімді тұтынушылар: Зайсан қаласының тұрғындары
Жоспарланып отырған мерзім: 2015-2020 жылдар

Ғимарат: Бұл бизнес түрін жүзеге асыру үшін сізге алдымен жұмыс істейтін орын керек. Ең ыңғайлысы - 80-100 м² жер. Шеберхана бояу мен тегістеуді жүзеге асыру үшін жарықтанған болуы тиіс. Жылуының да дұрыс жолға қойылғаны маңызды. Әр өнімді жасау кезіндегі температура оны болашақта пайдаланудағы температура мен ылғалдылыққа сай болуы керек. Әйтпесе, өнімдегі кейбір бөлшектердің бұзылуы, тілімдердің пайда болуы, ағаш блоктарындағы жұқа тақтай мен жиһаздың маңдайалды кебуі сияқты мәселелер туындайтын болады. Өндіру процесінің ерекшелігін ескере отырып орын-жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталатын болады.
Жобада орын-жайды қажетті коммуникациялық инфрақұрылым, атап айтқанда электр, сумен және жылумен жабдықтау, сондай-ақ телефон байланысы болады.
Ағаш бұйымдарын жасау құрал-жабдықтары:

Бұйым жасауда қолданылатын материалдар:
Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тасжарған, мойыл, қайыңның түбірі (безі), жөке, тал, арша, жаңғақ ағашы, май қарағай сияқтыларды пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі жарылмайтын, қаңсымайтын болса, енді кейбіреуі иілгіш, жеңіл, су сіңбейтін бірақ бояу сіңгіш, желім ұстағыш болады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр түрлі сападағы ағаштар пайдаланылады.
Шпон кез келген бұйымдарды өрлеуге, домбыраның беткі қақпағына өрнек түсіріп әшекейлеуге көп қолданылады. Саз аспаптарына негізінен жаңғақ, шамшат, қайың, көк терек, емен, т.б. ағаштардың түрінен дайыпдалған. шлондарды қолданады. Оның қалыңдығы 0,5-тен 3 мм-ге дейін және одан да қалың болады.

Маркетинг стратегиясы
Жоспарланған цехтың басты мақсаты нарыққа ену және кейіннен онда орнығу болып табылады.
Жылжудың негізгі әдісі ретінде қызығушы нысаналы топтарға тікелей жарнаманы пайдалану қажет. Бұл үшін мынаны қолдануға болады:
- цех туралы жарнама материалдарын және оның өнімі туралы жарнамалық-техникалық құжаттарды тарату;
- тендерлерде, атап айтқанда мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер өткізетін тендерлерге қатысу;
- тегін интернет-ресурстарда кәсіпорын туралы ақпараттар орналастыру, тегін хабарландырулар беру.

Өнімге сипаттама
Ағаш ойыншықтар
Балаларға арналған ағаштан жасалған ойыншықтар жасау бағыты тиімді болып табылады. Ойыншық жасаудың ешқандай қиындығы жоқ, ал өнімнің бағасы әр уақытта қымбат.
Төменде келтірілген ойыншықтарды жасай білсеңіз, ол қазіргі нарықты жаулап алған қытай ойыншықтарынан әлдеқайда артық.
Мұның бірнеше артықшылықтары бар:
Біріншіден, өнімнің табиғилығы, ағаш пен бояулар ғана қолданылатын болғандықтан зиянсыз (экологиялық таза бояу табу қиын емес).
Екіншіден, мұндай ойыншықтар балаларды ойландыруға бағыттап, олардың ой-өрісінің өсуіне септігін тигізеді. Кез келген ата-ана ағаш ойыншықтарды алуға тырысады.

музыка аспаптары
Музыка аспаптары кептірілген қайың, шырша, емен ағаштарынан, қамыстан, сазбалшықтан, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізінен, қылынан жасалған.
Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі (саз, қос, қамыс және мүйіз сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней), ішекті (жетіген, шертер, екі және үш ішекті домбыралар, қобыз), шалып ойнайтын (шаңқобыз), соқпалы (даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың бірнеше түрлері) болып бірнеше топқа бөлінеді.Осы аспаптардың көпшілігі ағаштан жасалады,және қазіргі кезде саз мектептерінде үлкен сұранысқа ие.

шара, тостағандар, қымыз құятын шөміштер мен ожаулар
Құдалық күтуге арналған топтама ыдыстардың бағасы тіпті миллион теңгеден асып жығылатыны бар. Сваров тастарымен өрнектелген, көздің жауын алардай жалт-жұлт еткен сол ыдыс-аяқтардың төркіні Қазақстан емес. Теңіз асып, тау асып шетелден келеді. Жапондық, германиялық, бельгиялық ыдыстар бүгінде төрден орын бермейтін болған. Ұятты қонағына қашанда әсем ыдыспен ас ұсынуды ұнататын ұлтымыз үшін әрине жарқыраған дүние керек. Ал ұлттық жарқырауық ыдыс табақтар өзімізде өндірілмейтіні белгілі. Сол себептен де өзгеге өңешімізді созуға мәжбүрміз. Жат жұрттың табағына телміруліміз. Ұлттық ыдыс-аяқтарымыз қайда кеткен деп Асан қайғының зарын қағуға да болмас. Бүгінде ағаштан ойып жасалынған астаулар сәнге ене бастады. Қымыз ішетін ағаш аяқтар, ағаш қасықтар да сатылымға шықты. Бірақ олардың басым бөлігі көрмеге қоюға арналған. Ал бірді екілі сатып алуға ниет еткендер болса бағасы удай қымбат. Бір астауыңыз кемі 15 мың теңгеден басталып, 75 мың теңгеге бірақ жетеді. Мұндай бағаға ыдыс сатып алатындай елдің бәрі шылқыған бай емес. Демек қолдан жасалған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ кәсіби мамандарды ұлттық өнерге баулу (сандықша жасау өнері мысалында)
Қол өнерінің тарихы мен дамуы
Резеңке кәсіпорнында еңбек қорғау шаралары
Қайың қабығы, қабығы
Инвестицияны қысқа мерзімді қаржыландыру тәсілі ретіндегі факторинг пен форфейтинг
Отырар өңірінде жүрген археологиялық экспедициялар
Мектеп оқушыларының ептіліктері мен іскерлік қабілеттерін қалыптастырудың ерекшеліктері
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЭЛЕМЕНТТЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ БЫЛҒАРЫ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕРІ БҰЙЫМДАРЫН МОДЕЛЬДЕУ ТАРАУЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ФОРМУЛАЛАРЫ
Қазақстанның зергерлік өнері
Технология пәнін оқытудағы өндірістік оқыту жүйелері
Пәндер